7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер мен кіріккен сөздер

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер мен кіріккен сөздер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 3.10.2016

Сынып: 6 «а», «ә»

Пәні: Қазақ тілі

</<span>Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер мен кіріккен сөздер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Біріккен сөздер туралы тақырыпты түсіндіру. Оқушылардың теориялық және іс - тәжірибешілік (практикалық) білім дәрежесін анықтау.

Тәрбиелік : Шәкірттерді өздігінен ой еңбегімен шұғылдануға, шапшаңдыққа баулу..

Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәнерін, логикалық ойын дамыту. шығармашылық ізденіс қабілетін дамыту, ойлау белсенділігін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру

Сабақтың өту әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, талдау, сұрақ-жауап. Оқулықпен жұмыс.

Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа арналған сызба, кеспе карточкалар

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Сыныптың тазалығына назар аудару.

3.Оқушылардың назарын тақтаға аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

52,53 -жаттығу.

Сұрақ-жауап:

1.Сөздер құрамына қарай нешеге бөлінеді

2.Дара сөз дегеніміз не?

3.Күрделі сөз дегеніміз не? Оларға қандай сөздер жатады?

ІІІ.Жаңа тақырып: Біріккен сөздер мен кіріккен сөздер

























1.Біріккен сөздер:

Құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталған сөздер

2.Кіріккен сөздер:

Құрамындағы түбірлердің тұлғалары сақталмай, дыбыстық өзгерістерге ұшыраған сөздер.

Мысалы:Асқазан, саңырауқұлақ, орынбасар, өнертапқыш, балабақша, қолтаңба,т.б.

Мысалы: Бүгін (бұл күн): бірінші сөздегі ұ екінші сөздің әсерінен жіңішкеріп, ү-ге айналған, л дыбысы түсіп қалған, ү-нің әсерінен к ұяңданып,г-ге айналған (бұл-бү+күн-гүн)

Биыл (бұл және жыл), жаздыгүні (жаздың және күні), түрегелді (тұра және келді)

-Аң,құс,жәндік атаулары:

Мүйізтұмсық, аққұтан,иманжапырақ, қосаяқ, тасбақа, егеуқұйрық, жолбарыс, көкқұтан, текесақал, алабота, аққу.қарақұрт , итмұрын,

-географиялық атаулар:

(жер,су аттары)

Жетісу, Темірқазық, Жайлаукөл, Шиліөзен ,Сырдария, Ақбозат, Көкбозат, Сарысу, қызылорда, Әулиеата, Алакөл, Жетіқарақшы

-кісі аттары:

Қойшыбек, Нұрмұхаммед, Гүлбаршын, Гүлдариға, Үлмекен,Ұлбала, Нұрдана,Айжан,

-ауру аттары:

Көкжөтел, қарасан, сарысу, соқырішек, шорбуын, қылтамақ,

-дене мүшелері:

Сегізкөз, ұлтабар, асқазан, тоқішек, мойыномыртқа, тазқарын,

-ойын атаулары:

Айгөлек, көкпар, соқыртеке, бесқақпай, ханталапай, алтыбақан, ақсүйек, доптаяқ

-ән,күй,өлең аттары:

«Сарыарқа», «Дайдидау», «Сегізаяқ», «Сарыжайлау», «Қараторғай», «Кісенашқан»

-қоғамдық өмірге,күнделікті тұрмысқа байланысты әртүрлі атаулар:

Автобекет, қолбасшы, қайынаға, ақсақал, кәсіпорын, шекара, еңбеккүн, отағасы.

-мезгілге байланысты атаулар:

Биыл, қыстыгүні, жазғытұрым, бірсігүні.

-белгісіздік,болымсыздық мәндегі атаулар:

Әркім, әлдене, ешқашан, ешбір.



ІV.Кітаппен жұмыс .

55-жаттығу.

56-жаттығу. Әдебиет , география, биология, тарих оқулықтарын пайдалана отырып, біріккен сөздердің жасалуына мысалдар жазыңдар.-географиялық атаулар:

(жер,су аттары)

Жетісу, Темірқазық, Жайлаукөл, Шиліөзен ,Сырдария, Ақбозат, Көкбозат, Сарысу, қызылорда, Әулиеата, Алакөл, Жетіқарақшы

-кісі аттары:

Қойшыбек, Нұрмұхаммед, Гүлбаршын, Гүлдариға, Үлмекен,Ұлбала, Нұрдана,Айжан,

-дене мүшелері:

Сегізкөз, ұлтабар, асқазан, тоқішек, мойыномыртқа, тазқарын,

-ойын атаулары:

Айгөлек, көкпар, соқыртеке, бесқақпай, ханталапай, алтыбақан, ақсүйек, доптаяқ

-ән,күй,өлең аттары:

«Сарыарқа», «Дайдидау», «Сегізаяқ», «Сарыжайлау», «Қараторғай», «Кісенашқан»

-қоғамдық атаулар:

Автобекет, қолбасшы, қайынаға, ақсақал, кәсіпорын, шекара, еңбеккүн, отағасы. Саябақ, әуежай, төлемақы, айыппұл



57-жаттығу. Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған түбірлерге назар аударыңдар.Қандай дыбыстық заңдылыққа сүйеніп тұрғанын айтыңдар.



Үлгі: Асан он сегіз жасқа толғанда төлқұжат алады.Атам күнде баспасөз Баспасөз мерзім сайын халық арасына жаңалықтар таратып отырады.





V.Сабақты бекіту.

Сұрақ -жауап:

1.Біріккен сөздер дегеніміз не? (ережесі мысалы)

2.Кіріккен сөздер дегеніміз не? (ережесі, мысалы)

3.мысалдар айту.



VІ.Үйге тапсырма:

38-бет: 59-жаттығу.

54-бет: 43-жаттығу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал