7


  • Учителю
  • Поурочный план по казахскому языку на тему Ыбырай Алтынсарин (10 сынып)

Поурочный план по казахскому языку на тему Ыбырай Алтынсарин (10 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары.





Пән: қазақ тілі . мерзімі:

Сынып : 10 "А"

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин "Өнер -білім бар жұрттар" өлеңі Сабақтыңмақсаты: Білімділік: "Өнер -білім бар жұрттар" өлеңін қазіргі замандағы өркениет жетістіктерімен байланыстыру,өлеңнің негізгі тақырыбын ашу.

Дамытушылық:жаңа сөздерді өмірде орынды қолдана алу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: білімді,өнерлі адамдарға деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: саралау,салыстыру,баяндау ,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті, шығармалары ,тірек сызба

кластерлер

Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті,тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.1.Оқушылармен сәлемдесу. 1.2.Оқушыларды түгендеу. 1.3.Оқушылармен сөйлесу 1.4. Оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру.





ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 2.1.Мәтінді әңгімелеу. 2.2. Мәтін бойынша сұрақтар дайындау .

ІІІ. Өткен сабақты жан-жақты бекіту

ІV. Жаңа сабаққа кіріспе:

Сабақтың тақырыбымен таныстыру: Ыбырай Алтынсарин "Өнер -білім бар жұрттар" өлеңі Мақсаты: Сабақтың мақсатын қою: оқушылардың сөздік қорын байыту, жазу машықтығын арттыру, сауатты сөйлеуге баулу;

Ү. Жаңа сабақ кезеңі: 5 .1.Ыбырай Алтынсарин шығармашылығына арналған кластер құрастыру.

Кластер негізінде жауап беру.

5.2 . "Өнер -білім бар жұрттар" өлеңі мазмұнымен жұмыс. А. Өлеңді мәнерлеп оқу. Ә. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтау. Б) Ыбырай заманындағы өнерлі,білімді жұрттардың жетістіктерін қазіргі заман жетістіктерімен салыстыру.Өлең жолдарын қазіргі уақытпен байланыстыру. Айшылық алыс жерлерден

Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам алғызды.



Аты жоқ құр арбаны,

Мың шақырым жерлерге ,

Күн жарымда барғызды.



Адамды құстай ұшырды,

Мал істейтін жұмысты,

От пен суға түсірді.



Отынсыз тамақ пісірді,

Сусыздан сусын ішірді



6.1 "Мені түсін" ойынын өткізу.

1."Өнер -білім бар жұрттар" өлеңінің шумақтарын оқып,түйінді сөздерін дәптерлеріне жазу.

2. Өлең жолдарынан синоним мен антонимдерді табу

3.Ойын арқылы жекелеген сөздердің мағанасын ашу.

7.Сабақты қорытындылау :

Ы.Алтынсарин мен Ш.Уәлихановтың көзқарастарының ,өмір жолдарының ,шығармашылықтарының ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы кестені толтыру.

8. Бақылау және өзін өзі бақылау

9. Үй тапсырмасы: ."Өнер -білім бар жұрттар" өлеңін жаттау 9.2Өз қалаулары бойынша әңгімелерін мазмұндау.

10. Сабақтың бағалау кезеңі:

(ынталандыру, мадақтау, ескерту т.б.)





11. Рефлекция кезеңі :

Сабақтан алған әсерлері туралы ой бөлісу .Қазіргі кездегі өнер мен білімнің дамуы,оның өмірдегі орны туралы ойларын білдіру .











































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал