- Учителю
- Поурочный план по английскому языку на тему: 'What is this? Who is this?'
Поурочный план по английскому языку на тему: 'What is this? Who is this?'
The plan of the lesson
Date:
Grade: 1
Theme: What is this? Who is this?
Aims:
● Introducing and practicing new vocabulary.
● Developing pupils speaking
● Bringing up children to be tidy, polite and friendly.
Visual aids: pictures, ball, colourful pencils, cards.
New words: apple, ant, Astana, What? Who?
Procedure of the lesson
I. Organization moment.
Greeting.
Teacher: Good afternoon, children?
Pupils: Good afternoon, teacher.
Teacher: How are you?
Pupils: We are fine.
Teacher: sit down, please!
II. Physical exercise
What is your name?
- My name is… .
Where are you from?
- I'm from… .
How are you?
- I'm … (fine, happy).
Мұғалім керек жерінде балалардың жауаптарын түзетеді және олардың жауаптарына
Very good! Well done! mақтау сөздерін айтады.
А[ei] әрпімен таныстыру.
Мұғалім оқушыларды әріппен таныстырады.
Open your books at page 14
Ex.1,p.14 -(CD № 9) Listen, point and repeat.(тыңда, көрсет және қайтала).
Track № 9
Apple, ant, Ademy, Astana.
Apple, ant, Ademy, Astana.
Ademy, apple, ant, Astana.
Ex.2,p.14 -(CD № 10) Listen, point and chant .(тыңда және айтып бер ).
Ырғақты түсінуге көмектесетін chant ұйқасын тыңдайды.
Track № 10
Letter A, A, A. Listen a, a, a.
Apple, ant, Ademy, Astana.
I'm Ademy.
I'm from Astana.
Мұғалім оқушыларға ұйқастың ең соңғы жолын аты мен тұратын қаласын өзгертіп I'm ... (баланың аты) , I'm from ... айтуды ұсынады.
Әріптің жазылуы.
Мұғалім балалардан оқулықтың оң жақ жоғарғы бұрышынан Аа әрпін табуларын сұрайды. Мұғалім әріпті тақтаға жазады, ал оқушылар кітаптағы әріпті саусақпен жүргізіп шығады. Одан кейін оқушылар әріпті ауада жазып көрсетеді. Мұғалім жұмыс даптерлерін ашуларын сұрайды: т Open your books at page 8.
Workbook - тегі Аа әрпін бастырып шығады.
Ex.3,p.14 - Write and say .(жаз және сөйле ).
(Көшіру, сурет салу, байланыстыру қажет болатын жаттығулардың барлығы жай қарындашпен орындалады). Оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен түсіп қалған Аа әрпін жазады, бұл жерде мұғалім қалалардың аты бас әріппен жазылатының ескерте кетеді. Суреттерді атап шығады.
What? және Who? сұрау есімдіктерімен танысу.
Тақтада тек екі сурет (алма және қыз) және What? Who? сөздері бар. Осы сөздер жазылған карточкаларды суреттердің жанына қояды. Бұл жерде сондай ақ дыбыстардың дұрыс айтылуына мән беріледі. Олар: [h],[u:],[w],[o],[t].
Мұғалім оқушылармен «тірі» және «өлі» деген түсініктерді талқылап, What? - заттар мен жануарларға, Who? - адамдарға айтылады деген қорытындыға келеді.
Балалар What? және Who? сұрақтарына өз мысалдарын қазақ тілінде айтады:
What? - қарындаш, машина ... .
Who? - бала, оқушы ... .
Мұғалім балалардың назарын Remember рамасына аударады. Бұл рамада ережелер берілетінің түсіндіреді.
Ex.6.p. 16 - Game (ойын).
Мұғалім оқушылармен бірге суретті қарайды да ойын ойнайды. Оқушылардың алдында
What? және Who? сұрау есімдіктері бар карточкалар жатыр. Мұғалім суреттерді көрсетеді, ал балалар сәйкес сұрақты көтереді.
V. Conclusion: қорытынды жасау.
What did you take from this lesson?
Мұғалім балалардан:
а) сабақта танысқан әріпті;
ә) осы әріптен басталатын сөздер;
б) әріпті тақтаға жазып, бұл әріптен басталатын балалардың аттарын атауды сұрайды.
VI. Home work: мұғалім үй жұмысын оқушыларға міндетті түрде түсіндіріп кетеді.
VII. Marks: бағалау.
Today you worked very well.
I'll give you this marks.
The lesson is over.
Good- bye, dear children!