- Учителю
- Сабақ жоспары ' Шілдехана' 9 сынып
Сабақ жоспары ' Шілдехана' 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Шілдехана.
Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік:Жаңа тақырып арқылы оқушылардың коммуникативтік, ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру. Ауызекі сөйлеу, сөйлесу дағдыларын жетілдіру, алған білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Танымдық қабілетін арттыру. Сөздік қорын толықтыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімін оятып, Отанға,туған елдің салт- дәстүріне, одан үлгі- өнеге алуға деген сүйіспеншілігін арттыру. Көрнекілік материал: суреттер, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: ұжымдық түрде бірлесіп білім алу
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, іздендіру, дәлелдеу, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: тарих.,
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ой шақыру.
-
Қазақ халқының салт- дәстүрлері туралы не білесіңдер?
-
Қандай салт- дәстүлерді білесіңдер?
-
Кішкентай сәбилерге арналған той- думандарды атаңдар?
2. Тыңдалым. Оқылым. Есте сақтаңыз.
Мәтінді оқыңыз.Түсіңіз.
Шілдехана- жаңа туған нәрестенің құрметіне арналған той. Оған көбінесе жастар жиналады. Олар шілдеханаға арнайы шақырумен де, шақырусыз да келе береді. Бұл тойда « Балаңыздың бауы берік болсын!» деген құттықтау айтылады. Қонақтар таң атқанша домбыра тартып, өлең айтады. Түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырады. Жұмбақ, жаңылтпаштар айтысып, жарысады. Жеңгендері отбасының сый-құрметіне бөленеді. Шілдехана-баланы жын-шайтаннан қорғап, күзетуден пайда болған дәстүр. Сондықтан шілдехананы кейде «шілдекүзет» деп те атаған.
Шілдехана.
Сұрақтар құрастырып жауап беріңіздер.
сұрақтар
иә
жоқ
Тексеру
3.Оқылым -мәтінмен жұмыс
Мәтін бойынша тапсырмалар:
1. Мәтін мазмұны бойынша жоспар түзіңдер.
2.Түзген жоспар бойынша мәтін мазмұнын өз сөзіңмен баяндаңдар.
3. Мәтінге тірек сызба жасаңдар.
4.Мақал-мәтел сайысы. - топпен жұмыс
2-тапсырма: Шілдехана туралы сөз тіркестер, сөйлес құрастыру
5.Жазылым -дәптермен жұмыс
3-тапсырма: Мәтіннен қос, біріккен сөздерді теріп жазыңдар.
4-тапсырма: берік болсын -деген сөзге морфология талдау жасау
5. Тілдесім
5- тапсырма. - Мәтін бойынша жұппен жұмыс жасап, диалог құрастырасыңдар, 5 сұраққа 5 жауап дайындайсыңдар.
«Шілдехана» атты шағын эссе жазыңдар.
ІІІ. Рефлексия. Салыстыру әдісі. (5 минут)
Суретпен жұмыс.
Қорытынды
-Мәтінді өз сөзіңмен айта аласың ба?
-Мәтінде не туралы айтылған?
Бағалау.
Үй тапсырмасы: 1) «Шілдехана» тақырыбына реферат дайындау;
2) Жаңа тақырыпты пайдаланып, интервью-сұхбат жазып келу;
3) Мәтіннің мазмұнын айтым беру.