7


  • Учителю
  • Открытый урок по казахскому языку на тему 'Жануарлар әлемі'

Открытый урок по казахскому языку на тему 'Жануарлар әлемі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шекерова Айгуль Базарбаевна

учитель казахского языка и литературы

ГУ «Карасуская средняя школа»


Күні:

Пәні: қазақ тілі


Сынып : 4 «А»


Сабақтың тақырыбы:

Жануарлар әлемі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жануарлар әлемінің түрлері туралы білімдерін кеңейту. Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың айырмашылығын білдіру.

Дамытушылық: жаңа технология элементтерін пайдалана отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: туған жердің табиғатына қамқорлық жасауға, аялауға ,жануарларды қорғауға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі:


жаңа білімді меңгерту;

Сабақтың әдіс-тәсілі:

сыни тұрғыдан ойлау, дарынды балалармен жұмыс, оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер, оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау, АКТ


Сабақтың көрнекілігі:

«Жануарлар әлемінде» көрме, табиғат туралы нақыл сөздер, «Қызыл кітап», оқулық, үлестірмелі материалдар.


Пәнаралық байланыс:

Дүниетану, орыс тілі,математика.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:


1. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

а) Психологиялық дайындық.

ә) «Шаттық шеңбер» ( ынтақмақтастық атмосферасын қалыптастыру)

Мұғалім сөзі: Қанеки , балалар, қол ұстасып, «Шаттық шеңберін» құрайық. Мен сіздерге зор денсаулық , оқуда табыс, еңбекте жеміс тілеймін.

Қайырлы таң досым!

Қайырлы күн болсын!

Сейсенбінің әр кезі,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!


Бүгін бізде қонақтар бар, олармен амандасайық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз!


Балалар, сабағымыз қызықты өту үшін , мен седерді 4 топқа бөлемін. Ол үшін сандық ретті пайдаланамын. 1,2,3,4.

І -топ - боталар

ІІ- топ - құлыншақтар

ІІІ-топ - қонжықтар

ІV- топ - көжектер


1. Үй тапсырмасын тексеру


2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

3. Оқыту үшін бағалауға,оқытуды бағалау

Сендердің алдарыңызда бағалау парақтары жатыр. Сабағымыз бірнеше тапсырмалардан тұрады. Өз-өздеріңізді бағалайсыздар. -3 ұпай қоясыздар. «4» орындасаңыздар -2 ұпай қоясыздар. «3ке» орындасаңыздар -1 ұпай қоясыздар. Мүлдем жұмыс істемесеңіздер -0 ұпай

Әр тапсырмаларыңызды 5-ке -орындасаңыздар


Балалар, үй тапсырмасы «Менің күн тәртібім» тақырыбына эссе жазып әкелу.

Қорытындылау.Өте жақсы балалар, үй тапсырмасын орындап келдіңдер.


2. Қызығушылықты ояту


Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

4.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқыту.

Балалар тақтаға назар аударыңдар!

Ойын «Сандарды ретімен орналыстыр»


а

ж

н

а

р

а

у

л

р

2

1

3

5

9

8

4

7

6


л

і

ә

м

е

11

14

10

13

12


Қандай сөз шықты? Кім оқиды?

Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Жануарлар әлемі»

- сабағымыздың мақсаты, сабақта үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы әр түрлі тәсілдер бойынша тапсырмалар орындап, ойын арқылы білімімізді толықтырамыз.


3.«Төлдерін тап» ойыны


Ақпараттық коммуникативтік технологияны қолдану.

Интерактивтік тақтада 4 сурет көрсетіледі.

Балалар , мынау жануарларды атап айтайық?

- Иә, дұрыс

-Ал мынау жануарларды білесіңдер ме?

- өте жақсы!

- Жылқы, қой қандай жануарлар тобына жатады?

- Аю, қоян жануарлар қандай топқа жатады?

Олардың төлдерін атап, көрсетіңдер.

-Дұрыс орыңдадыңдар

Ендеше сендердің тобтарының аты «қошақандар» болады. «құлыншақтар», «көжектер», «қонжықтар»


ІІ. Мағынаны тану.

Жаңа сабақ


Ақпараттық комуникативтік технологияны қолдану


4. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Тақтаға назар аударыңдар! Балалар бейнесюжет қарайды.

Мұғалім сөзі:

-Балалар, жануарлар әлемі әр түрлі және көп болып келеді. Жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан аса түрі бар.Жануарлар 6 топқа бөлінеді.


« Жануарлар әлемі» туралы презентацияны Мадина дайындап келді, Мадинаға сөз берейік.

1.Жаңа сөздермен танысу


Оқытуды бағалау, оқыту үшін бағалау.

жабайы -дикие

тіршілік етеді - обитают

ешкім бақпайды - никто не заботится

асырайды - кормят

тауып жейді - находят

өз беттерінше- самостоятельно

пайда әкеледі - приносят пользу


-жаңа сөздермен танысу

Сөздерді оқу, қайталау, сөз тіркесі мен сөйлемдерді құрау


Бағалау.

2.Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқыту.

Жануарлар

Жануарлар жабайы және үй жануарлары болып екіге бөлінеді. Жабайы жануарлар тауда, орманда, далада тіршілік етеді. Олар аю, қасқыр, түлкі, қоян, барыс, жолбарыс, арыстан. Жабайы жануарларды ешкім бақпайды. Олар өз қорегін өздері тауып жейді, өз беттерінше өседі. Төлдерін де өздері асырайды.

Үй жануарлары: қой,түйе, ешкі, сиыр, жылқы.

Үй жануарларын адамдар бағады. Үй жануарлары адамға пайда әкеледі. Олар ет, сүт береді. Сиыр сүт, ет береді. Қой мен түйенің жүнінен киім тоқиды.

3.Топтық жұмысы

Топтастыру стратегиясы

Венн диаграмма


- оқытудағы жаңа әдіс -тәсілдер

- сыны тұрғыдан ойлауға үйрету

- оқытуды бағалау, оқыту үшін бағалау.


І - үй жануарлары

ІІ - үй жануарының төлдері

ІІІ - жабайы жануарлар

ІV - үй жануарлары мен жабайы жануарларды салыстыру.


Бағалау.

4. « Біліміңді біліп көр» ойыны.

Семантикалық картаны толтыру


Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.


Топпен жұмыс


Сөздер

әріп саны

дыбыс саны

дауысты

дыбыс

дауыссыз

дыбыс

Жылқы

Түйе

Құлыншақ

Бота


Сөздер

Жуан сөз

Жіңішке сөз

Жолбарыс

Жылқы

Қонжық

5."Жануарлар тобын тап"

Ойыны.

- Балалар, мен сендерге жануарлардың аттарын айтамын, "Үй жануарын" айтқанда бір рет қол шапалақтау керек, егер «Жабайы жануарларды» атауын айтқанда, екі рет қолдарың шапалақтайсыңдар.

Мысалы: жолбарыс, түйе, жылқы, лақ, кірпі, ешкі ,қоян, ит, тиін, арқар,қасқыр, барыс, аю, қой, сиыр, арыстан, қозы,бота, құлыншақ.


Сергіту сәтті

«Қызыл өрік» өлеңіне балалар қимылын жасайды.

6. Жаңа сабақты бекіту

7. Шығармашылық жұмыс

  • Ақпараттық комуникативтік технологияны қолдану.

  • Оқыту бағалау, оқыту үшін бағалау

Балалар, жануарларды 2 кі топқа бөлуге болады. Қандай топқа?

Олар қайда тіршілік етеді?

Әр топқа коллаж жасату.

Үй жануарлары Жабайы аңдар



Бағалау. Әр топ кезек-кезек шығып стикер бойынша бір-бірін бағалайды.

ІІІ. Рефлексия

Стикерлерге сұрақтардың жауаптарын жазады.

Не ұнады?

Не ұнамады?

Өздерін таңдаған жануарларға синквейн жазу.

Үйге тапсырма

Жаңа сөздіктерді жаттау, ұнаған аңның суретін салу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал