7


Урок Қыс мезгілі 7-класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Еркибаева Нұрсұлу Олжабайқызы

Ақмола облысы

Еңбекшілдер ауданы Макин орта мектебі

Апта 3

Күні 15.05

Сабақ

Қазақ тілі

7-сынып

Оқушылар саны -12

Сабақтың тақырыбы: Қыс мезгілі

Сілтеме

Оқулық: Т.М Артықова, Б.Немеренова Алматы, Атамұра, 2007- жыл

Интерактивті тақта, оқулық, қазақша-орысша сөздік, маркер, қағаз, бағалау парағы.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың қыс туралы алған білімдерін толықтыру, қосымша мағлұмат беру.

Міндеттері

1.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту

2. Ұйымшылдыққа,шығармашылыққа,ізденіске баулу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап, талдау, зерттеу, ауызша-жазбаша

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

1.Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру.

2.Оқушылардың өзін-өзі бағалауды қалыптастыру

Ұйымдастыру кезеңі 2 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Амандасу

Топқа бөлу

Амандасады



Үй жұмысын тексеру 5 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Топпен жұмыс жасату. Үйге берілген өлеңді шатастырып беремін.

Оқушылар өлеңді дұрыс құрап оқиды.

Жаңа сабақ 4 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Абайдың «Қыс» өлеңін тыңдатамын. (2 мин)

Сұрақ қояды

Не көрдіңдер?

Тыңдайды,ой шақырады, өз ойын ортаға салады.

Жауап береді.

Жаңа сабақ 6 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Топтық жұмыс. 1-тапсырманы беремін. Жұмбақтың шешуін сурет түрінде көрсету.

1-топ екі жұмбақты, 2-топ екі жұмбақты суреттейді.

Оқушылар өз топтарында оқиды, аударады, суретін салады.





Грамматикалық тапсырмалар 17 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті





Сергіту сәті тақтадағы сөздерді оқыту. (Сын есімдер)

Не оқыдық? Не үшін?

1-топқа 2-тапсырманы орындайды.Берілген сөздерден туынды сын есімдер жасаңдар.

2-топ 3-тапсырманы орындайды. Кестедегі сөздерді пайдаланып сөйлем құраңдар.



4- тапсырманы жұппен орындату.

5- тапсырма. Ұжымдық жұмыс. Сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Оқиды



Оқушының жауабы.

Топпен орындайды, тақтада жазады, түсіндіреді, басқа топ жазып алады.







Диалог оқиды.



Әңгіме құрастырады.

Қорыту.

5 мин

«Қыс» сөзіне синквейн жазғызу.

Оқушылар жазады.

Бағалау

5 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.

Бақылау парағына ұпайларын қояды.

Үйге тапсырма 1 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Тапсырмаларды беру. (тақтадан көрсету) 143-бет 1- тапсырма. Жаңылтпашты жаттап алыңдар.

Күнделікке жазады.

Түсінбесе сұрайды.

Әр сабақ бойынша рефлективтік есеп. (болжау)

Мен, Макин орта мектебінде 7 -сыныпта 15- мамыр күні «Қыс мезгілі» тақырыбына сабақ өткізуді жоспарладым. Сабағымның мақсатын: Оқушылардың қыс туралы алған білімдерін толықтыру, қосымша мағлұмат беру деп алдым. Сыныппен амандасып, топқа бөлмекшімін. Үй жұмысын тексеру үшін шатастырылған буын стратегиясы бойынша берілген өлеңді 5 минут ішінде дұрыс жинап, хормен оқытып, өзін-өзі реттеуді жоспарладым. Жаңа сабақты ашу үшін миға шабуыл жасап, АКТ-ны қолданып оқушыларға Абай Құнанбаевтің «Қыс» өлеңін тыңдатамын. Оқушыларға - Не тыңдадыңдар?- деп сұрақ қойып, естіген өлеңі бойынша сабақтың тақырыбын ашып, сыни тұрғыдан ойлатпақшымын. Оқушылар 1-тапсырманы орындағанда сыни тұрғыдан ойлатып, диалогқа түсіремін. 1-топқа екі жұмбақ, 2-топқа екі жұмбақтан бөліп сурететемін. Оқушылар өз топтарында оқиды, аударады, суретін салады, тақтаға шығып қорғайды.

АКТ-ны қолданып, интерактивті тақтада жазылған сөздерді оқытып, -не үшін? Қандай?- сөздерді оқығанын сұрап, сыни тұрғыдан ойлатып, келесі тапсырманың басын ашып алмақпын. 1-топқа 2- тапсырманы орындаттырмақшымын. Берілген сөздерден туынды сын есімдер жасатамын. 2-топ 3- тапсырманы орындаттырамын. Кестедегі сөздерді пайдаланып сөйлем құрғызып, оқушылардың өзін-өзі реттеуін жоспарлаймын. Оқушыларға топта талқылатып, бір-біріне түсіндіртіп, тақтаға жазғызамын, басқа топ өздеріне жазып алады.

4- тапсырманы жұппен істетемін. Оқушылар оқулықта берілген диалогты толықтыртып, кейбіріне өздерінше өзгертіп оқытқызамын, дарындылықты анықтаймын.

