- Учителю
- Marco Polo and Thomas Cook
Marco Polo and Thomas Cook
</ Ағылшын тілі пәні, 10 сынып
(Қысқа мерзімді жоспар)
Тақырыбы: Marco Polo and Thomas Cook
Мақсаты: Марко Поло мен Томас Кук саяхатшылары туралы білімдерін бекіту.
Міндеттері:
-
Сөздікпен жұмыс жасау. Жаңа сөздерді ауызекі тілде айта алу мен жаза алу.
-
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы жаңа білімді ұштай білуге дағдылану.
-
Топта жұмыс жасау кезінде бір-бірін силауға, тыңдауға қалыптастыру
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, ізденушілік
Жұмыс түрі: топтық, жұптық , жеке
Пән аралық байланыс: география, орыс тілі
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқытудағы басқару және көшбасшылық, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Стратегиялық іс-әрекеттер: «Мозайка», «Миға шабуыл», «Ментальді карта», «Вен» диаграммасы, «Синквейн» «Өзін-өзі бағалау», «INSERT», «Рефлексия»
Құрал жабдықтар: Интербелсенді тақта, презентация, ватмандар, маркерлер, бағалау парақтары, үлестірмелі материалдар, стикер
Сабақ құрамы
I. Ұйымдастыру (3 мин)
Мақсаты: Сыныпта жағымды психологиялық ахуал тудыру арқылы балаларды бүгінгі сабаққа даярлау.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылармен сәлемдесу, көңіл-күйлерін сұрау;
Good morning students! How are you?
I'm fine, thank you! Sit down please!
Оқушылардың іс-әрекеті
Мұғаліммен амандасады, көңіл-күйлерімен бөліседі
Good morning teacher! We are fine, thank you! And you?
Топқа бөлу. «Мозайка» стратегиясын қолдану
Мақсаты: оқушыларды топпен жұмыс жасауға бағыттау
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушыларды суреттің қиындылары арқылы топқа бөлу.
Оқушылардың іс-әрекеті
Үстел үстіндегі сурет қиындыларын алып, танымал саяхытшылар суретін құрап екі топқа бөлініп отырады
1 - топ «Марко Поло»
2 - топ «Томас Кук»
II. Тірек арқылы білім тексеру (5 мин)
«Миға шабылу» стратегиясын қолдану
Мақсаты: оқушылардың саяхатшылар туралы түсініктерін анықтау
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушыларға кітаптарына қарап сұрақтарға жауап беруге тапсырма береді.
Сұрақтарға жауап беру.
Answer the questions.
-
Why were they famous?
-
Do you know what nationality they were?
-
Which century were they born?
-
Which of these two travellers do you know most/ least about?
-
Do you know any other famous travellers of the past?
Оқушылардың іс-әрекеті
Интербелсенді тақтадан екі танымал саяхатшылар суреттеріне қарай отырып, кітаптағы сұрақтарға жауап беріп, дәптерлеріне жазып отырып жауап береді. (жеке жұмыс)
Ойларын жүйелі түрде жеткізе біледі. Тақырыптан ауытқымайды.
Оқушылар ойланып, ойын жинақтап жауа береді.
III. Мақсат пен міндеттер қою (2 мин)
Жаңа сабақ. «Түрткі сұрақ»
Мақсаты: сабақтың тақыры мен мақсат, міндерін қою
Мұғалімнің іс-әрекеті
Интербелсенді тақтадан біраз суреттер көрсетеді. Бұл суреттер арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтау қажет.
Оқушылардың іс-әрекеті
Оқушылар сыни тұрғыдан ойлайды, топ мүшелерімен пікір-алмасады, шапшаңдық қабілеттері байқалады. Сабақтың тақырыбын анықтауға тырысады
Сабақтың тақырыбын анықтағаннан кейін сабақтың мақсат, міндеттерін мұғалімен бірге қояды.
IV. Жаңа сабақты меңгеру (10 мин)
«Сөздік жұмыс»
Vocabulary words. Read and repeat.
Venice ['venis] Венеция
Far East [fa:'i:st] Алыс Шығыс
Palestine ['pælistain] Палестина
Persia [pǝ:ʃǝ] Персия
Pamirs [pǝ'miǝz] Памир
Peking [pi:'kiŋ] Пекин
Indochina [indɔu'tʃainǝ] Үндіқытай
Tibet [ti'bet] Тибет
Burma ['bǝ:mǝ] Бирма
Ceylon ['seilǝn] Цейлон
Genora ['ʤǝnǝuǝ] Генуя
Leicester ['lestǝ] Лестер
France ['fra:ns] Франция
Switzerland ['switsǝlǝnd] Швейцария
Egypt ['ıʤıpt] Египет
Liverpool ['livǝpul] Ливерпуль
Japan [ʤǝ'pæn] Жапония
China ['tʃaınǝ] Қытай
India ['ındıǝ] Үндістан
Мұғалімнің іс-әрекеті
Интербелсенді тақтадан мұғалім жаңа сөздерді оқиды
Оқушылардың іс-әрекеті
Жаңа сөздерді мұғалімнен кейін қайталайды, содан өздері топпен оқиды.
«Ментальді карта»
Мақсаты: екі танымал саяхатшы тарихын ашып көрсету
Мұғалімнің іс-әрекеті
Екі топқа тапсырма беріледі. Танымал саяхатшылар «Марко Поло» мен «Томас Кук» тарихын кітаптан, интернеттен мәліметтер ала отырып «Ментальді картаға» түсіру
Оқушылардың іс-әрекеті
Оқушылардың жылдамдақтары мен тез ойлау қабілеттері байқалады.
Оқушылар топпен жұмыс жасай отырып, берілген тапсырманы тез жылдам орындайды. Бір-бірімен пікір алмасады. (топтық жұмыс)
Ментальді карталарын ватманға түсіріп әр топ ортаға шығып қорғайды.
V. Өткен сабақ түсінігін тексеру (5 мин)
«Вен» диаграммасы
Мақсаты: екі саяхатшыны салыстыра алу
Мұғалімнің іс-әрекеті
Екі саяхатшы туралы Вен диаграммасын толтыруға тапсырма береді.
Оқушылардың іс-әрекеті
Жұптық жұмыспен Вен диаграммасын орындайды. Ортаға шығып қорғайды
VI. Өткен сабақты бекіту (5 мин)
«Допты қағып ал» стратегиясын қолдану
Мақсаты: өткен сабақ бойынша топ арасында білімдерін бекіту
Мұғалімнің іс-әрекеті
1 - топқа допты ұсынады. Ойын ережесімен таныстырып өтеді.
Answer the questions:
-
Where was he born?
-
When was he born?
-
What countries did he travel to?
-
What was his contribution to the development of tourism?
-
What do you think were the most important events in his life?
-
What do you learn on his travels?
-
When did he die?
Оқушылардың іс-әрекеті
Әр топтан бір оқушы тұрып допты екінші топтын оқушысына сұрақ қойып лақтырады, екінші топтан бір оқушы тұрып допты қағып алып сұраққа жауап береді. Келесі оқушыға лақтырады
VII. Түзету (5 мин)
«Ауысқан сөздер» стратегиясын қолдану
Мақсаты: орны ауысқан сөздерден сұраулы сөйлем құрастыруға үйрету
Мұғалімнің іс-әрекеті
Интербелсенді тақтадан жаттығуды көрсетеді, орындары ауысқан сөздерден сұраулы сөйлем жасауға тапсырма береді.
Write the questions and answers about two travellers.
-
What was Marco Polo's book about?
-
Who did Marco Polo travel with in 1271?
-
When did Marco Polo return to Venice?
-
How many daughters did Marco Polo have?
-
What places were popular destinations for Cook's tours?
-
What country was Thomas Cook delighted by?.
-
What did Thomas Cook write to the times in 1873
-
How many days did Thomas Cook spend abroad?
-
When did Thomas Cook die?
-
How old was Thomas Cook when he died?
Оқушылардың іс-әрекеті
Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, интербелсенді тақтадағы жаттығуды орындайды
Басқа топ оқушылары қадағалап, қатесін түзеп отырады.
VIII. Өткенді қорытындылау (5 мин)
«Синквейн» стратегиясын қолдану
Мақсаты: сыни тұрғыдан ойлай отырып бес жолды өлең құрауға үйрету
Мұғалімнің іс-әрекеті
Әр топқа А4 парағын үлестіріп береді, бес жолды өлең құрауға тапсырма береді
Оқушылардың іс-әрекеті
Әр топ белсенді шығармашылықтарын көрсетеді, бес жолды өлең құрап қалаулары бойынша оқып шығады.
IX. Сабақтың қорытындысы (3 мин)
«ИНСЕРТ» стратегиясын қолдану
Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін тиянақтау. Талқылау жинақтауға дағдыландыру
«Өзін-өзі бағалау»
Мақсаты: әр оқушы және топ басшылары адал бағалауға үйрету
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушыларға ИНСЕРТ парағын толтыруға тапсырма береді.
Оқушыларға стикерлер таратылып беріледі
Оқушылардың іс-әрекеті
Топтың әр мүшесі рефлексия жасайды
«v»
Білемін
«+»
Білмеймін
«-» мен үшін жаңа ақпарат
«?» мені таң қалдырды
Стикерге сабақтан алған әсерлерін жазып іледі.
X. Үй тапсырмасы (2 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Қазақстаннның танымал саяхатшылары туралы мәліметтер іздеп келу
The lesson is over, good bye students!
Оқушылардың іс-әрекеті
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады