7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Ө дыбысы (1 класс)

Сабақ жоспары Ө дыбысы (1 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

5-сабақ: Ө дыбысы

Мектеп: №

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

1 сынып «Қазақ тілі»

Қатысқаны:Қатыспағаны:

Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар:

1.2.4.1 Оқушыларды «Өө» дыбысымен таныстыру, орнын анықтату, сауатты оқуға және жазуға дағдыландыру, сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасай білуге үйрету.



Табыс критерийлері

Оқушылардың жоғарғы жетістігі: сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады және ө дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.

Оқушылардың орташа жетістігі: тыңдаған ақпаратты түсінеді, жауап береді, сұрақ қояды

Оқушылардың төмен жетістігі:Ө дыбысы туралы сөздер айта алады.

Тірек сөздер

Көше, ия, өрмекші, өзен, көл, Өмірбек,өтірікші

Оқыту әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО, «Ой шақыру», сергіту, «Паровоз» «Бір әріпке бес жауап» ойыны

Қажетті ресурстар

Сөздік, суреттер, слайдтар, төртбұрыш фигуралар, жұмбақ,жұлдызша

Күтілетін нәтиже

Өө дыбысы туралы сөйлем құрап, сауатты жаза алады;

Ө дыбысынан басталатын заттарды сипаттап бере алады;

Сурет арқылы сөйлем құрай алады.





Сабақтың барысы:Қалыптастырушы

бағалау



І.Қызығушылығын

ояту

(МК) Балалар , келіңдер, біздің сүйікті шеңберімізде тұрып бір-бірімізбен амандасайық (қимылмен көрсету)

Сабақтың ұраны:

«Бір сөз болса да, дауыстап айт,

Ең бастысы - үнсіз қалма.»

(А)Оқушылар хормен:

Амансың ба, Алтын күн?!

Амансың ба, Көк аспан?!

Амансың ба, Жер-Ана?!

Амансың ба, достарым?!

Сіздерді көрсем қуанам!

Қол шапалақтау



Білу

(МК) Сөйлеп үйрен.Тыңда, қайтала.

Өмірбек, өзен, төрт, өрмекші, көше, көл

(Т) Оқушылар үлгі бойынша сөйлеп үйренеді.





Ой қозғау(шақыру)

(МК) Жұмбақ жасыру.

Шөлде бар,

Суда жоқ.

Көлде бар,

Буда жоқ.(Ө)

«Шөл, көл» сөздеріне дыбыстық талдау жасап өту.

(Ұ) Оқушылар жұмбақты шешеді.Бүгінгі жаңа сабақ «Ө» дыбысы екенін өздері табады.

Ынталандыру сыйлығы



ІІ.Мағынаны тану

Мультимедия арқылытақпақ оқу.

«Ө» дегенім- өрік.

Өрікті ал теріп!

Өзің ғана жемей,

Өркенге бер бөліп.

(А)Сұраққа жауап.

- Тақпақ не туралы?

- Тақпақта қандай жаңа дыбыс кездеседі?



Ұпай жинау



Түсіну

(МК) Мәтінді тыңда, түсін.

Диалогты тыңда, қайтала

(А) Оқушылар мәтін бойынша жұмыс жасайды. Дауыстап оқиды, қайталайды, аударады.

Мен мектепке қалай барамын? Сұраққа жауап беру (оқулықтағы сурет бойынша)

Жауаптарын бағалау



Жазылым

(МК) Жазу жұмысы.

Қолға қалам алайық,

Әдемі етіп жазайық.

1. Ауада жазу.

2. Тақтаға жазу. (Ө ө)

3. Үлгі дәптерге жазу.

(Ж) Жазу үлгісі бойынша берілген тапсырманы орындайды.

мадақтау



Сергіту

«Шөжелерім» әні.

Сабақ жоспары Ө дыбысы (1 класс)

Оқушылар мониторға қарап қайталап жасап тұрады.





ІІІ. Ойтолғаныс

(шығарма.тапсырма)

«Ө» әрпі бар жемістің суретін салып, түсіндіріп беру

(А) Оқушылардың өріктің суретін қағаз бетіне түсіріп, қандай жеміс екенін айтады.

Суретті бағалау



Жинақтау(бекіту)

(МК) «Паровоз» ойыны.

Ойын тәртібі: Оқушылар төртбұрыштың орнына, дыбыстардың үйлесіміне сәйкес әріптер қойып оқу.

Ор -...(өр) оң-...(өң) тол-...(төл)

Тақтадағы төртбұрыштың орнына әріптер оқып, жұлдызша жинау

Өзіндік бағалау



Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауына өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

Қызыл түс -«5»

Жасыл түс-«4»

Сары түс- «3»



Бағдаршам бойынша бағаланады



Үйге тапсырма









Кері байланыс (рефлексия)

(МК)«Бір әріпке бес жауап» ойыны

Ө әрпі

 Қыз баланың аты -

 Ұл баланың аты -

 Автобустың жүретін жолы -

 Жәндік -

 Жемістің аты -



Жұмбақ шешу

Тақпақ оқу

«Паровоз» ойыны

«Бір әріпке бес жауап» ойыны

Марат









Оля









Айша









Самат

















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал