- Учителю
- Урок по казакской литературе на тему: 'Ғабит Мүсірепов. Жаңа достар ' (5 класс)
Урок по казакской литературе на тему: 'Ғабит Мүсірепов. Жаңа достар ' (5 класс)
Ғабит Мүсірепов.
«Жаңа достар»
(5-сынып)
Сабақтың мақсаты:білімділік-жазушы өмір жолынан мағлұматтар беру, шығарманың мазмұнын толықтай меңгерту,мәтінге талдау жасау,білімдерін кеңейту;дамытушылық-оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,көркем оқу шеберлігін ,тілін,ой-өрісін дамыту,әдеби теориялық ұғымдарды тереңдете меңгерту,қорытынды ой түюге үйрету;тәрбиелік-оқушыларды адамгершілікке ,бауырмалдыққа баулу,достыққа,ұйымшылдыққа,мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ғабит Мүсірепов,Қайырғали Смағұлов портреті, «Қазақ солдаты» романы,интерактивті тақта,табиғатты бейнелейтін сурет,кестелер.Әдісі:сұрақ-жауап,талдау,СТО бағдарламасы.Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,география,бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығын, «Жаңа достар» әңгімесін оқып келу.
-
«Ой шақыру»әдісі.Сұрақ-жауап:
1.Ғабит Мүсірепов кім?2.Қай жерде,қай жылы дүниеге келген?3.Әкесінің аты кім?Қандай отбасында дүниеге келген?4.Бала кезінде сүйсініп оқыған жырлары.5.Жазушының өткен өмірінде құрылған шығармасы.6.Ұстазы кім?7. Жаңа достар» қай романнан үзінді?8. «Қазақ солдаты» қай жылы жарық көрді?9. «Қазақ солдаты» романының бұрыңғы атауы.10.Қайрош ауылынан неге қашты?11.Қалаға келуіне не себеп болды?12.Шеген Қайрошқа қандай қамқорлық жасады?13.Балалар күнкөріс жолында не істеді?14.Қайрош балалар үйіне қалай әкелінді?15.Ол анасымен бірге ауылға қайтып кетпей,неге балалар үйінде қалды?
2. «Еркін жауап» әдісі.Мәтіннің өздеріне ұнаған үзіндіні жатқа айту.
Интерактивті тақта арқылы көрініс көрсетемін.
-
Танысу 2.Уәде
Жаңа сабақ.Әңгіменің композициялық құрылысына талдау.
3.«Түсіндірме күнделігі» сатысы
«Қазақ солдаты» романы -КСРО-Германия соғысы жылдарын бейнелейтін,жауынгерлердің ерлік істерін көрсететін тарихи шығарма.
Романнан алынған үзіндідегі оқиға Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) болған.
Интерактивті тақта арқылы карта көрсетіледі.
Шығармадағы басты кейіпкер-Қайрош (Қайырғали Смағұлов)-өмірде болған адам.Интерактивті тақта арқылы.Қайырғали Смағұлов суреті көрсетіліп,өмірі таныстырылады.
Қайырғали Смағұлов 1919 жылы Гурьев облысында дүниеге келген.1839 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылады.Дондағы Ростов,Орджоникидзе түбінде ерлікпен шайқасқан.Новароссйск үшін болған ұрысқа қатысқан.Эльтеген елді пункті үшін болған ұрыста Қайырғали жиырмаға жуық гитлершілердің көзін жойып,Керчь түбіндегі ұрыста асқан батырлық көрсеткен.
Қайырғали Смағұлов 1943 жылы 17 қарашада Кеңес Одағының Батыры атағын алған.Біз танысқан «Жаңа достар» әңгімесінен бала Қайрош,бақташы Қайрош,оқушы Қайрошты көреміз.
Кейіпкердің есею,өсу жолы.
Шығармашылық жұмыс.Интерактивтік тақта арқылы кейіпкерлердің сөздерін табу.
-
«Анау ағасы,мынау інісі...»деген ойдың келуі мұң екен,Айдаш есіме түсіп кетіп,жалғызссырай бастадым./Қайрош/
-
Енді естияр азамат болдың.Мына таяқты қолыңа ал,осы ауылдың сиырын енді сен бағасың!/Айдынғали/
-
Шпана,бұзақылардың бірі болып жүреме деп жоламап едік.Ондайлар да болады.Олар бізге жолдас емес./Шеген/
-
Адам болады екенсің,айналайын!/милиционер/
-
Көресіз бе,балаңыз қандай ақылды.Оқу оқығысы келеді./Мария апай/
-
Өзім іздеп жүрген балалар үйінің атын қалай айту керек екенін мен де үйреніп ала қойдым: «Детдом»./Қайрош/
-
Соқаның үстіне құлап түстім...Шеген ағам жазды ғой әйтеуір...енді бір айда жүруге жарайсың дейді./Бораш/
-
Оның болмайды,Костя!Оқу керек!Адамның басы қарбыз емес./Шеген/
-
Қарғадай басыңмен қалай оқисың,құлыным-ау?Тым болмаса әкең де жоқ.Мен қаражатты қайдан табады дейсің?/анасы/
-
Ал қырғилар аздап болса да өнер көрсетіп жіберейік.Өнер жылатуға да жарайды,күлуге де жарайды./Шеген/
4. «Мағынаны тану» кезеңі.Мәтіннен әжеби-теориялық ұғымдарды табу.Интерактивті тақта арқылы көрсету.
Кейіптеу дегеніміз не?Жайықты өрлей,әр бұтаны тасаланып,алыстан ыңыранғаны естіліп жатқан Каспийге қарай құлап келемін.Теңіз құшағына тез кіруге асыққан Ақ Жайық төтелеу жерден жол салам деп жарын талай сабалапты да,шалқайып кейін бұрылыпты.
Қаракөк Каспийдің бір сарынмен ғана дем алған ауыр ыңыранысы естіле бастады.Алыстан жымың қағып шақыра беретін қала оттарына да жақындап келем.
Портрет дегеніміз не?Бораш бір аққұба ғана,қағылез,қыз мінезді бала.Көздері жаңа туған бұзаудың көзіндей,бар дүниеге таңдана қарайтын сияқты.
Пейзаж туралы түсіндіру.Интерактивті тақта арқылы табиғат көрінісін бейнелеген сурет көрсетемін.
Бұл сурет қылқалам шеберлерінің /суретшілердің/ қолынан шыққан.Ал,жазушыларшығармаларында табиғат көріністерін көркем тілмен шебер бейнелейді.
Интерактивті тақта арқылы ереже беріледі.Көркем шығармада суреттелетін табиғат көрінісін пейзаж дейді.Мысалы: Күн де батты.Теңіз үстіне қорғасындай басқан бір ауыр тұман да көтерілді.Қара тұманның ауырлығынан теңіз беті қайысып,төмен түсіп кеткендей сезіледі.
Қазақ тілі пәнінен лексика тарауын оқығанда мақал-мәтелдер,тұрақты тіркестер және диссфемизмдермен танысқанбыз.Оларды әңгіме мәтінінен табамыз.
5. «Ой толғаныс» кезеңі.
«Ғабит Мүсірепов-ардақты ат!
Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ,
Мүсіреповпен мақтану керек!». Зейнолла Қабдолов.
Интерактивті тақта арқылы көрсету.
«Топтастыру» стратегиясы. Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы.1.Шығарманы талдау кестесі
1 қ/с
Шығарманың аты-
Жаңа достар
21
Авторы:
Ғабит Мүсірепов
32
Кейіпкерлері:
Қайрош,Шеген,Бораш,анасы,Мария апай,милиционер,базаршы әйелдер.
43
Оқиға орыны-
Гурьев қаласы
54
Әрекетке баруы-
Әліпті таяқ деп білмегені
65
Әрекетке итермелеген не?
Өзінің ынтасы
76
Неге қашты?
Сиыршының таяғына әліптің таяғын ауыстыруға.
87
Кімге кездесті?
Өзі сияқты оқу іздеген жетім балаларға кездесу
98
Олар қайтті?
Күнкөрістің қамын жасады.
19
Кейіпкер сөзі-
Милиционерге шынын айтуы
110
Әңгіме соңында не болды?
Қайрош өзі қалаған Балалар үйіне әкелінді
111
Қорытынды
Мария апайдың көмегі.Анасының аманаты.
112
Бұл шешімді неге жасады?
Оқу үшін.