7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку в 5 классе

Урок по казахскому языку в 5 классе

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың атауы: Жазғы демалыс
Жалпы мақсаттар: - Жаңа сөздерді меңгеру; Өзара бағалау арқылы тақырыпқа деген қызығушылықты арттыру; Тапсырманың түріне қарай сөздік қорды жаңғырту; Өзін-өзі бағалау арқылы білім деңгейін анықтау;
Зерделеу нәтижелері: Жаңа сөздердің алдағы сабақтарда немесе сөздік қорды байытуда керек екендігін білу; Тапсырмалардың дұрыс орындалуына мән беріп, зейін аудару; Өзара немесе өзін-өзі бағалау арқылы нәтижеге жетуді көздеу;
Түйінді идеялар: Тақырыпты төңірегінде кездесетін жаңа сөздерді үйренеді; Топты немесе жұбын бағалау арқылы топтағы ахуалды жақсартады, қандай да бір оң нәтижеге жетуге ұмтылады. Сол арқылы сабақтың қызықты өтуі өрбиді; Өзін өзі бағалап артық кем кеткен тұстарын саралап, келесі сабақта оны қайталамауға немесе сол бағытты ұстанып жұмыс жасауға талпынады;
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу;
- "Қысқы демалысты мен қалай өткіземін" эсселерін жинап аламын;
- Сыныпты жасыл, сары, қызыл гүлді пайдаланып 3 топқа бөлемін.
- Тілек айту (мұғалім оқушыларға, 4 топтан бір оқушыдан мұғалімге); мыс: Бүгінгі сабақ нәтижелі өтсін!
- Бүгінгі сабаққа қатысты "мақсат парағын" таратамын, партаның шетіне қояды. Сабақ соңында қолданады;
- Сабақтың күні, тақырыбын жазады; 4 мин
Іс-әрекеттер
1 әрекет
Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді әрқайсысы дәптерлеріне жазып алады. Жаңа сөздер
(4 сынып, "Қазақ тілі"оқулығы. 198-беттен алынған) интерактивті тақтада PowerPoint бойынша жасалған.
А4 форматтағы қағазға жаңа сөздерді пайдаланып топпен диалог құрау. Тапсырманы орындап болған соң парақтарын мұғалімге жинап беріп, әр топтан 2 оқушы шығып диалогты ауызша орындайды;
- Осы тапсырманың нәтижесін топ ішіндегі спикер бағалайды;
Бағалау критериилері:
- Жазбаша жұмыс кезіндегі қарым-қатынас;
- сөйлемнің дұрыстығы;
- Ауызша жұмыстың кемшіліктері мен жетістіктері; 15 мин
2 әрекет
А4 форматтағы тірек сызба бойынша жұбымен 1 сөйлем құрап шығару. Әр жұп тапсырманы орындап болған соң оқиды; Бағалау үшін тапсырманың тиімді жақтары мен қиындық туғызған сәттерін түсіндіру; 7 мин
Сергіту сәті "Қара жорға" биін билеу. Интерактивті тақтадан видео сюжетті көру арқылы.
4,5 мин
3 әрекет
Венн диаграммасы. "Қысқы демалыс" пен "Жазғы демалыстың" ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
"Джиксо" стратегиясы бойынша әр топтан бір оқушы шығып қалған топтарды аралайды. Тобына келіп талқылайды, ой қосады;
Бағалауды топ спикерлері жүргізіп, бағалау критерийлерін өздері құрады.
4 әрекет
Тақырып бойынша үш топ сұрақ ойластырады. Сұрақтың жауабы міндетті түрде суретпен салынуы керек. Әр топта өз сұрағын қоспағанда 2 суреттен шығу керек.
Әр сұраққа 4 мин уақыт беріледі. Тапсырма аяқталған соң топтан бір адам шығып топтарды аралап жауаптарын тексереді. Жауаптарына қарай әр топ спикері қалған топтарды бағалайды.
Бағалау критерийлерін өздері құрайды.
8 мин
Тапсырманы аяқтаңыз:
- "Мақсат парағын" алып топта бір оқушы оқиды. Мақсатқа жеткен, жетпеген жерлерін анықтайды; 2 мин
- А4 форматтағы қағазға маркер немесе фломастермен әр оқушы тобында кіммен қандай қарым-қатынаста болғанын смайликтер арқылы көрсетеді. Кіммен тығыз қарым-қатынаста болса қызыл, тіл табыса алмаса жасылмен белгілейді. Талқылайды. Не себептен тіл табыса алмағандары туралы айтады; 2 мин
- Бағалау;
Оқылымды аяқтаңыз
Үй тапсырмасы: "Жазғы демалыстағы менің бір күнім" тақырыбына эссе жазу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал