- Учителю
- «Ту көтерер ерің бар,қол боларлық ерің бар» облыстық семинар
«Ту көтерер ерің бар,қол боларлық ерің бар» облыстық семинар
Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған қазақ - түрік мамандандырылған мектеп - лицей - интернаты
«Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы қазақ хандығы»
тақырыбындағы облыстық семинар
Тақырыбы: «Ту көтерер ерің бар,
қол боларлық ерің бар»
Мұғалім: Булекбаева Амина
Сыныбы: 11 А
Ақтау 2015
Қазақ хандығының құрылуы
Жарияланды: 07.04.2013, 18:46 Категориясы Тарих
Қазақ хандығының құрылуы.
Сабақтың мақсаты:
1.Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау;
2.Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін ойындар ұйымдастыру;
3.Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға, патриотизмге, өз Отанын, елін - жерін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, ойын элементтері, «Алтын қақпа» ойыны
Көрнекілігі: видеопроектр, карта, суреттер, сызба - нұсқалар.
І. Ұйымдастыру кезеңі Сыныпты 3 топқа бөлу.
І топ. «Хандар»
ІІ топ. «Батырлар»
ІІІ топ. «Билер»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Алтын қақпа» ойыны
Тас қаланың сұрағы:
Күміс қақпа
Алтын қақпа.
«Хандар» тобына Рухани мәдениетке не жатады?
Қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарған ру - тайпалар?
Әбілқайыр хандығының әлсіреу себебі?
«Батырлар» тобына
ХІV ғ сәулет өнерінің ескерткіштері?
«Қазақ» сөзі қай ғасырда этникалық мағынаға ие бола бастады? Қазақ хандығының құрылуына қандай факторлар әсер етті?
«Билер» тобына
Шыңғыс ханның ұлыстары?
Қожа Ахмет Иассауи кесенесін кім және қандай мақсатпен салдырды?
ХV ғасырда қандай мемлекеттер өмір сүрді?
ІІІ. Жаңа сабақ
Өткен сабақпен байланыстыру
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде ХІV-XV ғғ.болған әлеуметтік - экономикалық және этникалық - саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі XV ғасырдың ІІ жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр (1428-1468) Жошы - Шайбан - Дәулет - Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. 1457 жылы Үз - Темір тайшы бастаған ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деген өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
Қазақ хандығының құрылуына себеп болған тағы бір жағдай Қыпшақ Қобыланды батырдың Арғын биі Ақжолды өлтіруі болды.
1466 жылы Жәнібек пен Керей Қозыбасы жерінде Қазақ хандығының негізін қалады.
Шыңғыс хан - Жошы хан - Тоқай Темір - Өз Темір - Қожа - Бәдіғұл - Орыс хан
Тоқтақия
Болат Құйыршық
Керей Жәнібек
Қазақ хандығы
Ақсүйектер Қарасүйектер
Видеопроектр арқылы суреттер көрсету.
Топтарға тапсырма беру.
І топ. «Хандар»
Қазақ хандығының құрылу процесі
ІІ топ. «Батырлар»
Қазақ хандығының аумағы мен халқы
ІІІ топ. «Билер»
Қазақ хандығының сыртқы саясаты
(Электронды оқулықтан картаны көрсету)
ІV. Бекіту кезеңінің сұрақтары:
-
Венн диаграммасы «Хандар» тобы Керей мен Жәнібекті Н.Назарбаевпен салыстырады.
«Батырлар» тобы Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен салыстырды.
«Билер» тобы Қазақ хандығының аумағын ҚР территорясымен салыстырды. 2. Ой - толғау
«Хандар» тобы ханның рөлі
«Батырлар» тобы батырлардың алатын орны
«Билер» тобы билердің рөлі.
-
Математикалық ойын
4000/2 - 532= (Әбілхайыр ханның қайтыс болған жылы)
400х2+148 = (Моғолстанның құрылған жылы)
2800+105-1500=(Әмір Темірдің қайтыс болған жылы)
728х2+0 = (Қазақ хандығының құрылған жылы)
4000+221-3000=(Шыңғыс ханның Орта Азияны жаулауды аяқтауы)
500х2+395=(Тоқтамыс пен Темірдің шешуі шайқасы)
3800/2-91=(ҚР - ң Тәуелсіздік алған жылы)
V. Қорытындылау
Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.
VI. Үйге
-
Қазақ хандығының құрылуы процесін сызбаға түсіру
-
Атластағы кескін карта тапсырмасын орындау
-
Керей мен Жәнібек хандар туралы реферат жазу
VII. Бағалау.
Сәлем берем, сәлем беру салтымыз,
Сәлемменен сөз бастаған халқымыз.
Аман - есен жүрмісіздер жалпыңыз.
Армысыздар, жиылған жұрт халқымыз.
«Қаза мемлекетіне - 550 жыл» бәйгесіне!
Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый емес. Тәуелсіздік дегенде ұлан - байтақ жерімізді анталаған жауларынан қызғыш құстай қорғап, ат үстінде арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыз ойға оралады. Ұшқан құстың қанаты талатын қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ата жауларынан қорғап қалған ардақты бабаларымыз - ай! Сендерге байтағымыздың төріндегі барлық қалалардың орталық алаңдарында алтыннан еңселі ескерткіш тұрғызып қойсақ та артық болмас еді.
Бұдан бес жарым ғасыр бұрын даңқты Керей мен Жәнібек бабаларымыз іргетасын құрып берген Қазақ хандығы талай тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешті. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің Жеті жарғысы халқымыздың Темірқазығы болды.
Алты Алаштың айбынды әміршісі Абылай хан бастаған, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек, Баян, Олжабай, Өтеген, Ақтанберді, Байғозы, Жанатай, Жауғаш, Малайсары, Елшібек батырлар қостаған қазақ сарбаздарының қолы талай мәрте туған жер төсінде ат ойнатып, ата жауларымен кескілескен шайқастар өткізді.
Қызыл күнді шаң жапты, қара жерді қан жапты. Ажал оғы құлатты талай батыр саңлақты. Бірақ, Абылай хан бастаған айбынды батырлар қазақ хандығының туын құлатқан жоқ! Бұл еліміздің тәуелсіздігін қорғап қалу жолындағы жан алысып, жан беріскен қиян - кескі майдан болатын.
Абылай ханның жаужүрек немерелері Кенесары мен Наурызбай төрелер бастаған, Ағыбай, Жанайдар, Иман, Жоламан, Бұғыбай, Жәуке, Сұраншы, Бәйсейіт, жеке батырлар қостаған қазақ сарбаздары да Ресей империясының бодандығынан бас тартып, туған жер төсін тұлпарларының тұяқтарымен дүбірге бөледі. Арыстандай айбат, жолбарыстай қайрат көрсетті. Қазақтың ең соңғы ханы Кенесарыны Ресей империясының мұздай қаруланған әскері жеңе алмай діңкеледі. Ер Кене сырттағы жаудан емес, іштегі жаудан қапыда кетті ғой. Әйтпесе ата жауларына әлі де талай ойранды салар еді.
Кене ханның тұсында,
Қарт бурадай жрадық.
Жауды жасқап жапырып,
Жауған қардай борадық.
«Абылайлап» ат қойып,
Дұшпанның алдын орадық.
Кене хан опат болған соң,
Шіл боғындай тарадық.
Кене мен Науан кеткен соң
Заманым қалды тарылып.
Салтанатты хандардан,
Жетім қалдым айырылып.
Екі бірдей қанатым,
Топшыдан сынды майырылып.
Балағы алтын ақ берен,
Тасқа тиді қайырылып. - деп атақты Нысанбай жырау кеудесін кернеген өкініштен өзегі өртене жырлағандай, қазақ халқы Кенесары мен Наурызбай сынды біртуар баһадүрлерінен қапыда айырылған соң жаудың құрсауында қалды.
Тек асылдың сынығы Сыздық сұлтан ғана ондаған жылдар бойы қасқырдай қайрат көрсетіп барып тынды. Бұл қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалу жолындағы жанкешті шайқастардың соңы болатын.
Қазақ халқының өз алдына дербес мемлекет болуын, өз тағдырына өзі қожалық етуін аңсап өткен Алаштың арыстары Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Тұрар Рысқұлов өз бастарын өлімге байлап, елім деп еңіреп өткен ерлер еді. НКВД түрмесінде азап шегіп, туған халқының азаттығы атылып кетті. Жандары жәннатта, тәндері рахатта болып, пейіште нұры шалқығай Алаштың осы сайдың тасындай арыстарының!
Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін арпалысқан соңғы ұрпақ - 1986 жылдың қаралы да, жаралы желтоқсан айында жалаудай желбіреген қазақтың өрімдей қыздары мен жігіттері.
Мұздай қаруланған ОМОН солдаттары қазақтың қаракөз қыздарын іштен теуіп, шашынан сүйреді. Көкөрім жігіттерді таяққа жығып, қасқыр иттерге талатты.
Алматының алаңындағы ақ қар қызыл қанға боялды. Күш тең емес еді. Албырт жастар сонда да алған беттерінен қайтпады.
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін.
Жырың болып төгілемін, елім.
Туған жерім менің, Қазақстаным! - деп Шәмші ағаларының асқақ әнін алаңға беттеген қазақ жастарының Әнұраны етіп шырқап, мұздай қаруланған солдаттарға қасқайып, қарсы шықты. «Мызғымас одақтың» қабырғасын осылайша тұңғыш рет біздің қазақ жастары қақыратқан болатын!
Қазақтың қаһарман ұлы Қайрат Рысқұлбеков қолдан құрастырған жаланың құрбандығына шалынып, әуелі ату жазасына кесілді. Кейін шет мемлекеттердің наразылығынан сескеніп, Кеңес соты ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айырумен алмастырды. Сөйтсек, бұл «кеңестік әділ соттың» сырт көзді алдарқатқан сайқал саясаты екен. Ақыры олар жарты жылға жеткізбей, Семей түрмесінде қанішер қарақшының арам қолымен Қайраттай есіл ерді өлтіріп тынды. «Сотталған Қайрат Рысқұлбеков түрме камерасында өзін - өзі өлтірді» деп мәлімдеме жасады. Неткен аярлық, неткен жымысқы құйтырқылық!
Сен жалғыз ғана Мойынқұмның ұлы емес, барша қазақтың ардақты батыр перзентісің, Қайрат бауырым! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - сенің тойың!
Бір тойым болатыны сөзсіз менің.
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ, бірақ....
Онда ортаға тасталар ұран сондай.
Қайта алмайды қартың да бір ән салмай.
Мен өзім де ән салам түн ауғанша,
Менің жаным бұл күнге құмар қанша.
Жығылған палуанға да бәйге берем,
Адалдығы сезіліп тұрар болса! - деп қазақтың аймаңдай ақыны Төлеген Айбергенов төгіле жырлағандай, Қазақстанның тәуелсіздік тойы - Желтоқсанда желбіреген от - өрім қазақ жастарының тойы!
Алып бәйтеректей тамырын тереңге жайған Қазақ мемлекетінің келешегі кемел, болашағы жарқын. Себебі мейірімді де меймандос Алаш жұртына Алланың өзі нұрын төгіп келеді.
</