7


  • Учителю
  • 5 – сынып қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»

5 – сынып қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: 5 – сынып қазақ әдебиетіСабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» Сабақтың мақсаты:А)білімділік: Бауыржан Момышұлы туралы түсінік беру, өмір жолы, шығармашылығымен қысқаша таныстыру. Жазушының «Ұшқан ұя» повесінен алынған «Қарлығаштың құйры
предварительный просмотр материала

5 - сынып қазақ әдебиеті 01.04.15

Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Бауыржан Момышұлы туралы түсінік беру, өмір жолы, шығармашылығымен қысқаша таныстыру. Жазушының «Ұшқан ұя» повесінен алынған «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» үзінді -ертегісінің мазмұнымен, түйінімен таныстыру.

Ә)дамытушылық: Қазақша оқу арқылы тілдік қасиетін,шығармашылық қасиеттерін дамыту.

Б)тәрбиелік:балалардың жауынгер - жазушыға деген сыйластық, құрмет сезімдерін тәрбиелеу, әдебиетке деген қызыгушылығын оятуға ықпал ету. Отанды,атамекенді,туған жерін,елін сүюге тәрбие беру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ - жауап, ойтолғау, кейіпкер бейнесін сомдау

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: жазушының портреті, шығармашылығы, суреттер мен кітапшалар, үнтаспа, қосымша материалдар.

Жұмыс формалары: топтық

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:сыныпты түгендеу,тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.

ІІІ Жаңа сабақ:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Балалар! Әдебиет - өмір айнасы болғандықтан ол бізді қоршаған ортамен, біздің өмірімізде болып жатқан оқиғалармен, біздің тарихымызбен тығыз байланысты. Біздің тарихымыздағы елеулі оқиғаның бірі - Ұлы Отан соғысы. Ол туралы сендер тарих пәнінен тереңірекоқып білесіңдер. Өздеріңе қажет деп тапқан келесі деректерді сендерге ұсынамын.

Ұлы Отан соғысы 1941 жылдан 1945 жылға дейін 1418күнге созылды. Бұл соғыста Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінен 23 миллионнан астам адам қаза тапты. Соғыста қаза тапқан қазақстандықтардың саны - 603мыңнан асады.

Қазақстанның да жеңісті жақындатуға қосқан үлесі зор. Қазақстанда құрылған 316 дивизияны генерал - майор И.В. Панфилов басқарды. Олардың ішінде қазақ халқының даңқты ұлдарының бірі Бауыржан Момышұлы да бар еді. Москваны қорғаудағы ерен ерлігі үшін 28 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазір Алматы қаласындағы 28 панфиловшылар бағында алауланған Міңгілік от сол батырлардың өшпес ерлігіне жасалған тағзым.

Олардың ішінде екеуі қазақ қыздары: Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар олар: Т.Ж. Бигелдинов, Л.И. Беда, И.Ф.Павлов, С.Д. Луганский. Үш мәрте Кеңес Одағы Батырының атағын алған - И.Н. Кожедуб. Атақты жауынгер - жазушы Б. Момышұлы аталарын Батыр атағын 1990 жылы алды. Батыр аталарыңның өмірі туралы, ерлік істері туралы білу, сол кісілердің үлгі алу - біздің парызымыз.

Біздің бүгінгі сабағымыз - жауынгер - жазушы Бауыржан аталарыңа арналады

(интерактивті тақтадан батырлар суреті, панфиловшылар бағы көрсетіледі)

Бауыржан Момышұлы кім болған? Ол кісінің қандай еңбектері мен ерліктері туралы не білесіңдер: Оқушыларға сұрақ қою арқылы өзара ұйымдастырып,білімдерін тексеру.

Кластер толтырту.

Байыржан момышұлы- Ұлы Оттан соғысына қатысып,Отанымызды жаудан қорғаған халық батыры. Соғыста Генерал Панфиловтың полкында дивизия командирі болған.

Жазушы соғыста елін қорғаған жауынгерлердің ерлігі мен достығын жазған. «Офицердің күнделігі» атты жинағы бар.

2. Оқулықпен жұмыс: Оқулықта берілген жазушы туралы мәліметті оқушылар өз бетімен оқып шығып, сөздіктің көмегімен түсінуге тырысады.

3. Сөздік тақтада көрсетіледі:


Даңқты жауынгер - славный воин

Халық қаһарманы - народный герой

Көрнекті жазушы - видный писатель

Атақ - звание

Дивизия құрамында - в составе дивизии

Қаһармандық ерлік - героический подвиг

Парыз - долг

Мәңгілік от - вечная память

Деректер - сведения, факты

Айтылуы, жазылуы қиындық тудыратын сөздермен жеке жұмыс жүргізіледі.

4. Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінен алынған «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» үзінді - ертегісімен жұмыс:

а) Үзіндінің мәтіні үнтаспадан оқу. Оқушылар оқулықтағы мәтін бойынша тыңдап отырады.

ә) Оқушылар назары мәтінге берілген сөздікке аударылады:

«Ұшқан ұя» бұл романы Бауыржанның отбасы жәнебалалық шағы туралы болмақ.

Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

Сөздік:




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал