- Учителю
- Учебно-методическое пособие по проверке ЗУН 'Лексико-грамматические задания для учащихся 7 класса'
Учебно-методическое пособие по проверке ЗУН 'Лексико-грамматические задания для учащихся 7 класса'
«Таран ауданы білім беру бөлімінің
Береговой орта мектебі» КММ
КГУ «Береговая средняя школа отдела
образования акимата Тарановского района»
Қазақ тілінен
7 сыныпқа құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар.
/жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал/
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Әлжанова Р.С.
ІІ біліктілік санаты
Береговой селосы
2014 жыл
ТҮСІНІК ХАТ
7 сыныпқа арналған тапсырмалар авторлары Т. Артықова, Г. Ермекбаева /«Атамұра» 2012/ жыл «Қазақ тілі» 7 сынып оқулығы негізінде құрастырылған.
Тапсырманың мақсаты оқушының коммуникативтік компетенцияларын бағалауға, білімдерін, икемділігі мен дағдыларын тексеруге бағытталған.
-
Тест тапсырмасы төрт бөліктен тұрады: тыңдалым, лексико-грамматикалық бөлік, оқылым.
І бөлік
Тыңдалым - Шағын және ұзақ мәтінде және есту арқылы түсінгенін анықтауға арналған тапсырмалар; осы бөлікке 2 мәтінді тыңдау және 7 тест тапсырманы орындау енеді. Мәтінді екі рет тыңдалады, әр мәтінді оқығаннан кейін ұсынылған бес тест тапсырмасын орындауға уақыт беріледі.
ІІ бөлік
Лексико-грамматикалық тест - Грамматиканы, лексиканы пайдалана білетіндігін анықтауға арналған тест; 15 тест тапсырмадан тұрады.
ІІІ бөлік
Оқылым - Алуан мазмұнды, түрлі стильді мәтіндер мен соларды оқу барысында түсінгенін тексеруге арналған тапсырмалар; осы бөлікке 2 мәтін және 8 тест сұрағы енеді. Мәтінді оқып болған соң тест тапсырмасын орындауға уақыт беріледі.
-
Әр тапсырма ұсынылған 5 нұсқадан бір дұрыс жауапты таңдаудан тұрады.
-
Тест тапсырмалары 3 қиындық деңгейден құрылған. А - жеңіл, B - орташа, С - қиын.
-
Әдістемелік құралдың соңғы бөлігінде тест жауаптары ұсынылған.
І. Сөйлеу жаттығулары
Тәжірибе барысында сөйлеу жаттығуларының төмендегідей түрлерін қолдандық:
1. Тірек сызбалар арқылы ауызша мәтін құрау;
2. Тірек сөздерге сүйене отырып өз мәтінін құрау;
3. Мәтінді өзгертіп әңгімелеу;
4. Берілген жоспар бойынша ауызша әңгіме құрау
5. Кестелерде берілген мәліметтер бойынша ауызша мәтін құрау;
6. Диалогтарды толықтыру;
7. Берілген диаграммаға сүйене отырып, өз мәтінін құрау;
8. Берілген жағдаяттық тапсырмаға сәйкес әңгіме құрау;
9. Сурет бойынша әңгіме құрау;
10. Берілген сұрақтарға жауап беру.
Сөйлеу жаттығуларының аталған түрлеріне сәйкес бірнеше мысалдар ұсынамыз:
1. Тірек сөздерге сүйене отырып өз мәтінін құрау жаттығуы
1.1.Сын есімдерді пайдаланып, қатар отырған екі көрші бір-біріңізді сипаттаңыздар
Сипаттайтын ерекшеліктер: Түрі, бет-әлпеті, бойы, шашы, көзі, киімі, өнері, мінезі, қызметі, білімі, қасиеттері, артықшылығы т.б. Тірек сызбалар арқылы ауызша мәтін құрау жаттығуы.
Төмендегі одағай сөздерді пайдаланып, мәтін құра. Сипаттайтын ерекшеліктері: эмоциялық жақтарын көрсету.
1.2. Төмендегі сызбаны тірек ете отырып, жаңа заман жастары жайлы өз ойыңызды айтыңыз: 21 ғасыр оқушысы
1.3. Төмендегі сызбаны тірек ете отырып, адам өмірі жайлы өз ойыңызды айтыңыз:
1 жас 20 жас 40 жас 70 жас 90 жас
1.4. «Мен оқушымын».Тапсырма: Берілген сөздерді, суреттерді қарап, пайдалана отырып, осы тақырыпқа лайықтысын таңда, «Мен оқушымын» тақырыбына өзің туралы айтып бер.
Сөйлеу жаттығуының бұл түрінде оқушылар алдына тірек сөздер мен суреттер беріледі. Берілген тірек сөздер мен суреттер арасында тақырыпқа сай келетіндері де ( сынақ кітапшасы, жатақана, ғимарат т.б.), тақырыпқа сай келмейтіндері де беріледі (гүл, қуыршақ, кілт, жол т.б). Мақсаты: Сөйлеу жаттығуына қатысушы қажетті сөздер мен суретті таңдай отырып, өз ойын ауызша жеткізеді.
Нәтиже: Үйренуші алдымен түсіне отырып, тек өзіне қажетті сөздерді ғана таңдап алады, содан соң ойын бірден ауызша жүйелеп жеткізуге тырысады.
1.5. «Менің досым»
Тапсырма: Бірге оқитын досыңның бейнесін сипаттап, оған мінездеме бер. Досыңның тек атын айтуға болмайды. Оның есімін басқа қатысушылар табуы керек.
Мақсаты: Берілген тапсырма сын есім, тәуелдік жалғауы грамматикалық тақырыптары мен менің досым тақырыбын қайталау, тақырыпты қаншалықты меңгергенін бағалау.
Нәтиже: Оқушылар өз досының бейнесін, мінезін дәл берген жағдайда қатысушылар оны анықтай алады.
2. Мәтінді өзгертіп әңгімелеу жаттығуы
2.2. Үзіндіні оқып, Жандостың қандай оқушы екенін айтыңыз:
- Жандос таңертең анасының еркелетуімен ұйқысынан әрең оянады;
- Асықпай баптанып отырып таңғы асын ішеді;
- Анасы дайындап қойған киімдерін киіп, бүгін болатын сабақ кестесіне таңдана қарайды;
- Бөлмесін бәрін қопарып дәптерлерін әрең табады;
- Сабағына кешігіп келеді;
- Мұғаліміне неге кешіккедігі жайлы өтірігін айта бастайды;
- Басқа оқушылар сабақ айта бастағанда ол аяқ астынан ауырып қалады;
- Сабақ арасындағы үзілісте басқа оқушылармен көр мәзірге дауласа кетеді;
- Ұжымдық жұмыстарға қатыспайды;
- Сабақтары бітер бітпестен үйіне асығады;
- Үйіне келіп анасына қалай сабақ оқығандығы туралы мақтанып, шаршап келгенін айтады;
- Етке тойып алып, теледидардан фильмдер көріп жатқанды ұнатады;
- Анасы дүкенге жіберсе шаршап, ауырып жатқанын айтады;
- Кешке жолдастарымен көшге қыдыруға кетеді;
- Таң ата келіп, ұйқысына батады.
немесе
2.3. Үзіндіні оқыңыз және Асанның қандай қызметші екенін айтыңыз:
- Асан таңертең ұйқысынан әрең оянады;
- Асықпай баптанып отырып таңғы асын ішеді;
- Әйелі дайындап қойған киімдерін киіп, портфелін алып, талтаңдай басып жұмысына кетеді;
- Жұмысына кешігіп келеді;
- Бастығының алдында құрдай жорғалайды;
- Мәселенің мән-жайына бармастан әріптестерімен дауласа кетеді;
- Есепті уақытында өткізбейді;
- Жұмыс үстелін, құжат папкаларын ретсіздік жайлаған;
- Жиналыстарда ұйықтап отырады;
- Кешке елден бұрын үйіне асығады;
Үйінде етке тойып алып, теледидардан фильмдер көріп жатқанды ұнатады.
3. Берілген жоспар бойынша ауызша әңгіме құрау жаттығуы
3.1. Жоспарға сүйене отырып, өз мәтініңізді құрастырыңыз.
1. Менің қанша замандасым бар
2. Замандастарымның бойындағы жақсы және жаман қасиеттері.
3. Жаман қасиеттерден арылуы үшін мен қандай әрекеттерге бардым.
4. «Қазіргі заман жастары қандай болу керек» менің пікірім.
1. Мен өз мамандығымды неге таңдадым?
2. Болашақ жұмысымның артықшылықтары мен кемшіліктері.
3. Өз жұмысыма қатысты болашақ жоспарларым.
5. Кестелерде берілген мәліметтер бойынша ауызша мәтін құрау жаттығуы
3.2. Лабиринт (кесте бойынша мәтін құра)
Тапсырма: Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс пайдалана отырып, кестедегі сөздермен шағын ауызша мәтін құра.
Мақсаты: Сөздердің мағынасын бірден түсінуге дағдыландыру, сөйлемдегі орын тәртібін тәжербиеде дұрыс қолдана білуге үйрету.
Өтілген материалдар: зат есім, сын есім. сан есім, етістік, үстеу, т.б.
Нәтиже: Оқушы сөз мағынасын ұығынып, сөйлемді дұрыс құрайды. Шағын мәтінді әңгімелеп береді.
Етістік Зат есім Сын есім Сан есім Үстеу
Демалды Курс әдемі 20 Күзде
Оқиды әжесі дарынды 2 Жазда
Барады Жаста Озат Бірінші Көктемде
Жақсы Оқушы Қарт ауылда
Көреді Гүлім шешен
4. Диалогтарды толықтыру жаттығуы
4.1. «Сұхбат»
Сіздердің оқу орындарыңызға «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының журналисі келді. Ол оқушылардан сұхбат алуда. Осы сұхбатты толықтырыңыз.
- Кешiрiңiз, бiлуге бола ма, нешінші сыныпта оқисыз?
- ..............................................................................................................
- Мектебіңіз ұнай ма?
- ...............................................................................................................
- Ұлтыңыз кім?
- ...............................................................................................................
- Осы мектепті не үшін таңдадыңыз?
- ...............................................................................................................
- Болашаққа деген жоспарыңыз
- ...............................................................................................................
- Өз еліңіздің өркендеуіне қандай үлес қостыңыз және қоспақсыз?
- ...............................................................................................................
- Сұхбатқа қатысқаныңыз үшін рахмет!
- ...............................................................................................................
5. Берілген диаграммаға сүйене отырып, өз мәтінін құрау жаттығуы
Сіз Өскемен қаласында оқисыз, туған ауылыңызды сағынасыз. Бірге оқитын жолдастаныңызға өз ауылыңыз туралы айтып беріңіз немесе ауылдағы құрдастарыңызға Өскемен қаласы туралы тірек диаграмманы пайдалана отырып, айтып беріңіз.
6. Берілген жағдаяттық тапсырмаға сәйкес әңгіме құрау жаттығуы
Сіз оқушылар арсындағы мемелекеттік олипиадаға қатысу үшін Алматы қаласына бардыңыз. сіздерді қаланың дәл орталығындағы бір қонақжайға орналастырды. Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген оқушы жастары да сонда орналасты. Кешке барлықтарыңыз бірге тамақтанып, өз қалаң, оқу орның туралы сыр шертіп, мақтан тұтып әңгімелесіздер. Сіз өз қалаңыз оқу орныңыз туралы не айтар едіңіз?
Сіз бір күн жұмысқа келмей қалдыңыз. Бір күнде басыңыздан өткен тап бір голливуд фильмдеріндегідей шытырман оқиғаларға сан жетпейді. Тіпті бастығыңызға телефон шалып, келе алмайтыныңызды хабарлауға да уақыт болмады. Бастығыңыз өте қатал, алайда өте әңгімешіл адам. Ол не болғанын түгелдей білгісі келеді. Таңертеңнен бастап, кешке дейін әр сағатта не болғанын әңгімелеп, бастығыңызды сендіруге тырысыңыз.
7. Сурет бойынша әңгіме құрау, сипаттау жаттығуы
7.1. Алдымен балаға ат қой, ол қайда барады, не істеді, ол қалай киінген? т.б. Баланың суреті беріледі.
Мақсаты: тіл үйренуші күн тәртібі тақырыбын пайдаланып сурет бойынша ауызша шағын әңгіме құрауы керек.
Өтілген материал: Зат есім, сын есім, етістік, күн тәртібі мен уақыт лексика-грамматикалық тақырыптары.
Нәтиже: Оқушылар сурет желісі бойынша жүйелі түрде сөйлем құрай отырып, өз бетінше ауызша шағын әңгіме құрап, әңгімелеп береді.
7.2. Туыстарыңыздың, дос, жолдас, жақындарыңыздың фотосуреттерін алып келіп, олар жайында әңгіме айтып беріңіз.
7.3. Берілген суретке қарап отырып мектебің туралы әңгімелеп бер.
7.4. «Ара» сөзін анықта. Тапсырма:Берілген сурет бойынша сөздің мағынасын ажыратып, мазмұны түсінікті болу үшін сөйлем құра.
Бұл тапсырма түрінде оқушылар алдына екі түрлі сурет беріледі, бірінде ұшатын бал ара бейнеленсе, екіншісінде ағаш кесетін араның суреті беріледі. Жатығудың мақсат: Омоним сөдердің жазылуы бірдей болғанымен мағынасы әр түрлі болатынын, сөздің мағынасын ашу үшін сөйлем құрату арқылы дәлелдету.
Нәтиже: Осындай суреттер арқылы грамматикалық және лексикалық тақырып бойынга өтілген материалды пысықтап, сабақ соңындағы бекіту сәттерінде ауызша жұмыс жасатуға болады.
7.5. Төмендегі суретке қарап, қалаңның табиғаты туралы сипаттап бер.
7.6. Туыстарыңыздың, дос, жолдас, жақындарыңыздың фотосуреттерін алып келіп, олар жайында әңгіме айтып беріңіз.
8.. Берілген сұрақтарға жауап беру жаттығуы
8.1. Төмендегі сұрақтарға сүйене отырып, «Менің өмірбаяным» атты сұхбат құрыңыз.
- Сен қай қай жылы туылдың?
- Қай жерде туылдың?
- Отбасыңда неше адамсыңдар?
- Ата-анаңнаң есімдері?
- Нешінші жылы және қандай балабақшаға бардың?
- Бірінші сыныпқа қашан және қай мектепке бардың?
- Оны қашан және қалай аяқтадың?
- Мектептегі жолдастарыңмен қарым-қатынасың қандай?
- Қай ЖОО - да оқисың?
- Неге осы оқу орнын және мамандықты таңдадың?
- Болашаққа деген жоспарларың?
- Осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктерің қандай?
отырып, өз бетінше ауызша шағын әңгіме құрап, әңгімелеп береді.
- «Өзім туралы мәлімет»
8.2.Блиц-сұрақтар
1. Атың кім?
2. Неше жастасың?
3. Қай көшеде тұрасың?
4. Үйдің номері неше?
5. Пәтерің неше бөлмелі?
6. Өз бөлмең бар ма?
7. Бөлмеңде не бар?
8. Бөлмедегі ең ұнататын зат қай зат?
9. Оны саған кім сыйлады?
