7

  • Учителю
  • Қазақ әдебиеті 5- сынып Тақырыбы: Сырым мен Малайсары

Қазақ әдебиеті 5- сынып Тақырыбы: Сырым мен Малайсары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Орал қ.

№34 А.Тайманов ат. мектеп-гимназиясы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

А.Ж.Утегалиева

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы: Сырым мен Малайсары

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды Сырым мен Малайсарының шешендік сөздері туралы түсінік беру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік сөздер» кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Байдалы бидің көңіл айтуы

ІІІ. Білім тексеру:

Сұрақ - жауап

1. Айғаным ханым қалай қарсы алады?

Байдалы би не деді?

Байдалы бидің көңіл айтқан шешендік сөзін тап.

Айғаным ханым өкпе - назын қандай сөзбен білдірді?

Би қалай жауап берді? Түсініп, оқып бер

ІVЖаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сырым мен Малайсары

Сырым ат жалын тартып жас кезінде атақты Малайсары биден бата алуға келді.

Сырым жайласып отырғаннан кейін:

-«Үйіңнің алдында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең, аулыңда ақылгөй қарт болса, жазып қойған хатпен тең», деуші еді. Сізге сәлем беріп, бата алғалы келдім, - депті.

Малайсары жүзі жадырап, шешіліп сөйлеп кетіпті:

-Жайыңа енді түсіндім, балам. «Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар?»дейді халық. Топқа керіп сөз бастайтын, атқа мініп қол бала екенсің . «Асыл тастан, ақыл жастан» деген. Азуын алдырып, ақылын шалдырып отырған шалдан не сұрайсың? Бітпеген ісім көп...

-Ол қандай іс?

-Біздің Байұлының барымтаға барған бір жігітін Әлімнің кісілері өлтіргелі үш жыл болды. Сол ердің құны әлі жоқтаусыз... «Ердің құнын жастың жайсаңы не қартың шайтаны даулайды» дейді екен бұрынғылар. Қартайғанда қазымыр атанып, Әлімнің Ақсауыт биіне бара алмадым, жастан жайсаң шығып, ағасының құнын сұрай алмады. Ел арасы дүрдараз болып бүлініп барады, жапсарлас отырған ел бір - біріне қатынасудан, қыз алып, қыз беруден қалды.

-Онда, ата, осы тапсырмаңызды орындап келіп сөйлесейін!-деп Сырым аулына қайтып кетеді. Қасына елдің басты адамдарынан он шақты кісі ертіп, Әлім руының ақсақалы Ақсауыт бидің алдына келеді. Сырым Малайсары бидің айтқандарын жеткізеді. Сонда Ақсауыт би:

-Бала сөзіңе сендім. Байұлының бір жігіті біздің елдің малшыларынан жазым болуы рас еді. Ердің құны мың қой, үлесе келсе, үй басына бір қой. Бір қойдан Әлімнің үйі кедейленіп қалады деп жүргенім жоқ, жоқтаушысы кездеспей жүр еді. Іздеушісі болса, табылмас жоқ болмайды. Билігін өзіңе салдым, төрелігін айта ғой, - дейді.

-Бір қора қойдың бір жазғы төлімінен біз де Байұлын байытайын деп келгеніміз жоқ. Ағайын арасындағы қатынасты қалпына келтірейік деп келдік. Егер билікті маған берсеңіз, жорта емес, жортуылда маған «жазым» деп отырсыз ғой. Ерімнің құны жарты құн болсын және қой емес, қозы емес, елу жылқы болсын,-деген екен Сырым.

VІ. Түсінік тексеру:

«Жіңішке сұрақтар»

1.Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?

2.Сендерге қай кейіпкерлер ұнайды? Неге?

3. Сырым атақты Малайсарының үйіне неге келді?

1 .Сызбанұсқаны жаз. Категориялы топтастыру «а» деңгейі

Кім?

Несімен әйгілі? Сырым Датұлы Қандай?

Не істеді?

2. Мәтіннен мақал-мәтелдерді тауып жазу «в» деңгейі

3. Мәтіннен Сырымның тапқырлығын, ақылдылығын, ділмарлығын байқататын сөздерін тауып жаз. «с» деңгейі

Тапқырлығы:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ақылдылығы:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ділмарлығы:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

«Жуан сұрақтар»

1.Малайсары мен Ақсуаттың өз елдерінде белгілі би болғанын қалай аңғаруға болады?

2. Бала Сырым Малайсарыға барғанда, қарт би баланы қалай сынайды?

3. Сырым Ақсут бидің ауылына не себепті келді?

4. Обал, сауап, борыш деген сөздердің мәнін қалай түсінесіңдер?

VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау 2.Үй тапсырмасын беру. 1. Сырым мен Малайсары мазмұндау

X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал