- Учителю
- Урок на тему 'Коршаған ортаны қорғау' (11 класс)
Урок на тему 'Коршаған ортаны қорғау' (11 класс)
Қысқа мерзімді жоспар
Сынып:11 -в
Пәні: ағылшын тілі
Пән мұғалімі: Якубова Гулистан Эргешовна Өтілетін күні: 06.12.2014ж.
Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғау .
Сабақтың мақсаты:Оқушыларда қоршаған ортаны қорғау проблемалары туралы түсінік қалыптастыру, осы проблема шешімін табу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға қолдау көрсету.
Нәтиже: Оқушыларда қоршаған ортаны қорғау проблемалары туралы түсінік қалыптасады, сол проблема шешімін табу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға қолдау көрсетіледі. Топ ережесін ұстануға, пікір алмасуда өз тұжырымдамасын дәлелдей білу арқылы ауызша сөйлеу дағдысы дамыди.
.
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Ресурстар
3 минут
Сыныпты ұйымдастыру.
Сәлемдесу, оқушылардың түгелдеу, көңіл-күйін білу.
Оқушыларды топқа бөлу
Оқушыларды түсті парақшалар тарату арқылы топқа бөлу.
Сынып топқа бөлініп отырады.
Оқушылардың көңіл -күйі көтеріледі.
Әр түсті стикер
5 минут
Топтық жұмыс
Ойлан, жуптас, бөліс -топтық қорғау
Сабақ барысында оқушылар топтық жұмыс кезінде үй тапсырмасы бойынша өз жұмыстарын қорғайды.
Өткен материалдар бойынша сұрақтар.
5 минут
1-топ «Сәйкестікті тап»,
2-топ «Мимикалық-визиуальдық баяндау» әдістері бойынша тапсырма беру
Оқушылар өткен тақырыптағы жаңа сөздердің мағынасына сай іс-қимыл жасап түсіндіреді
Үлестірме материалдар
3 минут
Тақырыпты ашуға арналған видеоролик көрсету
Оқушылар осы роликте тамашалаған сюжет бойынша сөздер құрастырады
АКТ
2 минут
Сөздік пен жұмыс
Оқушыларға жаңа сөздер туралы түсінік беріледі
Сөздік
12 минут
Жаңа тақырып: бойынша топтарға тапсырма беріп, мәтінді 2 бөлікке бөліп береді. Үй тобында оқып алуын тапсырады. Жұмыс тобына жиналуын сұранады.
Берілген тақырып бөлігін оқып шығады. Топтарға берілген бөліктері арқылы бөлінеді.Топ ішінде талқылайды.Бір- біріне түсіндіреді. Сұрақтар қояды, жауап береді.Өз жұмыстарына талдау жасайды.
Джиксо стратегиясы
Оқулық, тірек сызбалар, презентация
2 мин
Сергіту сәті: «Ой шебері» әдісі
Оқушылар табиғат туралы мақал-матал және нақыл сөздер айтады
8 минут
Топтық жұмыс «Кубизм» стратегиясы бойынша әр топқа тапсырма беру.
1.Картада көрсету. Паразит турлерін жазып бір - бірімен салыстыру.
2. І топ: Синквейн: Қоршаған ортаны қорғау бойынша мәтін құрастыру
ІІ топ: Президентке хат : Оқушылар қоршаған ортаны қорғау бойынша өз пікірлерін білдіреді.
Оқушылар Қазақстандағы экологиялық ахуалы төмен болған мекен жайларды картадан белгілейді.Топтық жұмыста оқушылар диалог нәтижесінде әр оқушы өз пікірін айта отырып бір - бірінің сөзін тыңдап, ортақ шешімге келеді.
Тапсырмалар, түрлі түсті бағалау парақтары
«5»баға-қызыл түсті жұлдызша, «4» баға-көк түсті төртбұрыш, «3» баға-сары түсті үшбұрыштар
4 минут
Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек»
.
Сабаққа қорытынды жасалады.
Топтардың бір-бірін бағалаунда әр топ басқа топтың жұмысына "Екіжұлдыз,біртілек " бағалау стратегиясы арқылы бағалап отырады.
"Екіжұлдыз,бір тілек " бағалау парақтары
1 мин
Үйтапсырмасы: «Экология және біз» тақырыбында эссе жазу
Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазады
Күнделік