7


  • Учителю
  • Статья Преподавание английского языка в младших классах

Статья Преподавание английского языка в младших классах

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ



Киргизбекова Жанна Есемгельдиевна



</ Шашубай кентіндегі «Тірек мектебі (РО) Мектеп- балабақша кешені» КММ

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Шашубай кенті







Шетел тілі қазіргі кезеңде заман талабына сай көптеген мектептерде 1 - ші сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізігі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттырып, шетел тілінде қарым-қатынасқа түсіп, ерте мәдениетаралық коммуникацияға мүмкіндік беретіндігінде.

Шет тілін оқып, үйрену, бірден қалыптаса қалмайды. Өз ана тілін әлі толық меңгермеген балаға шетел тілін үйрету оңайға соқпайды. Бастауыш мектептің бастапқы сыныптарында баланы шетел тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтуға, буындарды, сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс меңгеріп, хат жазу, анкеталарды үлгі бойынша толтыру үйретіліп, негізгі грамматикалық категориялардан жалпы мағлұмат беріледі. Осы бастапқы сыныптарда-ақ оқушыларды түрлі тәсілдермен білім алуға үйрету қажет. Жоба әдісін қолдануда оқушылар өз бетімен қажетті хабарды жинауға дағдыланып, өздік шығармашылық қабілеттері артады.

Жалпы жоба жұмысы - белгілі бір өтілген материалдың қорытындысы ғана болмай, танымдық әрекетінің әдістемелік жемісі де болуы керек. Яғни, белгілі мақсатқа жетудің нәтижесін көрсеткен жөн. Жобалау әдісінің негізінде оқушының өз бетімен танымдық қабілеті дамиды, хабар кеңістігінде жаңалықты бағдарлай алу, алған жаңалықты сараптау, шығармашылық зерттеуге дағдыланады.

Жобалау әдісі 21 ғасырдың технологиясына кіріп, басқа елдерде бұрыннан қолданылса да біздің елімізде тек соңғы жылдары әсіресе қазақ мектептерінде сирек, оның өзінде 5-11 сыныптар аралығында ғана қолданылуда. Жоба әдісін қолдана отырып, оқушы өмір талаптарына сай, қоғамдық жағдайларға байланысты мәселелерге мұқият дайындалады. Шағын мектептерде жобалау әдісімен айналасуға улкен мүмкіндіктер бар және олар айналасып та жатыр. Олардың лингвистикалық белсенділігі жазу, сөйлеу, оқуда дамиды. Ол үшін шығармашылық хат, газет, журналдар, монологтар, шығармашылық ойын (пьеса) т.б. қолданылады. Жобаны жасауда балаларға әр түрлі бейнефильмдер, мультфильмдер, компьютерленген бағдарламалар ұсынылады. Дене қимыл қозғалысы - ұлттық билер, музыкалық - ритмикалық қимылдар арқылы, ал өлең, тақпақ, хормен немесе жеке ән айтуда дауыс ырғағы, сезім мүшесі дамиды. Түрлі жұмыстар тек ойлау қабілетін ғана дамытып жобамен өз бетімен жұмыс істеуге де үйретеді. Сабақты түрлендіре өткізу оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Бала мұндай сабақтан жалығып, шаршамайды. Ал жобаны әр баланын психологиялык ерекшеліктеріне байланысты беру керек. Жобаны оқу жылынын басында оқьпушы жоспарланған бағдарламадағы тақырыптарға сай етіп алады. Бастауыш мектепті бітірген оқушы бағдарламадағы белгіленген тақырыптар бойынша қарапайым үлгіде өз сыныптастарымен шет тілінде қарым-қатынас жасай алуы керек. Өзі, жанұя мүшелері туралы, мектеп, қала, достары жайлы әңгімелей білу керек.

Шетел тілін оқытып, үйрету мақсаты - оқушылардың қарым-қатынас жасай алуға түсе алатын қабілеттерінің негізін қалау болып табылады. Жаңа тілге үйретуде оқытудың жаңа тәсілі төмендегідей талаптарға сәйкес келуі көзделеді:

- оқушыға колайлы оку ортасын калыптастыру;

- оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой-тілектерін ояту;

- оқушының эмоциялық сезіміне әсер етіп жеке тұлға ретінде қалыптастыру;

- оқытуды түрлендіру үшін түрлі әдісті қолдану;

- ойын түрінде оқыту арқылы оқушының белсенділігін арттыру;

- шет тілін оқушының жеке қызығушылығымен байланыстыру;

- оқушы - субьект, оқытушы - кеңесшісі болу;

- сатылап өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.

Жоба әдісін қолданып оқыту бұл талаптарға жауап бере алады.

«Шетел тілін оқу курсы» - оқушылардың шетел тілінен берілетін білімге деген мемлекеттік стандарттан тыс сұраныстарын қанағаттандыратындай мазмұнын анықтайтын, олардың бойында іргелі білім негіздері мен оның қосымша бөліктерін өз бетімен танып-білу дағдысына ие болуға, тілге деген қызығушылығын жетілдіруге қажетті курс. Шетел тілін оқытудың басты мақсаты - оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, яғни шетел тілін қажетті жағдаяттағы ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процесінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.

Жобалау әдісінің жаңа түсінігінің негізін Е.Полат былай деп тұжырымдаған: «Көлемді мәселені зерттеу, өңдеу әдістері шынайы тәжірбиелі қортындыға негізделген, мәселенің қайта өңделуі әр түрлі деректерді қосқанда қолданады.Мұндай нәтижеге жету оқушының өз бетімен ойлауға, мәселені шешуге, болжауға және оның себеп-салдарына байланысты».

Біз осы жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе, жобалау әдісімен оқыту үнемі жеке тұлғаға негізделіп бағытталған және ол оқушының белсенділік, танымдық, іскерлік, т.б.қабілеттерін қалыптастырушы фактор деп түсінеміз.

Еліміздің шет елдермен қарым -қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шетел тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Шәкірттерінің сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау, шығармашылық,ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде оқытудың жаңа технологияны пайдаланудың мәні зор.

Жобалау әдісін сабақ барысында қолдану арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, сабақта алған білімдерін іс жүзінде қолдануға көмегін тигізеді.

Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар берілген тақырып бойынша туылған проблемаларды шешуге, өз ойларын дәлелдеуге, пікірлесуге үйренеді.

Сабақты түрлендіріп өткізу үшін, әрине, оқушылардың білім деңгейі жоғарғы дәрежеде болуы щарт, сондықтанда жобалау сабақтарын жоспар бойынша берілген тақырыптарды меңгерген кезде, қортынды сабақ ретінде өткізсе, тиімділігі жоғары болады.

Жобамен жұмыс істейтін оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Әр топқа білім деңгейі жоғары оқушы жетекшісі болып, басқаларға көмек көрсету, түсінбегенін түсіндіру.Топқа бөлуде оқушылардың психологиялық үйлесімділігін де ескеру өте маңызды.

Жобалау әдістемесі бойынша істелетін жұмыс бірнеше кезңңдерден тұрады:

Бірінші кезеңде мұғалімнің көмегімен оқушылар істейтін жұмыстарының мақсатын белгілеп, проблемаларды анықтайды. Әртүрлі сурет, сызба, мәтін т.б. жобаға қажетті материалдар жинастырады.

Екінші кезеңде істейтін жұмыстың жоспары жасалып, топ мүшелері өздеріне нақты тапсырма алады.

Үшінші кезеңде оқушылар әртүрлі лексикалық, граматикалық, ойлау, оқу, сөйлеу т.б. қабілетттерін дамытатын жаттығулар орындап, білімдерін жетілдіреді, туындалған проблеманы шешуге, жобаны жасауға әдіс, тәсідер мен жұмыс түрлерін анықтайды.

Төртінші кезеңде әр топ өздері белгіленген жобаны жасап, дайындайды.

Жұмыстың бесінші, қортынды кезеңінде оқушылар дайындаған жобаларын қорғап, пікірлерін дәлелдейді.

Эксперт тобы әр топтың жұмысына талдау жасап, қортындылайды. Сабақ соңында оқушылар сабақ туралы өз пікірлерін айтып, келесі сұрақтарға жауап беріп, қортынды жасайды:

1. Жобалау әдістемесі пайдалынылған сабақтан қандай әсер алдыңдар?

2. Жасаған жұмыстың білімдеріңді кеңейтуге тигізген пайдасы болды ма?

3. Дайындық кезінде қандай ізденіс жұмыстарын жүргіздіңдер?

4. Жұмысты жасауда жіберген кемшіліктерді жою жолдары қандай? Нені ескертіп, неге көңіл аудару қажет?

Мұғалім әр кезеңде әр түрлі роль атқарады, ол - көмекші, бақылаушы, нұсқаушы жұмыстың барлық кезеңінде мұғалім шәкірттерінің іс - әректтерін қолдап, мадақтай келе, олардың ынтасын көтерген жағдайда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады.

Жобамен жұмыс істеу әрбір оқушының жұмысқа деген жауапкершілігін арттырады, шығармашылық қабілетін дамытып, оқытудың түпкі мақсаты: білім сапсын жақсартуға үлкен ықпалын жасайды.

Тіл - ол әрбір халықтың мәдинетін, тарихын, тұрмыс - тіршілігін, сол халықтың стеоротипін сипаттайтын зерделі айна.

Тіпті жеке тұлғаны алып қарасақ та оның сөйлеген сөзіне, айтқан әңгімесіне, сөйлеу мәнеріне қарап, біз ол адамның мәдениетін, қандай әлеуметтік топқа жататынын, тіпті оның географиялық мекенін де анықтай аламыз. Соңғысы ол әрине ол диалектологияға байланысты.

Жастарымыз еліміздің болашағы дейміз, өркениетке жету жолында жастарымызға сенім артамыз. Егер жастарға білім беру, оларды тәрбиелеу жауапкершілігі мына біздерге, ұстаздарға жүктелетін болса, шет тілдердін үйренудегі коммуникативті - танымдық оқыту әдісін ұсынғым келеді.

Бірақ алдымен, осы шет тілдерін оқыту әдістемесінің зерттеулеріне сүйене отырып, өткен ғасырдың соңғы 30 жылында жеткен жетістіктеріне тоқтала кетейін.

1) Шет тілін оқу процесін сипаттайтын әдістемелік білімнің категориялары анықталып, әдістемелік түсініктердің жүйе құрылымы пайда болуы.

2) Даму заңдылықтары бұрынғыдай пәлсапаның жаңа зерттеулерімен, лингвистикасмен, психологиямен,психолингвистикасы және жалпы дидактикамен байланысып жатқан шет тілін оқытудың теориялық және практикалық әдістемелер негіздерін түзету жобасы ұсынылады.

3) Көптеген әдістемелік зерттеулердің арқасында оқу жүйесінде әртүрлі жас ерекшеліктеріне қарай шет тілін үйренуде бір - бірімен тығыз байланысты сөйлесім әрекетінің негізгі түрлерін: тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым әрекеттерін сабақ барысында комплексті түрде пайдаланудың тиімді жолдарын анықтады.

4) Шет тілін оқуда үйренуші тіл және сол тіл елінің мәдениетін зерттеуде айтулы нәтижелерге қол жеткіздік. Дегенмен, тіл және мәдениет арасындағы қатынас мәселесі шет тілін үйренудегі белгілі ережелер ретінде әлікүнгедейін толық қанды ашылмай отыр.

5) Шет тілін үйренудің қай сатысында болсын оны меңгеру процесіде ана тілінің «ерекше маңызы» анықталады.

6) Шет тілін үйрену процесіндегі комуникативті бағытталған негізі ұсынылады, ол дегеніміз шет тілінін үйренуші тұлғаның тілге деген құштарлығы, белсенділік әрекеті,өз бетінше жұмыс істей алу еркі, яғни осы әректтердің барлығы шет тілін үйренушінің бойынан табылатын болса, онда бұл әрекеттер шет тілін үйрену процесін жеңілдеткен болар еді.

7) Шет тілін оқыту процесінде аудио-видео және электронды техникалық апараттарды пайдаланудың тиімді жақтары көрсетілді.

8) Шет тілін оқытуда, оқытылып жатқан шет тілінде сөйлеу проблемалары көтеріліп, сабақ барысында сөйлеу ортасын туғызу арқылы коммуникативтік жаттығулар орындау, коммуникативтік компетенцияларды дамыту енгізіледі.

9) Шет тілін оқытуда әсіресе жоғарғы оқу орындарына көп көңіл аударылып, шет тілін оқыту жүйесінің қай саласы болсын, білімді стандарттау, реттеу әдістемесі ғылымның актуалды проблемасы ретінде қарастырылып, сараптау, яғни тестілеу арқылы шет тілін үйренушінің нәтижелері қадағаланып, олардың оқу сатылары анықталып отыратын болды.

Дегенмен, жоғарыда шешімі табылғандай көретін проблемаларға үңіле кетсек олардың әлі де болса зерттеулер мен толықтыру қажет ететінін байқаймыз. Қазіргі жаңа әдістемелік зерттеулерге сүйенсек те, бұрынғыларына қарасақ та, коммуникативі оқыту әдісі проблемасының маңызы зор.

Тірек мектебі ретінде ауқымды жұмыс жасап келген біздің мектеп осындай мәселелрді сессия кезінде немесе ұстаздардың жеке жұмыс жасауы арқылы жүзеге асырылуда деп айта аламын. Ағылшын тілін уйренудегі басты мәселе мектеп алды даярлық тобынан басталуы да бірден бір жетістікке әкелетін жол болып табылады. «Step by step» технологиясын қолданудың нәтижелері көп күттіртпейтіні мәлім.





Әдебиеттер:

  1. Фазылова Р.Л. Проект на кроках немецкого языка. // Иностранный язык в школе. 1999. №3.

  2. Зимняя И.А., Сахарова Т.Е. Проектная методика обучения английскому языку. // Иностранный язык в школе. 1991. №3.

  3. Бородулина М.К. Шет тілін үйрету. - М. Просвещение, 1975.

  4. Кузьмичева Т.Н. Технические средства в обучений английскому языку. - М. Просвещение, 2001.

  5. Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологий // Иностранный язык в школе. 2004. №3.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал