7


  • Учителю
  • Мектепте «Үш тұғырлы тіл» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолдары

Мектепте «Үш тұғырлы тіл» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолдары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектепте «Үш тұғырлы тіл» мемлекеттік бағдарламасын

жүзеге асыру жолдары





Сұлтангиреева Н.С.

Лисаков қаласы әкімдігі

білім бөлімінің «№1 орта мектебі» КММ

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі













Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассемблеясында айтқан. 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдамасында Елбасы «Тілдердің үш тұғырлығы» - «Триединство языков» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды. Ол "Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс» - деген болатын.

Президенттік «Тілдердің үш тұғырлылығы» бағдарламасының басты мақсаты -қазақ тілінде қысым жасау емес, керсінше оның бәсекеге қабілеттілігін орыс және ағылшын тілі дәрежесіне дейін көтеру. Оның үстіне қазақ тілінің бәсекеге қабілеті осындай міндеттерді қоюға толық мүмкіндік береді. Сондықтан, халықтың орыс тілін білу деңгейін жоғалтпауымыз керек, ал ағылшын тілін - болашаққа жаңа даму шыңдарына бағытталған жол, себебі ол әлем мойындаған халықаралық қатынастар тілдерінің бірі. Сондықтан Н.Назарбаевтың Қазақстандықтарың өскелең ұрпағына үш тілді меңгеру: қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық қатынас тіл ретінде және ағылшын тілін халықаралық қатынас тілі ретінде білу мүмкіндігін жасауға деген ұмтылысы өте дұрыс деп ойлаймын.

Көптілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Бала бойындағы қажеттілікті тудыру үшін бірінші міндет үш тілді меңгертіп үйрету керек.

Елбасымыздың «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыру мақсатында да жұмыстар атқарылып, бірқатар нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтсақ, мектепте үш тілді практика жүзінде енгізу мақсатында шығармашылық топ құрылды. Бұл топ қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқытатын және жаратылыстану - математикалық бағыты бойынша сабақ беретін мұғалімдерден тұрады. Болашақта ЖМБ пәндері ағылшын тілінде жүргізілетін болатынына байланысты, сондықтан қазіргі уақыттан бастап сабақтарда үш тілді аздап болса да енгізе беруді жөн көрдік. Үш тілде оқытудың тиімділігіне тоқталуды жөн деп санап, осы тақырыпта жинақтаған іс-тәжірибемізді ортаға салмақпыз.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдері мұғалімдері жиі интеграциялық сабақтар өткізетін болды. Сабақтарда түрлі заманауи әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Мысалы, қазақ мақалдары мен олардың орыс және ағылшын тілдеріндегі баламаларын үйрену арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеті, ұшқыр ойды жүйелі түрде жеткізе білу шеберлігі арта түсті. Мақал-мәтелдерді үш тілде үйрену адамның ой-өрісі мен сөйлеу мәдениетінің көркемдік дәрежесін арттыруға көмектеседі, тілін байытып, ақыл-ой деңгейін кеңейтіп жүйеге түсіреді. Оқушылар үш тілде мақал-мәтелдерді қызығып, зор ынтамен жаттап үйренеді. Оларды шығармашылық ізденіске дағдыландыру үшін мұғалімдер үш тілдегі мақал-мәтелдерді тиімді пайдаланады. Тіл байлығын арттыру мақсатында мәтінмен мынадай жұмыс жүргізіледі:

- орыс, ағылшын тілінде берілген мәтінді қазақ тіліне аудару;

- қазақ тіліндегі мәтінді орыс тіліне аудару;

- мәтіннен етістіктерді табу, оларды өткен шақтағы формаға қою;

- мәтінді таңдаған тілінде мазмұндап беру және т.б.

Үш тілді оқушыға меңгерту кезінде ойын түріндегі жұмыстарды пайдаланудың маңызы зор, сондықтан мұғалімдер сабақтарында ойын түрлерін жиі пайдаланады. Мысалы «Полиглот» ойыны. Оқушылар жасырылған сөздерді тауып, ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде аудармасын айтады.

Белсенділікті арттыруда «Сөзді тап» ойы ойналады. Әр топқа қазақ, орыс, ағылшын тілінде сөз беріледі. Берілген сөзді пайдаланып, бірнеше сөз құрастырады.

Осындай шығармашылық жаттығулар пайдалану және топпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың салыстыру дағдысы қалыптасады, олар жүйелі сөйлеуге дағдыланады, қазақ тілін білуімен қатар орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылығы оянады.

Грамматикалық тақырыптар бойынша білім, білік дағдыларын қалыптастыру мақсатында үш тілде шақтардың жасалуын және жіктелуін, ережелерін салыстырмалы түрде үйретеді.

Тілді үйрету - аса күрделі ізденісті қажет ететін жұмыс. Оқушыларға үйретуде жақсы жетістіктерге жетуі үшін: біріншіден, пәнді үйрету, ғылым негіздерімен қаруландыру; екіншіден, саналы, мазмұнды, бағдарлама мен оқулықтар; үшіншіден, әрі тиімді, әрі пайдалы инновациялық технологияларды пайдалана білу керек, сонда ғана біз оқушы бойындағы тілге деген қызығушылықты арттыра аламыз. Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Қызығушылықты арттыруға арналған қазіргі кезде көптеген технологиялар бар. Әр мұғалім мектепте жұмыс атқару барысында білім беру мен тәрбиелеуде оңтайлы нәтиже беретін өз әдістемесін құрғаны жөн. Сол жағдайда ғана жыл сайын оқушылардың білім деңгейінің өсуін байқауға болады. Тілді үйретудегі басты мақсат - тіл дамыту болғандықтан, сабақ барысында көздейтін мәселе - оқушылардың сөйлеу тілін, сауаттылығын таныту, тілді қызықтырып оқыту амалдары арқылы еркін сөйлей білу дағдыларын қалыптастырып, оқушылардың лексикалық қорын байыту.

Қазақтың жазушысы Мұхтар Әуезов «Халық пен халықты теңеретін-білім» деп айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу-біздің мақсатымыз. Сондықтанда жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез - құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Кембридж оқу бағдарламасының мақсаты - Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру және Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін үйрену. Басты міндеті -қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау.

Бағдарлама жеті модульден тұрады:

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Осы 7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді болуды қалыптастырады. Күнделікті сабақтарда сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыпастыру білімге құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, оқушылар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастады.

2013-2016 жылдар аралығында мектептін 12 мұғалімі Кембридж оқу бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курстарына қатысып, сертификат алды. Қазіргі уақытта аталган бағдарламаның модульдерін сабақта тиімді пайдалануда.

«ҚР тілдер туралы» Заңына сәйкес Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№1 орта мектебі» ММ басылымдардың мәтіндері және мөртаңбаның атаулары мемлекеттік тілде жазылған. Іс қағаздар екі тілде жүргізуледі. Барлық көзбен шолу ақпарат мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жазылады.

Мектепте қазақ тілі және қазақ әдебиеті, орыс тілі және орыс әдебиеті, ағылшын тілі кабинеттері бар. Кабинеттер жаңа жиһазбен, интерактивтік тақтамен жабдықталған. «Үш тұғырлы тіл» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру - «№1 орта мектебі» КММ тілдер мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің негізгі мақсаты болып табылады. Әдістемелік бірлестіктің барлық қызметі тілдер оқыту сабақтарында иннновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған.

Мектеп оқушылары «Алғыр», «Жарқын болашақ», «Бала тілі - бал», «Ақ бота», «Русский медвежонок», «Британский бульдог» және т.б. тіл байқауларына белсенді қатысады. Қазақ халқының қоғам қайраткерлерінің, ағартушыларының, ақын-жазушыларының шығармашылықтарын, қазақ халқының дамып, өсіп-өркендеуіне, ұлт ретінде қалыптасуына сіңірген еңбектерін ұмыттырмау мақсатында өзге ұлт оқушылары арасында жыл сайын «Абай оқулары» байқауын өткізу дәстүрге айналған.

Мұғалімдер оқушыларды ғылыми-практикалық конференцияларға, пән олимпиадаларға сапалы дайындайды.

2015-2016 оқу жылдың қыркүйек - сәуір аралығында мектеп оқушылары бірнеше тіл байқаулары мен пән олимпиадаларға қатысты.

Барлық тәрбие іс-шаралары да үш тілде жүргізіледі. Жыл сайын мектепте дәстүрге айналған «Қазақстан халықтарының тілдер күні», «Тәуелсіздік күні», «Наурыз мейрамы» және тағы басқа мерекелер өткізіледі.

"Тілдердің үш тұғырлылығы" бағдарламасының негізгі мақсаты мемлекеттік тіл - қазақ тілін орыс және ағылшын тілдерінің деңгейіне дейін көтеріп, бәсекелестігін арттыру болып табылады. Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін - мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасау - заман талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Сондықтан да елімізде "Үш тұғырлы тіл" мәдени бағдарламасы жасалып, жүзеге асырылатын болады.

Барша қазақстандықтардың басын біріктіретін мемлекеттік тілдің қоғам өмірінің барлық салаларында қолданысын қамтамасыз ету - ең басты міндетіміз. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында әлі де талай іс-шаралар жоспарланған, аталған бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба бермек.

Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз.Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал