7


  • Учителю
  • Открытый урок по казахскому языку

Открытый урок по казахскому языку

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақты жүргізген мұғалімнің аты, жөні Абдикалиева Гулхан Самалбековна 8 «Б» сыныбы оқушының саны -24 Байқоңыр қаласындағы жалпы білім беретін ТоқмұхамедовҚ.Қ. атындағы №14 орта мектеп Апта - 3 19.02.2014 2-сабақ 09:25-10:10 В-31 Сабақтың тақырыбы М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағ
предварительный просмотр материала



Сабақты жүргізген мұғалімнің аты, жөні

Абдикалиева Гулхан Самалбековна

8 «Б» сыныбы

оқушының саны -24

Байқоңыр қаласындағы жалпы білім беретін ТоқмұхамедовҚ.Қ. атындағы

№14 орта мектеп

Апта - 3

19.02.2014

2-сабақ 09:25-10:10 В-31

Сабақтың тақырыбы

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тақырыбы мен идеясы, сюжеті мен композициясы

Жалпы мақсаты


Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіре отырып, М.Мақатаев туралы білімдерін кеңейту, оқушыларды сыни тұрғыда ойланта отырып, поэма тақырыбы мен идеясын және сюжеті мен композициясын ашу

Міндеттер


1. Поэманың мазмұнын ашу арқылы оқушылар ойын бір жүйеге келтіріп, поэманың негізгі түйінін, астарын аша отырып, құндылық ретінде қабылдауға жетелеу. Ана әрекетіне түрлі көзқараста баға беру;
2. Құндылықты-бағдарлы, мәдениеттанымдық, тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттіліктері арқылы қоғам өмірінде өзінің рөлін білетін саналы, дарынды жеке тұлға болуға жетелеу. Поэмадағы кейіпкерлер іс-әрекеті арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, табиғатты сүюге, қамқорлық жасауға, туған жерді қадірлеуге, халқымыздың салт-дәстүрін сақтай отырып, сұлулық талғамын байытуға тәрбиелеу;
3. Сыни тұрғыда шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың таным белсенділігін, өзіндік ізденісі мен ой қорыту қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін , дәлелмен әдеби тілде жеткізе білуге төселдіру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың түрлі тапсырмаларды орындаулары арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру;

3.Оқушылардың бірін-бірі бағалау мүмкіндіктерін жасау.

Сабақтың түрі

Сабақтың типі

Сабақтың әдісі мен тәсілдері

іздендіру сабағы

аралас сабақ

түсіндірмелі-көрнекілік, ішінара іздендіру, сатылай кешенді талдау,« Ой қозғау», «Синкуейн», «6 телпек» әдістері, диалог құру, топтық жұмыстар т.б.

Сабақтың көрнекілігі

Мультимедиалық проектор, флипчарт,бағалау парағы

Күтілетін нәтиже

1.Шығармашылықпен жұмыс жасайды;

2. Өз ойын нақты айтуды үйренеді;

4.Бір-бірінің іс-әрекетіне баға бере біледі;

5. Бір-біріне сұрақ қояды;

6. Ой қорытады;

7. Пікірлерін айтады;

8. Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен амандасу;

  2. Ынтымақтастық пен сенім атмосферасын құру;

  3. Сыныпты топқа бөле отырып, жалпы топтың ережесін құрып, бағалау парағын таратамын.

Оқушылар амандасып, «Тілек шоғы» тренингі арқылы «Өмірде биік белестен көріне бер!»... сияқты тілектер айта отырып, шоқ гүлді соңғы тілекпен мұғалімге сыйлайды. Өлең тармақтары бойынша 4 топқа бөлінеді.

І топ- «Аққу» ІІ топ - «Табиғат » ІІІ топ- «Ана» IV-топ- «Жетімкөл»

ІІ Үй тапсырмасы сұрау және бекіту.

  1. Қазақ халқының біртуар ақыны Мұқағали кім? Ақиық ақын туралы не білеміз? Қандай шығармаларын білеміз?

  2. Экранда ұяшықтар бар, ұяшықтардағы белгіленген сандарды таңдау арқылы поэманы талдаймыз.

  3. Экранда ана суреті, ананың екі жақты жан күйзелісі.Киелі аққу мен өлім аузында жатқан сәби суреттері арқылы ана әрекеті туралы оқушылардың ойын сұраймын.

І топ - Ақынның өмірі мен шығармашылығы бойынша презентациясын қорғайды. ІІ топ -«Сандар сөйлейді». Ақын өмірі туралы хронологиялық мәлімет береді.

ІІІ топ- Ұяшық астындағы сұрақтарға жауап береді.

4-топ «Алты телпек» әдісі бойынша ана әрекетін баяндап шығады.

Топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалау іс-әрекетін жүзеге асырады.

Топтар бір-бірін мадақтайды.

IV Жаңа сабақ

Балалар, Мұқағали:

Қазақтың қара өлеңі құдіреттім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген,-дегендей қазақ жырының құдіретіне айналған ақынның сондай жырын, сұмдық сыры бар жырын-«Аққулар ұйықтағанда» поэмасын сабағымызда сөз етеміз.Енді осы поэма жайлы Т.Молдағалиев ағаларыңның мына бір тамаша сөзіне назар аударалық.

«Мұқағали поэмаларының ең асылы,ең биігі деп мен «Моцарт», «Жан азасы» мен «Аққулар ұйықтағанда»деген дүниесін атаймын. Бұлар-алтын ішіндегі меруерттей сәуле шашатын ұлы дүниелер. «Аққулар ұйықтағанда»поэмасы 1973 жылы «Жалын»альманағында жарияланды. Бұл поэманы оқығанда менің жеке өз басымның қуанышын сөзбен айтып жеткізе алмайтын сияқтымын. Мұқағалимен кездескенде поэмасын көп мақтадым. «Тұмаш,осы поэманы Ғабит ағаға апарып оқыдым. Разы болып, мына алтын қаламды сыйлады»,-деді Мұқаң.Мен: «Өте дұрыс еткенсің, Мұқа. Ғабең ұнатса, бүкіл халық ұнатты деген сөз»,-дедім тебіреніп.

Мұқағали бір ойға шомып үнсіз қалды. Бұл-Мұқағалидың өзінің аққу әні еді»

Бұл - оқырманын бір бастап оқығаннан кейін тастай алмай соңына дейін оқыттыратын ,адам жанына мұң тарту ететін ерекше туынды.

Бүгінгі сабағымыз «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын талдауға арналады.Топтық тапсырмалар арқылы поэманың тақырыбы мен идеясын ашамыз. Композициялық құрылысына талдау жасаймыз. Поэманың көркемдік тіліне тоқталамыз.

І Топтық тапсырмалар.

І топ - Шығарманың композициялық құрылысына сатылай кешенді талдау

ІІ топ - «Хикая пирамидасы» арқылы талдау

ІІІ топ - Поэмаға сатылай кешенді талдау

IV топ - Поэманың көркемдік ерекшелігін постер арқылы талдау

ІІ Кітаппен жұмыс.

І топ - Оқиға басындағы Жетімкөлдегі аққулар келбеті мен оқиға соңындағы көлін қия алмаған аққулардың бейнесін тауып оқы.

ІІ топ - Ананың аққуды ату кезіндегі әрекетін поэмадан табу.

ІІІ топ - Бала өлімін көрген ана қасіреті қалай көрсетілген тұсын тауып оқы.

IV топ - Жылқышы мен ананың диалогін тауып оқы.


Сергіту сәті. Н.Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңдай отырып, жаттығу жасатамын.

V Сабақты бекіту тапсырмалары.

І топ - Әйел бейнесін талдау. (көрініс арқылы)

ІІ топ - Ананың аққуды атқанына қалай қарайсың топтың ойы.

ІІІ топ - Кесте -графаға негізделген дәйектемені талдау. ( Қ.Бітібаева технологиясы бойынша)

IV топ - «Ана» және «Аққу» сөздерін «Синкуейн» әдісі бойынша талдау және кейіпкерге хат жазу.

.


І топ - Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасайды.

ІІ топ - «Хикая пирамидасын» құрастырады.

ІІІ топ - Поэмаға сатылай кешенді талдау жасайды.

IV топ - Поэманың көркемдік ерекшелігіне талдау жасайды.

І топ - Оқиға басындағы Жетімкөлдегі аққулар келбеті мен оқиға соңындағы көлін қия алмаған аққулардың бейнесін тауып оқиды.

ІІ топ - Ананың аққуды ату кезіндегі әрекетін поэмадан табады.

ІІІ топ - Бала өлімін көрген ана қасіреті қалай көрсетілген тұсын тауып оқиды.

IV топ - Жылқышы мен ананың диалогін тауып оқиды.

Н.Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңдай отырып, жаттығу жасайды.


І топ - Әйел бейнесін талдайды. (көрініс арқылы)

ІІ топ - Ананың аққуды атқанына қалай қарайсың жақтаушы және даттаушы жақ өз ойларын білдіреді.

ІІІ топ - - Кесте -графаға негізделген дәйектемені талдайды.( Қ.Бітібаева технологиясы бойынша)

IV топ - - «Ана» және «Аққу» сөздерін «Синкуейн» әдісі бойынша талдап, кейіпкерге хат жазады.

VІ Сабақты қорытындылау. Оқиғаның барысына қатысты мамандар өз көзқарасын, пікірін білдіреді.

І топ - Эколог

ІІ топ- Этнограф - ғалым

ІІІ топ- Дәрігер

4-топ- Заңгер

-Міне, балалар, өздерің естігендей ақиық ақынымыз М.Мақатаевтың «Ақуулар ұйықтағанда» дастанында суреттелген қайғылы- қасіретті оқиға бойынша арнайы мамандар біздің көзімізді ашып, көкірегімізді кеңейтті. Біз өзімізге қажетті ақыл-кеңес ала алдық деп ойлаймын

Бүгінгі сабақта поэманы талдай отырып, әр түрлі сезім құшағына ендіңіздер. Түрлі көзқарастар айтылды. Дастанның өн бойынан ақынның көңілі, сезімі табиғатпен үндесіп жатқанын байқадық. Олай болса, дастанның идеясы қандай екен? Идеясы - табиғатты қорғау. Бұл идея халықтағы киелі боп табылатын нәрселермен көмкерілген, халықтың дәстүрін құрметтеу. Аққу- бап таңдайтын сирек құс. Сондықтан ата- бабамыз киелі құс санап атпаған. Мұқағали жырына арқау еткен сол дәстүр. Ананың табиғатқа қол көтеруі - өмір қайшылығы, жалғыз баланың ғұмырын сақтап қалудан туған аналық сезім арпалысы. Ақынның тапқырлығы да, шеберлігі де осында. Ойымызды қорыта келе, біз аққуды ешқашан атпай, қайта өз үлесімізді қосуымыз керек.Табиғатпен қарым - қатынастағы тепе- теңдікті жоймау қажет.Мұқағали өз туындысында «табиғат деген сұлулықты сақтайық, тіршілік тамырына балта шаппайық» деп үн қатады.«Оты жоқ жер жетім, аққуы жоқ көл жетім».Табиғатты қорғаушы -біздер.

Сабақты қорытындылай келе, әр топтағы маман иелері шығып өз ойларын білдіреді.

VІІ Үйге тапсырма. І топ- «Ақын және аққу»ІІ топ - ««Жетімкөлдің аққулары»ІІІ топ- «Ана - мерген» IV-топ- «Бала-аққу-ана» тақырыптарында ойтолғау жазу.

2. «Аққуға атылған оқ» әңгіме-диалог құру.

3. Поэмадан өзіңе ұнаған тұстан үзінді жаттау.

Берілген тапсырманы түсініп, жазып алады.

Рефлексия

Жазады, тақтаға іледі.

VІІІ Оқушылар білімін бағалау.

Бағалау парағындағы оқушылардың бағаларын қорытып, нақты бағаларын қою.

Бағалау парағындағы ұпайлар есептеліп, топ жетекшісі тобына баға береді.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал