7


Жол ережесін білу-парыз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Оқушылардың тілін төселдіріп, жол ережесін жасына сай меңгерту. Қалыптасқан түйсіктерін, білімдерін пысықтап, адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру. Жаяу жүргінші мен көліктің байланыс қатынасын білдіру. Көшеде жүру ережесін түсіндіру арқылы жолда жүру мәдениетін үй
предварительный просмотр материала

Мақсаты:
Оқушылардың тілін төселдіріп, жол ережесін жасына сай меңгерту. Қалыптасқан түйсіктерін, білімдерін пысықтап, адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру. Жаяу жүргінші мен көліктің байланыс қатынасын білдіру. Көшеде жүру ережесін түсіндіру арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу.
Түрі: сайыс сабақ
Әдісі: сүрақ-жауап, топтық жұмыс, жеке жұмыс
Көрнекілігі: плакаттар, бағдаршам макеті, жол реттеуші құралы,карточка, жол белгілері.
Сынып сағатының барысы: Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Мақсатын ашып айту.
1-жүргізуші:
Жолға шықсаң далаға,
Жол оңай деп санама.
Ережені әрқашан,
Қатаң ұста санаңда.
Бөгет болма басқаға,
Жүрексініп саспа да,
Жаңылысса көмектес,
Қарттар менен жас бала.
2-жүргізуші:
Жасыл жарық жолың ашық жүр дейді,
Сары жанса дайындыққа кір дейді.
Қызыл жарық жанып тұрса алдыңда.
Тапжылмастан бір орында тұр дейді.
1-жүргізуші:
Ең алғашқы автомобиль немесе өздігімен жүретін арбаны қарапайым шаруа адамы Леонтий Шамшуренков 1752 жылы ойлап тапқан. Оны арнаулы педальді басу арқылы жүргізуге болады.
2-жүргізуші:
1764 жылы бу двигателі ойлап табылғаннан кейін автомобиль конструкциясы да күрделене берді. Техника дамыған сайын адам өміріне қауіп те көбейді. Осыған сәйкес жолда жүру ережелері енгізілді. Бұл жол белгілерінің ең белгілі түрі - бағдаршам.
1-жүргізуші:
1868 жылы Лондон қаласында бағдаршамның семофор типтес түрі пайда болды. 1914 жылы АҚШ-та алғашқы электрлі бағдаршам пайда болды.
2-жүргізуші:
Енді бүгінгі «Менің досым - бағдаршам» тақырыбы бойынша сынып оқушылары топқа бөлініп сайысқа шығады. Осы топтарды ортаға шақырайық.
І топ - «Бағдаршам»
ІІ топ «Аялдама»
1-жүргізуші:
Сайыс болған жерде әділ бағасы берілу керек. Әділ бағаларын беру үшін «қазылар алқасын» таныстырайық.
1. Қазылар алқасының төрайымы, сынып жетекшіміз - Дәмелі Тасболатқызы
2.Қазылар мүшесі, сыныптастарымыз-
-Шәріпбек Дариға
-Абдина Әлия
-Тыштыбаева Ләззат
2-жүргізуші:
Сайысымыздың шарттары мынадай:


  1. Топты таныстыру


  2. «Жолдан өте біл» капитандар сайысы


  3. «Саналы жүргіншілер» сайысы


  4. «Жол белгілері» сайысы


  5. «Жолды реттеуші» сайысы


1-сайыс. Топты таныстыру.
«Бағдаршам» тобы:
Ұраны:
Қызыл жарық жанғанда,
Қалт тоқтай қал табанда.
Сары шамы жағылса,
Сақ абай бол барынша.
Жасыл шамы жол ашық,
Зымырай бер бел асып.
Сәлемдеме:
Данышпан ағалар қылған талап,
Жол бойын тұру үшін қадағалап.
Орнатып қойыпты олар бағдаршам,
Жүргіншілер өтсін деп соған қарап.
«Аялдама» тобы:
Ұраны:
Тоқта, демал, аялда.
Күтеді әлі жол алда.
Сәлемдеме:
Жол бойында тұрады аялдама,
Жолаушыңды отырғыз аялда да.
Жүргізушіден жолаушы өтінеді,
Тоқтарсың деп аялдауға таялғанда.
2-сайыс. «Жолдан өте біл» - 5 ұпай.
Бұл сайыстың шарты: екі топтан капитандар шығады. Екеуі де бірдей тапсырма орындайды. Жасыл белгі жоғары көтерілгенде алға 1 адым жылжиды, қызылды көтергенде 1 адым артқа шегінеді, ал сары жарықты жоғары көтергенде орындарында қозгалмай тұрып қалады.
3-сайыс. «Саналы жүргіншілер» - 5 ұпай. Викториналық сұрақтар беріледі.
І топтың сұрақтары:
1.Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?
(Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара, ортасынан асқан соң, оң жаққа мойныңды бұр)
2.Жаяу жүргінші жол бойында қалай жүріп-тұруы керек?
(жиекжолдың оң жақ шетімен)
З.Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?
(жедел жәрдем, полиция, өрт машиналарына)
4.Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді?
(аялдамада)
ІІ топтың сұрақтары:
1.Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге рұқсат етіледі?
(14 жастан)
2.Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?
(жүргізуші көлікті тоқтата алмауы себепті адам өміріне қауіп төнеді) 3.Жол-көлік оқиғасына куә болған адамдар қандай әрекет жасайды?
(жедел жәрдем машинасын, полицияны шақырып, машинаның нөмірін жазып алу керек)
4.Жүргізушіге қандай жағдайда транспорт құралын басқаруға болмайды?
(ішімдік ішкен жағдайда)
5.Полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер өтіп кеткенше күтіп тұру міндетті ме?
(иә міндетті)
6. МАИ деген сөзді талдап беріңдер.
(Мемлекеттік авто инспекция)
4-сайыс. «Жол белгілері» - 5 ұпай
Оқушыларға жол белгілері тақтада көрсетіледі. Оқушылар белгінің атауын айту қажет.

І.Мына белгі нені білдіреді? (Абайлаңдар, балалар!)

2.Бағдаршам жарықтарының белгілеріне талдау жаса.
(сары-дайындал, жасыл -жүруге рұқсат, қызыл-тоқта)

З.Мына белгі нені білдіреді?
(жолды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деген белгі)

4. Мына белгі нені білдіреді? (жылдамдықты азайту белгісі)


5.Мына белгі нені білдіреді? (теміржол өткелі)
6. Плакаттағы белгілерді түсіндіріп беріңдер.
1.жаяу жүргінші өтетін жол белгісі
2.метро, жер асты жолдарына ену
З.тайғақ жол
4.велосипедпен жүруге рұқсат бар
5.жол жоқ
6.машиналардың бірін-бірі басып озуына рұқсат
7.ашық жол
8.шұғыл бұрылыс жасауға болмайды
9.жақын маңда демалыс орны бар екенін білдіреді
10.көлік жуатын жер жақын екенін білдіреді.
5-сайыс. «Жол реттеуші» - 5 ұпай
Жолдың ортасында жол реттеуші тұрып, әр түрлі қимыл жасайды. 2 топ жол реттеушінің көрсетуіне байланысты жолдан өтеді.
Қорытынды сөз қазылар алқасына беріледі.
1-жүргізуші:
Айналайын абайла,
Жан-жағыңа қарайла.
Жолда-жүру ережесін,
Есте сақта қалайда.
2-жүргізуші:
Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз. Жол ержесін әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек, өзімізді жол апатынан сақтаймыз. Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал