- Учителю
- Great Britain
Great Britain
Қысқа мерзімді жоспар
Тақырыбы
Great Britain (Ұлыбритания)
Сыныбы
7 «Ә»
Пән мұғалімі
Ибрашева А.Ж.
Мақсаты
-
ҰБК құрамына кіретін елдер, қалалары, әдет-ғұрыптары туралы жаңа мәліметтер бере отырып, өз беттерінше жұмыстануға баулу;
-
can, may, should, модальды етістіктерінің мағынасын түсіндіру арқылы күнделікті тілде пайдалануға үйрету
-
өз бетімен ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту
Күтілетін нәтиже
-
ҰБК құрамына кіретін елдер Англия, Шотландия,Уэльс, Солтүстік Ирландия туралы ағылшын тілінде айта алады,
-
Өз бетімен ойлау, сөйлеу дағдысы дамиды.
-
Сыни ойлай біледі.
-
Сабақ барысында алған мағлұматты, өмірде пайдалануға дайын болады.
Ресурстар
Оқулық, интерактив-ті тақта, флипчарт, маркер, түрлі түсті бояу
Кіріспе
Тілді және дене бітімін жаттықтыруға арналған жаттығу «»
Сұрақтарға жауаптарды сәйкестендіру арқылы өткен сабақты қайталау, 3 топқа бөлу.
Үй тапсырмасы
Жазба жұмыстарын тексеру. Бір екі оқушыға оқытып, қалғандарының тексеріп отыруын қадағалау.
Тұсаукесер
«The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland» мәтінін тыңдату.
Негізгі бөлім
Мәтінмен танысқаннан кейін оны топта талқылау. Өзінің идеяларымен бөлісу.
1. Мозаика әдісі. 1-топ: England, 2- Scotland, 3- Wales, 4- Northern Ireland
Сергіту сәті
Дене мүшелерімен 1 ден 10 ға дейін сандарды салу.
Қорытынды бөлім
10 сұрақ стратегиясы.
Бағалау
Критерий арқылы бағалау парағымен бағалау. Жұпқа, топқа баға беру.
Рефлексия
Мен қандай жетістікке жеттім? Деген сұраққа жауап жазу.
Үй жұмысы
«Great Britain» тақырыбында шығармашылық жұмыс немесе таныстырылым дайындау