7


Урок 'Достық' 5 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Достық. 9.12.15 5-сынып


Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:« Достық » модулі бойынша өтетін сөздер мен сөз

тіркестерін сөйлемдерде пайдалана білу.

2. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; ауызша

ойлау мен сөйлесу қабілетін дамыту; сөз тіркестерін және сөйлем

құрау дағдысын қалыптастыру.

3.Тәрбиелік: Достықты бағалай білуге, адамгершілік қасиеттерін

жетілдіру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.


Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздендіру, ойын, практикалық әдістер.


Сабақтың көрнекіліктері: Плакат, карточкалар, мақал-мәтелдер.


Сабақтың барысы:

Ι. Ұйымдастыру кезеңі.


ΙΙ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Достық» тақырыбына байланысты мақал-мәтелдерді қайталау.


ΙΙΙ. Жаңа сабақ.


Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

а) мәтінді оқу

ә) жаңа сөздермен жұмыс

б) сөз тіркестерін құрастыру

в) грамматикалық тапсырмалар.


Кіріспе сөз:

Әрбір адамның досы бар. Досың болса, досыңмен әнгімелесесің, бірге сабақ дайындайсың, бірге ойнайсың. Қиын кезде досың көмектеседі. Бірақ достар әр түрлі болады. Мысалы: жақсы, жаман, қайырымды, қамқоршы. Бір мақалда айтқандай:


Жаманмен жолдас болсаң,

Кесірі жұғар.

Жақсымен жолдас болсаң,

Несібі жұғар.

- Бұл мақалды қалай түсінесіңдер?

- Мағынасы неде?

- Жақсы. Ал енді достық туралы тағы қандай мақал - мәтелдерді білесіңдер?

- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

- Біз бүгін сабақта нені үйренеміз?

- Дұрыс. Бүгін сабақта сөздерді оқимыз, сөз тіркестерін құрастырамыз, мәтін

аударамыз.


Жаңа сөздер:


Бет әлпеті-внешность

Сүйкімді-привлекательный, милый.

Мінезі-характер

Мейірімді-добрый

Қамқоршы-заботливый

Момын-скромный

Бойы-рост

Орта-средний

Ермегі-хобби

Үйірме-кружок.

Еңбекқор-трудолюбивый.


1.Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді.

2.Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.

а)Мұғалім мәнерлеп оқиды.

ә)Оқушылар дауыстап қайталайды.

б)Оқушылар тізбекпен оқиды.

3.Сөздер мен сөз тіркестерін құрастыру.


Тіл дамыту.

Оқулықпен жұмыс:

40-бетінде, 1 тапсырма.

1. Сызба бойынша әңгіме құрастыру.

2. Диалог құрастыру.


Практикалық жұмыс:

- Көптік жалғауының қосымшалары қандай білесіңдер?Мысалы.

- Жуан сөзге қандай жалғаулары жалғанады?

- Ал, жіңішке сөзге қандай?

- Лар, лер қай жағдайда қосылады?

- Дар, дер қай кезде қосылады?

- Тар, тер қашан?


Тапсырма:

1. Көптік жалғауларды жалғау.


4.Бекіту кезеңі:

Плакат бойынша сұрақтарға жауап беру.


6. Бағалау.


7. Үй тапсырма:

«5»-«Менің досым» туралы шығарма жазу.

«4»-«Достық» туралы өлеңді жаттау.

«3»-жаңа сөздерді жаттау.


Тест.

1. «Дос» сөзінің аудармасы қайсысы?

а)рост

ә)друг

б)характер

в)сверстник

2. Досымның бойы қандай?

а)момын

ә)қара

б)қамқоршы

в)орта

3. Жалғауларды тап:

а)мен,сен

ә)лар,дар,тар

б)бор,кітап

в)ші,шы

4.Сенің досыңның бет әлпеті қандай?

а)сұлу

ә)қысқа

б)орта

в)момын

5. Дұрыс жауабын тап: Досымның көзі ....... .

а)ұзын

ә)сыпайы

б)қара

в)мейірімді

6. Достық туралы мақалды тап:

а)Отан - оттан да ыстық.

ә)Ер дәулеті - еңбек.

б)Жүз теңге ақшаң болғанша,

Жүз досың болсын.

в)Көз қорқақ, қол батыр.

7. Ол менің қандай досым?

а)орта

ә)жақсы

б)бойы

в)пікір

8. Досыңның шашы қандай?

а)суық

ә)мінезі

б)қысқа

в)ермегі

9. « Мінезі » сөзінің аудармасы қандай?

а)характер

ә)рост

б)хобби

в)музыка

10. Тар, тер, лар, лер,дар, дер қандай жалғаулар?

а)септік

ә)тәуелдік

б)көптік

в)жіктік


Жауаптары:

1. ә

2. в

3. ә

4. а

5. б

6. б

7. ә

8. б

9. а

10.б



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал