- Учителю
- “Schools in Great Britain?”
“Schools in Great Britain?”
Күні: қазанға | Сыныбы: 6 "Б" | Пәні: Ағылшын тілі | ||||
Сабақ тақырыбы: | "Welcome to Disneyland" | |||||
Сілтеме: |
| |||||
Жалпы масаты: |
| |||||
Оқу нәтижесі: | Оқушы тақырыпты өз деңгейінде меңгереді, ойлау қабілеті мен қиялы, ізденісі дамиды, тіл байлығы жетілдіріледі. | |||||
Сабақта туындаған негізгі идеялар: | Диснейлэнд туралы түсінігі кеңейеді. Ұлттық ойындарды әлемге танытудың жолдарын іздестіру. | |||||
Сабақта қолданылатын материалдар: | Тақырыптық суреттер. Үлестірмелер. Түрлі-түсті фломастерлер. Флипчарт. | |||||
Дерек көздер: | Ақпараттық ғаламтор желісі. Ақпарат құралдары (теледидар, газет-журналдар), сөздік, бейнеролик (мультфильм) | |||||
Тапсырмалар: | 153-155 беттегі тапсырмалармен жұмыс (6 сынып оқулығы) | |||||
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: Сабақ 15.50-16.35 Психологиялық ахуал туғызу. (2 минут) Топтау/ кеңістік құру. Оқушыларға Алматы әуе жайынан сабаққа ұшақ ұшып келгендігі және хат әкелгендігі туралы айту. Әуежайдан әрбір оқушыға ынталандыру тілектері жазылған хат келеді. Оқушылар оқиды және хаттың түр-түсіне қарай топқа бөлінеді.. Көк ұшақ - көк түсті хаттар. Бөз ұшақ - бөз түсті хаттар. Ашық жасыл ұшақ - ашық жасыл хаттар. Оқушылар 3 топқа бөлінеді. «Алтын ереже құру». (3 мин)
Әр топ сабақта сақталатын ережелерді құрады. Оқушыларға мультфильмнен үзінді көрсетіледі. (3 минут) | ||||||
Жаңа сабақ: Ой қозғау. (5 минут)
| Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы әс-әрекеті | ||||
Сұрақ-жауап: Балалар, бұл не? Біз не көрдік? Бейнеролик басында біз қандай жазбалар көрдік? Бұл ненің белгісі? Қандай сөзден шыққан? Ол адам есімі ме, қала аты ма? | Оқушылар өз ойларын, пікірлерін айтады.
| |||||
Тілдесу: оқулықтағы 1 жаттығу 153 бет. Сұраққа жауап беру. (2 минут)
| ||||||
Let's begin our lesson. Our theme is "Welcome to Disneyland". (2 минут) Now, let's begin introduce to Disneyland slide. Disneyland is a place for children of all ages. It's also a place for their parents to return to the world of childhood because that is what happens when they spend a day at Disneyland. At Disneyland you can have a voyage on a boat, you can take a train, and you can travel to the stars, take a trip to the mountains, meet all Disney characters … or just sit in the sun and eat ice-cream. | ||||||
Жаңа сөздермен жұмыс: (5 минут) ceremony ['serimәni] - той, салтанат. knowledge ['nolid3] -білім. create [kri:'eit] - құру magical ['mӘed3ikkәl] - сиқыршылық acre ['eikә] - акр (0,405 га) dusty [dΛsti] - шаңды later [leitә] - кейінірек, кешірек. | топқа плакат таратылады, жаңа сөз жазылған. Оқушылар сөздікпен жұмыс жасап, ұжымды түрде аударады, сөзді оқиды, бір-бірінің қатесін жөндейді.
| |||||
«Елес» стратегиясы. (8 минут)
Уолт Дисней ашқан Диснейлэнд саябағын, ойын алаңдарын елестету. Сұрақ-жауап: Оқушылар Диснейлэндті «елес» әдісі бойынша көз алдына елестеді. Ақ қағазға түсіреді.
| ||||||
Жазу тапсырмасы: оқулықтағы 2 В жаттығуы 154 бетте. (2 минут) Транскрипциясы берілген сөздерді грамматикалық негізде жаздыру.
Park, ceremony, create, magical, acre, earth.
[s], [k], [a:], [ei], [d3].
| ||||||
Сергіту сәті: (3 минут) "If you're happy"
| ||||||
Шығармашылық жұмыс: (5 минут) Қосымша ізденіс.
(Оқушылар дайындап келген ізденіс жұмыстарын оқып, таныстырады). | ||||||
Қорытындылау: (2 минут)
I know | I have learnt | I want to know | ||||
|
|
|
Келесі тапсырма: (1 минут)
7 жаттығу 155 бет. Диснейлэнд сияқты Қазақстанда ойын сауық орталығы бар ма? Астана қаласындағы Думан орталығы туралы ақпарат жинақтау.
Кері байланыс: «Білім қоржыны» әдісі бойынша, оқушылар сабақта алған әсерлерін жазып, қоржынға салады.
Бағалау: (2 минут)
Әр тапсырма соңында оқушыларға фишка беру арқылы бағалау жүргізіледі.
Қызыл түсті жұлдызша
Бағалау критерийі
«5»
8-10
«4»
7-8
«3»
6-5
«2»
0-4
Күні: ақпан
Сыныбы: 6 "Б"
Пәні: Ағылшын тілі
Сабақ тақырыбы:
"Schools in Great Britain?"
Сілтеме:
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық.
-
Ағылшын тілі оқулығы, 6 сынып Т. Аяпова, Д. Ұқбаев, Алматы Атамұра 2010 ж.
Жалпы мақсаты:
-
Ұлы Британия және оның ауа-райы туралы білімдерін тереңдету, оқушының өз бетімен жұмыс істеуге ізденімпаздыққа дағдыландыру.
-
Оқушылардың шет тілінде ойлау, сөйлеу, есте сақтау, жазу қабілеттерін дамыту.
Оқу нәтижесі:
Оқушылар Ұлы Британия және оның ауа-райы туралы мағлұмат алады, оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады.
Ойлау қабілеті, ізденісі дамиды, тіл байлығы жетілдіріледі.
Сабақта туындаған негізгі идеялар:
Ұлы Британия және оның ауа-райы туралы түсінігі кеңейеді.
Оқушылардың шет тілінде Ұлы Британия және оның ауа-райы туралы ақпарат жинақтай отырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Тақырыптық суреттер.
Үлестірмелер.
Түрлі-түсті фломастерлер.
Флипчарт.
Дерек көздер:
Ақпараттық ғаламтор желісі.
«Ағылшын тілі мектепте» ......
Тапсырмалар:
160-162 беттегі тапсырмалармен жұмыс (5 сынып оқулығы)
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Сабақ 14.10-14.55
Сыныпты сабақ өтуге даярлау. (1 минут)
Топтау/ кеңістік құру. (2 минут)
Сыныпты топқа бөлу мақсатында, мұғалім оқушыларға ретімен сан айтқыздырады. Мысалы, сыныпта 12 оқушы. Мұғалім 3 топқа бөлуді жоспарлады. 1,2,3 ..... деп санап, 1 деген сандар бір топқа жиналады, екі деген сандар 2-ші топқа жиналады, ал 3 деген сандар 3 топқа жиналады. Осылай 2 топ құралады.
Білім тексеру: өткен тақырып бойынша шолу жасау. (5 минут)
Сұрақ-жауап әдісі:
1) How many seasons in the year?
2) What season is it now?
3) Name the months of spring.
4) How do you think? Tell the changes of the weather in spring.
5) What is the weather like today?
6) Is it rainy?
7) Is it foggy?
8) Is it windy today?
9) Is the wind blowing from the (east or west)?
Жеке жұмыс: Әр оқушыға өткен тақырып бойынша бекіту мақсатында ауа-райының құбылыстарын шет тілінде ажырата білуге үлестірме қағаздары беріледі. (3 минут)
Match the words to the symbols.
1.Sunny
-
foggy
-
cloudy
-
rainy
-
snowy
-
thunder and lightning
c d a
e b. f. Fog
Жаңа сабақ:
Ой қозғау.
(5 минут)
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
Интерактивті тақтадан Ұлы Британия мемлекетіндегі көрікті жерлерді көрсету. Оқушыларға сұрақ қою.
Сұрақ-жауап:
1) Біз не көрдік?
2) Балалар, бұл қай мемлекет?
3) Суретте берілген мемлекеттің қай қаласы?
4) Осы мемлекеттің қаласы екенді- гін қалай анықтадың?
Оқушылар өз ойларын, пікірлерін айтады.
Оқулықпен жұмыс: Тілдесу: оқулықтағы 2 жаттығу 161 бет. Сұраққа жауап беру.
(2 минут)
-
Where is London?
-
Where is Great Britain?
-
Have you been to London?
-
Do you want to go there?
-
What sights would you like to see?
-
What can you say about the weather of London?
- What's the weather like in GB?
Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс. Оқушылар мәтінді дұрыс оқып, қазақ тіліне аударады, топ ішінде талқылайды. (5 минут)
Now, let's begin introduce to London slide. London is in Great Britain. London is the capital of GB. It's one of the largest cities in the world. Its population is more than11 million people. London is situated on the river Thames. The city is very old and beautiful.
The weather of GB is changeable. It is foggy and rainy in spring. The weather of GB is never cold or very hot.
Жаңа сөздермен жұмыс: (5 минут)
Degree -
Cool -
Freezing -
Quiet -
Shine -
топқа плакат таратылады, жаңа сөз жазылған. Оқушылар сөздікпен жұмыс жасап, ұжымды түрде аударады, сөзді оқиды, бір-бірінің қатесін жөндейді.
Жазу тапсырмасы: оқулықтағы 4 жаттығуы 161 бет. (3 минут)
Оқушылар топ ішінде бірлесе отырып, тапсырманы орындайды.
Оқыған мәтін бойынша оқушылар «Дұрыс немесе бұрыс» тапсырмасын орындайды.
True (T) False (F)
1) London is a city in GB. ……… ……..
2) London is the capital of the USA. ……… ……..
3) The weather of GB is changeable. ……….. ……….
4) The population of London is more
than 5 million people. ............. .............
«Эссе» жазу. Лондон қаласының ауа-райы туралы эссе жазу. (3-4 сөйлем)
Қорытындылау: (2 минут)
I know
I have learnt
I want to know
Келесі тапсырма: (1 минут)
12 жаттығу 162 бет. Қалаған жыл мезгілін таңдап, шағын әңгіме құрастыру.
Кері байланыс: «Білім қоржыны» әдісі бойынша, оқушылар сабақта алған әсерлерін жазып, қоржынға салады.
Бағалау: (2 минут)
Әр тапсырма соңында оқушыларға фишка беру арқылы бағалау жүргізіледі.
Сары түсті фишка - 3
Көк түсті фишка - 4
Жасыл түсті фишка - 5
Бағалау критерийі
«5»
8-10
«4»
7-8
«3»
6-5
«2»
0-4
Күні: наурызға
Сыныбы: 5 "Б"
Пәні: Ағылшын тілі
Сабақ тақырыбы:
"The environment"
Сілтеме:
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық.
-
Ағылшын тілі оқыту әдістемесі, 5 сынып Т. Аяпова, Д. Ұқбаев, Алматы Атамұра 2010 ж.
-
Ағылшын тілі оқулығы, 5 сынып Т. Аяпова, Д. Ұқбаев, Алматы Атамұра 2010 ж.
Жалпы мақсаты:
1. Адамзатты қоршаған орта табиғи байлықтан тұратындығын түсіндіру.
2. Табиғатқа залалын тигіздіретін факторлармен таныстыру.
3. Қоршаған ортамыздағы табиғи құндылықтарымызды аялап баптауды, сақтауды, қорғауды, күтімге алу туралы ақпараттық бағыт беру.
Оқу нәтижесі:
Оқушы тақырыпты өз деңгейінде меңгереді.
Табиғатқа залалын тигізетін нақты мәліметтермен танысады.
Сабақта туындаған негізгі идеялар:
Табиғатты қорғаудың жанашырлар тобын құру.
Ластанған табиғатты тазарту жолдарын ұйымдастыру.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Тақырыптық суреттер.
Үлестірмелер.
Түрлі-түсті фломастерлер.
Флипчарт.
Стикерлер.
Дерек көздер:
Ақпараттық ғаламтор желісі.
Ақпарат құралдары (теледидар, газет-журналдар), сөздік.
Тапсырмалар:
163-164 беттегі тапсырмалармен жұмыс (5 сынып оқулығы)
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Сабақ 14.10-14.55
Сыныпты сабақ өтуге даярлау. (1 минут)
Психологиялық ахуал туғызу: (3 минут) «Жылы сезімдер» жаттығуын ұйымдастыра отырып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру. Құрметті оқушылар қазір біз сіздермен «Жылы сезімдер» жаттығуын өткіземіз. Бірінші оқушы жанындағы сыныптасының қолынан ұстап, жақсы тілек тілейді. Келесі сыныптасыңызға жақсы тілектер жеткізесіз. Осылайша жалғаса береді. Соңғы оқушы тілегін мұғалімге жеткізеді.
Топтау/кеңістік құру:
Оқушыларды топқа бөлу мақсатында оларға 3 түрлі гүл шоқтары ұсынылады. Оқушылар өзінің жақсы көретін гүлін таңдау арқылы топқа бөлінеді.
Оқушылар шеңбер құра отырып, тізбектей жақсы тілектерді бір-біріне жеткізе отырып, сабаққа деген жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады.
Оқушылар раушан гүл, түймедақ гүлі және қызғалдақ гүлін таңдайды. Осылайша олар топқа бөлінеді.
Өткен сабаққа шолу: (5 минут) Оқушыларға үй тапсырмасына 12 жаттығу 162 бетте, қалаған жыл мезгілін таңдап, шағын әңгіме құрастыру болды. Оқушылар өз жұмыстарын топ ішінде оқып, ішінен ең үздігін таңдап, әр топтан 1 оқушы оқиды.
Phonetic drill:
[e]
pen ten
bed red
end desk
Тіл жаттықтыру тапсырмасы. Оқушылар дыбыстарды қайталайды.
Жаңа сабақ:
Ой қозғау. Қызығушылығын ояту:
(5 минут)
Суретпен жұмыс.
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы әс-әрекеті
Сұрақ-жауап әдісі:
1) Суреттен не көріп тұрмыз?
2) Көк жасыл ормандарымыздың жауы не?
3) Өрттің пайда болу жолдары қандай?
4) Судың ластануының себебі не?
5) Суды кім ластайды?
6) Ауаның ластануының себебі не?
Оқушылар өз ойларын және пікірлерін айтады.
«Кім жылдам?» ойыны. Жеке жұмыс. (3 минут).
Балалар табиғаттағы залалдар ақпараттарын жинақтайды, ең көп 8-10 мәлімет тапқан оқушы, ең бірінші қол көтеріп, өз мәліметтерін ортаға салады.
Ұжымды түрде ол мәліметтерді талдайды. Басқа оқушылардан тағыда қосымша мәлімет сұрау. Мысалы: Әр топ оқушысы табиғаттағы өсімдіктер, жануарлар туралы айтады. Ал қосымша мәлімет сұрағанда олар құстар жайлы да толықтыруы мүмкін.
Өз бетінше жұмыс. Жаңа сөздер (сөздікпен жұмыс) (5 минут)
Талқылаған мәліметтер ішінде оқушыларға таныс емес сөздер болады. Ол сөздерді оқушылар ағылшын тіліне аударма жасайды. Мысалы: қауіпті - dangerous, орман - forest, құстар - birds, жан-жануарлар - animals, өрт, өртеу - burn, қоқыс - rubbish, көл - lake, өзен - river, табиғат - nature, сақтау - save, қорғау - protect, зиян - harm.
Суретпен жұмыс: 2 жаттығу 163 беттегі суреттермен жұмыс. (10 минут)
Оқулықта берілген табиғаттағы залалдар суреттерін, интерактивті тақтада берілген суреттерді салыстыра отырып, талқылау.
Табиғатта болып жатқан түрлі табиғатқа тигізіп жатқан залалдар туралы толықтыру және ол залалдарды адам өзі жасайтындығын айту. Осы залалдармен күрес жолдарын қарастыру.
Балалар осы табиғатта болып жатқан залалдармен күрес жолдарын флипчарт бетіне суреттейді.
Қорытындылау: «5 жолды өлең» стратегиясы, the strategy "Singain": (5 минут)
Оқушылар топ ішінде 5 жолды өлең құрастырады.
-
noun: nature
-
adjectives: beautiful, nice
-
verbs: save, protect
-
Word combinations: We should save our beautiful and nice nature.
-
Synonym: environment
Келесі тапсырма: (2 минут) 7 жаттығу 164 бет. Біздің ауылдағы табиғатта болып жатқан залалдар туралы әңгімелеу (эссе жазу).
Рефлексия: кері байланыс. (2 минут)
Оқушыларға парақ таратылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады.
Бағалау: «Ашық журнал» Әр тапсырма соңында оқушылардың білімі бағаланып отырады. Бағалау кезеңінде мұғалім ортақ бағасын шығарады. (2 минут)
р/с
Оқушы аты-жөні
Ү/т
«Ой-қозғау»
Суретпен жұмыс
«Кім жылдам» ойыны
Жаңа сөздермен жұмыс
Оқулықпен жұмыс
«5 жолды
өлең»
Қоры-тыныды бағасы
Баяндама
Үш тілді білім беруді жүзеге асыру
Рысқұлова А.Қ.-ағылшын тілі пәні,ІІІ деңгей
(Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі)
Бүгінгі білім берудегі қоғам қойып отырған басты талаптардың бірі - көптілділік. Көптілділік - кез келген қоғам үшін, кез келген формация үшін тұйықтықтан шығудың, интеграцияны негізгі ұстаным етіп алған бағытты айқындайтын жол деп танылған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғарғы білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деді. Бұл, шынында да, қарқынды дамып келе жатқан ел үшін өзекті мәселе. Қазіргі таңда «Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуда.Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасаудамыз. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына ӛмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктер ашады» - деп көрсетеді Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында. Әлемдік өркениетпен жан-жақты интеграцияға түскен біздің халқымыз үшін ағылшын тілін үйрену ұлтымыз үшін игі мұраттардың бірі болмақ. Бүгінгі таңда өскелең ұрпақ ағылшын тілін үйрену мен оқытудың іс жүзіндегі қажеттілігін сезінуде. Осыған орай халықаралық стандарттарға сай білім алуды мақсат етеді. Ағылшын тілін білу қазіргі кезеңдегі байланыс шекарасының кеңеюіне, өркениет ағынына ілесуге, ақпараттар кеңістігінде еркін байланыс жасауға мүмкіндік береді. Ағылшын тілі қазақ тілінің құнарлылығын, халықтың салт-дәстүрін, мәдениеті мен жетістігін әлемдік кеңістікке жеткізуші көз болып табылады. Мұның бәрін обьективті, геосаяси және және әлеуметтік-экономикалық тенденция деп қарастырамыз. Мемлекетіміздің мектеп реформасына енгізген үш тілде оқыту бағдарламасы -жаһандану заманы туғызған қажеттілік. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен енгізіліп жатқан жаңаша іс-шаралар әр азаматтың жан-жақты құзіретті тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Өркениетті отыз елдің қатарына ену, Назарбаев зияткерлік мектебінде оқу, «Болашақ» бағдарламасымен білім алу, әлемдік интеграцияға ұмтылу - бәрі де үш тілде білім беру арқылы жүзеге асатын келелі мәселелер. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде басқа тілдерді үйретудің, басқа тілдерде білім берудің негізі боп табылады. Себебі көп ұлтты Қазақстан Республикасында қазақ халқы барлық ұлтты ұйыстырушы ұлт ретінде танылуда. Оның тілі де сол биіктен көріне білу қажет. «Үш тұғырлы тіл» жобасы үш тілді - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін Қазақстан азаматтарының бірдей меңгеруін меңзегенімен, бұның түп негізі, көздеген мақсаты-мемлекеттік қазақ тілінің халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік деңгейге көтеріп,жаһан тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізуді мақсат етеді.
Мемлекеттік тіл бөлінушілікті мақсат тұтпайды, қайта Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің басын біріктіретін бірлік пен ынтымақтастықтың негізгі факторы болып қала береді. Сонымен қатар үш тілді меңгертуде жетекшілік рөл атқарады. Міне «Үштұғырлы тіл» жобасы бойынша мемлекеттік тілдің атқарар қызметі мойнына артқан жүгі осындай болмақ. Орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі ретінде өз тарихи міндетін атқарып келді, атқара береді де. Біздің еліміз ертеден бері Ресей елімен көршілік ынтымақтастықта, тығыз қарым-қатынаста ғұмыр кешіп келеді. Тіпті бүтіндей бір дәуірде тарих беттерінде Кеңестер одағының қол астында, бір жүйеде өмір сүрді. Осы жылдар аралығында көршілес елдің мәдениетімен біте қайнасып, жаңа қазақстандық қоғам құрудың белсенді мүшелеріне айналды. Ұлтаралық қатынастарды реттеуде, қоғамдық татулық пен келісімді тұрақты ұстауда, халықаралық маңызды мәселелерде ортақ шешімге келуде, жаңа инновациялық технологияларды, заманауи көзқарастар мен идеяларды енгізіп, кеңінен таратуда орыс тілінің рөлі айрықша екендігі баршаға мәлім. Тарихи көршілестік барысында орыс тілінің атқарған қызметі орасан зор. Себебі орыс тілі, мәдениеті арқылы қазақ халқы өркениет жолын таңдап алды. Жаңа дәуірде, жаңашыл бастамалар кезеңінде орыс тіліне жүктелер міндет те күрделене түспек. «Үштұғырлы тіл» идеясының үшінші құрамдас бөлігі - ағылшын тілін үйрену.Ағылшын тілін меңгеру дегеніміз - ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Бұл үш құрамдас бөліктердің негізгі идеясы мынаған саяды: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз, ағылшын тілін үйренеміз.
Болашақ - білімділер заманы.Әр қазақстандық үшін орыс және ағылшын тілін оқып үйрену - бәсекеге қабілетті тұлға бейнесін шыңдай түсетін, экономикалық мүмкіндік терімізді арттыратын бірден-бір тетік. Жаһандану дәуірі кезеңінде замана көшіне қалмай, үш тілдің үйлесіміне қол жеткізу арқылы тілімізді, дінімізді, дәстүрімізді, салт-ғұрпымызды сақтап қала аламыз, жаңғырта аламыз. Бүгінгі таңда әр ұстаздың алдына қойып отырған басты мақсаттарының бірі - білімді де білікті шығармашыл тұлға қалыптастыру. Оқушылардың ақыл-ой қабілеттері мен мінез-құлық сапаларын әлемдік және ұлттық психология негізінде дамыту. Орыс, ағылшын тілдерін мектепте оқытудың негізгі мақсаты - оқушының бұл тілдерді қатынас құралы ретінде пайдалана алу қабілеттерін дамытуда, өздерінің төл мәдениетін, тілін оқып, үйреніп отырған елдің тілімен, мәдениетімен салыстыра алуда, тілдердің ортақ белгілері мен ерекшеліктерін ажырата білуде жатыр. Бүгінгі таңда еліміздің мектептерінде үш тілді оқытудың маңызы арта түсумен қатар, оның бағыттары да кеңеюде. Жалпы үш тілді оқытудағы басты міндет оқушының тілдік қарым-қатынас жасай алу қабілетін, біліктілігін жетілдіру болып табылады.
«Үш тілді білім беру» бағыттарын дәйекті түрде енгізу негізінде бастауыш сыныпқа ағылшын тілі пән ретінде , ауызекі қарым-қатынас сөздері қолданылуда. Факультатив есебінен ¾ -сыныптан бастап ағылшын тілінде факультативі енгізілді. Бұл оқушылардың болашақта үш тілде ойларын әлемдік білім жүйесінде қолдана алатындай деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Облыстық мектеп - интернатымызда жаңа форматты мұғалімдердің саны күн санап артуына байланысты оқу-тәрбие үрдісіне енгізген жаңашылдықтарды облысымыздың барлық қазақ мектептеріне таратуға ат салысудамыз . Осы мақсатта 2014 жылдың сәуір айында облыстық семинар ұйымдастырып, оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңашылдықтарымызды облысымыздың мекемелері мен қазақ мектеп басшыларына ұсындық. Міндеттері:
дарынды балаларды анықтау әдістер жинағын құрастыру;
олимпиадалар, интеллектуалдық сайыстар мен конкурстар өткізу арқылы талантты балаларды айқындау, іріктеу үшін жаңа технологиялар құрастыру;
көптілділік мәселесі жөнінде республикамыздың жоғары оқу орындары және мектептермен тығыз байланыс жасау.
Көп тілді меңгеру - бұл өте күрделі психологиялық үрдіс. Бүгінгі таңда бізге ана тілінің уызына қаныққан, ұлттық мұраны және өзге мәдениетті құрметтейтін, үш тілді жетік меңгерген, іскер, шығармашыл, дүниетанымы мол, зиялы да интеллектуалды тұлғаның қажет екені белгілі. Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 ж.
2.Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению,М.: Просвещение, 1991 г.