- Учителю
- Поурочный план по казахскому языку в 4 классе на тему 'Жаз'
Поурочный план по казахскому языку в 4 классе на тему 'Жаз'
Раисова Ж. Ж.
Қостанай қ.
№1 мектеп - лицейі
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Қазақ тілі
Сынып:4
Лексикалық тақырып: Жаз.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа тақырып бойынша, окушылардың білімдерін арттыру.
Түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін бекіту. Жаңа сөздермен таныстыру және оларды сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету .
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын толығымен жеткізе алуға және қойылған сұрақтарға нақты да дұрыс жауап беруге үйрету
Тәрбиелік: Бірін-бірі тыңдауға, өздерін дұрыс ұстауға, сыпайылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, білім, білік, дағдыларын жинақтап қолдану сабағы
(урок комплексного применения знаний и умений)
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, оқулық, интерактивті тақта
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, аудару,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә)оқушыларды түгендеу
ІІ. Үй жұмысын тексеру өтілген сөздерді қайталатып, сұрау
ІІІ. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту . (Тақтада жаз суреті бейнеленген)
ІҮ.Жаңа сабақ
-
Лексикалық тақырып.
а)Жаңа сөздермен жұмыс
жүземіз- плаваем көбелектер- бабочки
шомыламыз- купаемся ең ыстық- самый жаркий
соңғы- последний
- Жаңа сөздерді мұғалім оқып таныстырады
-оқушылар сөздерді қайталайды,сөздік дәптеріне жазады
- жаңа сөздермен сөйлем құрастырады.
Ү. Презентациямен жұмыс.
ҮІ. Кітаппен жұмыс
-Тапсырмаларды орындату:
2- тапсырма 199 бет. Оқы, әңгімеле
Маусым (июнь) -жаздың бірінші айы. Маусым айында күн жылы болады. Шілде (июль) -жаздың екінші айы. Шілде айы -ең ыстық ай. Тамыз (август) -жаздың соңғы айы. Тамыз айында көп жемістер, көкөністер піседі.
Мәтін бойынша сұрақ-жауап.
-Жұптық жұмыс.
Оқушылар өзара жаз туралы диалог құрастырап, диалогты досымен оқиды.
-Мәнерлеп оқу сайысы.
Оқушылар жаздың үш айы туралы өлең оқиды, мәнерлеп оқыған оқушы бағаланады.
Маусым
Құс көбейді көлдегі,
Маусым келді - жаз мейрам.
Асыр салып төлдері,
Жан - жануар мәз - мейрам.
Шілде
Шілде келді. Бұл бір ай,
Жаз айы ғой ең ыстық.
Апамызға құлпынай,
Алма, шие терістік.
Тамыз
Тамыз жомарт бұйырда,
Пісті қауын, алма, өрік.
Жүзім, алмұрт үйілді,
Дастарқанға сән беріп.
4 - тапсырма. Үлгі бойынша сөйле.(ауызша)
Бір оқушы жаз сөзін тақтада септейді.
Өздік жұмыс.
5- тапсырма.Сөйлемдерді толықтырып жаз.
Маусым -жаздың ..... айы. Маусым айында ..... жылы болады. Шілде-жаздың..... айы. Шілде айы- ең .... ай. Тамыз-жаздың..... айы. Тамыз айында көп ......, ........ піседі.
-
VІІ. Сабақты қорытындылау
-
1. Интерактивті тақтада жазылған сөйлемдерді аяқтау
Жазда күн ......(қысқа, ұзақ) болады.
Ең ыстық жыл мезгілі - ........(қыс, жаз).
Жазда ........(қар, жаңбыр) жауады.
Балалар жазда ..........(шана тебеді, суға шомылады).
-
ҮІІІ.Үй жұмысы:
Жаз туралы әңгімелеу.
. Бағалау
ІХ. Сабақты бекіту
- Балалар, бүгін сабақта не істедік?
- Жазда күн қандай болады?
- Жазда балалар не істейді?
- Саған жаз мезгілі ұнай ма?
- Сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар