- Учителю
- Открытый урок по казахскому языку на тему Ас атасы -нан 7 класс
Открытый урок по казахскому языку на тему Ас атасы -нан 7 класс
Сыныбы: 7 (орыс сыныбы)
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:«Ас атасы- нан. Қос сөздер мен біріккен сөздерді қайталау»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Берілген тақырыпты талдап, саралай отырып, бұрынғы сыныптарда алған білімдерін кеңейту,біріккен сөз бен қос сөз туралы алған білімдерін бекіту
Дамытушылық: оқушыларға қазақ тілінің қағидаларын меңгерте отырып, Тілдік талдау дағдыларын, сөйлеу мәнерлерін дамыту меңгеруге машықтандыру, есте сақтау, өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: егемен еліміздің болашағы - жас ұрпақты Басты тағам нанды қадірлеп, қастерлей білуге тәрбиелеу. тәрбиелеу.Бір-бірін түсініп, тыңдай білуге, сыйлауға дағдыландыру білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада орналастырылған слайдтар, ақ қағаздар /постер/,смайликтер, тірек сызбалар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, топтау , түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақ барысы:
І кезең. Бағдарлау- мотивациялық кезең
-
оқушылармен сәлемдесу;
-
сабаққа қатысымын тексеру;
-
топқа бөліп, сабақтың мақсатымен таныстыру.
1.Ойқозғау
- Бүгін аптаның қай күні?
-Ендеше ЖҰМА күні қазақ халқында қандай күн болып саналады?
/оқушы жауабы, мұғалім толықтырады/
2.Топтастыру.
Оқушыларды ортаға шақырып, кіші және үлкен сөздері жазылған парақшаларды таңдау ұсынылады. Таңдап болған соң, сұрақ қойылады.
-Осы үлкен және кіші сөздерінің жұма күніне қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?
-Үлкен жұма,кіші жұма /оқушылар білгендерін айтады/
Үлкен сөзін таңдағандар 1-топқа, кіші сөзін таңдағандар 2-топқа топтасады.
-Жұма күні дастарханға бірінші не қойылады?
/Оқушылар өз ойларын айтады. Одан соң бауырсақ таратылады/
-Бауырсақтан басқа күнделікті ас ішер алдында үстелге бірінші не әкелінеді?
-Ендеше бүгінгі сабақтың лексикалық тақырыбы «Ас атасы-нан» деп аталады. Нан туралы білгенімізді ортаға салайық.../оқушылар сөйлейді/
ІІ кезең Операциялық- орындаушылық кезең
( Мәтін бойынша тапсырмалар берілместен бұрын әр топқа «Бағалау парағын» беріп, бағалаудың жолдарын түсіндіріп өту )
-
Мәтінмен жұмыс. «Тауық, тышқан және құрбақа»
Ерте заманда тауық,тышқан, құрбақа - үшеуі бір тұрыпты. Бір күні тауық әрі-бері жүгіріп жүріп арпаның дәнін тауып алыпты. Ол қуанғаннан:
- Дән таптым!- деп айқайлап, мәз-мейрам болады.
- Мұны диірменге апару керек. Кәне, қайсысың алып жүресің?- депті тауық.
- Мен апара алмаймын,- депті тышқан.
- Мен де апара алмаймын,- депті құрбақа.
Дәнді тауықтың өзі алып жүріпті. Диірменге тарттырыпты.
Тауық:
- Енді ұнды үйге кім арқалап апарады?- депті.
- Мен апара алмаймын,- депті тышқан
- Мен де апара алмаймын,- депті құрбақа.
Ұнды тауықтың өзі арқалап алып жүріпті.
Кім қамыр илейді?- деп сұрапты тауық.
- Мен илей алмаймын,- депті тышқан.
- Мен де илей алмаймын,- депті құрбақа.
Қамырды тауықтың өзі илепті.Тауық:
- Кім от жағады?- деп сұрапты.
- Мен жаға алмаймын,- депті тышқан.
- Мен де жаға алмаймын,- депті құрбақа.
Отты да тауық өзі жағыпты.
- Пешке нанды кім салады?- деп сұрапты тауық.
- Мен сала алмаймын,- депті тышқан.
- Мен де сала алмаймын.,- депті құрбақа.
Нанды да тауықтың өзі салыпты. Нан қып-қызыл болып пісіп шығыпты.
Тауық нанды алып қойыпты да:
- Мұны кім жейді?- деп сұрапты.
- Мен,- деп тышқан үстел қасына келіп отырыпты.
- Мен де жеймін,- деп,құр да үстел қасына келіп отырыпты.
1-тапсырма
-
1.Топпен оқу
-
Негізгіойдыбілдіретінсөйлемніңастынсызу
-
Қиынжәнетанысемессөздердіңастынсызу, мағынасынашу.
диірмен-
Тарттырыпты-
Иледі-
2-тапсырма
Ітоп:
-
Мәтіндіқалайаяқтаредіңдер? Өз ойларыңды жинақтап, мағыналы әрі тәрбиелі ой түйетіндей етіп аяқтап көріңдер.
ІІ топ:
-
Мәтінненқандай қорытынды шығады? Нақыл сөзбен немесе мақал-мәтелмен қорытуға болады. Ы.Алтынсариинің «Егіннің бастары» шығармасын еске түсіру.
3-тапсырма (грамматикалық тапсырма)
Ітоп:
Күрделі сөздер туралы не білеміз? (жоба қорғау)
ІІтоп:
Күрделі сөздердің жазылу емлесі (жоба қорғау)
/ақ қағазға өз ойларын жинақтап түсіреді де, тақтаға шығып қорғайды/
4-тапсырма
Ітоп:
Мәтінненбіріккенсөздердітеріпжазу, талдау.
ІІтоп:
Мәтінненқоссөздердітауып, талдау.
5 -тапсырма Мәтінге байланысты берілген мақал-мәтел мен тыйым сөздің мағынасын ашу үшін диалог құру, көрініс көрсету.
І топ:
-
Нан бар жерде әнде бар.
ІІ топ:
-
Дәнді шашпа, нанды баспа.
ІІІ кезең. Бекіту кезеңі
Рефлексия
Маған ұнады Мен үшін жаңалық Маған қиын болды
-
"Ас атасы - нан" тақырыбына ойтолғау жазу.
-
Қазақтың ұлттық тағамдары туралы қосымша материал қарау.
ІҮ кезең. Бағалау
Әр топқа берілген «Бағалау парағындағы» критерийге сәйкес әр топ бірін-бірі бағалайды. Мұғалім өзі қорытады.