7


  • Учителю
  • КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫН ОЙЫН ТҮРІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫН ОЙЫН ТҮРІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Садырбаева К.

Sadyrbaeva K.



ОҚО ДСБ «Шымкент медицина колледжі» МКҚК, Шымкент, Қазақстан

South Kazakhstan region Health care department «Shymkent Medical College», State municipal government enterprise. Shymkent, Kazakhstan



Түйін: Бүгінгі заман талабы қажет етіп отырған білім беру үдерісінде үштұғырлы тілді жетік білуге жетелеуде, ағылшын тілі пәнінің де өзіндік орны бар. Шет тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым - қатынас дағдыларын қалыптастыру десек, онда сол шет тілін оқытуда ойын әдістерін қолдану шет тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ. Ойын - оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. Шет тілі сабағындағы ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, оқытушының міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып студенттердің өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп, ойналған кезде ғана нәтижелі болады. Ойын сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбына қарай оқытушы өзі таңдап алып, қолданып отырады. Кәсіби шет тілін оқып үйренуге деген қызығушылығы мен танымдық белсенділігін арттыруда, алған білімдерін шығармашылықпен қолдана білуде, қабілеттерін дамытуда ойынның мәні зор.



Резюме: Как учебная дисциплина английский язык занимает специфичное для себя место в процессе совершенствования знаний в рамках трехьязычного образования в процессе обучения по требованииям современности. Если принять во внимание, что целью обучения иностранному языку является формирование навыков межкультурного общения субъекта, то применение игр при овладении иностранного языка представляется как необходимость, возникающая от самой цели обучения иностранному языку. Игра на уроке иностранного языка это метод, который не имеет возрастных ограничений, поднимает настроение, развивает мышление обучающихся. Основная цель игры не только вызвать интерес, но и способствовать овладению языкам. Обязанность преподавателя - используя различные игры развивать самостоятельную работу студентов, а также умения и навыки для развития мышления и совершенствования знаний по иностранному языку. Игра, имеющая определенную образовательную цель, достигает ее уже в процессе реализации. Преподаватель может использовать игру на любом этапе занятия согласно теме урока. Изучение профессионального иностранного языка игра имеет особое значение для развития интереса и познавательный деятельности, а также способности творчески использовать полученные знания.



Abstrakct: As an academic discipline specific English language takes place for itself in the process of improving the knowledge within trilingual education in the learning process at the request of our time. Considering that the aim of learning a foreign language is to develop intercultural skills of the subject, the use of games in mastering a foreign language is presented as a necessity arising from the very purpose of learning a foreign language. Playing the lesson of a foreign language is a method that has no age restrictions, uplifting, develops thinking of students. The main objective of the game is not just to generate interest, but also to promote language acquisition. The duty of a teacher - using a variety of games to develop students' independent work, as well as skills for the development of thinking and improve the knowledge of a foreign language. The game, which has a specific educational purpose, reaches it in the process of implementation. The teacher can use the game at any stage of employment according to the theme of the lesson. Learning a foreign language professional game has a special significance for the development of interest and educational activities, as well as the ability to creatively use the acquired knowledge.



Кілттік сөздер: ойын, дамыту, меңгеру, тиімді, әдіс, қолдану, сабақ, студент

Keywords: game, development, learn, effective, method, use, lesson, student

























КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫН

ОЙЫН ТҮРІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту, шет тілін меңгертудегі басты мақсат - білім алушылардың сапасын халықаралық стандатрқа сай көтеру.

Н. Ә.Назарбаев өз жолдауында: «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады», - деп атап көрсетті. Жолдауды басшылыққа ала отырып, біз болашақ мамандарға жан-жақты сапалы білім беру, кәсіби шеберлікті қалыптастыру үшін ойын әдістерін меңгерту мен оқытудың тиімді түрлерін ұтымды пайдалануымыз қажет.

Қазіргі қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайында. Сондықтан осы қоғамға бейімделген бірнеше тілді меңгерген мәдениетті тұлғаны қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып жан-жақты терең білім беріп, кәсіби маман даярлауға бүкіл әлемдегі өркениетті дамыған елдерге басты көңіл бөліп отырғаны да сондықтан. Білімді де, білікті маман тәрбиелеу жауапкершілігінің қаншалықты күрделі екендігін түйсінген білім саласының мамандары үнемі оқытудың тиімділігін арттыру мен іздену үстінде. Оқытушының мақсаты- қоғамдық жұмысқа белсенділігі мол, өз бетімен жұмыс жасай алатын, іскер жанды тәрбиелеу. Сондықтан болашақ бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда ағылшын тілін оқытып, игерту қажет. Бұл - бүгінгі заманның талабы.

Ағылшын тілі пәні сабағында ойын түрлері арқылы студенттердің тілді дұрыс меңгеруі олардың ой-өрісін кеңейтіп, өзіндік пікірін қорғауға, сөйлеу тілінің дамуына ықпал етеді. Шет тілінде сөйлеуді, қарым-қатынас жасауды үйретуді мақсат еткен әрбір оқытушы өз сабақтарында ойын түрлерін шамадан асырмай ретімен, қажеттігіне қарай отырып қолданғаны жөн. Бүгінгі заман талабы қажет етіп отырған үштұғырлы тілді жетік білуге жетелеуде, ағылшын тілі пәнінің де өзіндік орны бар. Сабақта алуан түрлі жұмыс түрлерін, яғни жеке, жұп, топ, ұжым жұмыстарын ұйымдастырып, түрлі көрнекіліктерді, оның ішінде техникалық (үнтаспа, компьютер, бейнефильмдер), техникалық емес құралдарды (суреттер, апликация, альбомдар, сызбалар, кестелер, сөзжұмбақтар) кең қолдану, әсіресе ойындар мен ойын элементтерін жиі қолдану.

Ойын - оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. Шет тілі сабағындағы ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырлықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде:

ойын-сабақ;

ойын-жаттығу;

сергіту ойындары;

дидактикалық мақсаттағы ойындар;

сөздік ойындар;

рөлдік ойындар;

грамматикалық ойындар;

логикалық ойындар т.б.

Ойын түрлерін пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол студенттің санасында берік сақталатын болады. Ойын түрін қолдану студентке ерекше әсер етеді, оны дұрыс жоспарлау қажет. Топ студенттері оған түгел қатысуы шарт. Студенттің шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын түрлері болып табылады. Ойын студентті бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздену дағдысын қалыптастыруына мүмкіндік туғызады. Ағылшын тілінде ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолданған дұрыс:

әліпбиді дұрыс меңгерту;

орфографияны дұрыс оқыту;

оқу дағдысын қалыптасыру;

лексиканы меңгерту.

Сабақ барысында студент зейінін сабаққа аудару, ауызша сөйлей алу және жазу дағдысын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығымен өз бетінше жұмыс жасай алу қабілетін дамытуда дидактикалық ойындардың үлесі зор десек болады. Мәтінді мазмұндауға үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, оқытушының көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс-әрекеттерін әңгімелеуге үйрету дидактикалық ойындарды ойнау барысында қалыптасады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол.

Дидактикалық ойындар оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, студенттердің көңіл - күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. Сабақ барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылып отырса, сонда ғана оқытушының сабағының мақсатына жетуіне мүмкіндік береді. Таңдап алынған ойындар студенттердің пәндік сөз байлығына сай болуы керек. Оқытушы кез- келген ойынды өткізу үшін алдын ала жоспар құрып алуы қажет. Тиімді пайдаланған ойын түрлері оқытушының түсіндіріп отырған материалын студенттердің зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Теорияны тәжірибемен ұштастыруға жол ашады.

Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп, ойналған кезде ғана нәтижелі болады. Ойын сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбына қарай оқытушы өзі таңдап алып, қолданып отырады. Сондықтан осы жобада да тілді меңгерту үшін сабақта қолданылатын түрлі ойындармен таныстыра кетуді жөн көріп отырмын. «Дұрыс жаз» ("Write right") ойыны жылдам ойлау қабілетін дамытады. Шарты: Тақтаға екі сөз жазылады. Қай топ сол сөздің әр әріпіне сөзді көп тауып жазса, сол топ жеңіске жетеді.

Мысалы: heart - hand, elbow, ankle, rib, thumb. «Ширату» ("Brainstorm") ойыны студенттердің сөздік қорын тексереді.Шарты: Тақтаға ұзақ сөз беріп, оның ішінен сөз шығару керек. Ескерту: сөз құрамында қанша әріп бар болса сонша әріпті қолдануы тиіс. Мысалы: fracture: face, far, act, tea, cut, fact, rare, car, tact, and so on. «Шашу» ("Strew") ойыны еске сақтау қабілетін тексеру мақсатында жүргізіледі. Шарты: Сабақтың тақырыбына сай сөздердің жазылу ретін шатастырып жазып қоямыз. Студенттер берілген уақыт ішінде сөздерді дұрыс жазуы керек. Мысалы: e t a h r - heart, v r l e i - liver

Ойынның негізгі ойы - баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, оқытушының міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып студенттерді өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.

Студенттердің қызығуын арттыру мақсатында оқытушы ойынға қатысушының өзіндік сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Ойын түрлерін пайдалану барысында күтілетін нәтижелер:

әр студенттің шығармашылығы артады;

жылдам жұмыс істеуге дағдыланады;

студент топ жаруға ұмтылады;

әр студент өз деңгейімен бағаланады;

қисынды ой-қабілеті дамиды;

өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;

сөздік қоры байиды, тілі дамиды;

байқампаздығы артады;

өзара сыйластыққа үйретеді;

ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;

сабаққа қызығушылығы артады.

Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу - оқытушы шеберлігіне байланысты. Студенттің тілін дамытуда сөздік ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай ойындардың бірі - «Керекті сөзді тауып айт». Ойынның мақсаты - қажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға жаттықтыру, оқушы зейінін қалыптастыру. Оқытушы сол сабаққа қатысты жалпылама сөзді атайды, студенттер қажетті сөздерді атайды немесе жазады. Сондай-ақ студент зейінін қалыптастыруда «Who's the faster?» ойынын өткізуге болады. Бұл ойынды барлық сабақтарда қолдануға болады. Сабақ барысында студенттердің қызығушылығын, зейінін, тілін дамыту үшін дидактикалық ойындар мен тапсырмалардан басқа грамматикалық ойындардың орны ерекше. Яғни құзіреттілік тапсырмалар арқылы студенттің тілі мен оқуға және пәнге деген ынтасы артады. Сабақта тиімді қолданылған ойын студенттердің грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Студенттерді өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында пайдаланылады.

Сабақ барысында студенттің тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. «Сұрақ қой» ойынында үстелдің үстінде бірнеше суреттер жатады, студенттер әр суретке сұрақ қою керек, «Суретті тап» ойынында оқытушы жауып тұрып, сұрақтар қою барысында студенттер ол не сурет екенін шешу керек, «Сөз құра» - суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек,

Ал, ойындарды, солардың ішінде рөлдік ойындарды қолдану - шетел тілін меңгертудегі ең жақсы амалдардың бірі.

Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру; тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру үшін іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Сондықтан бағдарлама бойынша бекітілген оқыту үрдісінде ойын түрлерін сабақ үрдісінде үнемі пайдаланып отыру керек.

Қорыта келгенде студенттерге кәсіби шет тілін оқып үйренуге деген қызығушылығы мен танымдық белсенділігін арттыруда, алған білімдерін шығармашылықпен қолдана білуде, қабілеттерін дамытуда ойынның мәні зор.



Әдебиеттер

1.Медицина колледжіне арналған ағылшын тілі, Л.Г.Козырева, Т.В.Шадская, Ростов на Дону, «Феникс»,2007ж.

2. Медициналық және фармацевтикалық училищеге арналған ағылшын тілі құралы, С.А.Тылкина, Н.А.Темчин

3. Ағылшын тілі сабағында қолданылатын жаттықтырушы ойындар М.Ф. Стронин







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал