- Учителю
- 'Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы'Баяндама
'Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы'Баяндама
Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру - қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр - ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми - технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 - бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. [1]
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез - құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды. Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде. «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» делінген. [2]
Ал Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада «Е-learning» электронды оқыту жүйесі бойынша білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру, педагогтар мен оқушыларды ең жақсы білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді. [3]
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.
Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.
Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімді жолдары:
-
Оқушы дербес компьютер, аудио, видео құрылғылардың көмегімен мәтінді тыңдайды, бейнесюжеттерді көре алады;
-
Аз уақытта оқушы көп ақпарат алып, уақытты үнемдейді;
-
Қашықтықтан білім алу мүмкіндігін пайдаланады;
-
Ағылшын тіліндегі мәтіндерді оқу арқылы есте сақтау қабілеті артады;
-
Қажетті ақпаратты жедел түрде алады;
-
Аудио кассеталар мен CD дискке қажетті материалдарын кшіріп жазып алады;
Оқытушы сабағында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыға үйретуге тиісті ақпараттар мен білім қорын жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі.
Мысалы ағылшын тілін үйретудің тиімді әдістерінің бірі - шетел тілінде ән үйрету. Ән үйрету арқылы оқушылардың төмендегідей ақпараттық құзіреттіліктері қалыптасады:
- Тыңдалатын әннің тілдік қарым - қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерінен құралып, оқушының сөз қорының кеңейіп, бекуіне ықпал етеді;
- Ән тыңдау кезінде таныс лексика жаңа контексте кездесіп, оны қолданудың қарқыны өсіп, оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттырады;
- Әннің мәтініндегі жер су атаулары, географиялық атаулар, тілдік реалиялар, поэтикалық сөздер жиі кездесетін болғандықтан, оқушы тілдің стилистикалық ерекшеліктерін түсініп, сезінеді;
- Әнмен жұмыс барысында грамматикалық құрылымдардың қарқыны арта түседі;
- Оқушылардың грамматикалық құрылымдарды есте сақтауы қалыптасады;
- Әндер заман талабына сай жазылып, сілтемелер беріліп , мазмұнын талқылауға арналған тапсырмалармен толықтырылады.
- Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы жаңа лексиканы қайталайды, дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, ырғақ ерекшеліктерін ұғынады, дұрыс артикуляцияны қалыптастырады.
- Әнмен жұмыс барысында эстетикалық тәрбие қалыптасып, оқушылардың шығармашылық қабілеттері ашылады.
- Сабақтағы оқушылардың психологиялық ахуалы ретке келтіріліп, тілдік әрекет қарқынды дамиды, эмоционалдық көңіл күй көтеріліп, оқушының тілге деген қызығушылығы арта түседі;
- Әнмен жұмыс оқушының монологты, диалогты және ауыз екі сөйлеу тілінің дамуына ықпал етеді.
Шет тілі сабақтарында әндерді пайдаланғанда, оны мұқият таңдап алу қажет. Өйткені жаңа лексиканы немесе грамматикалық материалды бекіткен кезде әнге берілетін тапсырмалар оқушының деңгейіне қарай таңдалып алынады.
Сонымен бірге ағылшын тілі сабақтарында электрондық оқулықты пайдаланудың маңызы зор. Электрондық оқу құралы - бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және дипломдық жобаларға нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы.
Оқу процесінде оқытудың ақпараттық - коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға өте маңызды.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады.
Құзірет - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік - оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік - бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру жәнеақпараттық - коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты - оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру.
«Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, - Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
2. "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз" Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл
3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
4. Пассов Е.И. «Технология коммуникативного обучения иноязычной культуре».