7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Ел күтпеген хабарландыру (1 класс)

Сабақ жоспары Ел күтпеген хабарландыру (1 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Төлеш Г М

5 сынып «Қазақ тілі»

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар:

Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну

Мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған материалдар бойынша таныс заттардың атауын жазу,таныс сөйлемдерді айту.

Диалог барысында септік жалғауларын мұғалім көмегі/үлгі бойынша қолдану.

Табыс критерийлері

Оқушылардың жоғарғы жетістігі: Сабақта үйренгенін құрылымдық үлгілерді өмірде, жағдаятта еркін қолдана алады.

Оқушылардың орташа жетістігі: Тақырып көлеміндегі лексиканы еркін қолдана алады, тақырып бойынша өзара тілдесе алады.

Оқушылардың төмен жетістігі: Хабарландыру жөнінде айта алады,өзіне пайдалы кеңесті ала алады.

Тірек сөздер

Спорт,денешынықтыру,сымбатты

Оқыту әдістері

Түсіндіру, « Ауа. Жер. От » психологиялық тренинг, сергіту сәті «Қаражорға» биі, «Жоспарла»,диалог

Қажетті ресурстар

Суреттер топтамасы, желім, қайшы, филипчарт, хабарландыру үлгісі

Күтілетін нәтиже

Тақырыпқа сай суреттерді таба алады;

Хабарландыру жаза алады.

Диалог арқылы бір-бірімен сөйлесе алады.





Сабақтың барысы:Қалыптастырушы

бағалау



І.Қызығушылығын

ояту

«Ауа, Жер, От» психологиялық тренингі.

Мақсаты: оқушылардың бой сергітуіне, қимыл - қозғалыс жасауына көмектеседі.

Мұғалім: «Ауа», «Жер», «От» деген сөздерді кезек айтады. Ал егер де екеуін қатар айтса, онда қатысушылар екеуін де бірге тез - тез жасайды.



(А) Оқушылар мұғаліммен бірге жасайды. Ауа: құс ұшты - екі қолды жайып ұшады;

Құс қонды - екеуі бір - бірінің қолын уқалайды.

Жер: жүріп келеміз - екі аяқты жәй қозғалтады;

Жүгіріп келеміз - екі аяқты тез - тез қозғалтады.

От: от жағамыз - бір - бірінің арқасын үйкелейді;

Отты өшіреміз - бір - бірінің арқасын ұрғылайды.

«Ауа - құс ұшты» дегенде оқушылар екі қолды екі жаққа жайып, ұшқан құстың бейнесін жасайды. Осылай қайталана береді.

Оқушыларды смайлик арқылы бағалау



Білу

(МК) Өлең оқылады сондағы есімдіктерді балалар санап отырады.

Мен,сен,ол,

Інім таныс бол.

Жіктеліп жүреді,

Бар айыбы сол.

Мен дейді,сен дейді,

Бір-біріне сенбейді,

«Олға көңіл бөлмейді,

Түптеп келгенде,

Тірліктері өңбейді.

Біз,сіз,олар,

Көпке таныс болар

Қимылына қарасаң,

Көңілің толар.

Біз дейді,сіз дейді,

Бірлігін үзбейді.

Бірігіп іздейді.

«Олар» да ,

Қосылады соларға.

Ауыз бірлік бар жерге,

Қауіп-қатер жолар ма?



(Т.О)Оқушылар өлеңді тыңдайды, оқиды және түсінгендерін жұпта айтады.

«Бағдаршам» әдісі



Ой қозғау(шақыру)

Қай есімдік туралы айтылған?

(А)Сұраққа жауап береді.

Қысқа жауап



ІІ.Мағынаны тану

Сіз деген-сыпайылық,

Сен деген анайылық.

Біз деген -көмек,

Сіз деген -әдеп,-дегендей,әдептілік пен сыпайылық туралы не ойлайсындар?

Пікіралысу

Сен ата-анаңа сіз деп сөйлейсің бе,әлде сен деп сөйлейсің бе?Ата-анаңа,үлкен кісіге қалай сөйлеу керек?Онда, «сіз» деген жіктеу есімдігінің қай түріне жатады?ал «сен» деген ше?

(Т)Оқушылар сұраққа өз ойларын айтып шығады.жазады.





Түсіну

(МК) «Артық білім кітапта»

3-тапсырма

Ел күтпеген хабарландыру.

(О.А)Көрсет айт тапсырмасын орындайды.Оқушылар мәтінді мұқият оқып,не туралы екенің айтып,өздкрі топ болып хабарландыру жазады.

Екі жұлдыз бір ұсыныс



Жазылым

(МК)Мәтіндегі есімдіктерді тауып жазып алады.

(Ж)Есімдіктер мен септік жалғауларын тауып көрсетіп,жазады.

Өзіндік бағалау



Сергіту

Төбе,мұрын,жер

Ойынды жылдамдатып ойнайды.

Тамаша!..Қолпаштау сөздерін қолдану



ІІІ. Ойтолғаныс

(шығарма.тапсырма)



4-тапсырма

шығарма

Өз ойларын жазады.





Жинақтау(бекіту)

(МК) 3-тапсырма

Топтар өз жұмыстарына сұрақтар құрастырып бір-біріне қояды.

(Т) Оқушылар сұрақтарға ұқсатып өз тапсырмаларына сұрақ қояды екінші топ жауап береді.

Өзіндік бағалау



Бағалау

Формативті бағалау. Баспалдақтың суреті салынған парақ таратылады. Мұғалім қорытынды бағаны оқушылардың өзін-өзі бағалауына қарап қояды

Бес саусақ бойынша

Парақ бойынша өзін-өзі бағалау



Үйге тапсырма









Кері байланыс (рефлексия)

Не білдім,Не білгім келеді,Нені түсінбедім









































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал