7


Урок для 4 класса

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Открытый урок приуроченный к празднику «Наурыз» был проведен в 4 классе на тему «Үй жануарлары». Урок был начат с орг. момента. Ученики разделены на группы. Урок начали с круга радости для создания благоприятной атмосферы-дети говорили слова пожелания. Затем учитель озву
предварительный просмотр материала

1. Пән аты: Қазақ тілі.

2. Сыныбы: 4

3. Күні, айы, жылы: 13.03.2014

4. Тоқсан: III

5. Мұғалім: Исина Гульжамила Каримжановна

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту, жануарлар туралы алған білімдерін толықтыру.Етістіктің шақтарын еске түсірту, меңгерту

  2. Тәрбиелік: Оқушыларды сабақта қолданылған материалдар арқылы адамгершілікке, ізгілікке баулу, табиғатқа қамқор болуға, сүюге тәрбиелеу. Қазақ тіліне деген қызығушылықты арттыру.

  3. Дамытушылық: Оқушылардың өз беттерінше жұмыс дағдыларын дамыту, ауызша сөйлеу мәдениеті және жазбаша сауатын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, жаттығу, ассоциация, топтау, тест сауалдары

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа байланысты дидактикалық материал

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

-Сәлеметсіздер ме оқушылар, қонақтар. Алдымен бүгінгі сабаққа кім қатыспағанын тексеріп алайық. Көңіл- күйлерің қалай? Қане, сабағымызды жақсы тілектермен бастаймыз. (топтағы оқушылар тұрып, қол ұстасады)

Бәріміз бір топпыз,

Жалқаулыққа жоқпыз.

Аянбай еңбек етеміз,

Мұратымызға жетеміз.

Бір- бірімізге сүйеуміз,

Бір- бірімізге тірекпіз.

Ал енді орындарыңа отырып, алдарыңдағы жүрекшелерді жақсы тілектермен бір- біріңе тарту етіңдер. Тамаша.

А) Оқушылардың назарын сабаққа аудару сауалдары:

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Жан- жануарларда қандай өзгерістер бар?

Б) Енді сабаққа көшеміз. Қазір қай модуль тақырыбын өтіп жатырмыз? Ал грамматикадан ше? Үйге қай тапсырма берілген еді?

Үй тапсырмасын тексеру.

І І Жаңа сабаққа дайындық

Балалар, үй тапсырмасын ойдағыдай орындап келіпсіңдер. Ал осы көктем мезгілі сендерге ұнайды ма? Әрине, көктем мезгілі адамдарға да, жан -жануарларға да қуаныш сыйлайды. Сонымен қатар көктемде мерекелер де көп. Қандай мерекелерді білесіңдер? Иә, 8-наурыз - Аналар мерекесі, 22-наурыз - Жаңа жыл. Наурызда күн мен түн теңеледі. Адамдар бір -біріне «Ақ мол болсын!» деген тілектер айтады. Ақ нені білдіреді? Дұрыс, бұл - сүт өнімдері. Сүтті қайдан аламыз? Сиырдан. Көктемде мал төлдейді. Қой, ешкі, бие де сүт береді.

Қазір оқушылардың үй тапсырмасына дайындап келген өлеңдерін тыңдай отырып, слайдтарда үй жануарларын көреміз. Мал атауларын, төлдерін айтады.

І І І Жаңа сабақ: Балалар, слайдтағы жануарларды көрдіңдер, оқушылардың дайындаған өлеңдерін тыңдадыңдар. Сонымен жаңа сабақ тақырыбы қалай екен? Иә, үй жануарлары. Үй жануарлары дегенде көз алдарыңа не келеді? Үй жануарлары ...

Мәтінмен жұмыс. Осы тақырып мәтінін меңгеру үшін қандай жұмыстар жасаймыз деп ойлайсыңдар?

1.Сөздігімен танысамыз. Сөздіктегі етістіктерді етістіктіктің үш шағында үш топ жіктейді.

2.Мәнерлеп оқып, аударамыз. Мәтінге ат қоямыз

3. Топтар мәтінге сұрақ дайындайды. Топтар сұрақтарымен өзара диалогқа түседі.

4.Дәптермен жұмыс. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, тақырып атауын жазып қоясыңдар. Ең тамаша топ сұрағын тақтадан көшіреміз


І V Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру:


  1. Тапсырма Мәтін мазмұнын айтып беру

2. Енді өткен сабақ материалы мен осы сабақ материалын топтастырыңдар, яғни 1-бағанға түз жануарларын, 2-бағанға үй жануарларын жазыңдар (топтық жұмыс).

V Сабақты қорыту:


Сонымен, балалар, бүгінгі танысқан тақырыбымыз

Үй жануарларына нелер жатады екен?

Төлдерін атаңдар

Қазақ тілінде жан-жануарларға қандай сұрақ қойылады?

Ал орыс тілінде ше?

Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?

Олардың бізге беретін пайдасы?

Жаңа тақырып бойынша сұрақтарың бар ма?


Бағалау.

VІ І Үй тапсырмасын беру:

  1. Мәтін мазмұны немесе диалог.Сөздік жаттау

  2. 2.Етістік шақтарын қайталау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал