- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: 2 - сынып Азық-түлік дүкені
Сабақтың тақырыбы: 2 - сынып Азық-түлік дүкені
Сынып: 2
Пән : қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:Азық-түлік дүкені
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Қоғамдық орындарда қарым - қатынас білуге үйрету. Өздері білетін азық-түліктердің атауларына және олар туралы деректерге сүйене отырып, жаңа тақырыпты меңгерту.
-
Дамытушылық: Тез ойлау, сауатты жазуды дағдыландыру; сөздерді өзара дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
-
Тәрбиелік: Әдепті, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Кезекшімен жұмыс.
-
Үй тапсырмасын текстеру.
Балалар, сұрақтарға жауап береді.
-
Мектеп қай көшеде, орналасқан?
-
Мектеп қандай?
-
Мектепте не бар?
-Сыныптары қандай?
-
Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру алдында жұмбақ беріледі.
Терісі - сары
Еті - дәрі.
-
Жұмбақты шешкен соң, сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады.
2.Азық - түліктерді айту.
3.Сөздік жұмысы. Тыңдалым. Айтылым. Жазылым.
а) Жаңа сөздердің айтылуын меңгерту үшін мұғалім өзі оқып береді.
ә) Оқушылар мұғалімнің соңынан тізбектей, сосын жекелей қайталап айтып жаттығады.
б) Жазылуын меңгеру үшін сөздерді дәптерге көшіріп жазып алады.
в) Лексикалық мағынасын меңгеру үшін сөз тіркестері мен сөйлемдерді құрастырады.
Мысалы: Ет ет тағамдары дүкенде ет тағамдары бар.
Тәтті тәтті кәмпит дүкенде тәтті кәмпит бар.
Дүкен нан дүкені Мен нан дүкеніне бардым.
Сергіту сәтін өткізу.
Қәне, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып, ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
-
Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Айтылым. Сөйлесім.
а) Мәтінді оқу, аудару.
Мынау - дүкен.
Дүкенде нан, қант, сүт, қаймақ, май, балық бар. Дүкенге Оля мен Жанна келді. Оля нан мен май сатып алды. Жанна қант, сүт және айран сатып алды.
ә) Суретпен жұмыс. Сұрақтарға жауап беру.
- Оля мен Жанна қайда келді?
- Дүкенде не бар?
- Оля не сатып алды?
- Жанна не сатып алды?
-
Сөйлесім.
4-тапсырманы орындату
Үлгі: бойынша сөйлеп үйрену.
-
Кәмпит.
-
Кәмпит тәтті.
-
Кәмпит өте тәтті.
-
Қаймақ
-
Қаймақ сатып алды
-
Әжем қаймақ сатып алды.
-
Бекіту: Жазылым.
Оқулықта берілген жазбаша жаттығу орындалады.
-
Сөз тіркестерін құрап, цифрлады сөзбен жаз.
10
20 килограмм
5
2
литр
5
-
Сабақты қорыту. Сұрақ - жауап.
-
Не үйрендік?
-
Жұмыстын қай түрі ұнады?
-
Үй тапсырмасы:
-
Жаңа сөздерді жаттау, «Азық-түлік» дүкенінде тақырыбына сұхбат құру.
VI . Балаларды бағалау.