10. Сүйікті затыңдыдосыңа сыйлайсың ба?
11. Неліктен?
Бұндай сұрақтарды мұғалім өзінің өнертапқыштығына байланысты кез келген тақырыпта ойлап табуға болады. Бірақ тапсырманы міндетті түрде оңайдан күрделіге көшу әдісімен орындату қажет.
Мақсаты: Осы секілді жедел сұрақтар қою арқылы оқушыларды тез арада жауап беріп, ойын жүйелеп, нақты жауап беруге, бастысы ауызша сөйлеуге бағыт беру. Жеңіл сұрақтардан күрделі сұрақтарға көшу арқылы оқушылардың бойында өзіне деген сенімділікті туғызу, тілді үйренуге талпындыру.
Нәтиже: Оқушы бұл секілді тосын сұрақтарға жауап бере отырып, еріксіз, қызыға тапсырманы орындауға белсене кірісіп кеткенін байқамай да қалады. Оңайдан күрделіге көшу әдісі арқылы ол өзінің әр жауабына марқайып, одан әрі жауап беруге құлшысы артады.
Әдеп.
Әдепке тәрбиелеу негiзiнен отбасынан басталады. Жағымды дәстүр, үлкендәрдiң үлгі-өнегесі әдетке, дағдыға айналады. Мысалы: сауап, кecip, обал, ысырап - күнделiктi тәрбиеде қолданылатын ереже.
Сауап - басқаға жақсылық істеу, табиғатқа қамқорлық жасау. Kecip - қалыптан тыс анайы, тәріc әрекет, ақымақтықтың көpініci.
Обал - жақсы нәpceнiң қадiр-қасиетiн бiлу, аяққа баспа, тастама деген ұғымды бiлдiредi.
Ысырап - әр заттың құнын, бағасын бiлмей, босқа шашуды бiлдiретiн ұғым.
Әдеп сақтау - этикет, яғни мiнез-құлық пен қарым-қатынастың қалыптасқан халықтың ережесi. Ол ереже бұзылса, халықтық дәстүрi де бұзылады. Ал оны сақтау, құрметтеу, қастерлеу адамгершiлiк борышты өтеу болып табылады.
(3. Ш. Әрназарова т.б. «Елтану» оқу құралынан)
Тiлашар.
Бебек 4-5 айлығында алғашқы дыбыстар шығара бастайды. Дәл осы шағында ата-ана мiндетi - осы дыбыстарды бөпесімен қосыла әрiнбей-жалықпай қайталап отыру. Бүлдiршiннiң тiлi жеке-жеке сөздердi айтуға икемделе бастаған кезде тiлi тез шығу үшін қазақ халқы дестүрлi «тiлашар тойы» ырымын жасайды. Мал сойылып, шешен ақсақал қариялар арнайы шақырылады.
Ана тiлiнiң бар байлығын толық меңгеру үшін арбiр жаңадан таныстырылатын заттардың түci түстелiп, аты аталады.
Ата-анасы баласын алдына алып отырып, бес саусарын түгел атап шығады: бас бармақ, сұқ саусақ, ортаңғы саусақ, аты жоқ саусақ, шынашақ.
Бұдан соң қабылдауғa жеңiл болу үшін әрқайсысына ат қойып жаттатады: басбармақ, балан үйрек, ортан тәрек, шылдыр шүмек, кiшкене бөбек. Осы айтылғандарды баланың өзiне қайталатады.
(«Жаңғырған салт-дәстүрләр» кітабынан)
Менiң жазғы демалысым.
Жаз мезгiлiн бала атаулының бәрi де ерекше күтеді. Нағыз демалыс жазда болады. Сондықтан балалар бұл уақытты ерекше өткiзгiсi келедi. Балалар жазда түрлiше демалады. Бiрi жазғы лагерьлерде демалса, ендi бiрi ауылдағы ата-әжелерiнің сағынышын басып қайтады. Кейбiрi ата-аналарымен қалаларды аралап, шет елдерге де қыдырады. Мезгiлдiң бұл маусымы бой жазып, epкін тынығуға әбден қолайлы. Сондықтан жаз мезгiлi балалар үшін ерекше мезгiл болып табылады.
Сыйлық жасау дәстүрінің тарихы.
Сыйлықтың тарихы бiрнеше мыңжылдықтарды қамтиды. Көптеген ғасырлар бойы адамдар көңiлдiң, сыйласымдық пен достықтың белгiсi ретiңде бiр-бiрлерiне сыйлықтар сыйлаған.
Этикет формалары орта ғасырларда қалыптасқан. Сыйлықтармен алмасу қоғам өмірінде маңызды рөл атқарды. Үйлену, еске алу, қонаққа бару және басқада маңызды оқиралар сыйлық сыйлаумен өткiзілетiн болған. Сыйлықтың тарихы 2000 жыл бұрын бастау алған.
Сыйлықты таңдау кезiнде көңіл аударарлық жай оның бағасы болып саналады. Қымбат сыйлықпен адамды ыңғайсыз жағдайға қалдыруын мүмкiн eкeндiгiн есте сақтаған жөн. Соған байланысты кейбiр елдерде сыйлықтың бағасы бiр сомадан аспауы керек екен. Бұл әcipece АҚШ-та маңызды рөл атқарады. Тiптi Л. Джонсон президент билiгi кезінде «Қызметкерлердiң этикалық кодексi» қабылдаңды. Кодекс регламентi бойынша қызметшiге сыйлаған сыйлықтық бағасы отаңдастар үшін 20 доллардан, ал шетелдiктер үшін 225 доллардан аспауы керек.
(Этикеттің кіші энциклопедиясы)
Ұмытылмас демалыс.
Жазғы демалыс кезiнде казiр түрлi бағдарламалар бойынша шетелге барып қайту кeңiнeн таралып жүр. Мектептер негiзiнен ауызекi тiлдi жетiлдiруге арналған әр түрлі бағдарламаларды ұсынады. Бағдарламаға сол баратын елдiң дәстүрiмен танысып, оның ерекшелiктерін сезiнуге болатын саяхаттар мен қызықты iс-шаралар қамтылады. Қалауыңыз бойынша мектептің резиденңиясында тұруды немесе отбасында тұруды таңдап алуыңызға болады. Отбасында тұрудың артықшылықтары көп, өйткенi толығымен тiлдiк ортаға енуге мүмкіндік бередi.
Демалысқа арналған курстар тек тiл бойынша курстарға ғана емес, сонымен қатар саяхаттық мәдени жене спорттық ic-шағаларға толы. Балалар мен ересектерге арналған ең танымал жазғы демалысқа арналған бағдарлама - бұл «Оқу жене демалыс». Ол бағдарлама сабақ пен бос уақытты қолайлы түрде ұйымдастырған. Мектеп күнделiктi әр түрлі спорттық iс-шаралар мен жарыстар, саяхаттар, ойын-сауық шоулары мен сайыстар, шығармашылық сабақтар ұйымдастырады.
Сұлу, әдемі музыка.
... Ертеде қалмақтардың жаугершiлiк заманында қалмақтар қaзaқ ауылдарына шабуыл жасап, адамдарын тұтқындап, малдарын айдап кетiптi. Сол тұтқынның iшiнде жылқышы Саймақ та бар екен. Қалмақ елiнде Саймақ үш жыл тұтқында болып, олардың малын бағады.
Бiр күнi қалмақтың ханы үлкен той жасап, елдегi барлық өнерпаздарды жинайды. Той қызып, әншілер, жыршылар, күйшiлер өз бiлгендерiн сыншыға сынатып, алдынан өтiп жатқанда, орда сыртынан сайраған сыбызғының үнi естiледi. Хан да, сыншылар да, халық та естiлген сыбызғы үніне таңырқай құлақ түріп қалады.
Хан уәзіріне:
-Бұл кім болды екен? Барып бiл де, осында алып кел! - дейді ... Саймақ сыбызғымен бір күйді тартқанда, халық ұйып тыңдайды.
Ол сыбызғыны той бiткенше тартады. Халық Саймаққа риза болып, алғысын айтыпты. Хан да Саймақтың өнеріне бас иiп:
- Сен өнерің бар адам екенсің, мұнан былай мeнiң құлдығымда жүрмей-ақ қой, елiңе барып өнеріңдi шында, рұқсат етемін, - дептi.
(Т.Мерғалиев. «Домбыра сазы» жинағы)
Азиада - 2011.
2011 жылдың 30 қаңтар мен 6 ақпан күндері Астана мен Алматы қалаларында өткен 7 -шi Қысқы Азиада ойындарын өткізуге Қытай, Жапония жене Оңтүстiк Корея сынды Азия елдерiнен кейiн Қазақстан ғана ие болды. Отызға жуық ел бас қосты. 7-шi Қысқы Азия ойындарында алғаш рет Алау эстафетасы ұйымдастырылып, Олимпиада бардарламасына сәйкестендiрiлiп жасалды. Тағы бiр ерекшелiгi - 7-шi Қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты. Ашылу салтанатына арналған бағдарламаға қазақстандық тарихшылар, музыканттар, әдебиетшiлер мен мәдениеттанушылар, кәсiби apтicтep қатысты. Астана мен Алматы қалаларында алауы тұтанған 7-шi Қысқы Азия ойындарының, бiрiншi күні-ақ қазақстандықтарға зор қуаныш пен шаттық сыйлады.
Қазақстан құрамасы Қоржынына 32 алтын, 21 күміс жене 17 қола медаль салып, бүкiл әлемге Отанымызды танытты.
Күй аңыздары.
Күй аңыздарын үш арнаға бөліп қарастыруға болады. Біріншісі халық күйлерiнiң күй аңызы. Екiншici - халық композиторлары шығарған күйлердiң аңыз-әңгімесі. Үшіншiсi - бүгiнгi күйшi-композиторларымыз шығарған күйлердiң аңызы.
Халық күйлерiнiң аңызының шығарушысы белгiсiз, бiрақ: уақыттың жаңартып - жаңғыртуынан өткен, талай ұрпақтық талғам сүзгiсiнен шыққан күй аңыздары жатады. Халық күйлерiнiң аңыз-әңгiмесi көбiне тарихи оқиғалар, қиял -ғажайып аңыздар, жан-жануарлардың қасиеттерi арқау болады. Мысалы: «Қара жорға», «Сырым сазы», «Аққу», т.б.
Халық композиторлары күйлерiнiң аңызына шығарушысы белгiлi күйлердiң аңыз-әңгімесі жатады. Мұндағы басты ерекшелiк күйдiң өзi де, аңызы да сол күйдi шығарушының өмірімен тiкелей байланыста дүниеге келiп отырады. Мысалы: Құрманғазының «Кісен ашқаны», Теттiмбеттiң «Саржайлауы».
Қазiргi күйшi -композиторлар шығарған күйлердiң аңыз еңгiмесi де кебiнесе автордың өмipiмeн, әсер-сезiмiмен астасып жатады. Қазiргi күйшi - композиторлар шығарған күйлердiң тақырыбы, аңыз-әңгiмесi көбiнесе бүгiнгi күннiң елеулi оқиғаларына арналып отырады. Мысалы, М. Ескенбаевтың «Жеңiс», М. Хамзиннiң «Космонавт», С. Құсайыновтың «Мереке», т.б. шығармалары.
(Т. Ақселеу)
Салауатты өмір салты
Салауатты өмір салтына дене шынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатта серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйықы жеті, сегіз сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн.
Қазақ тілі сабағында.
Бiз биыл 7 -сыныпта оқып журмiз. Бiздiң мектепте қазақ тiлiнен басқа орыс, ағылшын тiлдерiн оқытады. Қазақ тiлi сабағы аптасына бес рет болады. Қазақ тiлi сабағы өте қызықты өтедi, өйткенi бiздiң мұғалiм мемлекеттiк тiлдi жақсы меңгеруiмiзге барлық мүмкiндiктi жасайды. Бiз сабақта компьютермен, интерактивтi тақтамен жұмыс iстеймiз. Осындай құралдар бiздің мемлекеттік тiлдi меңгеруiмiзге өте тиiмдi. Бiз ауызша жақсы сөйлеу үшін мәтін түрлерiмен көп жұмыс жасаймыз. Бiр-бiрiмiзге сұрақ қойып, жауап беремiз, сөйлем құраймыз, мазмұндама, шығарма жазамыз. Сурет бойынша әңгiме құраймыз, өлеңдердi жаттаймыз. Фонетикалық морфологиялық синтаксистiк талдаулар жасаймыз. Бiздiң мұғалiм - өте бiлiмдi, тәжiрибелi адам. Қазақ тiлi сабағы маған өте ұнайды.
Тiл мен Әлiппе.
Тiл мен әлiппе ойласып, емтиханды сыныпта емес, ашық саялы бақта алатын болып келiстi. Бұл қолайлы, ауасы таза, тып-тыныш жәр eдi . Ағаштар бүршiк атып, өріктep гүлдеп, хош иiс мұрын қытықтап, шабыт шақырады.
Көктем келгелi осы бақ iшi тiлдiң сүйiктi мекеніне айналды.
Жұмысқа бар ынтасымен бәрiлгенi сондай, әлiппенi де сирек қабылдайды. әрине, одан басқаТiлдiң алдына батылы жетiп, бас сұқпайды. Қанша дегенмен, елге сыйлы ғұлама адам емес пе, тартынады.
- Не жазып жүрсiз? - деген әлiппе бiрде сұрағын сұраса да, «жақтырмай қалды-ау» деп қауiптенген. Жоқ, ол шешiле сөйлеп кеттi.
- Тiл - сарқылмас ғылым. Оны зерттеуге бiр адамның өмipi жетпейдi. Әрине, осы кезге дейiн де көп жұмыстар iстелдi, жаңалықтар ашылды. Әйтсе де шешiлмеген даулы мәселелер қаншама. Жақында орталықта тiл мәселесi жөнiнде кеңес өткiзiлмек. Мен онда «қазақ тiлiндегi даулы мәселелер» деген тaқырыпта баяндама жасамақпық.
- Қайда жүрсеңiз де жолыңыз болсын! - деген әлiппе риза болды.
(Б.Әдiлов)
Интернет ұғымы.
Интернет ұғымы - кез келген компьютерді Жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзiлiк торап. Оны дүниедегi ең үлкен ауқымды торап деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бiр тiлде «сөйлейдi» деп айтса да болады. Дүниежүзiлiк Халықаралық телефон желiсi сияқты оны ешкiм басқармайды, ол ешкiмнiң жеке меншiгi емес. Мінe, осы Интернет торабы көмегімен электронды пошта арқылы хабар алып, басқа компьютерлердегi ақпаратты көрiп, қашықтан телеконференцияларға қатысу жұмыстарын жүргiзуге мүмкiндiк бар.
(А. Шөкiш)
Менің әуес ісім -сурет салу.
Сурет салу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Ол да өнердің бір түрі. Сурет салу кезінде бір неше құрал қажет болады. Оларға түрлі түсті қарындашты, сурет салуға арналған альбомды, бояулар мен қылқаламдарды жатқызуға болады. Кәсіби суретшілер суретті арнайы планшетке салады.
Сурет салуға әуес болу көбіне мектептегі сурет сабағынан басталады. Суретшілер көбінесе табиғатты, үйді, портретті сомдауға әуес болады.