- Учителю
- 1- сыныпқа ағылшын тілінен сабақ жоспары
1- сыныпқа ағылшын тілінен сабақ жоспары
Күні:
Сынып: 1
Тақырыбы: Хайуанаттар. Хайуанаттар бағында.
Мақсаты: 1. Оқушыларға,хайуанаттар бағында тақырыбын түсіндіру,
хайуанаттарға байланысты сөздерді оқыту,суреттердің аттарын
айтқызу,сергіту сәтін үйрету;
2. Суретпен сөйлету арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік
қорларын молайту,
сөздерді қайталату арқылы тілдерін дамыту;
3. Табиғатты аялап,қорғай білуге, үлкенге құрмет көрсетуге, еңбек
сүйгіштікке тәрбиелеу;
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, баяндау, қайталау, сөздік, суретпен
жұмыс,
аударма, сұрақ-жауап т.б.
Көрнекіліктер: хайуанаттардың суреттері, ереже.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіздер ме,оқушылар! - Hello,
children!
Оқушыларды түгендеу
Кітап,дәптерлеріңбар ма?
Тіл дамыту сұрақтарын қою:
Қазір қандай сабақ?
-Ағылшын тілі
-Ағылшын тілі неше рет болады?
-Бүгін аптаның қай күні?
-Қандай ай?
-Қандай мерекелер бар
-Өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтары:
-Аңдар туралы не білесідер?
-Аңдардың атауларын айтыңдаршы?
2. Жаңа сабақ: - Оқушылар, бүгін біз хайуанаттар мен танысамыз
Хайуанаттар бағымен таныспас бұрын жаңа сөзді қайталап оқып
өтейік.
Жаңа сөздермен таныс
Хайуанаттар бағы- зоопарк,
орман-лес,
қорқақ-трус.
-Аю,піл арыстан, жолбарыс, қасқыр, түлкі,қоян, кірпі.
-Піл қандай? - elephant
- Піл үлкен, күшті.
-Қоян қандай?- rabbit
- Қоян кішкентай, қорқақ.
2.Жұмбақ шешу
Тәтті көрсе, бал салар,
Айнымайды баладан.
Үп-үлкен боп жасқанар,
Кіп-кішкентай арадан. Аю-bear
Сергіту сәті.
Мәтінді түсініп оқы.
Біздің қалада үлкен хайуанаттар бағы бар. Хайуанаттар бағында біз
автобуспен барамыз. Хайуанаттар бағында аңдар, құстар көп. Біз
каникулда хайуанаттар бағына барамыз.
3. Бекіту кезеңі: - Оқушылар, біз бүгін хайуанаттар бағы туралы не
үйреніп білдік
Хайуанаттар бағында қандай аңдар болады?
Сен хайуанаттар бағында болдың ба?
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалайық.
4. Қорытынды кезеңі: Оқушылар, үй жануарлары мен хайуанаттардың
айырмашылығын айтып бер. Хайуанаттар туралы тағы не білесіңдер.