5-тапсырманы ұжыммен орындатпақшымын. Интерактивті тақтада көрсетілетін сурет бойынша әңгіме құрғызып, жазылған әңгімелерін оқытып, қорғатамын, сыни тұрғыдан ойлатып, диалогқа түсірмекпін. Сабақты қорыту барысында оқушыларға «қыс» сөзіне синквейн жазғызу арқылы сыни тұрғыдан ойлатып, диалогқа түсіремін. Сабағымды рефлексия жасау арқылы аяқтап, оқушылармен диалогқа түсемін.

Оқушыларға өзін-өзі бағалатамын. Үйге тапсырма беремін. Оқушыларға сабақ туралы өз ойларын стикерге жазғызып, ілгізгіземін. Сабағымда жоспарлаған барлық тапсырмаларды орындауға ұмтыламын.













«Қыс мезгілі» рефлективті есеп.

«Білім алуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге білім алуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды да тану да бар. «Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін түсінеміз. Білім алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру және кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады.

7 -сыныпта 15- мамыр күні «Қыс мезгілі» тақырыбына сабақ өткіздім. Сабағымның мақсаты: Оқушылардың қыс туралы алған білімдерін толықтыру, қосымша мағлұмат беру. Сыныппен амандасып, топқа оқушылардың айтқан «мектеп», «білім» деген екі сөздері арқылы бөлдім. Үй жұмысын тексеру үшін СТО жобасы негізінде шатастырылған буын стратегиясы бойынша берілген өлеңді 5 минут ішінде дұрыс жинап, хормен оқытып, өзін-өзі реттеуді, көшбасшылықты байқадым. Әр топ оқушылары іске жұмыла кірісті. Бір топта тапсырмаға Айгүл, екінші топта Аружан басшылық жасады. Айгүл шатастырылған өлеңді тек қана өзі оқыса, басқа топтағы Аружан мен Диана, Аслан үшеуі хормен оқып берді. Жаңа сабақты ашу үшін миға шабуыл жасап, АКТ-ны қолданып оқушыларға Абай Құнанбаевтің «Қыс» өлеңін тыңдату арқылы СТО жобасының «Миға шабуыл» стратегиясын қолданып, оқушыларға Не тыңдадыңдар?- деп естіген өлең бойынша сабақтың тақырыбын ашып алдым. Өлеңді тыңдап болғасын Аружан, Гүлхан, Айгүл өз ойларын айтты. Жаңа тақырып бойынша топтық жұмыс жүргіздім. Оқушыларға жұмбақтардың шешуін сурет түрінде көрсеткізіп, сыни тұрғыдан ойлатып, диалогқа түсіру. 1-топ екі жұмбақты, 2-топ екі жұмбақты суреттеді. Оқушылар тапсырманы өз топтарында оқыды, аударды, суретін салды, тақтаға шығып қорғады. Топта Диана мен Айгүл басшылық жасады, Батырхан, Аслан да белсенділік көрсетті. Грамматикалық тапсырмаға көшу үшін сергіту сәті кезінде оқушылар тақтада жазылған сөздерді оқып, сыни тұрғыдан ойлады. Не үшін? Қандай сөздерді оқығанын сұрап, келесі тапсырмаға көштім. 1-топ 2- тапсырма бойынша берілген сөздерден туынды сын есімдер жасаса, 2-топ 3- тапсырма бойынша кестедегі сөздерді пайдаланып сөйлем құрып, өзін-өзі реттеді. Оқушылар топпен талқылап, бір-біріне түсіндірді, тақтаға жазды, басқа топ жазып алды. Осы тапсырмаларды орындағанда Диана мен Айгүл, Аружан мен Гүлхан белсенділік көрсетті.

Жұмыс барысында оқушыларға көшбасшылық жасадым.

4- тапсырманы жұппен істету мақсатым, оқушыларды бір-бірімен диалогқа түсіру, оларды сыни тұрғыдан ойлату, өз тарапынан білім алуға басшылық жасау. Оқушылар оқулықта берілген тапсырманы толықтырып, кейбірі өзгертіп, өзін-өзі реттеп, диалогқа түсті. Аружан мен Аслан, Диана мен Батырхан диалогты жұппен оқыды, Гүлхан мен Айгүл диалог құрылымын өзгерту арқылы өздерінің дарындылығын байқатты.

5-тапсырманы ұжыммен орындады, мақсатым оқушыларды сыни тұрғыдан ойлатып, диалогқа түсіру. Интерактивті тақтадағы көрсетілген сурет бойынша әңгіме құрды, жазылған әңгімелерін оқып, қорғады. Әңгімені жазуда Аружан көшбасшы болды. Батырхан, Асландар да өз үлестерін қосты. Сабақты қорыту барысында оқушылар «Қыс» сөзіне синквейн жазды. Синквейн жазуда Аружан, Айгүл, Диана, Батырхан қатысты. Сабағымды мұғалім-оқушы арасындағы диалогқа түсіп, рефлексия жасап аяқтадым.

Оқушылар өзін-өзі бағалады. Өзім ортақ бағаларын шығардым. Үйге тапсырма бердім. Оқушылар сабақ туралы өз ойларын стикерге жазып, ілді. Болашақта осы бағытта жұмысымды жалғастырмақшымын.

Пайдаланған әдебиет:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал