7


  • Учителю
  • Методическая разработка по казахскому языку Тіл - халықтың байлығы

Методическая разработка по казахскому языку Тіл - халықтың байлығы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

























Ашық сабақ тақырыбы:

«Тіл - халықтың байлығы»

































Сынып:

Мұғалім: Турсунова Н. Т.





Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі - қазынам





Мақсаты: Оқушылардың ҚР-ң мемлекеттік тілі қазақ тілі туралы түсінігін, оның қоғамдық өмірдегі алатын орын, мәртебесі жайлы ойларын тереңдету. Сонымен бірге тақырып төңірегі ой - өрісін қалыптастырып, қазақ тілінде таза, сауатты сөйлеуге, ойын ашық айтуға баулиды және ойлау қабілеті, тіл байлығын дамыту көзделеді.

Көрнектілігі: Мақал - мәтелдер жазылған плакаттар мен нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Құрметті қонақтар, мұғалімдер мен оқушылар! Қазіргі кезде еліміздің түкпір - түкпіріндегі мектептерде, әрбір сыныпта Қазақстан жерінде қанша ұлт болса соншама тілдің бар екендігін айқындап, құрмет тұтуда. Бұл кешімізде қазақ тілі, оның мәртебесі, ана тіліміз - мемлекеттік тіл қалай меңгеріліп жатқандығы жайлы сөз болады

Балалар, құтты болсын тілің бүгін,

Ашатын жан сарайың білімдердің.

Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан

Тіліне зер салыңдар бұрыңғының.

Келесі кезекті оқушылардың өздеріне берейік.

1-оқушы: Қазақстан - Отаным

Қазақ тілі - қазынам

Қазақ жері - береке

Ырыс бірлік - кені кең

Бұзылмасын тыныштық,

Бейбіт өмір береке!

2-оқушы: Сүйем сені, туған ел, атамекен,

Абзал анам сенсің ғой құшағы кең

Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің,

Сенен артық не табам, қайда кетем?!

Мұғалім: Тіл табиғаттың адамға берген сыйы. Әр халықтың, әр ұлттың өз тілі болады. Жер жүзінде қаншама ұлт болса соншама тіл бар. Тіл тағдыры - ел тағдыры. Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қасиетті, құрметті. Өйткені тілсіз ел, қоғам болмайды. Тіл - халықтың байлығы, қазынасы.

3-оқушы: Ең бірінші бақытым - халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын аянбаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым - тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей - кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

4-оқушы: Ана тілі біліп қой,

Еркендігің, теңдігің.

Ана тілі біліп қой,

Мақтанышың елдігің.

5-оқушы: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзгі тілдің бәрінбіл.

Өз тіліңді құрметте.

Мұғалім: Балалар, ана тілі дегенді қалай түсінесіңдер?

6-оқушы: Ана тілі - әр халықтың өзінің төл белгісі. Адам өз ана тілінің бақытты болады. Өз халқының өткенін, тарихын, салт - дәстүрін білу үшін ана тілін білуі қажет. Өзінің халқын сүйеді. Ал өзінің халқын сүйген адам өзге елді де сүйе біледі.

7-оқушы: Қазақ тілі

Ол - менің ана тілім!

Казақ тілі

Байсалды баба тілім!

Сол байлықтан

Аз емес алатыным.

Сен тілісің,

Ұрпақтың талайысың.

Қазақ тілі -

Ана тілім,

Анық маған сөнбестен жанатының.

Анық маған болашақ замандарға

Бөгелмей баратының.

Мұғалім: Қазақстан Республикасының тілі қай тіл?

8-оқушы: ҚР-да 1989 жылы қабылданған «Тіл туралы» заңында былай делінген: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» ҚР территориясында тұратын әрбір азамат ұлтына қарамастан мемлекеттік тілді білуі қажет. Республикадағы қоғамдық қатынастардың барлығы қазақ тілінде жүргізілуі тиіс. Тілге құрмет - елге құрмет. Қазақ тілін меңгеру - туған жерді, елді, Отанды сүю деген сөз.

9-оқушы: Ақыл - ойын даналық,

Ана тілден аламын.

Ана тілі ардақты,

Ақ сүтіндей ананың.

10-оқушы: Өсірген ой - білімді

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің,

Мәнін терең білуді.

11-оқушы: Туған тілім - баба тілі, өз тілім.

Туған тілім - далам тілі, өз тілім

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып - ақ алыңдар!

12-оқушы: Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

13-оқушы: Қазақ тілім - өз тілі, ана тілі

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым бақытым, дара тілім.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал