7


  • Учителю
  • ВНЕКЛАССНОЕ МЕРОПРИЯТИЕ НА ТЕМУ МҰҚАҒАЛИ - ҒАСЫР АҚЫНЫ

ВНЕКЛАССНОЕ МЕРОПРИЯТИЕ НА ТЕМУ МҰҚАҒАЛИ - ҒАСЫР АҚЫНЫ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала









«Қарашілік негізгі орта мектебі»КММ



























Сыныптан тыс тәрбие сағаты



Тақырыбы:



«Мұқағали - мәңгілік ғұмыр»









Ұйымдастырушы: қазақ тілі және әдебиеті

пәні мұғалімі Сагымбаева Н.Т.



Қатысушы: 9 - сынып оқушылары















































Тақырыбы: Мұқағали - мәңгілік ғұмыр



Мақсаты:

а) білімділік: М.Мақатаев өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру

ә) тәрбиелік: отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу

б) дамытушылық: оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту

Көрнекілігі: ақынның портреті, шығармалары, ақын туралы естеліктер, нақыл сөздер, буклет



Сахнада Мұқағали Мақатаев өмірінен слайд көрсетіліп, өз даусымен «» өлеңі оқылады.

Аққулар ұйықтағанда М. Мақатаев

1 - жүргізуші:

Өзен де жоқ сыймаған арнасына,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға.

Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,

Қалай біткен мына көл тау басына?!

Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға,

Жалғыздықтан жамандық бар ма, сірә.

Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман?

Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам?

Қанша шырша өсті екен, құлады екен;

"Жетім көлге" қараудан шаршамаған?

"Жетім көлден" су ішкен қанша марал,

Қанша киік қалды екен сай-салада?

Қанатынан үзіліп ән-самала,

Қаншама аққу кетті екен -аңсаған ән?

2- жүргізуші:

Таң мен күннің арасы таянғанда,

Таудың басы алаумен боялғанда,

Тірілетін таудағы бар тіршілік

Қанатынан аққудың оянған ба?

Көмейінде тәтті үні былай қалып,

Жаға - талда жас бұлбұл тұр ойланып.

Жетті аққулар түгендеп Жетімкөлін,

Жағалауда ұшып жүр шыр айналып,

Бірден көлге қонбайды құлай барып

Сондайтұғын, аққулар сондайтұғын,

Асығыстық оларда болмайтұғын.

Қомағай көққұтандар секілденіп,

Жалп беріп, жағаға кеп қонбайтұғын.

Сондайтұғын, аққулар сондайтұғын,

Ақ мүсін айдынға кеп орнайтұғын.

1 - жүргізуші:

Шойырылтып түссе дағы қайғым белге,

Алаңсыз аққуымды атпасын деп,

Жатқа да дастарқанды жайдым төрге -

Аққулар ұйықтағанда айдын көлде...

Оралмады аққулар осы маңға,

Жылдар өтті, байғұстар шошынған ба?

Жетімкөл жетімсіреп қала берді,

Арман - ай, аққуымен қосылар ма?

(шымылдық ашылады, тыныштық, музыка, төсекте жатқан бала, еденде жатқан әке, екі тізесін құшақтап түн күзеткен ана)







2-жүргізуші:

Бала жатыр төсекте албыраған,

Әке жатыр еденде қалжыраған.

Түн күзетіп ана отыр, қос жанары

Шарасыздан шаршаған, жаудыраған.

Бала жатыр төсекте күйіп - жанып,

Баласының ана отыр күйін бағып.

Қайдағы бір қатігез, сұрқай ойлар

Миын қарып барады, миын қарып.

1 - жүргізуші:

Сырқатындай өлімнің қалған қарға,

Екеу болса, дүние - ай, арман бар ма!..

Арагідік назарын аударады,

Төрт бүктеліп еденде жатқан жарға.

Қауіптеніп түндерге, таңдарға да,

Үн шығармай ішқұса, зарлауда ана.

Ана: (әкеге қарап)

Мана күндіз тәуіп шал не деп кетті?!

Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті...

Тәуіп:(сахна сыртынан, ананың көзіне елестеп)

«Аққуменен баланы аластаңдар.»

(саусағымен баланы көрсетіп).

Ана:(әкеге) Баяу.

Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,

Неткен жансың санасыз жаратылған?!

Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі,

Ұмытылып кетті ме санатыңнан?

...Айналайын аққудың қанатынан,

Қайтеміз, ол да адамға бола туған.

Жетімкөлге барып қайт таң жамылып,

Таң атқанша қалайда тауға ілік.

Біреулердің көзіне түсіп қалып,

Дүрліктерме жұртыңды салма бүлік!

Кім білсін, мүмкін бәрі жалған үміт...

Әке:

Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?!

Атармын аққу құсты қалай ғана?!

Айдынның аққулары ұйықтағанда,

Өрген мал, өскен шырша абайлаған,

Барлығы қасиетке қарайлаған...

Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!

Ана:(орнынанатып тұрып, ашуланып, айқайлап, әкені жұлқып)

Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!

Балам өлсе, бақыттың керегі не?!

Топан су басып кесін қалғандарын

Перзент сұрап несіне армандадың?!

Құрысын онсыз сенің жанған бағың!

Мылтықты әкел!

Атты ертте!

Жалған бәрі! (шымылдық жабылады.)







1-жүргізуші:(Жәй, баяу) сахна сыртынан күн көтеріледі.

Қасқа таң, бұлбұл үні көл бетінде,

Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле.

Бас бағып жағада отыр жалғыз ана,

Таңданып тәккапар құс келбетіне.

Тығып ап тұмсықтарын мамығына,

Айдын - төсек, аспанды жамылуда.

Арша, шырша, жартастар жағадағы сұғынып бәрі көлге табынуда.

Аласұрып, қан ойнап тамырында,

Ана - жүрек тыпыршып қабынуда,

Не қыларын біле алмай жабығуда

2-жүргізуші:

Қызғанып қызғыш байғұс шыр айналды,

Абыржып ана көңіл мың ойланды.

Ғазиздың көзінде емес, көңілінде,

Айдын көл астан кестен лайланды.

Дәстүр, ырым, жайымен Құдай қалды,

Жалғыз ұлдан басқасы былай қалды.

Айдынның аққуының орынынан

Көргендей көзі тұнып, құмайларды.

1-жүргізуші:(ызғарлы дауыспен)

Мерген отыр жағада,

Ей, ақша бұлт,

Жаулығыңмен оларды жасыр барып.

Бас бағады шыршаның қалқасынан,

Қаруынан қолында қан сасыған.

(Аққулар қанаттарын қағып суда жүзіп жүр, музыка әуені. Оқ атылды).

2-жүргізуші:

Сыңар қанат сынық құс байлауда тұр,

Тағы бірі айдында жайрап жатыр.

Қан аралас қалқыған мамығымен,

Жетімкөлдің толқыны ойнап жатыр.

...Қасиетке оқ атып, жойған пақыр

Қалай алып кетерін біле алмастан,

Сүлесапа жағада ойлауда тұр.

1-жүргізуші:

Жетімкөлдің басында жылқы жатқан;

Дөңге шығып, қарт тұрған жылқы баққан:

Жылқышы:

...Апыр - ай, бұл кім болды, таңсәріде,

Көргенсіз, көл басында мылтық атқан?!

Құстардың зәре - құтын шырқыратқан,

Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!

Мылтықты атарлықтай көлге келіп,

Апыр - ай, жоқ еді ғой елде желік...

Бұл маңның адамы емес, сірә дағы,

Білейін, табайын да бір амалын,

Қаруы бар кәззапқа құрықпенен

Ұмтылса, қалай ғана қайрат қылам?!

Жөн болар алыс тұрып сұрағаным...

Берекесін бұл көлдің кім қашырған?..

-Ей! Кімсің? Тірісең бе? Жаның бар ма?

Аққуды неге атасың, арың бар ма?!

Тастағын қаруыңды келгін бері,

Келгін бері, кеудеңде жаның барда!



1-жүргізуші:

...Байғұс әйел үн - түнсіз жылап тұрды,

Қарттың үні мең - зең қып құлаққа ұрды.

Қолындағы мылтығын құлаштап кеп

Бөгелмей Жетімкөлге лақтырды.

Жылқышы:

-Әй, балам!..

Болмады ғой, болмады ғой...

Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.

Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,

Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!..

Мін атқа, ауылға қайт, тағат қыл да,

...Білмеймін, сор аттың ба, бақ аттың ба?!

Аққуға кезенерде ырым жасап,

Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?

Ана:

Әлек боп, арпалысып сор-қайғымен,

Жоқ, ата, жасамадым ондайды мен...

Жасымнан естігенім бар-тын еді,

Әйтеуір аққу атқан оңбайды деп...

Жылқышы:

-Солай, солай...

Аманат бір Құдайға...

Қай - қайдағы түседі құрғыр ойға...

2-жүргізуші:

...Ат басын шұғыл бұрып, тайып тұрды,

Қарт тастап нелер сұмдық сырды бойға.

Бәрі ұмыт: бақытың да, байлығын да,

Күлкі, шаттық, күйзелтекен қайғы, мұң да.

Жетімкөлжетімсіреп қалып қойды,

Бір өлі, бірі тірі аққу айдынында...

Бар өмірден көңілі шайлығуда,

Байғұс ана еркінен айырылуда.

Шымылдық ашылады.

2-жүргізуші:

...Абыр -сабыр үй маңы дүрбелең-ді,

Алғаш ана абыржып, білмеген-ді.

Тапжылмастан орнында қатып қалды.

Мелшиіп, білмей тіл мен үн дегенді.

Білмейді, қайда келді, кімге келді.

Өң бе, түс пе, әйтеуір, таласуда,

Өлі менен тірінің арасында.

Отырғандай Жетімкөл жағасында,

Аққу отыр көзінің шарасында.

Ақ төсек - аппақ айдын, аққу - бала,

Жаралы аққу секілді жаттың ба ана?...

Ана:

... Мына жатқан Жетімкөл, мына аққуды,

Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...

Жоқ!Мен емес...Мен атпадым...

Кеше гөр, кеше гөр, жаратқаным?!

1-жүргізуші:

Ғазиз ана, ербеңдеп екі қолы,

Жиылған жұртқа қарап алақтады.

Күледі, бірде жылап, зарланады,

Көкке қарап, бекерге қарманады.

Бірде үнсіз, мелшиіп тың тыңдайды,

Құлағында аққудың арман әні.

Алдымен жұрт үн - түнсіз таңданады,

Қыбыр - сыбыр артынан жалғанады...

Бірде ана көкке жайып алақанын:

Ана: (Алақанның көкке жайып)

"Қазір, ботам...

Мінекей, таң атады...

Қазір, ботам, аққумен ұшықтаймын...

Жазыласың құлыным... Балапаным!

Қасиет!

О, Қасірет!

Осындай ма ең!

Сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең!..

Қасірет!Қасымдағы досымдай ма ең?

Қасиет!Қасиет!...

Эпилог

...Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым,

Жерді аңсаймын...

Жалғыз - ақ сол - арманым.

Қиын екен, қимасың екі бірдей

Көз алдыңда ғайып боп жоғалғаны...

Көрдің бе бір - біріне дөп келуін,

Бір қырсық бір қырсықпен шектелуін?

Балам - ай, мынау өмір - дарияның

Білмейсің қайда екенін өткелінің.

Аққулар... аңыз көп қой олар жайлы,

Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды...

Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,

Шошыса екінші рет оралмайды.

1-жүргізуші:

Орнында екен Жетімкөл, жоғалмапты,

Ортаймапты немесе тола алмапты.

Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,

Қасиетті аққулар оралмапты.



1-жүргізуші (даусы):

«Ақынмын деп қалай мен айта аламын,

Халқымның өз айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын»



2-жүргізуші (дауыс):

Көрер едің

Шаламын ба, отпын ба

Білер едің,

Ақынмын ба, жоқпын ба?

Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда,

Көктенетін Махамбетте жоқ мұнда

Сырым да осы,

Жырым да осы,

Алдыңда. Байқашы бір,

Бықсыдым ба, жандым ба?

Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты -

Мұқағали Мақатаев бар мұнда





«Менің анкетам»



Дәрігер:№17 палатадағы Мұқағали жолдас, бері келіңіз, анкета толтырамыз.

Дәрігер: Туған жеріңіз?

Ақын: Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.

Дәрігер: Туған жылыңыз?

Ақын: 1931. Құрдасымын Шәмілдің.

Дәрігер: Шыққан тегіңіз?

Ақын: Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын.

Дәрігер: Білімің ше?

Ақын: Орташа ғой. Алайда оны жоғарыға балаймын.

Дәрігер: Ана тілің?

Ақын: Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар.

Дәрігер: Қайда істейсің?

Ақын: Мынау еңбек кітапшамнан тауып ал. Оқымаған дипломсыз демесең, бір бойымнан бар мамандық табылар.

Дәрігер: міндеттісің бе әскерге?

Ақын: Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде. Жауынгердің ұлымын ғой, жанын қиған Мәскеуде.

Дәрігер: Шет елдерде болдың ба?

Ақын: Болғам жоқ. Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, осы отырған орнымда - ақ.

Дәрігер: Мекен - жайың?

Ақын: Мекен - жайым - жер менің. Жерде жүрген ақын деген пендемін. Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, мен өмірді жырлау үшін келгемін.

Дәрігер: Мұқағали жолдас, сіз әлі қаралып, дәрі ішуіңіз керек.

Ақын: Керегі жоқ, керегі жоқ, керегі жоқ бәрінің. Иненің де керегі, керегі жоқ дәрінің.

Дәрігер: Сіз қаралып, емделіп шығасыз, сіздей адам бізге қажет, тыңдап көрейін, әлі - ақ жазылып кетесіз.(тыңдап, дәрі жазып береді.)



2-оқушы:

Иек артқан теңізге мүйістейін,

Келші,қарғам, шашыңнан иіскейін?

Иіскейін тек қана, тиіспейін,

Келші, қарғам, шашыңнан иіскейін?

Қолаң қара шашың - ай, күн қақтаған!

Қос бұрым - ай жотаңда бұлғақтаған!

Қарғам, сенде жерімнің иісі бар - ау,

Жер иісі жұпардан қымбат маған!

Иісі бар - ау дәннің де, шалғынның да,

Қырдың да, қырманның да, жаңбырдың да,

Тұр, сірә, мына шашта иісі аңқып

Аптаптың, аңызақтың, тандырдың да.

Шашыңнан иіскетші, қарғам, маған?

Есіме түсер ме екен арман - далам.

Иіскетші, жауқазын - жан екенсің

Жасанды әсемдікке алданбаған.

Тұрғам жоқ сауға сұрап қылығыңнан,

Жан едім махабаттың құрығы ұрған.

Иіскейін жұртымның топырағын,

Иіскет, қарғам, маған бұрымыңнан?...









Махаббат диалогы



-Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?

-Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

-Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?

-Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.

-Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

-Жел боп қуып, ақыры жетер едім.

-Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

-Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.



«Аққу» биі



Қазақ Жері



Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Сарылып сал-сері кеткен жер.

Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда

Құлшылық етемін тұрғанға,

Құлшылық етемін құмдарға,

Тағзым жасаймын қырларға!

Шүкірлік етемін қашан да

Осы бір Отанда тұрғанға!

Жазы бар жалынмен жандырған,

Қысы бар аязға қардырған.

Көктемі - балауса, балдырған,

Ал күзі - алып бір ақ қырман,

Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған,

Күрең нан жаңа алған тандырдан.

Көлденең көлбеген көкжиек

Қыранның қанатын талдырған.



Ән «Жас қайың»



2-жүргізуші: Бүгінде ақынның ортамызда болмағанына налимыз, ал медет тұтарымыз - алып ақынның өзінің көзіндей көрінетін өркеш-өркеш өлеңдері халқынан қалтқысыз бағасын алып, келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады. Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек сырлары шынайы болмысымен, ақиқаттың алдында аласармаумен қымбат та құнды. Олай болса ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың есімі жүрегімізде мәңгі сақталар деген үмітпен, ақын өнеріне бас иіп өздеріңізбен қоштасамыз! Келесі жүздескенше !!!









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал