- Учителю
- Зат есім, оның сұрақтары
Зат есім, оның сұрақтары
Мұғалімі : Достаева Жулдыз Игликовна
Мекен-жайы:Атасу кенті
Мектебі : № 132 ОМ.
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 3
Тақырыбы : Х,һ дыбыстары
Мақсаты : х,һ дыбыстарының ерекшелігін меңгерту, х , һ дыбыстары туралы 1 сыныпта алған ұғымдарын бекітуін қамтамасыз ету;тіл байлығының,ойлау қабілетінің дамуына көмектесу;жаңа сабақты меңгеру үшін жағдайлар жасау;көркем жазу мәдениетін дамыту. Түрі : жаңа сабақ
Типі: Саралап-деңгейлеп оқыту
Әдіс-тәсілдері: ойландыру,сұрақ-жауап,проблемалық түсіндіру,талдау-көрнекілік.
Көрнекілігі: суреттер,тапсырмалар жазылған карточкалар,кестелер,т.б.
Б а р ы с ы
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың назарын аудару.
Кел,балалар,ойлайық,
Ойлайықта бойлайық.
Қандай сабақ болса да,
Мақсатқа жетпей қоймайық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 7-жаттығу. «Цирк қызықтары» тақырыбына әңгіме жазу.
-
Енді, балалар, мына сөйлемді тақтаға жазайық. Циркке халық көп жиналды.Тақтаға осы сөйлемдегі цирк сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
-
Осы сөйлемдегі халық сөзіне мағыналас қандай сөздерді білесіңдер? (Ел,адамдар,кісілер)
-
Ендеше, осы халық арасынан қандай оқымысты,білімді ,батыр,зерттеушілер шыққан,білесіңдер ме? (А.Байтұрсынұлы.,Ы.Алтынсарин,Б.Момышұлы,Ш.Уалиханов т.б.)
-
Дұрыс,ал Б.Момышұлы туралы не айтар едіңдер? Ол кісіні біз кім дейміз?
-
Халық қаһарманы дейді екенбіз.
-
Олай болса,балалар,бұл сөз қандай адамдарға арналып айтылған?
-
Балалар,осы сөзде ұқсас дыбысталып тұрған қандай әріптерді көріп тұрсыңдар?
-
Х,һ- дыбыстары
-
Олай болса, бүгінгі тақырыбымыз Х,һ дыбыстары.Дәптерлеріңді ашып,бүгінгі күнді тақырыпты жазып қойыңдар.Бүгін біз х,һ дыбыстарының ерекшелігі туралы 1 сыныпта алған білімімізді ары қарай дамытып, тапсырмалар,жаттығулар орындап,өзіміздің білімдерімізді көрсетеміз.
ІІІ.Жаңа сабақ: 1.Көркем жазу. Хххххххх,һһһһһһһ -дыбыстары келетін сөздерді тақтаға жазу.
(Оқушылар өздері мысал келтіріп отырып жазады)
2. Х,һ дыбыстарының айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктеріне тоқтала отырып, ереже шығару.
Х - тіл арты дауыссызы, һ- көмей дауыссызы , екеуі де қатаң ызың дауыссызға жатады. Х- дыбысының бас әрпі бар,һ дыбысының бас әрпі болмайды.Х-дыбысы орыс тілінен енген сөздерде көп кездеседі, һ-дыбысы төл дыбысымызға жатады.
3. Оқулықпен жұмыс: 1-тапсырма.Сөздерді оқып,мағынасын түсіндіру.Ережені қорыту.
2-тапсырма.Сөздерді тақтаға жазу.Мағынасын ашу.Дыбыстық талдау жасау.1 сөзге сөйлем құрау.
Жаһан, ханталапай ,қағаз халық, жиһангез,қала хоккей ,қырман, қаһарман
Сергіту сәті. «Ұшты-ұшты»
ІҮ.Бекіту. 1.Шеңберлердің ішіндегі әріптерден х,һ әріптері бар сөздер тауып жазу.
Хан,халық,хикая,хат,хабар,жиһаз,қаһарман,гауһар,мархабат.
2.Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей: Қаһарман -сөзіне шағын әңгіме құрау
ІІ деңгей: Адасқан әріптерді сызықпен жалғастыр
һқа...ар айда..ар
жи...ан ша...ар
қ
Х
тасба...а ем..ана
....абар жи...аз
ІІІ деңгей: 5 әріп,5 дыбыстан тұратын сөз жаса,дыбыстық талдау жаса.
ҮІ.Қортынды. Венн диаграммасы.
Ұқсастығы Айырмашылығы Айырмашылығы
Х
һ
ҮІІ.Үйге тапсырма: 2-7 жаттығулар.
ҮІІІ.Бағалау.