- Учителю
- МДҰ-да ағылшын тілінен ҰОІӘ. Тақырыбы -Presents from Santa. Toys
МДҰ-да ағылшын тілінен ҰОІӘ. Тақырыбы -Presents from Santa. Toys
Арыстанбекова Акмарал Арыстанбековна
Тіл маманы
«Қарлығаш» бөбекжайы» КМҚК
Жамбыл ауданы Айшабибі ауылы
ОЙЫНШЫҚТАР. САНТАДАН СЫЙЛЫҚ...
TOYS. PRESENTS FROM SANTA
Тобы: «Құлыншақ»
Күні: 11.12.2015ж
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: «Ағылшын тілі» «Тіл дамыту»
Тақырыбы: Ойыншықтар. Сантадан сыйлық...
Toys. Presents from Santa
Мақсаты: сөздік қорын дамыту, ағылшын тілін үйренуге қызығушылығын ояту
Білімділік: Балаларға ойыншықтардың атауын үйрету, Санта Клаус туралы ақпарат беру;
Дамытушылық: дыбыстық қабылдауды дамыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорын дамыту. Тәрбиелік: Ойыншықтарына таза, мұқият болуға үйрету. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Ойыншықтарына таза, мұқият болуға үйрету. Ұқыптылыққа тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгіме, ойын
Сөздік жұмыс: toys, Santa Claus, a doll, a car, a ball, Teddy bear, a cat, a dog, a rabbit
Билингвалды сыңары: toys - ойыншықтар
A doll - қуыршақ
A ball - доп
Teddy - қонжық
A car - көлік
A dog - күшік
Көрнекі құралдар: ойыншықтар, глобус, қуыршақ театрынан «Эммидің» костюмі, сыныпқа арналған Алматыкітап баспасының «English» оқулығының таспасынан №3 Трэк, Сантаның қоржыны мен хат, суреттер, жаздық бас киім, көзілдірік, қолғап, қалың бас киім.-Good morning, children
Шаттық шеңбері
Балалар, бізге күн сәулесін төгіп тұр, қанекей шаттық шеңберін құрып, қолымызды жоғары көтеріп күннен жылу алайық, осы жылуды бойымызға төмен қарай береміз. Енді бір-біріміздің қолымыздан ұстап, баршамыз бірге өлең жолдарын айтайық.
-
Sit down, please!
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?
-Қыста қандай ойын ойнауға болады?
Ойын. «Артығын тап»
Шарты: Үстел үстіндегі заттардың ішінен қыс мезгілінде қолданылмайтын заттарды атап, себебін түсіндіру.
Hello, hello
How are you, how are you
Hello, hello
How are you, how are you
I am fine, I'm graet, I'm wonderfull, I'm fine6 I'm great, I'm wonderfull
Балалар сұрақтарға жауап береді. Үстел үстіндегі заттарды мезгіліне сай топтастырады.
Ұйымдастырушы-ізденушілік
Балалар қараңдаршы біздің тобымызда ойыншықтар өте көп,олар қандай әсем, әдемі ойыншықтар!?
Балалар, біздің бүгінгі оқу-іс әрекетіміздің тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Балалар біз бұл ойыншықтарды қолымызбен ұстап, сипау арқылы олардың қандай екенін білеміз.
- Ал, мынау не? (Қоян)
- Қоян қайда болады? (Орманда)
- Қоян нені жақсы көреді? (Сәбізді)
- Тақпақ айтып берші
- Ал мынау не? (Қуыршақ)
- Қуыршақ қандай? (Әдемі)
- Қуыршақты ұстап көрейікші.
Қуыршақ қандай екен? (Қатты)
- Қуыршақ туралы тақпақ айтайық
- Ал мынау не? - Доп
- Доптың пішіні қаңдай? -Дөңгелек
- Түсі қаңдай? - көк.
- Балалар, мен сендерге «Раббл» атты ойыншық күшіктің бастан кешкен оқиғаларын айтып берсем тыңдайсыңдар ма?
Ендеше, бастаймын:
«Баяғыда Эмми есімді қыздың Рабл атты күшігі болыпты. Эммиге ата-анасы көптеген ойыншықтар сыйлапты. Содан Эмми Рабблды ұмытып кетіпті. Эмми қуыршағын лақтырып, өзі алысқа басқа ойыншығын алып кетіп қалыпты. Содан Раббл үйден кетіп, жүргеннен жүре беріп, шаршап «х-х-ах-ах» деп ауыр демалып, орманға кіріп, сол орманда адасып кетіпті. Бір бұтақтың түбінде демалып отырса жылан келіпті ысылдап: «с-с-». Күшік жыланнан қашып кетіпті. Содан түн болып, Раббл ұйықтап кетіпті. Ұйықтап жатса маса келіпті. Маса ызыңдапты:
«ыз-з-з» Масаны ұшырып жіберіп ұйқысын жалғастырыпты. Раббл ұйықтаған ағашта бал бер екен. Таң ата ағашқа келген аралар балды қызғанып,
«ж-ж-ж-ж» деп Рабблды қуыпты. Осылайша таң атыпты. Раббл орманнан шығып, үлкен жолдан өтіпті. Жолда көлік көп екен. Олар: «вын-вын», «би-би-бип» деп өтіп жатады. Раббл алыстан
«Ту-ту- пыш-пыш» деген дыбыстарды естіп, сонда барады. Күшік кенеттен Эммиді көреді. Раббл мен Эмми қалай сәлемдесті?
- Hello
-Good morning!
Cөйтіп Рози Рабблдан кешірім сұрап, өзімен бірге алып кетеді...»
-Балалар ойыншықтарды жұлып, жыртып, сындырып, ұрып-соғып ойнауға болады ма?
Тосын сәт. Осы кезде есік қағылады. Санта Клаустан сыйлық және хат келеді.
Балаларға Сантаның хатын оқып беремін.
«Hello, children! How are you? I'm
Santa Claus. Сендер мені танисыңдар ма? Мен Лапландияда, өз үйімдемін (Глобустан Лапландияны көрсетемін). Сендер сияқты балаларға сыйлықтар және алыс сапарға бұғыларымды дайындап жүрмін. Сендер ойыншықтардың неден жасалатынын білесіңдер ме? Жаңа жылға аз уақыт қалды. Өз өнерлеріңді, тақпақтарыңды жаттап дайындалыңдар. Мен жіберген ойыншықтармен танысып, ағылшынша қалай аталатынын үйреніңдер.
-Кездескенше, good bye!
Сантадан келген ойыншықтарды
бір-бірден ағылшынша атап балаларға көрсетемін. Repeat please. (Әр сөзді 3-4 рет қайталату)
Teddy bear - қонжық
It's а cat - марғау
It's а dog - күшік
It's а doll - қуыршақ
It's a car - көлік
It's a rabbit - көжек
-Дұрыс!Good.
-Мынау көжек пе (қуыршақ, көлік, күшік, қонжық?
-Иә!
Is it a rabbit (a doll, a car, Teddy bear)?
-Yes, it is.
-What is this? Is it a cat?
-No!
-It is a dog.
Дидактикалық ойын: «That is missing»
Үстел үстіне Сантадан келген ойыншықтарды орналастырамын.
Балаларға «Sleep» және «Open your eyes» деп бұйырамын. Сосын «What is missing?» сұрағын қоямын. Балалар жоғалған ойыншықты тауып, атайды.
-Балалар, ойыншықтардың сендермен ойнағысы келіп тұр. Ойнамыз ба?
-It's a doll, it's a car and what?Не жоғалды?
-That's right! Very good!
-It's a ball, it's a doll, and what? Very good!
Сергіту сәті
Teddy bear turn around
Teddy bear touch the ground
Teddy bear, teddy bear, jump up high
Teddy bear, teddy bear, touch the sky.
Teddy bear, teddy bear, touch your toes,
Teddy bear nod you head
Close your eyes and go to bed.
Дидактикалық ойын «Текше»
Текшенің алты қырында алты ойыншықтың суреті бар. Бала кезекпен лақтырғанда, текшені жоғары бетіне қандай ойыншықтың суреті түссе, сол ойыншықтың ағылшынша атауы аталады.
Дидактикалық ойын «Board race»
Тақтаға екі қатар карточкалар ілінеді. Екі топқа ағылшынша ойыншық атауын айтамын. Қай топтың балалары карточкаларды дұрыс атаса, көп ұпай жинап жеңіске жетеді.
Балалар назарларын топтағы ойыншықтарға аударады.
-
Ойыншықтар
-Иә
Ойыншық күшікке, қуыршақ костюміне, олардың қимылына зейін қойып, оқиға желісін мұқият тыңдайды.
«х-х-ах-ах»
бірге күрсінеді
-«с-с-с»
«ыз-з-ызз»
«ж-жж-ж»
«вын-вын», «би-биип»
«ту-ту- пыш-пышш»
- Hello
-Good morning!
-Болмайды
Балалар қызығушылық танытып, хатты тыңдайды, әрі қандай сыйлық беріп жіберегенін білуге асығады.
Глобустан Лапландияны қарайды.
Келген ойыншықтарды жеке, жұппен, топпен 3-4 рет қайталайды.
Teddy bear - қонжық
а cat - марғау
а dog - күшік
а doll - қуыршақ
a car - көлік
a rabbit - көжек
-Иә! Көжек...
Педагогпен бірге:
-Yes, it is.
-No!
- a dog.
Балалар «sleep» cөзін естігенде көздерін жұмып, "Open your eyes" сөздерін естігенде көздерін ашады. Ойын шартына сай ойнайды.
-Ойнаймыз.
Жоғалған ойыншықты ағылшынша атайды.
Өлең жолдарына сәйкес қимыл-қозғалыстарды орындайды: айналады, қолдарын жоғары созады,
жоғары секіреді және бастарын изеп, көздерін жұмып, ұйықтайды.
Текшені лақтырады. Жоғары бетімен түскен суретте көрсетілген ойыншықты атайды.
Ойын шартына сәйкес ойнап, ұпай жинап жарысады.
Рефлексивті-түзетушілік
Ал енді қолдарыңдағы ойыншықтарды қайтадан қорапқа салып қояйық. Егер ойыншықтарды орнына қоймасақ, оларды жоғалтып алармыз. Тек қорапқа салғанда олардың атын атап отырайық.
- Very good!
- Балалар бүгін біз не істедік?
- Кімнен хат келді?
- Қандай ойын ойнадық?
- Сендерге ұнады ма?
-Бүгінгі оқу іс-әрекетінде өздеріңнің ақылды екендеріңді білдім. Барлығымызға, Санта клаусқа рахмет!
- Good bye!
Балалар қорапқа
қолдарындағы ойыншықтары ның атын атап отырып салады: It's a doll, It's a ball, It's a car
Балалар сұрақтарға жауап береді, өз ойларымен бөліседі.
Рахмет!
Thank you!
Good bye!
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек:
Ойыншықтардың атауын ана тілінде біледі. Cанта Клаусты таниды.
Нені игереді:
Ағылшын тілінде ойыншықтардың атауын: а doll, а ball, а car, teddy bear үйренуі қажет.
Нені біледі:
Ойыншықтарды мұқият, таза ұстау маңыздылығын түсінеді
Әдіскер: Г.А.Бекжигитова