7


  • Учителю
  • Есімдіктен өткенді қайталау 7 сынып

Есімдіктен өткенді қайталау 7 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Пәні: қазақ тіліСыныбы:7-сыныпСабақтың тақырыбы: Есімдіктерден өткенді қайталау.Сабақтың мақсаты. а) Білімділік: Есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту. ә) дамытушылқ:ойлау қабіле
предварительный просмотр материала

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Есімдік туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға есімдіктің ерекшелігі мен жіктеу есімдігі туралы түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру; ә) есімдіктің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып ұжымдық,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту; б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып,ОҮӨӘЖПТ арқылы сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың әдісі: оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы,сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың түрі: ұжымдық,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: кітап,суреттер,үлестірме кәртішкелер т.б.

Сабақтың жүрісі. І.Ұйымдастыру. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

І кезең.

а) Өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалардың орындалуын оқушы ассистенттер арқылы тексеру.

ә) Өткен тақырыптағы кемшін тұстары бойынша сұрақтар қою,жауаптарын тыңдау.

б) Проблемалық сұрақ

1. Есім сөздердің орнына қолданылатын сөз табының ерекшелігі неде?

2.есімдік сөзінің мәні.

в) Сабақты қорытындылап,оқушыладың (ассистент) көмегімен оқушыны қатыстыра отырып жұмыс нәтижесі бағалау бетшесіне қойылады.

ІІ кезең.Жаңа сабақ.

а) Проблемалық сұрақтар қою. ә) Кітаппен жұмыс,ереже оқыту(үздік оқушының көмегімен).

б) Ауызша мысал ойлату (мен,сен,ол).

ІІІ кезең. Жаңа сабақты бекіту.

1-деңгей «Іске асыр» (жаттығулар жұмысы)

а) Кітаппен жұмыс.

Жеке және топтық жұмыс (деңгей бойынша): 192,193-жатығу.

ә) Тақтамен жұмыс.

Есімдікті қатыстырып,есімдікті құрау..

б) Үлестірмелі кәртішкемен жұмыс. в) Суретпен жұмыс (жұмыс дәптеріне).

2-дегей (Алгоритмдік)

1.Венн диаграммасы бойынша салыстыру.

Есімдік

Ортақ

Етістік

  1. Есім сөздерінің орнына жүреді

  2. Түрлері бар.

  3. Түрленеді .

1.Сөз табы.

2.Екеуі де түрленеді.

1.Іс-қимылды білдіреді.

2.Түрлері бар.

3.Шақ,рай категориясы.

2. «Есіңе түсір» (әдебиетпен байланыс).

Ақындардың өлеңінен үзінді келтіріп,есімдіктерді табу (Жұмыс дәптерімен жұмыс).

3.Мақалдардың жалғасын тап,орнын ауыстырып қолдан.

Ата балаға ...(сыншы)

Ерлік білекте ...(емес,жүректе)

Ақыл - тозбайтын тон ...

(Білім - таусылмайтын кен)

3-деңгей.

1.Сатылай кешенді талдау.

2.Тест жұмысы

Е

С

І

М


С

А

Р

А


І

Л

І

К


М

А

Х

А

М

Б

Е

Т


Д

И

Қ

А

Н


І

Р

І

М

Ш

І

К


К

Ө

М

Е

К

Т

Е

С3.Сөзжұмбақ.

1. Ханның аты

2.Айтыс ақыны

3.Септік аты

4.Ақын,батыр

5.Астық өсіруші

6.Ұлттық тағам

7.Септік аты


4 -деңгей.Шығармашылық кезең.

1. Ойолғау жазу. 2. 4 жол өлең жазу.

Қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Есімдіктерден өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты. а) Білімділік: Есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту. ә) дамытушылқ: ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру. б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: жинақтау,талдау,сын тұрғысынан ойлау,сатылай кешенді талдау,т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,математикаорыс тілі,ағылшыннеміс тілі,биология.

Сабақтың көрнекілігі. Есімдіктің жасалу жолына арналған кестелер,ашық формалы тест,сөзжұмбақ,бейнефильм, компьютер,бағалау парақшалары,т.б.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу, ә) түгелдеу; б) сыныпты сабаққа даярлау.

(Топ жетекшілеріне бағалау парақтарын таратамын)

2. Үй тапсырмасын тексеру

а) Қызығушылығын ояту

Математикалық ойын «Ғажайып алаң»

Таңбаларды әр түрлі сандарға амалдар қолдану арқылы мына есептерді шығарып,төмендегі үшаяқтардағы жасырын сөзді табайық.


Е/33

С/11

1/25

М/9

Д/51

І/37

К/2

І топ ІІ топ ІІІ топ

11,5+(-2,5) =9 -12,5х(-2) =25 -10,2+2,2=2

20,2 х 2 +(-3,4) =37 -153 : (-3) =51 -44 х (-2) : 8 = 11

Жеңіпазға:

99 : (-9) х (-3) = 33

ә) Жұмбақ сұрақтар «Бұл қай есімдіктер?»

1.Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдік есімдіктің қай түрі? (Біз - жіктеу есімдігі)

2.Басқаның бәрін өзі сұрайды,өзінен ешкім сұрамайды. (Сұрау есімдіктері)

3.Жақтас жалғауға жіктеле қояды,жақтас емесіне жоламай қояды. (Мен,сен)

4.Көпшіл және көңілшек,

Ештемені бөліп жармайды.

Көптік ұғым беріп,

Көпшілікті қармайды (Жалпылау есімдіктері)

5. Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты.Алдына бір буын қосыпты да,есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты. (Болымсыздық есімдіктері)

Жаңа сабақ.

а) Сөзжұмбақ «Бұл да қызық»

Тапсырма. Есімдік деген сөздің құрамында қанша дыбыс болса,есімдіктердің түрлері де сонша.Енді сіздер тапсырманы орындаңыздар.шақпаққа мынаны жазсаңыздар,ерекше тордағы сөзді оқисыздар.

  1. Сілтеу есімдігі

  2. Сұрау есімдігі

  3. Өздік есімдігі (І жақ,көпше түрі,тәуелденіп тұр)

  4. Белгісіздік есімдігі

  5. Жалпылау есімдігі

(ережесін бірден сұрап отырамын)

ә) Сатылай кешенді талдау.

Бұл жерде ешкім сырмды білмейді.

Бүкіл ауыл Қазының төрт қанат киіз үйіне жиналды.


Бұл Ешкім Бүкіл


негізгі негізгі негізгі

дара күрделі дара

есімдік есімдік есімдік

сілтеу болымсыздық жалпылау

сұрағы : қай сұрағы : кім сұрағы : қай

анықтауыш бастауыш анықтауыш


б) Мәтінмен жұмыс.(Акула жайлы бейнефильм қойылады)

116-жаттығу. Акула.

Мәтіндегі есімдіктерді мағынасына,сұрағына,тұлғасына қарай жазбаша талдатамын.

в) Полиглот (асты сызылған сөздерді орыс,ағылшын,неміс тілдеріне аудару керек)

І топ

Тарих қана,халық қана туатын

Алыптардың арқа тұтпас кім атын?

Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа

Керек болды Абай сынды ұлы ақын!

ІІ топ

Өзіңе сен,өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

ІІІ топ

Әркімді адам сүйремек,

Заманды қай жан билемек?

Заманға жаман күйлемек,

Заманы оны илемек.

Бекіту

а) Көру диктанты. (Жатқа жазып,есімдіктерді талдау)

Басқа жұрт балалары оқу қуған,

Біліммен өз жұртының бетін жуған.

Ішіп-жеп жүрсе егер жайған малдай

Адамзат жер жүзіне не үшін туған?!

ә) Тест (компьютер арқылы көрсетіледі) Ашық формалы тест. Нұсқау: толықтырыңдар

1.Үлкенді сен сыйласаң, 2.Жаманның ... (өзі) бола алмайды, 3.Балапан ұяда ... (не) көрсе,

Кіші . . . (сені) сыйлайды. Болғанды көре алмайды. Ұшқанда соны іледі.

4.Не ексең, ... (соны) орасың. 5.Біреу тойып секіреді,

... (Біреу) тоңып секіреді.


Қорытынды

а) Бекіту (Дәстүрлі сұрағымыз)

- Екі көз не үшін керек?

- Жақсыларды көру үшін.

- Екі қолың не үшін керек?

- Елге көмек беру үшін.

- Құлақ деген не үшін керек?

- Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

- Тіл мен жағың не үшін керек?

- Ақиқатты айту үшін.

- Ал аяғың ше?

- Шетте жүрсем,туған жерге қайту үшін.

- Ал, есімдік не үшін қажет?

- Ия,туған жерге жету шін екі аяғың қандай қажет болса,қазақ тілінің дәрежесі жоғары болуына есімдік сынды сөз табының қосар үлесі зор.Жүйелі ойлау мен ой-өріс кеңістігінің кеңеюіне есімдік те үлкен ықпал етеді.

ә) Кластер немесе топтастыру әдісі

Сонымен,есімдік жайлы білдік?


б) Бағалау (бағалау парақшаларын жинап аламын)

Үйге тапсырма

І топ ІІ топ ІІІ топ

Ой толғау Сыр толғау Жыр толғау

«Достық - татулық белгісі» «Ауылым - алтын бесігім» «Ұрпағы ардақ тұтып,бас иеді рухына»

(Шағын шығарма,өлең,ой толғау жазу. Есімдіктерді тауып,талдап келіңіздер).

в) Менің алған әсерім.

(Сабақтан алған әсерлерін оқушылар алдарындағы парақшаларға түсіреді.Соңынан жинап аламын)


Сабақтың тақырыбы: Болымсыздық, белгісіздік есімдіктері.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға болымсыздық және белгісіздік есімдіктері жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, олардың ой-пікірін қалыптастыру, сауаттылыққа баулу.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгелдеу.

  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Белгісіздік есімдігінің түрленуі» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Белгісіздік есімдігі.

Затты, сындық белгіні, сан-мөлшерді белгісіз етіп жорамалдап, тұспалдап көрсету мәнін білдіретін есімдіктің түрі белгісіздік есімдігі деп аталады. Мысалы: Бұлдайды біреу күшін, біреу түсін (Абай). Бұл сөйлемдегі біреу есімдігі «белгісіз бір адам» деген мағынада қолданылған.

Белгісіздік есімдігіне біреу, кейбіреу, бірдеме, әркім, әрне, әлдекім, әлдене, кімде-кім, бір, қайсыбір, кейбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбір, бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқайдан, әрқашан деген сөздер жатады.

Белгісіздік есімдіктерінің мынадай ерекшеліктері бар:

  1. Әлде, әр, кей, қай, бір сөздері басқа есімдіктермен (біреу, кім, не, бір, қашан, қалай, қайда, т.б.) тіркескенде, бірге жазылады да, басқа сөз таптарымен (мысалы, зат есіммен) тіркескенде, бөлек жазылады. Мысалы: Бізде ерік жоқ, бастай бер. Әлденеге бастайсыз. Кей
    құрбы бүгін тату, ертең бату (Абай).

  2. Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде-кім, әлдекім, әркім, әлдене тәрізді белгісіздік есімдіктер зат есім орнына жұмсалады.

  3. Қайсыбір, кейбір, әр, әрбір, қайбір деген сөздер сын есім орнына жұмсалады.Мысалы: Кейбір жігіт жүреді мақтап сөйлеп. Берілген сөйлемдегі қай жігіт? (кейбір) дегенсұраққа жауап береді.

  4. Әрқашан, әрқалай, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқайдан деген белгісіздік есімдіктері үстеу мәнінде мезгіл, мекен мағыналарын білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көкшетау, оның маңындағы калың орман әлдеқашан артта
    қалған. Берілген сөйлемдегі әлдеқашан (қашан артта қалған?) деген белгісіздік есімдігі үстеумен мәндес болып тұр.

  5. Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде-кім, әлдекім, әркім, әлдене тәрізді белгісіздік есімдіктер зат есім орнына жұмсалады.

  6. Қайсыбір, кейбір, әр, әрбір, қайбір деген сөздер сын есім орнына жұмсалады. Мысалы: Кейбір жігіт жүреді мақтап сөйлеп. Берілген сөйлемдегі қай жігіт? (кейбір) деген сұраққа жауап береді.

  7. Әрқашан, әрқалай, әлдеқашан, әлдеқалай, элдеқайда, элдеқайдан деген белгісіздік есімдіктері үстеу мәнінде мезгіл, мекен мағыналарын білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көкшетау, оның маңындағы калың орман элдеқашан артта қалған. Берілген сөйлемдегі әлдеқашан (қашан артта қалған?) деген белгісіздік есімдігіүстеумен мэндес болып түр.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Есімдік түрлерін топтастыру

Мен,сол,осынау,нешеу.Біз,сіздер,қанша.Сіз,ол,,барлық,өз,қайсы.Сендер,қайдан,кім не,сен,бұл,анау,нешеумін,кіміміз, олар ,әлдеқандай, ешқашан, ешкім, ештеңе, барша т.б.


Сабақты қорыту кезіндегі сұрақтар.

1.Белгісіздік есімдігі есімдігі қалай түрленеді?

2.Белгісіздік есімдігіне мысал келтір.

Үйге тапсырма:

___________________________________________________________________________________________________________


Сабақтың тақырыбы: Есімдіктердің түрленуі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға есімдік туралы түсінік, есімдіктердің түрленуі туралы толық түрде мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгендеу.
    4.Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

  4. Сұрақтарды таратып, өткен тақырыптарды қайталау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Есімдіктер есім сөздердің (зат есім, жэне сын есім, сан есім) атын да, белгісін де, санын да атамай, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына қолданылады. Сондықтан да кейде есімдіктерді орынбасар сөздер деп те атайды.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: жіктеу есімдігі, сілтеу есімдігі, сұрау есімдігі, өздік есімдігі, жалпылау есімдігі, болымсыздық есімдігі және белгісіздік есімдігі.



1 - тапсырма. Венн диаграммасы


Есімдік

Ортақ

Етістік

  1. Есім сөздерінің орнына жүреді

  2. Түрлері бар.

  3. Түрленеді .

1.Сөз табы.

2.Екеуі де түрленеді.

1.Іс-қимылды білдіреді.

2.Түрлері бар.

3.Шақ,рай категориясы.


2 - тапсырма. Сатылай кешенді талдау.

Бұл жерде ешкім сырмды білмейді.

Бүкіл ауыл Қазының төрт қанат киіз үйіне жиналды.

Бұл Ешкім Бүкіл


негізгі негізгі негізгі

дара күрделі дара

есімдік есімдік есімдік

сілтеу болымсыздық жалпылау

сұрағы : қай сұрағы : кім сұрағы : қай

анықтауыш бастауыш анықтауыш


Жаттығу жұмыстары:

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақтың қорытындысы:

1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

Бағалау.

Үй тапсырмасы:

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып


Сабақтың тақырыбы: Өздік есімдігінің түрленуі.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік - өздік есімдігінің түрленуін түсіндіру; ә) дамытушылық - әр түрлі жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың есте сақтау,логикалық ойлауын дамыту; б) тәрбиелік - оқушы ларды тілін сүюге,елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,кестелер.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары элементтерін пайдалану,сұрақ-жауап,жаттығу т.б.

Сабақтың барысы.Ұйымдастыру бөлімі.

Үй тапсырмасын сұрау.


Жіктеусептеледі

жіктеледі

Белгісіздіккөптеледі


Болымсыздық

Есімдіктің

мағыналық

түрлері

сілтеутәуелденеді

септеледі

Жалпылаукөптеледі


сұраутәуелденеді

Өздіксептеледі

жіктеледі

көптеледі

септеледі жіктеледі тәуелденеді көптеледі.


102-жаттығу.Берілген сұрау есімдігін қатыстырып сөйлем құрап жазу.

Кімнің,қайсымыз,нешеуі,кімдермен,нешеуден,кімсіздер,қандаймыз.

Мысалы : Сен кімнің баласысың?

103-жаттығу.Нешінші,қайсысы деген сұрау есімдіктерін жіктеп және тәуелдеп жазып,мағыналық,тұлғалық жағынан салыстырыңдар.

Жіктеу: І нешіншімін,қайсысымын

ІІ нешіншісің,қайсысысың

Нешіншісіз,қайсысысыз

ІІІ нешінші,қайсысы

Тәуелдеу: І нешіншім,қайсысым

ІІ нешіншің,қайсысың

Нешіншіңіз,қайсысыңыз

ІІІ нешіншісі,қайсысы.


Жаңа сабақ.

Өз есімдігі тәуелденіп барып септеледі.

Өздік есімдігінің септелу үлгісі (оқулықта берілген).

Өздік есімдігі тәуелденіп барып жіктеледі.

Өздік есімдігінің жіктелуі (оқулықта берілген)

Өзім есімдігін септеп, Өзің есімдігін жіктеп,

біреуіне сөйлем құра біреуіне сөйлем құра.

А. өзім

І. өзімнің І.өзіңмін,өзіңбіз

Б. өзіме ІІ.өзіңсің,өздеріңсіңдер

Т. өзімді өзіңсіз,өздеріңсіңдер

Ж. өзімде ІІІ.өзің

Ш. өзімнен

К. өзіммен

Өлеңдегі түсірілген сөздерді орнына қойыңдар.

Өзім - тәңірі табынамын ... (өзіме)

Сөзім - құран, бағынамын ...! (сөзіме)

Бұзушы да,түзуші де ..., (өзіммін)

Енді,ескілік,келдің өлер ...! (кезіңе)

Мағжан Жұмабаев.


Керекті сөздер: сөзіме,өзіме,өзіммін,кезіңе.


Тапсырма: өздік есімдігін тауып,олардың қалай түрленіп тұрғанын анықта.

Өзім - түбірі өз, -ім тәуелдік ж. І жағы

Өзіме - түбірі өз, -ім тәуелдік ж. І жағы, -е барыс септігі

Өзіммін - түбірі өз, -ім тәуелдік ж. І жағы, -мін жіктік ж.

І жағы.

Мақал-мәтелдерді сөйлем мүшесіне талда.

1.Хас сараң өз затын өзінен қызғанады.

2.Қорқақ өзінің көлеңкесінен де қорқады.


Тәуелсіз Қазақстан

Отан деген не? Бұл сөзді әрқайсымыз күн сайын әлденеше рет естіп жүрміз. «Отан от басынан басталады» дейді халық.Отан дегеніміз - әр адамның туып өскен жері,туған-туысқандарымен,жақындарымен,бүкіл дос-жарандарымен бірге тұратын мекені.қазақ елінде тұратын барлық адамның Отаны - Қазақстан республикасы.1991 жылы 16-желтоқсан күні біздің еліміз Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.Осы күнге жету үшін қазақ халқы қаншама қиыншылықты бастан өткізді.Әр мемлекеттің дербес,тәуелсіз ел болуы - барша бақыттың бастауы.Елдің өз құқы өз қолында,ешкімге тәуелді емес.

Бұл күнде дүние жүзінің барлық елі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде танып отыр.Осы бақыт әр қазақстандықтың жүрегіне нұр құяды.

«Қазақстан тарихынан».

Тапсырма: есімдіктердің түрлерін анықтап теріп жазу.

Жаңа материалды бекіту.

Логикалық диктант

1.Өздік есімдігіне қандай сөз жатады? (өз)

2.Өзісіздер есімдігі қандай тұлғада тұр? «түбірі өз, -і -тәу.жал. ІІІ жағы, -сіз -жік.жал. ІІ жағы (сыпайы түрі), -дер, -көп.жал.)

3. Өзіңмен қай септікте тұр? (көмектес септікте)

4. «Өз үйім - өлең төсегім» деген мақалда өздік есімдігі қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр? (анықтауыш)

5. Өздік есімдігі бар мақал жаз.


Қорытынды. Кластер стратегиясы.


Үйге тапсырма. 1.Эссе стратегиясы «Менің қиялымдағы болашақ Қазақстан» (есімдіктері,әсіресе өздік есімдіктері бар).


Бағалау.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сұрау есімдіктерінің түрленуі.

Сабақтың мақсаты. білімділік - сұрау есімдігі туралы білімдерін тереңдету,оның түрленуін үйрету,сөйлемдегі қызметі мен мағынасына қарай түрленуін білуге машықтандыру; дамытушылық - оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру; тәрбиелік - ұқыптылыққа, шапшаңдыққа,көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер ,үлестірмелі қағаздар,

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың дұрыс отырғызып түгелдеу.Оқу құралдарын алдырып.назарларын сабаққа аудару.

Үй жұмысы.

1.Сілтеу есімдігі қалай түрленеді?

2.Ол қалай тәуелденеді? Мысал келтір.

3.Сілтеу есімдігіне мысал келтіріп,оны септе.

4.Септелудегі ерекшелігін түсіндір.

5.Мысалдар келтіру.

Жаңа сабақ.

6-сыныптан өткен сұрау есімдігі туралы білімдерін еске түсіру.Мысалдар келтіру арқылы жаңа сабақты бастау.

Сұрау есімдігінің түрленуі туралы оқулықта келтірілген кестеге назарларын аудару. Оның тәуелдену,септелу,жіктелу үлгісіне қарап ерекшелігін түсіндіру.Мысалдармен дәлелдеу. Септелген кездегі түбірлері сақталып,жалғаулары да өзгеріссіз жалғанады,тек барыс септігінің жалғауы қайсы сұрау есімдігіне -ған түрінде жалғанып тұр.

Сұрау есімдіктерінің адамға қатыстылары ғана І,ІІ, жақтарда жіктеледі.Себебі І жәнеІІ жақ,яғни айтушы (мен,біз) және тыңдаушы (сен,сіз,сендер) адам ғана болады.ІІІ жақ адамнан басқа бөгде затқа қатысты бола береді.

Көне ескерткіштерде сұрау есімдіктері септеліп жұмыс алғандығы туралы айту.


Жаттығу жұмыстарын талдау арқылы оқушылардың білімдерін тереңдету. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақты қорыту.

Сабақты топтастыру әдісі арқылы,сұрақ-жауап әдісі арқылы қорыту.

Есімдік түрлерін топтастыру

Мен,сол,осынау,нешеу.Біз,сіздер,қанша.Сіз,ол,,барлық,өз,қайсы.Сендер,қайдан,кім не,сен,бұл,анау,нешеумін,кіміміз, олар т.б.


Сабақты қорыту кезіндегі сұрақтар.

1.Сұрау есімдігі қалай түрленеді?

2.Сұрау есімдігіне мысал келтіріп,оны жікте.

3.Қайсы сұрау есімдігін септе және ондағы өзгешелікті түсіндір.

Үйге тапсырма: ___________________________________________________________________________________________________________

Оқушылардың білімін бағалау.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Есімдіктердің түрленуін қайталау.


Сабақтың мақсаты: білімділік - оқушылардың өткен тарау есімдіктердің түрленуі тақырыбынан алған теориялық білімін пысықтау; дамытушылық - оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту; тәрбиелігі - оқушыларға туыстық атаулар туралы ұғым бере отырып,алыс-жақынын тани білуге шақыру.


Сабақтың түрі:туыстық сабағы

Типі : іскерлік пен біліктілік дағдысын қалыптастыру.

Оқыту формасы: топтық

Оқыту әдісі:талдау,сұрақ-жауап,шығармашылық ізденіс,кітаппен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар,жекжат-жұрағаттар атауы,үнтаспа т.б.

Сабақтың барысы. І Ұйымдастыру бөлімі.


а) Оқушылрды тексеру.

ә) Сынып бөлмесінің сабаққа даярлығын қадағалау.


ІІ Үйге берілген тапсырма.


ІІІ.Жаңа сабақ.


Мұғалімнің кіріспе сөзі.


2-тапсырма. Кеспе қағазбен жұмыс.


1-кеспе қағаз

Сөйлемнен есімдікті тауып,тұлғасына талдау жасау.Сөйлемге синтаксистік талдау жсау.

Төркін - қыздың өз жұрты,туған үйі,ауыл-аймағы.

2-кеспе қағаз

Сөйлемнен есімдікті тауып,құрамын ажырату.Сөйлемге синтакистік талдау жасау.

Өзі барған сайын төркіндеген келіншек жалғыз келмейді.

3-кеспе қағаз

Оған тустары қайын жұртынан ере барған қайын інілеріне,қайын сіңілілеріне құрмет көрсетеді.


3-тапсырма. «Өз орнымдамын ба?» «берілген сөйлемдердегі сөздерді өз орнына қойып жазу)

Мысалы: Қазақ қыз баланы «үй құты» деп отбасында,оған сый-құрмет көрсетеді бағалап.

Дұрысы: Қазақ отбасында қыз баланы «үй құты» деп бағалап,сый-құрмет көрсетеді.


4-тапсырма. «Біріңді-бірің тыңдап ал!» Фариза Оңғарынованың әке туралы «Перзент сөзі» өлеңінен есімдіктерді теріп жазу,тұлғасына талдау.



І топтың 1-оқушысы ІІ топтың 1-оқушысы

Әкем- менің тәңірім, Ол тұрғанда сезінбей қатер демін,

пайғамбарым,ұмтылатын Хандардың да қалпағын әпермедім.

биігім,сайран бағым. Әділ шешім ататын барлық істе

Ол білмейтін дүниеде біздің үйде бас қазы - әкем менің.

құпия жоқ,

біліп алған,япыр-ай,

қайдан бәрін?!

2-оқушы 2-оқушы

Күшті де жоқ дәл ондай Әкем барда,арқам кең,жоқ

жер бетінде, алаңым,

сұлу мүсін, бір мін жоқ бәрі орнында:шаруаң,қора-малың

келбетінде!

Батыр,дана сол ғана.Асығамын Төрт жағымыз құбыла.Мен өскенде

әкеме ұқсап тезірек ер жетуге. Қиындау-ау әкемдей бола аларым ...


5-тапсырма. «Ән - көңілдің ажары» (үнтспадан «Жігіттер» тобының орындауындағы «Жеңешемнің мінезі» әнін тыңдап,есімдіктерді теріп жазу,құрамын талдау.


IV. Дамыту кезіндегі тапсырма. Шығармашылық жұмыс «Менің жеңгем».


V. Бекіту. Топтастыру стратегиясы бойынша «Есімдіктің түрлену ерекшеліктері».


Қорытындылау.Сабағымызды Фариза ақынның мына өлең жолдарымен түйіндесек:


Ағаларым - асқар тау,қарлы шыңдар,

Жеңгелерім - жанымның жайлауы еді.

Інілерім - шым болат шалғысыңдар,

Сіңлі,келін - періште тілеулесім,

Барлығың да әйтеуір,бармысыңдар!


VI. Үйге тапсырма. Туыстық тақырыбында мақал-мәтелдер жазып келу.


VII. Бағалау. (Берілген бағалау парақтарына топ үлкені баға қояды)

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Есімдіктен өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты: а) есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану,ауызша,жазбаша талдау

жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту; ә) ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту,ой қорытып,нақты шешім

жасауға үйретіп өздеріне сенімдерін арттыру; б) сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу,топпен жұмыс жүргізіп,бір-бірін тыңдай білуге үйрету,сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: жинақтау,талдау,сын тұрғысынан ойлау,сатылай кешенді талдау,деңгейлік тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,математика,орыс тілі,ағылшын биология.

Сабақтың көрнекілігі: есімдіктің жасалу жолына арналған кестелер(Жиде Жеткізгеннің кестесі),сөзжұмбақ,плакаттар.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу; ә) түгелдеу; б) сыныпты сабаққа даярлау.

Үй тапсырмасын тексеру.

а) Қызығушылығын ояту

Математикалық ойын «Ғажайып алаң»

Таңбашалары әр түрлі сандарға амалдар қолдану арқылы мына есепті шығарып,төмендегі ұяшықтарға жасырынған сөзді табайық.

ә) Жұмбақ сұрақтар «Бұл қай есімдіктер?»

1.Етікі аспбының бірімен ұқсас есмдіктің қай түрі? (Біз - жіктеу есімдігі)

2.Басқаның бәрін өзі сұрайды,өзінен ешкім сұрамайды. (Сұрау есімдіктер)

3.Жақтас жалғауға жіктеле қояды,жақтас емесіне жоламай қояды. (Мен.сен)

4. Көпшіл және көңілшек

Ештемені бөліп жармайды.

Көптік ұғым беріп,

Көпшлікті қармайды. (Жалпылау есімдіктері)

5. Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты.Алдына бір буын қосыпты да,есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты.(Болымсыздық есімдіктері)

Жаңа сабақ.

а) Сөзжұмбақ «Бұл да қызық»

«Есімдік» деген сөздің құрамында қанша дыбыс болса,есімдіктің түрлері де сонша.Енді сіздер тапсырманы орындаңыздар.Шақпаққа мыналарды жазсаңыздар ерекше тордағы сөзді оқисыздар.

Сұрақтары: 1. Жіктеу есімдігі (сен)

2.Сілтеу есімдігі

3.Сұрау есімдігі

4.Өздік есімдігіІ жақ (көпше түрі),тәуелденіп тұр

5.Сілтеу есімдігі шығыс септігінде

6.Белгісіздік есімдігі

7.Жалпылау есімдігі.


с

Е

н

о

с

ы

к

і

м


ө

з

і

м

м

е

н

о

с

ы

д

а

н


ә

р

к

і

м

б

ү

к

і

л



ә) Сатылай кешенді талдау.

Бұл жерде ешкім сырымды білмейді. Бүкіл ауыл Қазының төрт қанат үйіне жиналды.


2-тапсырма. Кеспе қағазбен жұмыс.


1-кеспе қағаз

Сөйлемнен есімдікті тауып,тұлғасына талдау жасау.Сөйлемге синтаксистік талдау жсау.

Төркін - қыздың өз жұрты,туған үйі,ауыл-аймағы.

2-кеспе қағаз

Сөйлемнен есімдікті тауып,құрамын ажырату.Сөйлемге синтакистік талдау жасау.

Өзі барған сайын төркіндеген келіншек жалғыз келмейді.

3-кеспе қағаз

Оған тустары қайын жұртынан ере барған қайын інілеріне,қайын сіңілілеріне құрмет көрсетеді.






в) Лото ойыны ойналады.

1.Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? (7-ге) Алыстан

2.Жіктеу есімдігі қай жақта тек адам аттарының орнына жүреді? (І,ІІ жақ) сермеп,

3.Жіктеу есімдіктерін ата. (мен,сен,сіз,сіздер,ол,олар) Жүректен

4.Бұл,осы,сол,ана қай есімдіктер? (сілтеу) тербеп,

5.Өздік есімдігіне бір ғана қандай сөз жатады? (өз) Шымырлап

6.Зат есімнің орнына қолданылатын белгісіздік есімдіктерін ат.(әркім,әлдекім,әрине т.б.) бойға жайылған;

7.Сын есімнің орнына қолданылатын белгісіздік есімдіктерін ата. (әр,әрбір,бір,кейбір,қайсыбір,қайбір) Қиуадан шауып

8.Сан есімнің орнына қолданылатын белгісіздік есімдігі. (әлденеше,біраз,бірнеше) Қисынын тауып

9.Үстеудің орнына қлданылатын белгісіздік есімдігін ата.(әрқашан,әрқалай) Тағыны жетіп

10.Болымсывздық есімдіктерді атаңыз.(ешкім,ештеңе,ешқандай,ешқашан) қайырған

11.Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі.(жіктеу есімдігі) Толғауы тоқсан

12.Бәрі,барлық,бар,барша,бүкіл,түгел,күллі қай есімдікке жатады?(жалпылау есімдігі) қызыл тіл

13.Затты,сындық белгілі сан-мөлшерді белгісіз етіп,жорамалдап,тұспалдап көрсету мәнін білдіретін есімдіктің түрі.(белгісіздік есім) Сөйлеймін десең

14.Есім сөздердің орнына жүретін сөз табы.(есімдік) өзің біл!

Абайдың «Сегіз аяқ» өлең жолдары шығу қажет.

г) Көру диктанты.(Жатқа жазып,есімдіктерді талдау)

Басқа жұрт балалары оқу қуған,

Біліммен өз жұртының бетін жуған.

Ішіп-жеп жүрсе егер жайған малдай

Адамзат жер жүзіне не үшін туған?!

Не Өз

есімдік есімдік

сұрау өздік

дара дара

д) Үй тапсырмасы: «Бүкіл әлемге бейбітшілік тілеймін» атты (есімдіктерді қатыстырып) шығарма жазып келу.

е) Бағалау


Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.


б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.


Тақтағы бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру;

Көктемде

Екі күннен кейін мен қалаға жүріп кеттім.

Каспий суының жаңа ашылған кезі. Лай судың үстінде болбырлау сұрғылт сеңдер теңселе жылжиды. Оларды біздің қайығымыз қуып жетті де, басып озды. Сеңдер қайықтың жақтауына соқтығып ,шатынай айырылып қалып жатты. Толқындарды жарға айдап, «жорға жел» ойнақтады. Бөшке,қап,жәшік сияқты ауыр жүк артқан моторлы қайық тербеліп келеді. Рульді ұстап келе жатқан жас жігіт еді. Оның үстіне қырма қой терісінен істеген, омырауы әр түсті жіппен кестелеген әсем пешпеті бар.

Оның жүзі сабырлы,салқын қанды еді. Қайықтың тұмсық жағында көмекшісі отыр. Бұл-үстіне жыртық шекпен киген ,белін арқан жіппен буған,басында көнетоз қалпағы бар,үсті-басы үрпі-түрпі бір мұжық еді. Ол ұзын ағашқа ілген темер ілмекпен сеңдерді серпіп қояды.


(122 сөз)


Мәтінді оқып беремін,оқушылар тыныс белгілерін қояды

Үйге тапсырма : қайталау

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б

Сабақтың көрнекілігі: тест парақшалары т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1. Күрделі сан есімді тап.

А) мыңдап В) елулерде С) жүз Д) екеу Е) екі бүтін оннан үш

2. Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылмайды?

А) он оннан В) отыз қырықтарда С) екеу үшеу Д) төрт мың Е) үш төрт

3. Сан есімнің сөйлемде атқаратын негізгі қызметі не?

А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) анықтауыш Е) пысықтауыш

4. Шығыс септігінде тұрып,пысықтауыш болатын сан есім түрі қайсы?

А) есептік В) реттік С) жинақтық Д) бөлшектік Е) топтау

5. «-ншы» жұрнағы жалғанатын сан есімді тап.

А) екі В) он сегіз С) жиырма алты Д) он Е) мың

6. Реттік сан есім қай қатарда дұрыс жазылған?

А) X -сынып В) 2004-жылы С) 24-қараша Д) 1-інші үй Е) 3-алма алды

7. Баяндауыш қызметіндегі сан есімді тап.

А) Той өтті үшеуімізді күрсіндіріп. В) Екі жастың қуанышы тойланды.

С) Сіз бірінші орынға адамзаттың қара күшін қойдыңыз.

Д) Екеуіне сүйсінумен өтермін. Е) Ән айтатын өнерпаздар-осы үшеуміз

8. Қай сөйлемде сан есім емлеге сай жазылған?

А) 1845-жылы ұлы Абай дүниеге келген. В) Жолдастарымның кеткеніне екі үш күн болды.

С) Сағат 6 ға 10 минут қалғанда Азамат пәтерінен шықты.

Д) 30-40-тай адам жиналған екен. Е) Біз 2-еу едік.

1. Күрделі есімдіктер қатарын тап.

А) күллі,барша,тегіс В) өзім,өзді-өзі, өздеріңіз С) қашаннан? Қайсысы?

Д) әркім, қайсыбір,ешқашан Е) мынау,осыңыз,соным

2. Пысықтауыш қызметіндегі есімдікті тап.

А) Олар жиналысқа түгел қатысты. В) Мұны ертеңге қалдыруға болмайды. С) Оның ағасы ешкімге тиіспейді. Д) Бұлардың ойы іске аспады. Е) Барлық есті кісілер ертеңін ойлауға тиіс.

3. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді тап.

А) Ешкімге тіл қатушы болма. В) Саған тай сатып әперемін. С) Өзің үлкен,қылығың-бала-шаға.

Д) Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Е) Әрбір жинақылықтың түбі-кеніш.

4. Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін тап.

А) кіміңіз? Несі? В) бұнысы,мынауымыз С) соның,анаған Д) өздерің,өзіңіз Е) барлығынан,бәрінің

5. Қай қатар есімдіктің бір мағыналық түріне жатпайды?

А) әркім,кейбіреу,әлденеше В) олар,мен,бі С) кім, қашан, неше Д) біреу, ешбір,қайсыбір Е) бәрі,түгел,барша

6. Емлеге сай жазылған есімдіктер қатарын тап.

А) Еш уақытта, еш қашан В) әлде кім,әр адам С) әркім,ешқайда Д) кей ағаң, кей біреу Е) бүгін,еш теңе

7. Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?

Батырлар есімі ешқашан ұмытылмайды.

А) толықтауыш В) баяндауыш С) пысықтауыш Д) бастауыш Е) анықтауыш

8. Болымсыздық есімдігін көрсет.

А) бірнеше В) саған С) дәнеңе Д) әлдекім Е) түгел

9. Тұлғасы өзгеріліп септелген есімдікті тап.

А) осынау В) оған С) әрне Д) кейбіреулер Е) ештеңе

10. Дұрыс септелген есімдікті тап.

А) менге В) сенмен С) сода Д) бұдан Е) сеннің

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қайталау


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдігінің түрленуі

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға есімдіктің ерекшелігі мен жіктеу есімдігі туралы түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру;

ә) есімдіктің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып ұжымдық,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;

б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып,ОҮӨӘЖПТ арқылы сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың әдісі: cұрақ-жауап, талдау, іздендіру

Сабақтың түрі: ұжымдық,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: кітап,суреттер,үлестірме қағаздар т.б.

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ә)Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

  1. Есімдік дегеніміз не?

  2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

  3. Есімдіктер қалай түрленеді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жіктеу есімдіктері зат есімнің орнына жүріп,зат есімдерше септеледі,және жіктеледі.

Мен,сен,ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде мынадай ерекшеліктер байқалады:

1) ілік,барыс,табыс,шығыс септіктерінде түбірдегі л,н дыбыстары түсіп қалады.

2) жатыс септікте ол есімдігіндегі л дыбысы н-ға айналады

3) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында -ы,-і дәнекері пайда болады.

4) барыс септік жалғауы жуанданып, л, н түсіп қалған түбірге -ған түрінде жалғанады.

Жаттығумен жұмыс: 97-жаттығу. Өлеңді оқып есімдіктерді тауып есімдіктің қай түріне жататынын түсіндіріңдер.

Тақтамен жұмыс: Тақтаға жіктеу есімдігін септеп жазады.

Атау. Мен сен

Ілік. Менің сенің

Барыс. Маған саған

Табыс. Мені сені

Жатыс. Менде сенде

Шығыс. Менен сенен

Көмектес. Менімен сенімен

Топтастыру стратегиясы:

Мен сен ол


Сендер біздер



Сіздер олар


Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 99-жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақрыбы: Есімдіктің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты : а) білімділік - есімдіктің сөйлемдегі қызметі туралы түсіндіру,есімдік тақырыбы бойынша білімін жетілдіру;

ә) дамытушылық - сөйлеу тілдерін жетілдіру,шығармашылық қабілетін даытуға ықпал жасау;

б) тәрбиелік - тілге байланысты мысалдар ала отырып туған тлін сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ой қозғау,топтастыру,сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырма,топтық жұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі: плакат-сызбалар,үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ә)Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1. Есімдік дегеніміз не?

2. Есімдіктер қалай түрленеді?

3. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Есімдіктер әр түрлі сөз табының орнына жүретіндіктен, сөйлемде әр түрлі мүшенің қызметін атқарады.

  1. Есімдіктер,әсіресе жіктеу есімдіктері,атау септікте тұрып бастауыш болады.

  2. Есімдіктер барыс, табыс,жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде тұрып толықтауыш болады.

  3. Есімдіктер ілік септікте немесе сын есім мен сан есімнің орнына қолданылып анықтауыш болады.

  4. Есімдіктер мезгіл,мекен мағыналарында үстеудің орнына қолданылса пысықтауыш болады.

  5. Есімдіктер жіктеліп қолданылса баяндауыш болады.

Есімдік түрлерін топтастыру

Мен,сол,осынау,нешеу.Біз,сіздер,қанша.Сіз,ол,,барлық,өз,қайсы.Сендер,қайдан,кім не,сен,бұл,анау,нешеумін,кіміміз, олар т.б.


Жаттығумен жұмыс: 112-жаттығу. Құрамындағы есімдіктерге сұрақ қойып,қай мүше екенін талдаңдар.

Топтастыру стратегиясы.


Бастауыш баяндауыш



Толықтауыш, пысықтауыш анықтауыш

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Есімдіктер қандай жағдайда баяндауыштың қызметін атқарады.

  2. Есімдікті не үшін орынбасар сөз табы деп атаймыз?

  3. Барыс,жатыс,шығыс септіктерінде тұрса қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 113-жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Тіл ұстарту

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру;

ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып.оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Тіліміздегі мыңдаған сөздерден ойға лайықты сөз таңдап, оны басқа сөздермен тіркестіріп дұрыс сөйлем құрау оп-оңай іс емес. Оған ұқыптылық, сауаттылық қажет және үнемі жаттығу керек. Түрлі ғылым салаларына байланысты ғылыми әдебиеттерді,тарихи және педогогикалық әдебиеттерді көп оқыған кісі ойын дәл жеткізуге икемді болады.


Жаттығумен жұмыс: 120-жаттығу. Мәтінді оқып шығып сөздерді құрамына қарай талдаңдар.


Шығармашылық жұмыс: есімдіктерді түрлендіре отырып,сөйлем құраңдар және оған талдау жасаңдар.


Тақтамен жұмыс: Бірнеше мақал мәтелдер жазып морфологиялық талдау жүргізеді.

З.е ш.с з.е ет к. Ж.ө.ж

Еңбек/пен ер өс/е/ді

Егіз/ден төл өс/е/ді.


Жас/ың/да жалық/па/са/ң,

Қартайғанда тарықпайсың.


Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : Есімдіктерді қатыстырып, «Өнер үшін күрес» тақырыбында әңгіме жазыңдар.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Осы шақ. Нақ осы шақ

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде осы шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып.оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Осы шақ сөйлеп тұрған кездегі іс әрекетті білдіреді. Осы шақ мағынасы мен жасалуына қарай екіге бөлінеді.1. Нақ осы шақ. 2. Ауыспалы осы шақ

Нақ осы шақ қимылдың іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді.

Жаттығумен жұмыс: 126-жаттығу. Мәтінді оқып шығып,нақ осы шақты білдіріп тұрған етістіктерді табыңдар. Қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.

Шығармашылық жұмыс: Нақ осы шақтың жалаң және күрделі түрлерін қатыстырып сөйлем құраңдар және оған талдау жасаңдар.

Тақтамен жұмыс: Күрделі нақ осы шақты жіктеп жазады.


жақ

жекеше

Көпше

І

ІІ


ІІІ

Оқып отырмын

Оқып отырсың

Оқып отырсыз

Оқып отыр

Оқып отырмыз

Оқып отырсыңдар

Оқып отырсыздар

Оқып отыр



Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

  2. Осы шақ нешеге бөлінеді?

  3. Нақ осы шақ қалай жасалады?

  4. Нақ осы шақтың күрделі түрі қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : 127-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып,нақ осы шақты күрделі түрлерінің астын сызыңдар.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Ауыспалы осы шақ

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде ауыспалы осы шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру,негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

  1. Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

  2. Осы шақ нешеге бөлінеді?

  3. Нақ осы шақ қалай жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ауыспалы осы шақ қимыл,іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Ауыспалы осы шақ -а,-е,-й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: мен кел+е+мін

Жаттығумен жұмыс: 130-жаттығу. Көшіріп жазып ,ауыспалы осы шақты білдіріп тұрған етістіктердің астын сызыңдар.

Топпен жұмыс: 1-топ: 131-жаттығудағы нақ осы шақты теріп жазады

2-топ: ауыспалы осы шақты теріп жазады..

Үлгі: нақ осы шақ: әкетіп жатыр

Ауыспалы осы шақ: елестейді

Тақтамен жұмыс: Ауыспалы осы шақты жіктеп жазады.


жақ

жекеше

Көпше

І

ІІ


ІІІ

Айтамын,келемін

Айтасың,келесің

Айтасыз,келесіз

Айтады,келеді.

Айтамыз,келеміз

Айтасыңдар,келесіңдер

Айтасыздар,келесіздер

Айтады,келеді.


Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

  2. Осы шақ нешеге бөлінеді?

  3. Ауыспалы осы шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 133-жаттығу.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Келер шақ. Болжалды келер шақ

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде келер шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру,негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

  1. Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

  2. Осы шақ нешеге бөлінеді?

  3. Ауыспалы осы шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіреді. Келер шақ мағынасы мен жасалуына қарай үшке бөлінеді.


Келер шақ

Мақсатты келер шақ

Ауыспалы келер шақ

Болжалды келер шақ

Болжалды келер шақ есімшенің -ар,-ер,-р болымсыз етістіктен кейін -с жұрнағы қосылу арқылы жасалады.

Жаттығумен жұмыс: 136-жаттығу. Көшіріп жазып ,болжалды келер шақты білдіріп тұрған етістіктердің астын сызыңдар.

Тақтамен жұмыс: келер,жазар көрінбес, оқыр деген келер шақ етістіктерін жекеше,көпше түрде жіктеп жазыңдар. .

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

  2. Келер шақ нешеге бөлінеді?

  3. Болжалды келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?


Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : Ойнамас, күлер, жазар етістіктерін жекеше,көпше түрде жіктеп жазады.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Мақсатты келер шақ

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде мақсатты келер шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру,негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

  1. Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

2. Осы шақ нешеге бөлінеді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.

Мақсатты келер шақ етістіктің түбіріне -мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек жұрнағы жалғанып,одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен ауылға бар-мақ-пын.


Жаттығумен жұмыс: 140-жаттығу. Көшіріп жазып ,мақсатты келер шақты білдіріп тұрған етістіктердің астын сызыңдар.


Жеке оқушылармен жұмыс: шаш,оқы,сөйле,қайт деген етістіктерден мақсатты келер шақ жасап,жіктеп,әрқайсысына сөйлем құраңдар.


Тақтамен жұмыс: Мақсатты келер шақты қатыстырып бірнеше сөйлем құрап, морфологиялық талдау жүргізеді.


Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

2.Келер шақ нешеге бөлінеді?

3.Болжалды келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

4. Мақсатты келер шақ қандай жолдармен жасалады?


Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 141-жаттығу. Мақсатты келер шақта тұрған етістіктерді тауып,

құрамына қарай талдау жасайды.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Ауыспалы келер шақ

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде ауыспалы келер шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ауыспалы келер шақ та ауыспалы осы шақ сияқты көсемшенің -а,-е,-й, жұрнақтарының жіктелуі арқылы жасалады. Сондықтан ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақ бір-бірінен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады.

Осы шақ Келер шақ

Ол мектепте оқиды Ол сабағын кешке оқиды

Бұл жерде ағаш өседі. Бұл жерде күтсе ғана өседі

Мен ылғи ерте тұрамын. Мен ертең ерте тұрамын.

Ол өлең жазады. Өлеңді ол есейгенде жазады.


Жаттығумен жұмыс: 143-жаттығу. Болжалды келер шақты ауыспалы келер шаққа, ауыспалы келер шақты болжалды келер шаққа айналдырып жазыңдар.


Жеке оқушылармен жұмыс: баяндаймын,баяндамақпын, баяндармын деген сөздерді жекеше,көпше түрде жіктеп жазыңдар.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

2.Келер шақ нешеге бөлінеді?

3.Болжалды келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

4. Мақсатты келер шақ қандай жолдармен жасалады?

5. Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақты қалай ажыратамыз?


Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : 146 -жаттығу. Ауыспалы келер шақта тұрған етістіктерді тауып, құрамына қарай талдау жасайды.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Өткен шақ

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде өткен шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1. Мақсатты келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

2.Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақты қалай ажыратамыз?

Б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып,істеліп кеткенін білдіреді. Мысалы: Ол оқуды бітірді. Мен бұл кітапты оқыдым. Ол кезде сен оннан асқансың.

Берілген мысалдардағы бітірді,оқыдым,асқансың деген етістіктер бітіру,оқу,асу қимылдарының болып кеткенін білдіріп, өткен шақ мағынасын беріп тұр.

Өткен шақ

Бұрынғы өткен шақ

Ауыспалы өткен шақ

Жедел өткен шақ

Жаттығумен жұмыс: 143-жаттығу. Өткен шақ мағынасын білдіріп тұрған етістіктерді табыңдар.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

2.Келер шақ нешеге бөлінеді?

3.Болжалды келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

4. Мақсатты келер шақ қандай жолдармен жасалады?

5. Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақты қалай ажыратамыз?


Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : Өткен шаққа бірнеше мысалдар жазу

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Жедел өткен шақ

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде жедел өткен шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

2.Келер шақ нешеге бөлінеді?

3. Өткен шақ нешеге бөлінеді?

Б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жедел өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің таяу уақытта болғанын,орындалғанын білдіреді.

Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне -ды,-ді,-ты,-ті жұрнағы қосылу арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады. Мысалы: Асан домбыра тарт-ты, мен өлең айт-ты-м.

Жаттығумен жұмыс: 148-жаттығу. Мәтіннен жедел өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып,қалай жасалғанын түсіндіріңдер.

Жеке оқушылармен жұмыс: Мына етістіктерден жедел өткен шақ жасап,жіктеп,әрқайсысына сөйлем құраңдар.

Бар,ойна, жүгір,жарыс, сөйле

Тақтамен жұмыс: тақтаға жедел өткен шақ етістіктеріне бірнеше сөйлем жазып синтаксистік талдау жасайды.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

2.Келер шақ нешеге бөлінеді?

3.Болжалды келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

4. Жедел өткен шақ қалай жасалады?

5. Жедел өткен шақ жұрнақтары мен жіктік жалғауын қалай ажыратамыз?


Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : 150-жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Бұрынғы өткен шақ

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1. Жедел өткен шақ қалай жасалады?

2.Жедел өткен шақ жұрнақтары мен жіктік жалғауын қалай ажыратамыз?

3. Өткен шақ нешеге бөлінеді?

Б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді. Мысалы: Сен мектепті бітіргенсің. Ол ауылға барыпты.

А) бұрынғы өткен шақ -ып,-іп,-п тұлғалы көсемшенің жіктеліп келуінен жасалады.

Б) Бұрынғы өткен шақ -ған,-ген, қан,-кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады.

Жаттығумен жұмыс: 152-жаттығу. Мәтіннен бұрынғы өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып,қалай жасалғанын түсіндіріңдер.

Жеке оқушылармен жұмыс: Мына етістіктерден бұрынғы өткен шақ жасап,жіктеп,әрқайсысына сөйлем құраңдар.

Бар,ойна, жүгір,жарыс, сөйле,оқы,жаз, кел, ойла

Тақтамен жұмыс: тақтаға өткен шақ етістіктеріне бірнеше сөйлем жазып синтаксистік талдау жасайды.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

2.Келер шақ нешеге бөлінеді?

3.Болжалды келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

4. Жедел өткен шақ қалай жасалады?

5. Жедел өткен шақ жұрнақтары мен жіктік жалғауын қалай ажыратамыз?

6. Бұрынғы өткен шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?


Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : 154-жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Ауыспалы өткен шақ

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде ауыспалы өткен шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1. Жедел өткен шақ қалай жасалады?

2.Жедел өткен шақ жұрнақтары мен жіктік жалғауын қалай ажыратамыз?

3. Өткен шақ нешеге бөлінеді?

Б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын,-етін,-йтын,-йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ,бірде келер шақтың мағынасында қолданылады.Сондықтан да оны ауыспалы өткен шақ деп атайды. Мысалы: Асан ауылға жиі баратын.


Жаттығумен жұмыс: 155-жаттығу. Мәтіннен ауыспалы өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып,қалай жасалғанын түсіндіріңдер.


Жеке оқушылармен жұмыс: Ауыспалы өткен шақты жіктеп жаз.


Тақтамен жұмыс: тақтаға өткен шақ етістіктеріне бірнеше сөйлем жазып синтаксистік талдау жасайды.


Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

2.Келер шақ нешеге бөлінеді?

3.Болжалды келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

4. Жедел өткен шақ қалай жасалады?

5. Жедел өткен шақ жұрнақтары мен жіктік жалғауын қалай ажыратамыз?

6. Бұрынғы өткен шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?


Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : 157-жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұхият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.


Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру;

Аңға шыққанда

Алдымызда бір төбе бар еді. Арғы етегі - ағаш. Соның тұсына барғанда, қасқыр көзімнен ғайып болды. Бір кезде аспанда түйіліп айналған бүркітім төмен қарай сорғалай құлады. Қасқырдың аузына түсіп, жазым бола ма деп қорықтым. Атымды тебініп, шаба жөнелдім. «Түскен жобасы осы - ау!» - деп мөлшерлеген тұсына келдім. Қалың күртіктің өрлей, ағаштың ішіне жүгірдім. Қалың күртіктің ішіне ат бара алмайды. Жалма-жан атты қаңтарып тастадым. Мөлшерден қаталасқан жоқ екем. Мен көрген жоқ едім. Бүркітім шақырған жерге ентігіп жүгіріп бардым. Оның бір аяғы құрықтай қайыңға қадалған да, бір аяғы қасқырдың төбесінде тұр. Қасқыр сіресіп тартып тұр. Аяғын қалай үзіп әкетпегенін білмеймін. Жүгіріп келген қалпыммен қасқырдың тірсегінен алдым да, қындағы пышағымен ішін осып жібердім.

(С.Мұқанов.) (123 сөз)


Үйге тапсырма : Өткен тақырыптарды қайталау келу.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б

Сабақтың көрнекілігі: тест парақшалары т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1. Күрделі етістікті тап.

А) уәде бер В) айта бар С) келе сал Д) айтып сал Е) барып қал

2. Туынды түбір етістікті тап.

А) қараған В) байымайды С) кеспейді Д) қадалды Е) батырыпты

3. Негізгі түбір етістікті тап.

А) ойлан В) сана С) шақыр Д) тазала Е) басқар

4. Қай етістік табыс септігіндегі сөз арқылы анықталады?

А) салт В) сабақты С) құранды Д) көмекші Е) құранды

5. Жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын етістіктің түрін көрсет.

А) салт В) сабақты С) болымсыз Д) көмекші Е) құранды

6. Болымсыз етістікті тап.

А) қалам бар (ма) В) бұл-шығар(ма) С) Сабақтан қал(ма) Д) қызық жарна(ма) Е) Атым Ал(ма)

7. Етістіктің қай түрі іс әрекеттің жүзеге аспағанын білдіреді.?

А) болымды В) күрделі С) болымсыз Д) негізгі Е) туынды

8. Болымды етістікті тап.

А) Бет қаратар емес В) Жалған айтып суыспа С) Енді топтың ішін көрмек емес

Д) Жүйрік алысқа шабады Е) Енді бұлай істемегейсің.

9. Күрделі етістіктің қатарын белгіле

А) балтала,ойлан ақылдас В) жұлқылады, тарсылдады, ойбайлады С) жүре бер, әуре-сарсаңға түсті

Д) көңілден,ағар Е) жаздыртты,оқытты.

10. Сабақты етістікті тап.

А) Келгеніне қатты қуанып еді. В) Дала тіршілігі басталғалы тұр. С) Қаңтардың қақаған қарлы бораны да келіп жетті. Д) Ғарышкер болғысы келеді. Е) Тәжірибесін үйретумен келеді.


Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қайталау

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

і

Сабақтың тақырыбы : Шығармашылық жұмыс

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге асакөңіл бөлуге үйрету.

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,талдау

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : Аттың сыры иесіне мәлім

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын иексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға өткен сабақтар бойынша сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Өткен сабақтар бойынша шолу жасап,оқушыларды сөйлемдерді фонетикалық морфологиялық синтаксистік талдау жасауға үйретемін.

Бүкіл оқушылармен жұмыс : Тақтаға бір оқушыны шығарып морфологиялық талдау жүргіземін.

З.е з.е\ ш.с ет\ к.ж ет\ е.ж шылау з.е з.е\ б.е з.е ет\ кж\ ж.ө.н

1) Төстік ауыл│дан ұза│п шық│қан соң шалқұйрық ат│қа тіл біт│е│ді.


З.е\ т.с ет \ өе. К.ж з. е \ ж.е з.е ет / к.ж қ. Ет.

Терезе│ні сықырла│т│ып дала│да жел соғ│ып тұр.


з.е к.ж з.е б.е ет к.ж з.е ет кж ет к.ж ет ж.ө.ж.

Қонақ│тар үй│ге кір│іп, қымыз іш│іп, тынығ│ып жат│ты.


2) Отарда жалғыз үй отырған Қамқа баласының хатын күн батарда алды.

▬●▬▬● ▬ ● ▬▬ ● ▬ ● ▬ ● ▬▬▬ ~~~~~~~~~ ~~~~ - •- • - • - • ====

Мінайдар демін жақындата түсіп, Маржанкүлдің бетінен сүйіп алды.

----- - • - • - • - • - • - • - • - • ~~~~~~~~~~~ - - - - - - - ===========

Күн бата бригада ауылға келгенде, Бұзаубақтың үйінің жанында үш-төрт адам тұр еді.

• - • - • - --- - • - • - • - • - •- ~~~~~~~~~~ • - • - • - • - ~~~~~~~ --- ======

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Оқушылардың жауптарына,сөйлемді талдағандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Кез келген көркем шығармадан сөйлемдер алып синтаксистік талдау жасап келуге беремін.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық қайталау

Сабақтың мақсаты: білімділік -оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы білімдерін бағалау,біліктілік деңгейлерін байқау; дамытушылық - оқушының пәнге қызығушылығын арттыру,білім алуға деген саналы көзқарастарын,танымдық,ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру,өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру; тәрбиелік - іс-әрекет,мақсатқа жету әдіс-тәсілдерін таңдай білуге,өзін-өзі бағалай білуге дағдыландыру,достыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:қайталау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: қайталау,дамыта оқыту,тест,сұрақ-жауап,топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар,кеспе қағаздар,бағалау парақтары,тапсырмалар жазылған көрнекі плакаттар.

Сабақтың барысы.І.Ұйымдастыру кезеңі: а) кабинет жағдайы(кабинет ауасының тазалығы,бордың болуы); ә) оқушыларды түгелдеу,журналға белгі соғу; б) оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Кіріспе бөлім. «Қазақ тілі» сөзіне топтастыру жасау. (5-сыныпта алған білімдері бойынша)

дауыссыз

дыбыс

дауысты

сөздік қор

мақал-мәтел

Қазақ тілі

екпін

лексика

Тұрақты тіркес





буын


сөзжасам

тіл білімі

тасымал

фонетика

омоним,синоним,

антоним

ІІІ.Негізгі бөлім.

Мұғалім: - Балалар,бүгінгі сабағымызда қазақ тілі пәні бойынша алған білімімізді пысықтап,өз-өзімізді бағалаймыз.Өздерің оқып жатқан қандай пән болмасын тілден,қазақ тілінен бастау алады.Сендер жоғарыда алған білімдеріңді ауызша қысқа да нұсқа еске түсіріңдер.Ендеше,соны іс жүзінде дәлелдейік.Бүгінгі сабағымыз үш кезеңнен тұрады.

Әр кезеңде екеуден 6 тапсырма бар.Тапсырмаларды орындау барысында «білім шыңына» жетесіңдер деген ойдамын.Білімдеріңді алдарыңдағы бағалау парақтарына ұпай арқылы белгілеп отырасыңдар.

Бағалау парағы

І

ІІ

ІІІ

Ұпай саны

1 2

3 4

5 6

Оқушының аты-жөні


І деңгей.1-тапсырма.

Сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай топтап жазу.

а) Жақсы сөз,жақсы адам,жақсы бала,жақсы ат

ә) Терең сай,терең білім,терең құдық,терең сезім

б) Долы ауыл,долы күш,долы жел,долы адам

в) Әкемнің көзі,қазынаның көзі,терезенің көзі,бұлақтың көзі.

2-тапсырма.Сөздерді орфография ережесіне сай жаз.

Бүгін,сөсіз,келемекен,тайақ,Ешшан,жаш шағында,бүрсігүні,жұмышшы.

ІІ деңгей. 3-тапсырма.Тиісті ұ,ү,ы,і әріптерін қою.

Ұз...н, құр...қ, б...рс...г...ні, күн...зг... ыст...қ, ...нт...мақ, сөзін мақ...лдау,үск...р...кт...ң соғу..., б...лай қарай кетті.

4-тапсырма.Қайсысы мақал,қайсысы мәтел? Мақал-мәтелдің жалғасын тап.

1)Кәрі түлкі қақпанға түспес.Еңбек етсең емерсің.Айдағаны бес ешкі,ысқырығы жер жарады.Әке - асқар тау,ана - етегіндегі бұлақ,бала - жағасындағы құрақ.Екі қораз ен қораға сыймас.

2) Мақал-мәтелді жалғастыр. «Жылы -жылы сөйлесең, ...», «Білгенің бір тоғыз ...»

ІІІ деңгей.5-тапсырма.Тұрақты тіркестердің мағынасын тап.

Бетінен оты шығу ...(ұялу), ит терісін басына қаптау ...(ұрысу).

Көз ілмеу ... (ұйықтамау), тас бауыр ...(мейрімсіз), ит өлген жер ...(алыс).

6-тапсырма.Тест тапсырмасы бойынша жұмыс.

(Парақшаларға алдын-ала жазылған тест тапсырмалары таратылады.)

1) Ауа өкпеден кедергісіз шығып,үннен ғана тұратын дыбыстарды ... дыбыстар дейміз.

а) дауыссыз ә) дауысты б) екпін в) буын,дауыссыз

2) Дауыстыдан басталып,дауыссызға аяқталған буынды ... буын деп атаймыз.

а) ашық ә) тұйық б) бітеу в) ашық,бітеу

3) Қайсысы артық?

өнеркәсіп,ата-ана,Айдар,тасбақа

  1. Тасымалдаудың қайсысы дұрыс?

а)а-ра,о-ю,а-лақан ә) еле-уіш,ара-лас,қа-ра б) АҚ-Ш,Б-Ұ-Ұ в) 1995-жыл,ХХ-ғасыр,25-кг

5) Қатаң дауыссыз қайсысы?

а) б,в,г,д ә) р,л,м,н б) п,ф,к,қ в) а,о,ү,ұ.

Сергіту кезеңі.Жұмбақ шешу

1.Фонетикалық екі ұғым

Бітімен бірі сыбайлас.

Бірі айтылады да естіледі,

Екіншісі жазылады да көрінеді.(дыбыс,әріп)

2.Бір ағашта отыз жеті алма,

Оны алып жемек болсаң,

Он шақтысы еркін өтіп кетеді,

Қалғандары қақтығып барып өтеді.(дауыссыз,дауысты(

3.Оңға қарай оқысаң да бір халық,

Солға қарай оқысаң да бір халық.

Бір буыным - құс

Бір буыным - түс (қазақ)

Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға рналған дидактикалық ойындар

1. «Кім тапқыр» ойыны.Ойынның шарты:тақтаға жұмбақ жасырылған және ту,шар,елтаңбаның суреттері бейнеленген плакат ілінеді.Мұғалім жұмбақты оқиды, балалар жауабын суреттерге қарап айтады.

Желбірейді биікте,

Ел белгісі - ол сенің.

Айта қойшы,балақай,

Рәміздегі қай белгің? Жауабы: (ту)

Сабақты қорытындылап,үй тапсырмасы беріледі.

Оқулық соңындағы сынақ тапсырмаларымен жұмыс.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Етістіктің райлары

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің райлары туралы түсінік беру, рай категориясының жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін,көзқарасын білдіріп,белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістік түрі рай категориясы деп аталады.Етістіктің райлары қимылдың,іс-әрекеттің жүзеге асу,орындалу мүмкіндігіне қарай төрт түрге бөлінеді: ашық рай,бұйрық рай,, шартты рай,қалау рай.


Жаттығумен жұмыс: ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жеке оқушылармен жұмыс: мақал-мәтелдер жазып етістіктеріне морфологиялық талдау жасаңдар .

Мысалы: Жел дауылды шақырады.

Бұлт жауынды шақырады.

Шақыр-а-ды-шақыр түбірі етістік, -а-көсемшенің жұрнағы, -ды-жіктік жалғауының ІІІ жағы

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

2. Рай категориясы дегеніміз не?

3. Райдың неше түрі бар?


Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма __________________________________________________________________________________


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Ашық рай

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің райлары туралы түсінік беру, ашық райдың жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі :үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар,деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1 . Рай категориясы дегеніміз не?

2. Райдың неше түрі бар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ашық райдың мәні етістіңтің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты.Өйткені етістік белгілі шақта жұмсалғанда, сол қимылдың болуы арқылы сөйлеушінің ақиқат шындықты баяндауы байқалады.

Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауын ашық рай дейміз.

Жаттығумен жұмыс: ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Жеке оқушылармен жұмыс: Төмендегі ашық райлы етістіктерді қатыстырып,сөйлем құрастырыңдар.

Оқыды,айтыпты, тыңдап отырмыз, озар, жазған

Шығармашылық жұмыс: Ашық райлы етістіктерді қатыстырып, «Анамның мамандығы» деген тақырыпта шағын хабарлама жазыңдар.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

2. Рай категориясы дегеніміз не?

3. Райдың неше түрі бар?

4. Ашық рай қалай жасалады?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : _____________________________________________________________________


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Бұйрық рай

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің райлары туралы түсінік беру, бұйрық райдың жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі :үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар,деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1 . Рай категориясы дегеніміз не?

2. Райдың неше түрі бар?

3.Ашық рай қалай жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Бұйрық рай іс-әрекеттің тыңдаушыға я бөгде біреуге қаратылып, бұйыра,талап,тілек етіле айту мағынасын білдіреді. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды!

Бір жаққа қаратылып,қимылдың іс-әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің рай түрі бұйрық рай деп аталады..

Жаттығумен жұмыс: ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Топпен жұмыс: Екі топ бұйрық райда тұрған мақал-мәтел айтып жарысады.

Мысалы: Анаңа ауыр сөз айтпа!

Атаңа ауыр жүк артпа!

Аға алдында пейіліңді көрсет,

Іні алдында мейіріңді көрсет.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Бұйрық рай дегеніміз не?

2. Рай категориясы дегеніміз не?

3. Райдың неше түрі бар?

4. Ашық рай қалай жасалады?


Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : _________________________________________________________________

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Бұйрық райдың жіктелу үлгісі

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің райлары туралы түсінік беру, бұйрық райдың жіктелу үлгісі туралы түсіндіру;

ә) оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі :үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар,деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1 . Рай категориясы дегеніміз не?

2. Райдың неше түрі бар?

3.Ашық рай қалай жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Бұйрық райдың жіктелу үлгісі

жақ

жекеше

Көпше

І

ІІ

ІІІ

Барайын,келейін,санайын

Бар-, кел-, сана,

Барыңыз, келіңіз, санаңыз


Барсын,келсін, санасын


Барайық,келейік,санайық

Барыңдар,келіңдер,санаңдар

Барыңыздар,келіңіздер, санаңыздар

Барсын,келсін,санасын


Етістіктің бұйрық рай түріне кейде -шы,-ші жұрнағы жаллғанып та жұмсала береді.

Ондайда бұйрық райлы етістік бұйрық, талап ету мағынасынан гөрі өтініш, тілек, жалыну мағынасын білдіреді. Мысалы: (мен) алайын-алайыншы

Жаттығумен жұмыс: 172-жаттығу. М.Қашқаридің сөзін есте ұстаңдар. Көшіріп жазып бұйрық райлы етістіктердің астын сызыңдар.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Бұйрық рай дегеніміз не? 2. Рай категориясы дегеніміз не?

3. Райдың неше түрі бар? 4. Ашық рай қалай жасалады?

5. Бұйрық райға -шы,-ші жұрнағы жалғанса қандай мағына береді?


Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : Бұйрық райды жіктеп бірнеше сөйлем жазып келіңдер.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Шартты рай

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің райлары туралы түсінік беру, шартты райдың жасалу жолын түсіндіру;

ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі :үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар,деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1 . Рай категориясы дегеніміз не?

2. Райдың неше түрі бар?

3.Ашық рай қалай жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Етістіктің шартты райы қимылдың, іс-әрекеттің болу болмау,іске асу-аспау мүмкіндігінінің шартын білдіреді. Шартты рай етістіктік негізгі және туынды

түбіріне ,етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -са,-се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бар-са, жүр-се, кел-се

Қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау мүмкіндігінің шартын білдіріп, -са,-се жұрнақтары арқылы жасалатын рай түрі шартты рай деп аталады.

Жаттығумен жұмыс: ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жеке оқушылармен жұмыс: Берілген етістіктерден шартты рай жасап,әрқайсысына бір-бір сөйлем құраңдар.

Сана, жаз, жүргіз, тазарт, санама

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Бұйрық рай дегеніміз не? 2. Рай категориясы дегеніміз не?

3. Райдың неше түрі бар? 4. Ашық рай қалай жасалады?

5. Бұйрық райға -шы,-ші жұрнағы жалғанса қандай мағына береді?

6. Шартты рай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : _______________________________________________________________


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Қалау рай

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің райлары туралы түсінік беру, қалау райдың жасалу жолын түсіндіру;

ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау,топтастыру

Сабақтың көрнекілігі :үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар,деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1 . Рай категориясы дегеніміз не? 2. Райдың неше түрі бар?

3.Ашық рай қалай жасалады? 4. Шартты рай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылдың, іс-әрекетті қалауын ,соған ынтасын, ниетінбілдіреді де белгілі бір жолдармен жасалады. Мысалы: Менің оқығым келеді. Жетсе игі еді, айтқайсың.

Жаттығумен жұмыс

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ашық рай шартты рай




Қалау рай бұйрық рай


Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Бұйрық рай дегеніміз не? 2. Рай категориясы дегеніміз не?

3. Райдың неше түрі бар? 4. Ашық рай қалай жасалады?

5. Бұйрық райға -шы,-ші жұрнағы жалғанса қандай мағына береді?

6. Шартты рай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : ________________________________________________________________


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Есімшенің түрленуі

Сабақтың мақсаты :

а) Есімшенің түрлену жолдарын түсіндіру;

ә) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру,негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1. Бұйрық рай дегеніміз не? 2. Рай категориясы дегеніміз не?

3. Райдың неше түрі бар? 4. Ашық рай қалай жасалады?

5. Бұйрық райға -шы,-ші жұрнағы жалғанса қандай мағына береді?

6. Шартты рай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Есімше-сөйлемде екі түрлі мәнде,екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі. Ол бірде жіктеліп келіп етістік қызметін атқарса, енді бірде есімдерше түрленіп есім қызметін атқарады.

Есімшенің тәуелдену үлгісі Есімшенің септелу үлгісі

І айтқаным А. Айтқан Ж. айтқанда

ІІ айтқаның І айтқанның Ш. айтқаннан

Айтқаныңыз Б. Айтқанға К. айтқанмен

ІІІ айтқаны Т. айтқанды

Жаттығумен жұмыс: 184-жаттығу. Берілген есімшелерді оңаша және ортақ түрде тәуелдеңдер.

Айтар, баратын, білген, оқитын

Жеке оқушылармен жұмыс: тапқан, барған,білетін, тозбас деген есімшелерді ауызша септеңдер.

Тақтамен жұмыс: Тәуелденген есімшелерді қатыстырып,сөйлем құрастырып, морфологиялық талдау жүргізеді.

Көргенім,келетіні,жазатының, көмектескеніңіз,бармайтыны, тыңдағанымыз.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Есімшенің түрлену жолын түсіндір.

  2. Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады.

  3. Етістіктің неше шағы бар?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Есімшенің жұрнағы арқылы жасалған мақал- мәтелдер жазып, олардың түбірі мен қосымшаларын ажыратыңдар.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Есімшенің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты :

а) Есімшенің сөйлемде атқаратын қызметін түсіндіру, сөйлемдерді синтаксистік талдауға машықтыру;

ә) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру,негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1. Бұйрық рай дегеніміз не? 2. Рай категориясы дегеніміз не?

3. Райдың неше түрі бар? 4. Ашық рай қалай жасалады?

5. Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Есімше әрі есім, әрі етістік мәнінде қолданылатындықтан,ыңғайына қарай сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқара алады.

Бастауыш

баяндауыш

толықтауыш

анықтауыш

пысықтауыш

Есімше атау септікте тұрып заттанып,бастауыш қызметін атқарады.

Есімше жіктеліп келіп, сөйлемнің баяндауыш қызметін атқарады.

Есімше атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып толықтауыш қызметін атқарады.

Есімше зат есіммен тіркесіп келіп немесе ілік септікте тұрып анықтауыш қызметін атқарады.

Есімше барыс және жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып немесе шылау сөздермен тіркесіп келіп пысықтауыш қызметін атқарады.

Үнсіз күліп тұрған-бағанағы шәкірт бала.

Екеуі де жарытып, тіс жарып сөйлемейтін.

Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім

Көшкен ауылды іздеп табалық

Білмекке кетті көңілі жөнін сұрап.

Жаттығумен жұмыс: 192-жаттығу. Есімшелерге тұлғалық талдау жасап,олар сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтаңдар.

Жеке оқушылармен жұмыс: Мақал-мәтелдердегі есімшелердің есімдерше түрленген тұлғаларына талдау жасаңдар.

1.Тойдың болғанынан боладысы қызық

2. Қолы қимылдағанның аузы қимылдар.

Тақтамен жұмыс: Тәуелденген есімшелерді қатыстырып,сөйлем құрастырып, морфологиялық талдау жүргізеді.

Көргенім,келетіні,жазатының, көмектескеніңіз,бармайтыны, тыңдағанымыз.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Төмендегі етістіктерден әр түрлі есімшелер жасаңдар да, түрлендіріп қолданыңдар.

Жаз,көмектес, кел, айт, сөйле, ізде, көр, түсін


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Көсемшенің түрленуі

Сабақтың мақсаты :

а) Көсемшенің түрленуін, жасалатын жұрнақтарын меңгерту;

ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау,топтастыру

Сабақтың көрнекілігі :үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар,деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

  1. Есімшенің түрлену жолын түсіндір.

  2. Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады.

  3. Етістіктің неше шағы бар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Көсемше де есімше сияқты екі түрлі мәнде,екі түрлі қызметте жұмсалады. Көсемше де жіктеліп немес күрделі етістіктің негізгі етістік сыңары болып,нақты қимылды білдіріп, етістік қызметінде қолданылса,енді бірде қимылдың амалын білдіріп, үстеу қызметінде қолданылады.

Көсемше мына жұрнақтар арқылы жасалады.

1) -а,-е,-й: айта, бере, ойлай;

2) -ып,-іп,-п; айтып, беріп, ойлап;

3) -ғалы,-гелі,-қалы,-келі түрі жіктелмейді.

Жаттығумен жұмыс: 201-жаттығу . Көшіріп жазып көсемшенің жасалу жолын және қай жақта жіктелгенін ажыратып айтыңдар.

Жеке оқушылармен жұмыс: Берілген көсемшелерді жекеше, көпше түрде жіктеңдер.

Көріп, оқып, біле, сұрай, айта

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Көсемшенің қандай ерекшелігі бар?

  2. Есімше мен көсемшенің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

  3. Көсемшенің жіктелуіндегі ерекшелік неде?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 180-жаттығу. бұйрық райлы етістіктерді тауып,қалай жасалғанын көрсетіңдер.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Көсемшенің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты :

а) Көсемшенің сөйлемде атқаратын қызметін түсіндіру, сөйлемдерді синтаксистік талдауға машықтыру;

ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау,топтастыру

Сабақтың көрнекілігі :үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар,деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

  1. Көсемшенің қандай ерекшелігі бар?

  2. Есімше мен көсемшенің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

  3. Көсемшенің жіктелуіндегі ерекшелік неде?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Көсемше жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің құрамында негізгі етістік көсемше тұлғалы болып,ал көмекші етістік жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарады.

Көсемше қимылдың, іс-әрекеттің амалын, жай-күйін, мақсатын, себебін, мезгілін білдіріп,пысықтауыш қызметін атқарады. Т.б

Жаттығумен жұмыс: 206-жаттығу . Көшіріп жазып көсемшелерді тауып,сұрақ қою арқылы олар сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтаңдар.

Топпен жұмыс: Мөлшерлі уақыттың ішінде көсемшенің үш түрін келтіріп,сөйлемдер жазады. Мысалды көп және дұрыс жазған топ ұтып шығады.

Тақтамен жұмыс: Мақал-мәтелдерден көсемшелерді тауып, олардың қай жақта жіктеліп тұрғанын айтыңдар және тұлғалық талдау жасап,сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтаңдар.

  1. Дұшпан күлдіріп айтады,

Дос жылатып айтады.

2. Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Көсемшенің қандай ерекшелігі бар?

  2. Есімше мен көсемшенің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

  3. Көсемшенің жіктелуіндегі ерекшелік неде?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 208-жаттығу.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 6 -сынып

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұхият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.


б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.


Тақтағы бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру;


Жапониядағы Жаңа жыл


Жапондар Жаңа жылды түнде қарсы алмайды. Олардың Жаңа жылы біздің түнгі сағат он екіде емес,ертеңіне бірінші қаңтар күні, таңмен бірге басталады. Таң алдында жапондар үйлерінен шығып,көтеріліп келе жатқан Жаңа жылдың алғашқы күнін салтанатпен қарсы алады. Сауық-сайран содан кейін басталады.

Кісіге сыйлық тарту - жапон ұғымында үлкен құрмет. Сондықтан Жаңа жыл күні әдемі кимоно киген әйелдер мен барын үстіне киіп, сәнденіп шыққан еркектер біріне-бірі шама-шарқынша сыйлық тартады. Жапондар Жаңа жыл дәстүрі бойынша, көшеге қолдарына қарағайдың ,тал, қарақаттың бұтақтарымен безелген бамбук шыбық ұстап шығады. Жапон халқының ырымы бойынша,қолына бұл күні әлгіндей әшекейлі бамбук ұстап шыққан адамға Жаңа жыл қарағай жасының ұзақтығы, бамбуктың беріктігі, тал, қарақаттың тез өсетін қасиеттері дариды-мыс.

(«Ғалым ғажаптары» кітабынан.) (107 сөз)


Тапсырма: Жапон сөзіне фонетикалық талдау.

Үйге тапсырма : ережелерді қайталау

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Қатемен жұмыс


Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұхият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: талдау,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі : деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын тексеру:

Жіберілген қателер бойынша тақтаға шығып қатемен жұмыс жүргізеді.


Орфографиялық сөздікпен жұмыс жүргіземін


Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөздерді жазып буынға бөліп, фонетикалық талдау жүргізеді.


Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


Бағалау : Оқушылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : Ережелерді жаттап келуге беремін

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістіктің түрленуі

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына,ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққа баспай биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу;.

ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.түсіндіру, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі : плакат,үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

  1. семшенің қандай ерекшелігі бар?

  2. Есімше мен көсемшенің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

  3. Көсемшенің жіктелуіндегі ерекшелік неде?

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Тұйық етістік - етістіктің ерекше түрі.Мағынасы жағынан ол қимылдың,іс-әрекеттің атын білдіреді де,шақпен де,жақпен де,байланысты болмайды Сөйтіп,тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да,жақтық мағынаны да білдірмейді.

Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне,етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, жүр-у, бар-у.

Тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың,көбіне қимылдың атын білдіріп,зат есім болып кеткен. Тілімізде көскеу,( отты, шоқты көсейтін темір),сабау(жүнді сабайтын шыбық),егеу(темірді егейтін құрал)сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған.

Тұйық етістік тікелей септеле де,тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді.

Кітаппен жұмыс: 210-жаттығу Көшіріп жазып, тұйық етістіктердің астын сызыңдар.

Бүкіл оқушылармен жұмыс : Оқушыларға мақал-мәтелдер айтқызып,тұйық етістікті тапқызамын.

1.Отанды сүю от басынан басталады.

2. Аяққа кісен салуға болар,

Тілге кісен салынбас.

3. Жақсының қасиеті-жарастыру,

Жаманның қасиеті- таластыру

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

1.Тұйық етістік дегеніміз не? 2.Көсемше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Жалғау,Көсеу,Құрсау,Оқу,Басу,Жабу етістіктеріне сөйлем құрап келуге беремін.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Тұйық етістіктің емлесі

Сабақтың мақсаты: . а) Тұйық етістіктің -у жұрнағының жалғану ерекшеліктері: бірде дауысты,бірде дауыссыз болуы -у жұрнағының түбірдегі дыбыстарды өзгертуін түсіндіру.

ә) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы сауаттылыққа баулу.


Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі : тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : плакат, кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Орынсыз ашу - от шашу

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

а) Тұйық етістіктің -д жұрнағының жалғану ерекшеліктері : бірде дауысты,бірде дауыссыз болуы -у жұрнағы

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.

1.Сабақты етістік пен салт етістіктің мағыналық ерекшеліктері неде?

2.Етіс нені білдіреді? 3. Етістің қандай түрлері бар және олар қалай жасалады?

5. Көсемшенің қай түрі жіктелмейді ? 4.Бір түбірге бірнеше етіс жұрнағы қалай жалғанады ?

6. Не себепті көсемше етістіктің еоекше түрі деп аталады ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

1. Дауыссыз дыбыстарға біткенетістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы дауысты болып жалғанады : бар-у, қайт-у, көр-у,кел-у.Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы дауыссыз болып жалғанады : ойна-у, сөйле-у, барма-у, келме-у.

2. Дауысты ы,і, дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда,түбірдің соңындағы ы,і, дыбыстары жазылмай, у дыбысының құрамына еніп кетеді де,ол,(у) дауысты дыбыс болып есептеледі.

Мысалы : оқы+у=оқу, тасы+у=тасу, ері+у= еру.

3. Қатаң п,к,қ дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б-ға қ,к дыбыстары ғ,г дыбыстарына айналады.

Мысалы : тап+у=табу, үк+у=үгу, ақ+у=ағу.

Тақтамен жұмыс : 213-жаттығу. Тұйық етістіктерді тауып,олардың қандай септіктерде тұрғанын ажыратыңдар.

Үлгі : ұнауымен - ұнау -тұйық етістік, -ы- тәуелдік жалғауы, -мен- көмектес септігінің жалғауы.

  1. Сөз-ұлы құдірет,ұлылығы - сөзбен адамдарды табыстыруға болады ?

  2. Тіл мен ойлау еңбектің жемісі

  3. Ана тілін құрметтемеу - анаңды да сыйламау деген сөз.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 264-жаттығу.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Етістікке байланысты жаттығу жұмыстары

Сабақтың мақсаты :

а) Етістікті қайталай отырып,сатылый кешенді талдау арқылы етістіктің мағыналық түрлерімен жұмыс істеу.

ә) Сатылай кешенді талдаудың сызбасын негізге ала отырып,етістіктің құрамын,тұлғасын,құрылысын талдауға баулу ;шешен сөйлеуге мақал - мәтелдің оқушы тілінде қолдныс аясын кеңейту.

б) Өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі өйлеуге баулу,адамгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.

Сабақтың түрі : Қайталау

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Етістік нені білдіреді ? 2.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді ?

3.Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді ? 4.Туынды етістіктер қалай жасалады ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Етістік - заттың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді ? не қылды ? қайтті деген сұрақтарға жауап береді.

Кітаппен жұмыс : 214-жаттығу. Етістіктерді тауып,олардың нешінші жақта қалай жіктеліп тұрғанын айтыңдар.

Топпен жұмыс : Оқушыларға мақал-мәтелдер айтқызып,етістікті тапқызып,талдатамын.

1.Кісі елінде күркірегенше

Өз еліңде дүркіре

2.Өз үйім - өлең төсегім.

3. Отанға опасыздық еткенің-

Өз түбіңе жеткенің

4. Ер қанаты - өнер.

5.Баланың бас ұстазы - ата-анасы.

Екеуара жұмыс : Екі оқушыға бірнеше сөйлем беріп,фонетикалық,морфологиялық талдау жасатқызамын.

Сабақты салт дара


Етістік

Күрделі тұйық етістік


Есімше көсемше


Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : 217-жаттығу. Есімшелерді бір бөлек,көсемшелерді бір бөлек теріп жазыңдар.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Етістіктің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты: . а) Етістіктің сөйлемдегі қызметін түсіндіру;

ә) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы сауаттылыққа баулу.

Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : тіл дамыту, талдау

Сабақтың көрнекілігі : плакат, кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Етістік




Бастауыш

баяндауыш

толықтауыш

пысықтауыш

анықтауыш

Есімше мен тұйық етістік атау септігінде тұрып,бастауыш болады.

Етістіктер жіктеліп келіп,баяндауыш болады.

Есімше және тұйық етістік атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде тұрып,толықтауыш болады.

Қимылдың әр түрлі қасиетін білдіріппысықтауыш болады.

Есімшелер және ілік септігіндегі тұйық етістік анықтауыш болады.

Оқу-білім бұлағы

Мен биыл бітіремін.

Білгенге маржан,білмеске арзан

Ол күлімсіреп қарады.

Оқудың шегі жоқ


Жаттығумен жұмыс: 215-жаттығу. Етістіктерді тауып,сұрақ қою арқылы сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын көрсетіңдер.

Тақтамен жұмыс : Тақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік, морфологиялық талдау жасайды.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Тұйық етістіктің ерекшелігі неде?

2. Тұйық етістік қалай жасалады?

3. Тұйық етістіктің қандай емлелік ерекшелігі бар?


Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : 217-жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Синтаксис

Сабақтың мақсаты:

білімділік - оқушыларға синтаксис туралы түсінік беру,сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

дамытушылық - оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту;

тәрбиелігі - оқушыларға туыстық атаулар туралы ұғым бере отырып,алыс-жақынын тани білуге шақыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдісі:талдау,сұрақ-жауап,шығармашылық ізденіс,кітаппен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар т.б.

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Синтаксис -гректің «құрау,біріктіру, рет» деген мағынадағы сөзі. Қазіргі кезде синтаксис тіліміздегі сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылым-құрылысы,басқа да ерекшеліктерін қарастыратын грамматиканың бір саласы ретінде түсініледі.

Тілдің ойды білдіреті ең кіші бөлшегі-сөйлем. Сөйлем сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуі арқылы құралады.

Синтаксис сөйлемді, оның мағыналары мен түрлерін, сөйлемнің қалай құралатынын, яғни сөйлемдегі сөздердің қалай грамматикалық байланысқа түсетінін және оның нәтижесінде сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуын қарастырады.


Жаттығумен жұмыс: 230-жаттығу. Көшіріп жазып, сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып тұрған тұлғалардың астын сызып көрсетіңдер.

«Кім көп біледі?» ойыны Ойынның шарты мынадай.

  1. Бірнеше жазушылардың шығармаларын атап шығамын, оқушылар кімнің шығармасы екенін табады.

  2. Әдеби шығармалардығы кейіпкерлерді табу.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады?

  2. Сөйлем құрауда сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуінің орны неге ерекше?

  3. Тіл білімі неше салаға бөлінеді?


Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : 231-жаттығу.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің грамматикалық байланысы

Сабақтың мақсаты:

білімділік - оқушыларға сөздердің грамматикалық байланысы туралы түсінік беру,сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

дамытушылық - оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту;

тәрбиелігі - оқушыларға туыстық атаулар туралы ұғым бере отырып,алыс-жақынын тани білуге шақыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдісі:талдау,сұрақ-жауап,шығармашылық ізденіс,кітаппен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар т.б.

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сөздер ойды білдіру үшін бір-бірімен белгілі грамматикалық байланысқа түсіп, сөйлем құрайды. Сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысы әр түрлі болуы мүмкін, сөздер бір-бірімен белгілі тәсіл арқылы байланысады. Мысылы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін деген сөйлемдегі мен жазбаймын, ермек үшін жазбаймын болып сөздер бір-бірімен байланысқа түскен.

Осы сөйлемдегі сөздерді байланыстырып тұрған тұлғаларды алып тастасақ,сөйлем түсініксіз болып қалар еді. Мен жазбаймын өлең ермек. Осыдан көрінетіндей,біріншіден мағыналық жағынан бір-бірімен сәйкес,үйлес сөздер ғана байланыса алады. Екіншіден, сөздер белгілі бір амал-тәсілдер арқылы байланысыды.

Жаттығумен жұмыс: 233-жаттығу. Көшіріп жазып, сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен грамматикалық байланысына қарай бөлек-бөлек көшіріп жазыңдар.

Үлгі: Оспан кіріп келді,сырттан кіріп келді, сөйткенше кіріп келді.

Тақтамен жұмыс : Тақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік, морфологиялық талдау жасайды.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады?

  2. Сөйлем құрауда сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуінің орны неге ерекше?

  3. Тіл білімі неше салаға бөлінеді?


Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : 234-жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілдері

Сабақтың мақсаты: білімділік - сөйлем құрылысынан сөздердің байланысу тәсілдерін ажыратуға үйрету;

дамытушылық - оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;

тәрбиелік - лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.

Әдісі: баяндау,түсіндіру,анализ ,синтез.

Көрнекілігі: сызбалар,үлестірме топшамалар,көркем шығармалар,портреттер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,математика.

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Қазақ тілінде сөздер бір-бірімен төрт түрлі тәсіл арқылы байланысады:


Сөздер сөйлемде септік, тәуелдік,жіктік жалғаулар арқылы байланысады.

Сөздер шылаулар арқылы да байланысады.

Сөздер орын тәртібі арқылы да байланысады.

Сөздер сөйлемде интонация арқылы да байланысады.

Өй, сүйіндік,сен ақылды мына Дәркембайдан сұрасаң етті

Мейрам әлдекімге телефон арқылы әмір етті.

Тас жолды ағаш күрекпен күредік

Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік көрсетті.


Жаттығумен жұмыс: 235-жаттығу. жалғаулар арқылы байланысқан сөздерді өзі тіркескен сөзімен бірге теріп жазыңдар.

Үлгі: Оспан кіріп келді,сырттан кіріп келді, сөйткенше кіріп келді.

Тақтамен жұмыс : Тақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік, морфологиялық талдау жасайды.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады?

  2. Сөйлем құрауда сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуінің орны неге ерекше?

  3. Тіл білімі неше салаға бөлінеді?

  4. Сөйлемде сөздер бір-бірімен қалай байланысады?

  5. Септеулік шылаулар сөздерді қалай байланыстырады?


Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : 237-жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.


б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.


Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру;

Біздің қала

Біз Алматы қаласында тұрамыз. Алматы қаласы-ең әдемі қалаларының бірі. Таудан төмен қарай созылған тіп - тік, әдемі көшелері неше түрлі ағаштармен көмкерілген. Көшелердің екі жағынан сылдыраған мөлдір бұлақтар ағып жатады. Достық атындағы сарай, Спорт сарайы, Оқушылар сарайы және көп қабатты қонақ үйлер өздерінің керемет көркемдігімен көздің жауын алады. Қаланың оңтүстігін басынан өмір бойы қар кетпейтін ақ бас Алатау қоршаған. Тау беттерін қысы-жазы өзгермей,ылғи жап - жасыл болып тұратын шыршалар мен қарағайлар,ақ қайыңдар жапқан. Етегінде атақты «Медеу» мұз айдыны,көптеген демалыс,сауықтыру-емдеу орындары бар. Олар алуан түрлі гүлдерге, бау-бақшаларға бөленеген. Қалада тарихи орындар,мұражайлар,көрікті жерлер,бақтар өте көп. Қаланың батысы мен шығысынан Үлкен Алматы,Кіші Алматы өзендері ағып жатады. Алматы қаласының табиғаты-сирек кездесетін тамаша табиғат!

(111 сөз)


Тапсырма: Мәтіннен сөздердің байланысу түрлерін табыңдар.

Үйге тапсырма : Өткен тақырыптарды қайталау

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.


б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.


Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру;

Су - тіршілік көзі

Жердің үштен бір бөлігін су алып жатыр. Мұхиттар, өзен, көлдерге қоса жер асты сулары да бар. Су бұлт, тұман, бу, жаңбыр түрінде атмосферада болады. Мұздықтар мен айсбергтер де су болып есептеледі. Адамның, өсімдіктердің, жануарлардың денесінің белгілі бір бөлігі де судан тұрады. Сусыз тіршілік жоқ. Бүкіл жан иесі сусыз өмір сүре алмайды.

Жер бетіндегі судың жалпы мөлшері өзгермейді. Будан бұлт пайда болады. Ол жаңбыр, қар, бұршақ болып жерге қайта жауады. Яғни, қайтадан суға айналады. Ішуге жарамды су өте аз. Ол күннен - күнге азайып барады. Суға қамқорлықпен қарау керек. Су - тіршілік көзі.


Тапсырма: Мәтіннен сөздердің байланысу түрлерін табыңдар.

Үйге тапсырма : Өткен тақырыптарды қайталау

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Жаттығумен жұмыс

Сабақтың мақсаты :

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балалардың тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,тіл дамыту т.б.

Сабақтың көрнекілігі : суреттер т.б.

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау :


Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады?

  2. Сөйлем құрауда сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуінің орны неге ерекше?

  3. Тіл білімі неше салаға бөлінеді?

  4. Сөйлемде сөздер бір-бірімен қалай байланысады?

  5. Септеулік шылаулар сөздерді қалай байланыстырады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Көп нүктенің орнына жіңішке дауыстылардың тиістісін қойыңдар.

Б... р жарлы шал есг ... не м .. н .. п келе жатыр ед ... Олар шалды ... жуалап, мазақ етк ... пе ...р ... кел ... п :

- Ата, неге есег ..ң..зд ... өлең айтуға үйретт ... ң ... з? депті. -Есег..м ...лең айтпайды.Сендердей жақсы жолдасын к...рген соң қуанғаннан бақырады,-депт...


Топпен жұмыс : Мына сөздермен сөз тіркестерін құрыңдар.

бала

бала

әдепті әдепсіз


ниет


ізетті ізгілік


Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Егер де мен ...» тақырыбына мәтін жазып келу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б

Сабақтың көрнекілігі: тест парақшалары т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1. Етістіктің райы неше түрге бөлінеді?

А) 2 В) 4 С) 3

2. Үш жақтың бірінде қолданылып,сөйлеушінің шындыққа қатысын баяндайтын рай түрі

А) қалау рай В) шартты рай С) ашық рай

3. Көбіне ІІ жаққа қаратылып, қимылдың орындалуын талап ету мағынасын білдіретін рай түрі.

А) шартты рай В) бұйрық рай С) ашық рай

4. Іс-әрекеттің іске асу,аспау мүмкіндігінің шартын білдіріп,-са,-се жұрнағы арқылы жасалатын рай түрі.

А) шартты рай В) бұйрық рай С) ашық рай

5. Оқуға түскім келеді рай түрі

А) қалау рай В) шартты рай С) ашық рай

6. Есімшенің жұрнағы

А)-ғалы,-гелі,-қалы,-келі В) -а,-е,-й С) -атын,-етін

7. Есімшенің тәуелденуі

А) берермін В) берерім С) берерден

8. Адасқанның айыбы жоқ. Есімшенің сөйлемдегі қызметі.

А) толықтауыш В) пысықтауыш С) анықтауыш

9. Көп сөйлегенді ұнатпаймын. Есімшенің сөйлемдегі қызметі

А) толықтауыш В) пысықтауыш С) анықтауыш

10.Есімшенің көпше түрде жіктелуі

А) Келгенмін В) келгенбіз С) келгенде

11. Есімшенің септелуі

А) көрмесім В) көрмеспіз С) көрместен

12. Менің ұстаз болғым келеді. Рай түрі

А) қалау рай В) шартты рай С) ашық рай

13. Атаның баласы болма, Адамның баласы бол. Рай түрі

А) шартты рай В) бұйрық рай С) ашық рай


Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қайталау

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі: оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы әдебиетке деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке.ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,топпен жұмыс,СТО стратегиялары,

Сабақтың көрнекілігі: кубик,қима қағаз,перфокарта,сызба таблицалары,көркем әдебиет.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сөйлемде кем дегенде екі толық мағыналы мағыналы сөздің бірі екіншісіне сабақтаса байланысқан сөздер тізбегін сөз тіркесі дейміз.


Сөз тіркесінің айрықша белгілері



Сөйлем ішінде танылады,өйткені сөздердің байланысы сөйлем ішінде анықталады

Кем дегенде толық мағыналы екі сөзден тұрады

Сөз тіркесін құрайтын сөздер бір-бірімен белгілі грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына байланысады

Сөз тіркесі белгілі синтаксистік қатынасты білдіреді


Жаттығумен жұмыс : 224-жаттығу. Сөздердің байланысын тауып,басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге сұрақ қойыңдар.

Бағыныңқы сөз Басыңқы сөз

1. Асқардың кімнің? тірі қалғанын

2. Тірі қалғанына неге? куанған

3. Қуанған қай? Ботагөз

4.Баланың кімнің? атын

5. Атын нені? Амантай қойды

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Сөз тіркесі дегеніміз не?

  2. Сөз тіркесінің тіркесті сөзден айырмашылығы қандай?

  3. Есімді сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?

  4. Етістікті сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?


Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 226 жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі: оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке.ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,топпен жұмыс, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: қима қағаз,перфокарта,сызба таблицалары,көркем әдебиет.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сөз тіркесі кемдегенде екі сөзден құралатын болса, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер де екі сөзден құралады.

Күрделі сөздер де, тұрақты тіркестер де, біріншіден орындары тұрақты болады, екіншіден , бір ғана ұғымды білдіріп,бір сөздің орнына қолданылады,сондықтан бірінен екіншісіне сұрақ қоюға болмайды.

Күрделі сөздерге күрделі зат есіс, күрделі сан есім, күрделі сын есім, күрделі етістік, сондай-ақ негізгі сөздер мен көмекші сөздердің тіркесі жатады. Күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер сөз тіркесінің құрамына еніп,басыңқы да, бағыныңқы да сыңары бола алады. Ондай сөз тіркестері күрделі сөз тіркестері деп аталады.

Жаттығумен жұмыс : 247-жаттығу. Орфографиялық я түсіндірме сөздікті пайдалана отырып күрделі сөзге 5 мысал,сөз тіркесіне 5 мысал, тұрақты тіркеске 5 мысал келтіріп, өзіндік ерекшеліктерін талдап көрсетіңдер.

Топпен жұмыс: 248-жаттығу І топ сөз тіркестерін теріп жазады.

ІІ топ күрделі сөздерді теріп жазады.

ІІІ топ тұрақты тіркестерді теріп жазады.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Сөз тіркесі дегеніміз не?

  2. Сөз тіркесінің тіркесті сөзден айырмашылығы қандай?

  3. Есімді сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?

  4. Етістікті сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?


Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 249- жаттығу.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып


Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесінің түрлері

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі: оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы әдебиетке деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке.ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,топпен жұмыс, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: қима қағаз, сызба таблицалары,көркем әдебиет.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Сөз тіркесі дегеніміз не?

  2. Сөз тіркесінің тіркесті сөзден айырмашылығы қандай?

  3. Есімді сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?

  4. Етістікті сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?


б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сөз тіркесінің түрлері басыңқы сөздің қай сөз табы болуына байланысты анықталады. Сөз тіркесінің басыңқы сыңары зат есім, сан есім, сын есім, есімдік болса, ол есімді сөз тіркесі деп аталады. Басыңқы сыңары етістік болса,етістікті сөз тіркесі деп аталады. Мысалы: Мынау хатты жаңа Абай ағам Әбішке жазып еді. Бұл сөйлемде мынадай сөз тіркестері бар: мынау хатты,хатты жазы,жаңа жазды,Әбішке жазды. Мынау хатты деген есімді тіркес,өйткені оның басыңқы сыңары хатты -зат есім, қалғандары-етістікті сөз тіркестері,өйткені олардың басыңқы сыңарлары етістік.


Жаттығумен жұмыс : 253-жаттығу. Сөз тіркесін тауып,байланысу тәсілі мен түрлеріне қарай ажыратып талдаңдар.


Тақтамен жұмыс : Тақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік, морфологиялық талдау жасайды.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.


Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: 254- жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қабысу

Сабақтың мақсаты: білімділік - сөйлем құрылысынан сөздердің байланысу құрылысын ажыратуға үйрету;

дамытушылық - оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;

тәрбиелік - лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.

Әдісі: баяндау,түсіндіру,анализ ,синтез.

Көрнекілігі: сызбалар,үлестірме топшамалар,көркем шығармалар,портреттер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,математика.

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.

  1. Меңгерудің байланыс тәсілдері қандай?

  2. Сөздер интонация арқылы қалай байланысыды?

  3. Сөйлемде сөздер бір-бірімен қалай байланысады?

  4. Жалғаулар арқылы сөздердің байланысы қалай болады?

  5. Матасудың байланысу тәсілі қандай?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Орын тәртібі жағынан іргелес тұру арқылы байланысқан сөз тіркестерін қабыса байланысқан сөз тіркестері немесе қабысу дейміз. Қабысу басыңқы сыңарының қандай сөз табынан болатынына қарай,мысалы, сын есім мен зат есімнің (жақсы бала),сан есім мен зат есімнің (он оқушы) ,зат есім мен зат есімнің (алтын сағат), есімдік пен зат есімнің (бұл кітап), есімше мен зат есімнің (оқыған кітап), тіркестері есімді қабысу да, үстеу мен етістіктің (жоғары шықты) ,еліктеуіш сөз бен етістіктің (бырт-бырт үзді) , көсемше мен етістіктің ( дауыстап сөйледі) сын есім мен етістіктің (жақсы оқиды), сан есім мен етістіктің (екі келді) етістікті қабысу болады.

Жаттығумен жұмыс: 267-жаттығу. Қабыса байланысқан сөз тіркескен тауып, талдаңдар.

Тақтамен жұмыс : Тақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік, морфологиялық талдау жасайды.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады?

  2. Сөйлем құрауда сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуінің орны неге ерекше?

  3. Тіл білімі неше салаға бөлінеді?

  4. Сөйлемде сөздер бір-бірімен қалай байланысады?

  5. Септеулік шылаулар сөздерді қалай байланыстырады?

Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 268-жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Меңгеру

Сабақтың мақсаты: 1) меңгеру туралы түсінік беру,жазылу жолдарын ұғындыру,сздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;

2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату; 3) оқушыларды патриоттыққа,жігерлікке,жаңашлдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру,анализ ,синтез.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі ұпай сандары,интерактивті тақтадағы сызбалар,кітап,үлестірмелі тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих.

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.


б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Барыс,табыс, жатыс,шығыс, көмектес септік жалғаулары мен септеулік шылаулары арқылы байланысқан сөз тіркестерін меңгеріле байланысқан сөз тіркесі немесе меңгеру дейміз. Меңгеру басыңқы сыңарының қандай сөз табынан болғанына қарай есімді меңгеру, етістікті меңгеру болып келеді. Мысалы: балға бай, қаладан қашық дегендер есімді меңгеру, басыңқы сыңарлары бай,қашық -есім сөздер; оқиғаларды баян етті,жұмыскерлерді зар еңретті дегендер етістікті меңгеру.


Жаттығумен жұмыс: 262-жаттығу. Мәтіндердегі сөйлемдерден сөз тіркестерін табыңдар. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің қалай байланысып тұрғанын көрсетіңдер.


Тақтамен жұмыс : Тақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік, морфологиялық талдау жасайды.


Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын

  1. Меңгерудің байланыс тәсілдері қандай?

  2. Сөздер интонация арқылы қалай байланысыды?

  3. Сөйлемде сөздер бір-бірімен қалай байланысады?

  4. Жалғаулар арқылы сөздердің байланысы қалай болады?

  5. Матасудың байланысу тәсілі қандай?


Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 263-жаттығу.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Жанасу


Сабақтың мақсаты: 1) Жанасу туралы түсінік беру,жазылу жолдарын ұғындыру,сздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;

2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату; 3) оқушыларды патриоттыққа,жігерлікке,жаңашлдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру,анализ ,синтез.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі ұпай сандары,интерактивті тақтадағы сызбалар,кітап,үлестірмелі тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих.

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.


б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Орын тәртібі жағынан іргелес тұрып та, алшақ тұрып та байланысқан сөз тіркестерін жанаса байланысқан сөз тіркестері немесе жанасу дейміз. Жанасу көбіне етістікті сөз тіркесі болып келеді, үстеу мен етістіктен,көсемше мен етістіктен құралады. Мысалы: бүгін келді, кештете (біздің үйге) келді.


Жаттығумен жұмыс: 272-жаттығу. Мәтіндердегі сөйлемдерден қабыса және жанаса байланысқан сөз тіркестерін бөлек-бөлек көшіріп жазыңдар,оларды құрамына, байланысу тәсіліне қарай талдаңдар.

Топтастыру стратегиясы:


Матасу меңгеру


Қабысу жанасу


Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын

  1. Меңгерудің байланыс тәсілдері қандай?

  2. Сөздер интонация арқылы қалай байланысыды?

  3. Сөйлемде сөздер бір-бірімен қалай байланысады?

  4. Жалғаулар арқылы сөздердің байланысы қалай болады?

  5. Матасудың байланысу тәсілі қандай?

  6. Жанасу қай сөз табымен тіркесіп келеді?

Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 274-жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар

Анықтауыштық қатынас

Сабақтың мақсаты :

а) Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастарды және оның түрлерін түсіндіру арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

  1. Жалғаулар арқылы сөздердің байланысы қалай болады?

  2. Матасудың байланысу тәсілі қандай?

  3. Жанасу қай сөз табымен тіркесіп келеді?

Б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңары өзара белгілі бір грамматикалық мағынаны білдіріп,соған сәйкес белгілі бір синтаксистік қатынаста жұмсалады. Сөз тіркестерінің сыңарлары арасындағы грамматикалық мағына жағынан үш түрлі синтаксистік қатынастың шеңберінде көрінеді.

Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар



толықтауыштық

пысықтауыштық

Анықтауыштық қатынас

Матаса,қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Басыңқы сыңардан бағыныңқы сыңарға кімнің? ненің? Қандай? Нешінші? сияқты сұрақтары қойылады: баланың кітабы, бойшаң жігіт


Жаттығумен жұмыс: 279 -жаттығу. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін тауып, сұрақ қою арқылы түрлеріне, байланысу тәсілдеріне қарай талдаңдар.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.


Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : Анықтауыштық қатынасқа бірнеше сөйлемдер жазып келеді.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Толықтауыштық қатынас

Сабақтың мақсаты :

а) Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастарды және оның түрлерін түсіндіру арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

  1. Жалғаулар арқылы сөздердің байланысы қалай болады?

  2. Матасудың байланысу тәсілі қандай?

  3. Жанасу қай сөз табымен тіркесіп келеді?

Б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Меңгеріле байланысқан есімді , етістікті сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен толықтауыштық қатынаста жұмсалады да, бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардың мекенін тура я жанама обьектісін ,я сол обьектіге қатысын білдіріп тұрады. Басыңқы сыңардан бағыныңқы сыңарға кімді? Нені? Неге? кімге? Кімде? Неде? Кімнен? Неден? Кіммен? Немен? Деген сұрақтар қойылады. хатқа жауап, оқуды бітірді.

Жаттығумен жұмыс: 280 -жаттығу. Абай өлеңдеріндегі үзінділерден толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін тауып, сұрақ қою арқылы түрлеріне, байланысу тәсілдеріне қарай талдаңдар.


Ойлан. Ізден Тап. (Мына тізбектер бойынша сөз тіркестерін жаса)

Зат есім + зат есім

Сын есім + зат есім

Сан есім + зат есім

Есімдік +зат есім

Есімше +зат есім


Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.


Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : Толықтауыштық қатынасқа бірнеше сөйлемдер жазып келеді.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Пысықтауыштық қатынас

Сабақтың мақсаты :

а) Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастарды және оның түрлерін түсіндіру арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

Б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Меңгеріле, қабыса ,жанаса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен пысықтауыштық қатынаста жұмсалады да,бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардың мекенін,бағытын, мезгілін, себебін білдіріп тұрады. Басыңқы сыңардан бағыныңқы сыңарға қайда? Қайдан? Қайтіп? Қалай? Қашан? Деген сұрақтар қойылады.


Жаттығумен жұмыс: 283 -жаттығу. Сөз тіркестерін тауып, сұрақ қою арқылы түрлеріне, байланысу тәсілдеріне қарай талдаңдар.


Топпен жұмыс: Бір оқушы төмендегі зат есімдерді бір-бірлеп оқиды.Бірінші топтағы оқушылар оларға әр түрлі етістіктер тіркеп,бөгелмей айтып отыруы керек. Екінші топтағы оқушылар айтылған сөз тіркестерімен тез арада сөйлем құрауы тиіс


Жел. Күн. Жаңбыр. Мал.Палуандар. Тапсырма. Жиын. Сабақ. Өлең. Кино


Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Сөз тіркестері қандай синтаксистік қатынастарды білдіреді?

  2. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері қалай байланысады?

  3. Толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері қалай байланысады?

  4. Етістікті сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?

  5. Күрделі сөз тіркесінің құрамы қандай болады?


Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : 284-жаттығу.

Қыркүйек. Сауалнама

1.Зат есімді қандай тұлғалар түрлендіреді?

А) жұрнақтар

В) заттанған сын есімдер С) жалғаулар

2. Көптік жалғауының қатарын көрсет.

А) -ың,-ің,-ң

В) -лар,-лер,-мын

С) -лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер

3. Тәуелдік жалғауын тап.

А) -мын,-мін,-сың,-сің

В) -ым,-ың,-ы

С) -дың,-дің,-тың,-тің

4.Тәуелденудің түрлері қанша?

А) 2 В) 3 С) 4

5. Қазақ тілінде септік түрі,көмектес септік жалғауы.

А) 4, -нан,-нен,-дан,-ден

В) 7,-мен,-бен,-пен

С) 6,-ның,-нің,-дың,дің

6. Тәуелдеулі септеуді тап.

А) кітабымда

В) кітабым

С) кітапта

7. Барыс септігі тәуелдік жалғаудың І,ІІ жағынан кейін ...

А) -а,-е

В) -на,-не

С) -ға,-ге

8.Жіктік жалғауы

А)-мын,-сың

В)-ым,-ім

С)-та,-те

9.Жіктік жалғауы (көпше түрі)

А) -мын,-мін

В) -мыз,-міз

С)-ы

10. Дұрыс жіктелген зат есім қатары

А) арман,ғарышпын

В) кітаппын,заңгермін

С) Арманмын,Сәулемін

11. Зат есім қай септікте тұрып бастауыш қызметін атқарады?

А) атау

В) барыс

С) жатыс

12. Зат есімнің баяндауыштық қызметі

А) ілік септігінде

В) табыс,жатыс септігінде

С) жіктелуі

13. Қай септіктерде пысықтауыш қызметін атқарады?

А) барыс,жатыс,шығыс,көмектес септіктерінде

В)барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес септіктерінде

С) ілік септігінде тұрып

14. Зат есімнің пысықтауыштық қызметі

А) атау септікте

В) ілік септікте,не бір тұлғада

С) атау,іліктен басқа септіктерде

15. Зат есімнің пысықтауыштық қызметі

А) тек қана көмектес септігінде

В) атау мен шығыс септіктерде

С) атау мен шығыс септіктерде

16. Пысықтауыш сұрақтары

А) қандай,қай,қанша

В) не үшін,не мақсатпен С) кімге,неге

17. Анықтауыштың сұрақтары

А)қандай,қай,қанша,неше,кімнің,ненің

В) кімге,неге,кімді,нені,кімде,неде

С) кімі,несі

18. Толықтауыштың сұрақтары

А) кім,не,кімің,нең

В) не істеді,қайтті

С) кімге,неге,кімді,нені,кімде,неде

19. Жатыс септігі жалғаулары

А) -да,-де,-та,-те

В) -ны,-ні,-ды,-ді

С) -ға,-ге,-қа-ке

20. Шығыс септігінің сұрақтары

А) кімде,неде,қайда

В) кіммен,немен,қалай

С)кімнен,неден,қайдан,қашаннан



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал