7


  • Учителю
  • Ағылшын тілі пәнінен Менің елім үш тілді атты балабақшаға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Ағылшын тілі пәнінен Менің елім үш тілді атты балабақшаға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

















Тобы: «Еркетай» ортаңғы тобы





Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Алгалиева Айнур Сакеновна





























Алға қаласы 2016ж





Білім саласы: Қатынас

ҰОІӘ: Ағылшын тілі пәні

Тақырыбы: «Менің елім - үш тілді!»

Мақсаты: Балалардың мәнерлі сөйлеуін дамытып, балаларды суретке қарай отырып әңгіме құруға үйрету. Өз Отанына, халқына деген сүйспеншілігін арттырып, патриоттық сезімдерін ояту. Балабақшадағы қазақ және басқа ұлт өкілдері балалаырының қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын оятып, тіл үйренуге деген ықыластарын тұғызу. Балалардың сөздік қорлары мен тіл байлығын дамыту. Ана тілі мен өзге тілдерді құрмет тұтуға, достыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, сөздік жұмыс, ойын;

Көрнекілігі: слайдтар, карточкалар, суреттер

Сөздік жұмыс:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы: - Сәлеметсіздер ме құрметті балалар, қонақтар! Бүгінгі біздің ұйымдастырылған «Менің елім - үш тілді» атты ашық оқу іс-әрекетімізге қош келдіңіздер!

Біздің отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ұланғайыр ата-мекеніміз қандай кең болса, пейіліміз де керемет бай. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрлері, тіл ерекшелігі болады.

Ендеше балалар, барлығымыз бірге шаттық шеңберін құрып, бір-бірімізге жылы лебіздер сыйлайық:

Тақта (видео) бойынша балалар психогимнастиканы орындайды.

Балалар біз сендермен бірге қай мемлекетте тұрамыз?

Қазақстанда

Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар. Біз бәріміз Қазақстан мемлкетінде тұрып, іәр тілде сөйлейміз. Біздің Отанымыз көп ұлтты мемлекет. Біз сендермен бірге Еуразияның орталығы - Қазақстанда тұрамыз. Біле білсеңіз біздің ел- Үш тілдің патшалығы деп те айтуға болады. Себебі біздің ел үш тілде сөйлей алады. Олар: әрине қазақ тілі ол біздің мемлкеттік тіліміз, орыс тілі, және де ағылшын тілі.

Бірақ балалар, өз тілімізді білуіміз міндет болып саналады.







Қазақ тілің - Атаң Анаң

Қуат алар Отан да одан

Дүниеде ешбір асыл

Тең келмейді қатар оған

Ойын «Үш мемлекет»

Мұғалім: Балалар мына үш мемлкеттермен таныс болайық. Мұғалім балаларға үш мелмекеттің жалауларын, киімдерін және тағамдарын көрсетіп, атайды, таныстырады.

Барысы: ортаға 4 бала шығып, үш мелмекеттің жалауларын, киімдерін және тағамдарын орын тәртібіне байланысты қойып шығу.



(Есікті орыс ұлтты Маша түртеді)

Ал, балалар, бізге кім келіп тұр екен? Қане, көрейік. Кіре беріңіз!

Маша: Здравствуйте, ребята! Как дела? Вижу у вас проходит отличный урок. Ребята, а научите меня разговаривать на казахском и на английском.

Мұғалім: Балалар, қане Машамен амандасайық: Здравствуйте Маша!

Мұғалім: Балалар ал енді Машаға қазақ және ағылшын тілінде сөйлеуді үйретейік. Үйретеміз бе?

Балалар: Иә

Маша: Спасибо дети!

Ендеше балалар, Машаға біздер өздеріміздің тақпақтарымызды айтып берейік:

Тақпақтар: (Мағжан)Ана тілім - ұраным

Ана тілім құралым

Ана тілі болмаса,

Болмас еді жыр әнім



(Алихан)Ана тілім - тірегім

Ана тілім - жүрегім

Қасиетті елімнің

Тек өзің деп білемін



(Аманжан Жаслан)Ақыл-ойын дананың,

Ана тілден аламын,

Ана тілі ардақты.

Ақ сүтіндей ананың.





(Азамат)Родина

Отчизна - Мать,

Отчизна - Казахстан.



(Жанасыл)Kazakhstan is my country

Kazakhstan is my land

I live here with my friends



(Айнара)My flag is blue

My flag is bright

I like it very much.



Маша: Какие вы все умные и смышленные! А теперь, дети давайте поиграем в одну игру. Называется эта игра «Угадай слово!»

Мұғалім: Балалар, қане Машамен бірге ойын ойнап көрейік. «Ойлан тап!» ойыны. Бұл қап балалар, өте сиқырлы қап. Ішінде не бар екенін тауып көрейік.

Маша қапқа түрлі заттарды салып, балаларды бір-бірлеп шақырады. Бала қаптың ішіне қарамай қолымен ұстап не зат екенін айтады. Айта ала алмаған ойыншы біздің тілегімізді орындайды.

Мұғалім: балалар, айтыңдаршы, қандай заттарды қаптың ішінен көре алдық? Қане еске түсіріп көрейік.

Сергіту сәті:

Апельсинді аршимыз,

Біл бөлігін атама беремін,

Бір бөлігін әжеме беремін,

Бір бөлігін әкеме беремін,

Бір бөлігін анама беремін.

Бір бөлігін өзім жеймін.

Қабығын қасқырға тастаймыз.

Қасқыр ашуланды,

Біз қашып, тығылдық.

Балалар жұдырығын түйеді, саусақтарын салалайды, сілкілейді, екі алқандарымен біріктіріп, үй жасап отыра қалады.

Балалар қимыл қозғалыс арқылы секіріп, жүгіріп, қызыға ойнайды.





Ойын: «Сиқырлы сандық»

Ойын барысы: тақтада сиқырлы сандықтың бейнесі тұрады. Балалар сиқырлы сандықтың тапсырмасын орындаса, сандықтың есігі ашылады. Тапсырмасы: ағылшын, орыс және қазақ тілінде санау. Балалар тапсырманы орындаса сандықтың қақпағы ашылып, ішінен сыйлық шығады.

Видео «Көңілді күн»

Қорытындылау:

Балалар бүгін біз немен таныс болдық? Қандай тілдермен таныс болдық? Бізге қонаққа кім келді? Машаның ұлты кім? Жарайсыңдар, балақандар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізге өте белсенді қатысып, керемет дағдыларыңды көрсеттіңдер.

Балалар, енді бәріміз қонақтармен қоштасайық.

Ана тілің, біліп қой,

Еркіндігің теңдігің,

Ана тілің, біліп қой

Мақтанышың, елдігің. - деп бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз.



Ортаға келіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!

Балалар енді, орысша қоштасайық. До свидания!

Балалар енді ағылшынша қоштасайық.

Good bye, children!

Good bye, teacher!

Good bye, good bye!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал