- Учителю
- Қазақ тілі 8 сынып: Отаншылдық - ұлы қасиет.
Қазақ тілі 8 сынып: Отаншылдық - ұлы қасиет.
8 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Отаншылдық - ұлы қасиет. Сөйлем мүшелері.
Сабақтың мақсаты: : «Отаншылдық - ұлы қасиет» мәтінін оқып Отан, отаншылдық сөздердің
мәнін ашу, түсіндіру. Сөйлем мүшелеріне дұрыс сұрақ қойю.
Сабақта үйренген жаңа сөздерді әр түрлі қатынасқа түсіріп сөз байлығын
дамыту. Таным мүмкіндігін дамыту.
Оқушыларды білімділікке, отансүйгіштікке, даналыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Астана көрінісі. «Үш би» Таблица.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, түртіп оқу, жаттығу жұмыстары.
Сабақтың түрі. Аралас.
Сабақтың барысы:
Сабақтың ұраны: Азат бүгін байлыққа тұнған жерім,
Азап жүгін, ел жауын қуған ері.
Әділет пен бірлікке жанын қиып,
Әділ еткен билердің туған жері.
І. Ұйымдастыру кезені.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. 2.5.7. - тапсырма. 24 бет.
Жеке жұмыс. Отан - септеу, тәуелдеу, фонетикалық талдау.
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық. . Сұрақтарға жауап беріңдер.
Оттан ыстық не?
Судан терең не?
Аспаннан биік не?
Жерден ауыр не?
2. «Отан» сөзі қандай ассоциация туғызады?
- Отан -
/ /
3.Сөздік жұмыс. «Отан» арабтың «ватан», яғни «өлке» деген сөзінен шыққан.
Отансүйгіштік, отаншылдық, намыс, ардақтау, қадірлеу, намысшыл, намысқор.
4. Ұранды оқып талқылау.
ІҮ. Мәтінмен жұмыс. Түртіп оқу. Жаңа ұғымдарды кластерге жазу. Мәтін «Отаншылдық -ұлы қасиет».
ҮІ. Бекіту. 2.6.7.- тапсырма. 26 бет. Даналық сөздерді оқыңдар. Отан, туған жер туралы өздерін білетін даналық сөздерді жазыңдар.
2.6.4 - тапсырма. 25 бет. Сөйлем мүшелерін шартты белгілермен сызып көрсетіңдер.
2.6.5.-тапсырма. 25 бет. Сөйлемдерді толықтырыңдар.
2.6.6. - тапсырма. 26 бет. Қате құрастырылған сөйлемдерді дұрыстап жазыңдар.
4. Сөздік диктант. Ұлы қасиет, өскен ауылын, туған ұлтын, отансүйгіштік, отаншылдық, намыс, сыйласқан, азамат, ардақтамаған, дәлелде.
Ү. Қорытындылау. «Ромашка» ойыны. Берілген сөздерді қолданып сөйлем құрастыр.
1. әрбір, керек, ұлы қасиет, азаматқа, отансүйгіштік.
2. Басталады, өз, отаншылдық, үйінен.
3. Алтын, туы, намыс, азаматтың.
4. Елі. ата-анасы, ер жігіттің.
5. Іспен, сүгенінді, елді, отанды, дәлелде, сөзбен емес.
Үй жұмысы: 2.6.8.-тапсырма. 26 бет. Сұрақтарға жауап жазу арқылы Отан туралы, туған жер туралы шағын шығарма жазыңдар.