7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку на тему: 'Жыл мезгілдері ' /1 класс/

Урок по казахскому языку на тему: 'Жыл мезгілдері ' /1 класс/

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы :  Жыл  мезгілдері . Сабақтың  мақсаты :1.Жыл мезгілдеріне  толығырақ  тоқталу                          2.Осы  тақырып бойынша білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамыту. 3. Қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін ар
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы : Жыл мезгілдері .
Сабақтың мақсаты :1.Жыл мезгілдеріне толығырақ тоқталу
2.Осы тақырып бойынша білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамыту.
3. Қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу

2.Психологиялық ахуал

3.Тіл дамыту
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Жаңа сабақты түсіндіру
1.Суреттеңіз .Жыл мезгілдерін атаңыз.
2.Салыстырыңыз. Күз бен жаз мезгілінде адамдар қандай еңбекпен айналысады?
3.Саралаңыз.
Адамдар қай жыл мезгілін қалайды?
Мәтінмен жұмыс. Ауа-райы

Жылдың төрт мезгілі бір-біріне ұқсамайды. Қыста қатты аяз, жазда ыстық, күзде қоңыр салқын күндер жиі болады.көктемде күн жылына бастайды.
Жазда желсіз,аспан көбінесе бұлтсыз ашық болады.Жаңбыр онша көп жаумайды. жазда күн ұзақ, түнқысқа болады. Маусымның 22-сінде күн мен түн теңеледі.
Жаздан кейін қоңыр салқын күз де кепіп жетеді. Қараңғылық ерте түседі. Аспанды қара бұлт қаптап, жауын да жиі жауады. Қар аралас жауын-шашын болады.
Қыста дала, орман, үйлер ақ қар жамылады. Өзендер мен көлдердің бетін көгілдір мұз жабады. Күн аязды,жер тайғақ болады. Қыстан кейін көктем де келеді. Оңтүстіктен жылы жел еседі.
Жылдың әр мезгілінде ауа-райы өзгеріп тұрады.Ауа-райын болжаумен метеорология ғылымы айналысады.Ауа-райын болжайтын қарапайым аспаптардың бірі-барометр. Ал жердің жасанды серіктері жоғарыдан ауа райының жағдайын өзгерісін бақылайды да,радио арқылы жерге хабарлап тұрады

Сабақты қорытындылау:

Ой қозғау:
1.Күзде қараңғылық қашан түседі?
2.Күн мен түн қашан теңеледі?
3.Өзендер мен көлдер қашан қатады?
4.Адамдар ауа-райының өзгеруін қайдан біледі?





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал