7


  • Учителю
  • Су-тіршілік көзі заманауи сабақ жоспары

Су-тіршілік көзі заманауи сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Сабақтың тақырыбы: Су - тіршілік көзі. 7 сынып

Сабақтың мақсаты: 1. Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. 2.Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау.

3. Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап,аялауға үйрету. Суды ластамауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: көрсету, түсіндіру, тәжірибе жасау, сұрақ - жауап, мадақтау.

Көрнекті құралдар:

  1. Компьютер кабинетінің мүмкіндіктерін пайдалану;

  2. Интербелсенді тақтаны қолдану;

  3. Презентация «Су тіршілік көзі»

  4. JoiClass, PoverPoint , ActivInsprise бағдарламасын қолдану.



Сабақ оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: АКТ, PoverPoint бағдарламасында презентация , сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, JoiClass бағдарламасында деңгейлік тапсырмалар, тест.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың қызығушылығын ояту, сабаққа бағыттау, назарларын аудару, көңіл күйлерін көтеру.

  • Балалар барлығымыз шаттық шеңберге тұрып, қонақтармен амандасайықшы.

Шаттық шеңбері:

Самал жел бізді желдетші,

Күн нұры бізді жарқырат.

Таза ауа дем берші,

Мөлдір су бізді салқындат.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Есімдіктерді қайталау.

Ал енді балалар барлығымыз жайғасып отырайық, арқамызды тік ұстап, әдемі отырамыз. Бүгінгі оқу іс - әрекетіміздің тақырыбын айтпас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, ал сендер мұқият тыңдаңдар:

ІІІ. Тақырыпқа шығу. Су туралы видео (2 мин көрсету)

https://www.youtube.com/watch?v=_AwJeHioCdA

Жұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбына шығу.

Дәмі де жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ. Ол не?

Жауабы: Су.

Дұрыс балалар, әрине су. Ал ендеше бүгінгі оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы - «Су - тіршілік көзі» екен. Ойыма ақын Тұрсынзада Есімжановтың су туралы мынадай өлең жолдары есіме түседі.

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым.

Судың біз біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытамыз қадірін, - дейді.

Балалар осы өлең жолдарында айтқандай су болмаса тіршілік болмайды.

(Activstudio бағдарламасында сабақтың тақырыбы жазылады.)

Балалар су қандай зат? (балалар жауаптарын интербелсенді тақтаға жазады.)

























ІҮ. Топтық жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топта спикер тағайындалады. Алдарына бағалау парағы беріледі.

Су-тіршілік көзі заманауи сабақ жоспары

Оқушылардың іс-әрекеті:

  1. Сабақта мұқият жеке, топта жұмыс істейді.

  2. Мәтінді (немесе басқа шығарманың үзіндісін) түсініп тыңдайды, дауыстап оқиды(кемінде 4-5 рет оқу қажет).

  3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы мәтінмен жұмыс жасайды, жаттығулар, деңгейлік тапсырмалар орындайды.

  4. Өз ойларын қорытады, қағаз бетіне бейнелеп, зерттеген нәтижелері туралы ауызша дәлелдейді.

Мәтінмен жұмыс.

Су тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтықтықта тіршіліктің көзі жатыр.Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Судың адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да сұраныстарына ие. Тіпті оның емдік қасиеттері жайлы да жиі айтылады. Адам денесінің 70 пайызы судан тұрады. Ендеше, ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады. Судың біз біле бермейтін жиырмадан астам өзге де қасиеттері бар:

  • Иммунитетті жақсартады;

  • Дене температурасын реттейді;

  • Су адам зейіні ашады;

  • Жұмыс өнімділігін арттады т.б.

Суды ішеміз және жуынамыз. Сумен өсімдіктерді, бау-бақшаны суарамыз. (Мәтінді оқушылар тыңдайды.) Су-тіршілік көзі заманауи сабақ жоспары

( Activstudio бағдарламасында жаңа сөздер жазылады)

Сөздік

Сұйықтық-жидкость

Ажырамас -неотъемлемая

Шөл - жажда

Сауығу- выздоровить

1 топ Мәтін бойынша мазмұндайды.

2 топ Постер қорғайды.

Салған суреттерін сканерге түсіріп немесе Activhab - сымсыз планшетке суреттерін салып қорғайды. (тақтадан көрінеді)

3 топ Бес жолды өлең құрастыру.

(Activstudio бағдарламасындағы клавиатурамен оқушы құрастырған өлеңді жазады)

Сергіту сәті. «Көңілді күн»

Y. Жеке жұмыс.

Оқушылар компьютерлердің алдына отырып мұғалімнен JoiClass бағдарламасы бойынша тапсырма алады.

Берілген есімдіктерді дұрыс бергілеңіздер.жалпылау



барлық















кейбіреу















олар















мыналар















өздері















ешқашан















біздің















мынау















баршасы















қайда















Тапсырманы дәптерге орындайды.

ActivInsprise бағдарламасы бойынша тапсырма.

Белгісіздік есімдіктерді атаңыздар.

Оқушылар ауызша жіктеу есімдіктерді атайды. Сілтеме арқылы тексереді.

Суға қатысты тыйымдар компьютер экранында шығады.

1.Су ішкен құдыққа түкірме.

2.Түнде суға барма.

3.Түнде судың бетін ашық қалдырма.

4.Өзен, көлдерді ластама.





















































Ү. Бекіту. JoiClass бағдарламасы бойынша тест жүргізу.

!!! Мұғалім әр оқушыға тесті жібереді, орындап болған соң оқушы кері мұғалім компьютеріне жібереді.

1. Жіктеу есімдігін табыңыздар.

А) Бұлар

В) Қайдан?

С) Ешкім?

Д) Олар

Е) Кейбіреу

2. Сөйлемді жалғастырыңыздар. Су......

А) ... бұлақ көзі.

В) ... бақыт көзі.

С) ... қуаныш көзі.

Д) ... тіршілік көзі.

Е) ... адамның көзі.

3. Адамның ағзасы неше пайызы судан тұрады?

А) 55

В) 70

С) 65

Д) 75

Е) 60

4. Болымсыздық есімдікті көрсетіңіздер.

А) Бірнеше

В) Саған

С) Дәнеңе

Д) Әлдекім

Е) Түгел

5. Судың нешеден астам қасиеттері бар?

А) 5

В) 40

С) 10

Д) 30

Е) 20

6. Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін табыңыз?

А) Кіміңіз? Несі?

В) Бұнысы, мынауымыз

С) Соның, анаған

Д) Өздерің, өзіңіз

Е) Барлығынан, бәрінің

7.Су нені қандырады?

А) тәртіпті

В) шөлді

С) аштықтықты

Д) білімді

Е) күнделікті

8. Ілік септігі тұлғасындағы сұрау есімдігін табыңыз.

А) кіміңіз?

В) қайсысын?

С) неңіз?

Д) нешеуінің

Е) кімсіздер?

9. Судың қандай қасиеттері бар?

А) иммунитетті жақсартады

В) адамды ұйықтатады

С) адамды семіртеді

Д) тыныс береді

Е) адамды қызықтырады

10. Дұрыс септелген есімдікті табыңыз.

А) менге

В) сенмен

С) сода

Д) сеннің

Е) бұдан

Кілті. 1-д,2-д,3-в,4-с,5-е,6-в,7-в,8-д,9-а,10-е.

Бағалау критерийлері.

«5»- 9-10

«4»- 6-8

«3»- 4-5

«2»-0-3

Бұл тестілеу арқылы мұғалімнің уақыты үнемделеді. Тесті бағдарлама өзі тексереді. Әр оқушының жауаптары мұғалімнің экранына келеді. Барлық сұрақтар бойынша диаграмма шығады. Әр сұрақ бойынша статистика шығады. Неше пайыз дұрыс жауап берді, нешесі бұрыс.

Әр топ спикері өз тобының бағаларын айтады. Мұғалім қорытынды баға шығарады.

ҮІ. Үй тапсырмасы. Су туралы презентация жасау және ғаламтордан қосымша мәліметт табу.

  • Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу іс - әрекетімізге белсене қатысқандарыңыз үшін сендерге алғысымды білдіремін.

  • Ал енді бір-бірімізге түсті қағазға тілек жазып ұнаған оқушының дәптеріне жапсырыңыздар.

ҮІІ.Қорытындылау. Судың емдік қасиеті туралы видео https://www.youtube.com/watch?v=Dm4RQsTVvQQ</<font color="#3c4046">

Сау болыңыздар!

Қорытынды, АҚТ мүмкіндіктерін қолданғанда - оқушы барынша өз бетімен сабақ бойы жұмыс істейді.

- Мұғалім оқушының білімді өзі алу мүмкіндігі болатындай сабақты ұйымдастыруды талап етеді.

- Оқушы еңбек жасап, іздене отырып, өз жұмысына өзі баға береді.

- Оқушы бір ғана тақырыпты ғана қамтымай, өз өмірімен салыстыра алады, түйіндейді.

Оқушылар бір-бірін бағалайды, жақсы тілек білдіреді, риза болады.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал