7


  • Учителю
  • Поурочный план на тему Пысыктауыш 8 сынып

Поурочный план на тему Пысыктауыш 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

1


Мерзімі


2

Сынып

8 «Ә»

3

Тақырыбы

Пысықтауыш

4

Мақсаты

Пысықтауыш сөйлемде қандай қызмет атқаратынын білу.

5

Міндеті

1. Пысықтауыш сөйлемде қандай қызмет атқаратынын білу.

2. Пысықтауыштың мағыналық түрлерінен ақпарат алу.

3. Оқушылар бір-бірімен ынтымақтаса қарым-қатынасқа түсе отырып, ойларын еркін, нақты жеткізуге үйрену.

6

Күтілетін нәтиже

1. Пысықтауыш сөйлемде қандай қызмет атқаратынын біледі.

2. Пысықтауыштың мағыналық түрлерінен ақпарат алады.

3. Оқушылар бір-бірімен ынтымақтаса қарым-қатынасқа түсе отырып, ойларын еркін, нақты жеткізуге үйренеді.

4. Тапсырмалар орындау барысында пысықтауыш сөйлем мүшесін анықтайды.

5.Оқушылар бір-бірін түсінеді, ынтымақтастықпен жұмыс істеуге үйренеді.

7

Көрнекілік:

Құралдар:

Электронды оқулық. Слайд

Интербелсенді тақта, А3 форматты қағаз, маркерлер, стикерлер.

8

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

9

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

10

Әдіс-тәсілдер

«Интервью» әдісі, «Миға шабуыл», «Мозайка» «Семантикалық карта», топқа бөлу, кері байланыс

11

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

12

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, түгендеу.

1.«Көңіл күй неге ұқсайды?» тренингін өткізу арқылы оқушылардың сабаққа деген жағымды көңіл күйді қалыптастыру.

Мақсаты: ынтымақтастық ахуал тудыру.

Шарты: оқушылар шеңбер құрып тұрады. Ол бір-біріне кезек-кезек өз көңіл-күйлерінің қай жыл мезгіліне, я болмаса табиғи құбылысқа ұқсайтынын айтады. Мысалы, менің бүгінгі көңіл-күйім көктемгі жайма шуақ нұрын төккен күн сияқты, ал сенікі ше?

Топтық жұмыс барысындағы «Алтын ережені» еске түсіремін

2. «Мозайка» құрастыру арқылы сыныпты 4 топқа бөлу.

1 топ

2 топ

3 топ

4 топ

Тұрлаулы

Толықтауыш

Анықтауыш

Пысықтауыш




Оқушылар өзінің жақсы қасиеттерін айта отырып сабаққа деген ынтасы артады.

13

Үй тапсырмасы (10 минут)

Оқушыларға үйде оқыған тақырып бойынша сұрақтар дайындап әкелу тапсырылғандықтан, оларға «Интервью» стратегиясын қолданамын.

Шарты: топтар бір-біріне сұрақтар қояды, қойылған сұрақтарға нақты, еркін жауап беру керек.

Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін жинақтау, қорытындылау, бекіту, оларды еркін сөйлеуге, ептілікке, алғырлыққа үйрету.


Бағалау критерийлері.

1. Үй тапсырмасының орындалуы.

2. Сұрақтың нақты болуы.

3. Жауаптың нақты болуы.

2) Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өткен тақырыпты еске түсіреді және одан әрі орындауға тиісті әрекетке қажеттілігі қалыптасады.


14

Жаңа сабақ

Білу, түсіну

Миға шабуыл сұрақтары: Балалар, қазақ тілі сабағында қандай ғылыми салаларды меңгердік?

Өзім сөзден тұрамын, аяқталған ойды құрамын. Ол не?

Сөздер бір-бірімен қалай байланысады?

«Атаулар туралы үш сұрақ» Қайда? Қалай? Қандай? Синтаксис, тұрлаулы, тұрлаусыз

1.Бұл терминді сіз бұрынырақта қайда, қандай жағдайда кездестіріп едіңіз?

2.Өміріңізден осы атаулар бойынша мысал келтіре аласыз ба?

3.Осы сабақта осы атаулар қандай қолданыста болады?

«Жигсо» әдісі

«Сұрақ сізден, жауап бізден» Пысықтауыш, мезгіл пысықтауыш, мекен пықтауыш, мақсат пысықтауыш, амал пысықтауыш, себеп-салдар пысықтауыш, мөлшер пысықтауыш, меңгеру, жанасу және қабысу.


Оқушылар ақпаратты оқиды. ойына келген жауаптарды немесе идеяларды бір-бірлерімен ой бөліседі. Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді. Және соңында басқа топтарға өздерінің идеяларын талқылауды бастайды, жасаған постерлерін топ сикерлері қорғайды.

15.

Қолдану, талдау

Бағалау критерийлері:

1. Жаңа тақырыпты қабылдау.

2. Материалды толық игеру.

3. Білген материал төңірегінде іздену.


Дәптермен жұмыс.

52-жаттығу. Мына сөйлемдердегі біртектес сөздердің екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғандығын түсіндіріңдер.
Ол - жақсы адам. Ол жақсы сөйлейді. Күші жағынан арыстандай кісі. Қобыланды батыр арыстандай ақырды. Бастауышты түзу сызықпен сыз. Сызуды түзу сыз. Қисық мінезі бар. Көйлекті қисық пішті.

Шығармашылық жұмыс: Мына үстеулерді қатыстырып сөйлем құраңдар да, пысықтауыштың қай түрін жасағандарыңды табыңдар.

Күзде, қуаныш үстінде, тұс-тұстан, артта, арнайы, үйрену үшін, жатпай-тұрмай, әдейі.


238-жаттығу. Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен грамматикалық байланысына қарай жазу.

Әр топтан бір-бір оқушы 9 сұрақ дайындайды.


Оқушылар жаттығуды дәптерлеріне орындайды

16.

Жинақтау кезеңі.

Семантикалық карта

р/с

Сөйлем мүшелері

Бастауыш

Баяндауыш

Толықтауыш

Анықтауыш

Пысықтауыш

1.

Қайсар


2.

биыл


3.

мектепке


4.

барады.


1.

Шешесі


2.

баласының


3.

жүзіне


4.

мейірлене


5.

қарады.


1.

Ол


2.

ағасына


3.

сағынғандықтан


4.

хат


5.

жазды.

Топтастыру

Оқушылар топ ішінде тақырыпты талқылап сұраққа жауап жазу арқылы кестені толтырады.


17.

Кері байланыс

Тақырыбы: _______________________________

Мен нені білемін? Мен нені білгім келеді? Мен нені білдім?

Оқушылар кері әсер парағын толтырып, жинап береді.

18.

Үйге тапсырма

53-жаттығуды орындап келу.


Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.

19.

Қосымша білім

Басқа да деректерге сүйеніп, білім алу.


Кітапхана, ғаламтор т.б.

20.

Бағалау

Формативті бағалау.

Нақты критерийлер қойылу арқылы жиынтық бағалау.

Идеясын түсінуі.
Ұсынылған дәлелдер.
Дәйексөз түріндегі мысалдар.
Өзіндік ойлар.

Әңгімелей алуда көркем сөйлеу білу.

Топтық бағалау:

1-жұмысы өз мәнінде емес.

Аты-жөні

Үй жұмы-сы:

Мәтін ді түсінгені

Жаңа сабақ ты меңгер

гені:

Тапсырма лардың орындалуы:

Белсенділігі

2 - тақырыптың толықтай ашылуы.

3 - жұмысы шығармашыл.

Топ оқушыларын спикері бағалайды. Топ жұмыстарын топтар бағалайды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал