- Учителю
- Разработка урока по казахской литературе на тему Мухтар Ауэзов (8 класс)
Разработка урока по казахской литературе на тему Мухтар Ауэзов (8 класс)
8-сынып
Сабақ тың тақырыбы Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты Білімділік ; Оқушыларды ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың өмірі мен
шығармашылығымен таныстыру.
Дамытушылық ; Оқушылардың тақырып аясында өз ойларын
толық жеткізе білуге сөздік қорын байыту,дүниетанымдылығын
кеңейту.
Тәрбиелік ;оларды ізгілікке,адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер сұрақ-жауап,талдау,салыстыру,диалог.
Сабақтың түрі топтық, жұптық жұмыс,мәтінмен ,кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі Жазушының портреті,интерактивті тақта, мәтіндер,кітап.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру бөлімі -1 минут
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Көңіл-күйлерін сабаққа бағыттау.
2.Үй жұмысын тексеру.интерактивті тақта жазылған сұрақтарға жауап беру. -8мин
1.Сәкен Сейфуллин кім
2.Қай жылы,қай жерде,қандай отбасында дүниеге келді
3..Сәкеннің қандай шығармаларын білесіңдер
4.Біз қандай поэмасымен таныстық
5.Аққудың айырылуы поэмасының негізгі идеясын атаңдар
6.Көкшетау поэмасында не суреттеледі
7 Сәкен қандай жерлерде білім алды
8..Оның шын аты кім
9.Сәкеннің ата-анасы қандай адамдар болған
10.Ол нешінші жылы қайтыс болды
3.Жаңа сабақ Мұғалім сөзі:
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы; Мұхтар Әуезов
Сабағымыздың мақсаты жазушының өмірі мен оның шығармашылығымен танысамыз.
Ол үшін сөздікке көңіл аударайық 1.сауатты-грамотный
2 қызығушылық-интерес
3.зерделі,ақылды-умный
4.қымбат қазына-дорогоесокровище
5.тұрмыс-тіршілігі-быт
оқып шығу,дәптерге жазып алу,сөз тіркестерін құрастыру.
-Балалар,міне сендердің алдарыңда ұлы жазушы,академик,қазақ әдебиетінің классигі
Мұхтар Әуезовтың портреті.Ол қай жылы туған екен (1897) Қай жылы қайтыс болған (1961) Ол неше жыл өмір сүрген екен (64 жыл) Иә, М.Әуезов -аса кқрнекті жазушы,қазақ әдебиетіне көп еңбек сіңіріп,асыл қазына қалдырған классик.
М.Әуезовтың шығармашылығы туралы өздеріңіз топпен жұмыс жасау арқылы танысасыздар.мен сіздерге бүгінгі ақпарат-мәтінді таратамын. Сол мәтінді оқып,түсінгендеріңізді постерге түсіріп,тақта алдында қорғайсыздар.- 15 мин
1-топ М.Әуезовтың өмірі
2-топ Оның отбасы
3-топ Білім алған оқу орындары
4-топ Шығармашылығы
Жаңа сабақты постермен қорғап шығады.,бір-біріне сұрақтар қояды.
Кітаппен жұмыс. Артық болмас білгенің.
1.Үзінді оқыту
2. Жалқы есімдерді табу.
Қорытынды -интерактивті тақтадағы тест сұрақтарына жауап беру
1 Мұхтар Әуезов кім а.жазушы в.суретші с.қобызшы
2.Жазушы қандай роман-эпопея жазды а.Абай жолы в.Көкшетау с.Сағындым сені
3.М. Әуезов қайда туған а.Алматы облысы в.Семейде с.Қостанайда
4.Нешінші жылы асперантураны бітірді а.1930 в.1931 с.1932
5.Қандай пьесасын білесіңдер а.Қыз Жібек в.Еңлік-Кебек с,Қозы-Көрпеш-Баян сұлу
6.Нешінші жылы Лениндік сыйлыққа ие болды а.1959 в.1959 с.1960
Бағалау
Үйге тапсырма 107-бет тапсырмалар орындап келу.