7


  • Учителю
  • Қазақ тілінен ашық сабақ Қысқарған сөздер 6 сынып

Қазақ тілінен ашық сабақ Қысқарған сөздер 6 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

10.10.2015

Сабақтың тақырыбы: Қысқарған сөздер Сыныбы:6

Сабақтың мақсаты:1.Негізгі. Қысқарған сөздер туралы ұғымдарын кеңейту.

2.Дамытушылық.Оқушыларды зеректікке,сауаттылыққа тәрбиелеу

3.Тәрбиелік.Оқушыларды әдептілікке .инабаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың міндеті:

1.Қысқарған сөздерді жан- жақты талдату.

2.Салыстыру, талдау арқылы қорытынды шығара білуге дағдыландыру.

3.Өзін - өзі тәрбиелеуге, іс - әрекетіне баға беруге үйрету.

Күтілетін нәтиже: Қысқарған сөздер туралы толық мәлімет алады, сөйлемдер ішінен ажырата біледі.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: семантикалық карта, «Пальма» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, тақырыптық түйінді сөздер, сұрақ-жауап, адасқан әріптер.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Cабақ түрі:ашық сабақ

Сабаққа қажетті құралдар: плакат, маркер,семантик карта

Сабақтың жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгелдеу, өтілген тақырыптарды қайталау

Үйге берілген тапсырма бойынша сұрақ -жауап .

Өтілген тақырыптар семантикалық кесте арқылы қорытындылау.мысалдар

Біріккен сөз

Қос сөз

1.Су-су





2.Тасбақа





3.Бала-шаға





4.Еңбеккүн





5.Ұшып-қонды





6.Екібастұз





7.Дәрі-дәрмек





І. Қызығушылықты ояту.

«Пальма» әдісі

1.Сабаққа дейінгі көңіл-күйіңіз қандай?

2.Сабақтан не үйренгілеріңіз келеді?

«Миға шабуыл» әдісі

Қысқарған сөздер

Қысқарған сөздер дегеніміз - күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі. Мысалы: ТМД, АҚШ, см, ТУ-154.

ІІ. Мағынаны ажырату

Қысқарған сөздің жасалуының 4 жолы бар.

1.Күрделі атау сөздердің құрамындағы әрбір сөздің тек басқы дыбыстарынан ғана қысқарып бірігеді. Мысалы: БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы), АҚШ (Америка Құрама Штаттары), ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы), см (сантиметр), дм (дециметр).

Бұл жасалу жолы тағы қосымша жалғанса, сызықша арқылы жалғанады. Мысалы: ТМД-ға, АҚШ-қа, см-ге.

2.Күрделі атау сөздердің құрамындағы бірінші сөздің басқы буынынан және соңғы сөздердің басқы дыбыстарынан қысқарып бірігеді. Мысалы: ТарМУ (Тараз Мемлекеттік Университеті), ҚазМҰУ (Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университеті).

3. Күрделі атау сөздердің құрамындағы әрбір сөздің басқы буындарынан қысқарып бірігеді. Мысалы: физ-мат (физика-математика), ұжымшар (ұжымдық шаруашылық), филфак (филология факультеті).

4. Күрделі атау сөздердің құрамындағы бірінші сөздің басқы буынынан және соңғы сөздің түбір күйінде айтылуынан құралады. Мысалы: пединститут (педагогикалық институт), медколледж (медициналық колледж), медпункт (медициналық пункт).

Сабақты пысықтау

«Тақырыптық түйінді сөздер» әдісі

</ 64-жаттығу

Біздің тақырып

Әр оқушыға жеке сөйлемдер беріледі. Сөйлем ішіндегі берілген сөздерді қысқартып жазу.

1.Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы достық қатынаста.

2.Ажар биыл Тараз Мемлекеттік Университетіне оқуға түсуге дайындалып жүр.

3.Ресей Федерациясы ядролық сынаққа біржола тыйым салуды жақтайды.

4.Математика пәнінен үйге сантиметр және дециметрге байланысты мысал есептерді шығарып келуге берді.

Сергіту сәті

«Адасқан әріптер» орнын тап.

1.Біріккен ҰлттарҰйымы БҰҰ

е.р.і.б.к.н.і.к.

2.Ішкі істер министрлігі ІІМ

р.і.т.е.с.

3.Америка Құрама Штаттары АҚШ

а.р.ұ.м.қ.а

4.Қазақстан Республикасы ҚР

а.с.қ.т.н.а.а.з.қ.

ІІІ. Ойтолғаныс

Қысқарған сөздердің орыс,қазақ,ағылшын,өзбек тілдеріндегі баламасын табу

Сабақты бекіту

«Пальма» әдісі

1.Сабақтан кейінгі көңіл-күйіңіз қандай?

2.Сабақ ойларыңыздан шықты ма?





  • Үй тапсырмасы :1-тапсырма

  • Бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал