7


  • Учителю
  • САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Айқындауыштың түрлері

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Айқындауыштың түрлері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Айқындауыштың түрлері

Сабақтың мақсаты: Тұлға қалыптастыру

1.Білімділік: оқушыларға сөйлемнің айқындауыш мүшелері туралы білім беру, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, қосымша материалдар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен

мақсаты туралы хабарлау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Пысықтауыш туралы түсінік

2. 56- жаттығумәтінді түсініп оқу. Аяқталмаған Сырақтың сөзін аяқтау. Ең соңғы абзацтағы сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.

Қазақстанның ,Орта Азияның халықтары біздің дәуірімізге дейінгі YI ғасырда сақ деп аталған

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Тақтадағы сөйлемдер арқылы түсіндіру.

1. Біздерге, қарттарға, жастар сияқты өмір сүруге тура келеді.

2. Есіктен қарт шахтер Бейсен кірді.

3. Отарбай, жас мұғалім, сабақты жақсы өткізуге тырысты.

Оқушыларға теориялық білім беру.

Сөйлемде кейде бір сөзді заттық жағынан айқындап, түсіндіріп тұратын сөз я сөздер тобы болады. Осыны айқындауыш дейміз.

Мысалы: Біздерге, қарттарға, жастар сияқты өмір сүруге тура келеді. Осы сөйлемдегі айқындауыш - қарттарға, ол біздерге деген толықтауышты айқындап тұр. Есіктен қарт шахтер Бейсен кірді. (С.Е.) бұл сөйлемде айқындауыш -қарт шахтер; ол Бейсен деген сөзді нақтылап тұр.

Айқындауыш екі түрлі болады:

  1. оңашаланған айқындауыш;

  2. қосарлы айқындауыш.

Оңашаланған айқындауыштың анықтауыштан айырмашылығы бар: анықтауыш өзі анықтайтын сөзінен бұрын тұрса, оңышаланған айқындауыш онан кейін тұрады да, өзі айқындайтын сөздің мағынасын нақтылайды. Оңашаланған айқындауыш өзі айқындайтын мүшесімен қызметтес әрі тұлғалас болады. Сондықтан оңашаланған айқындауыш сөйлемде бастауышты, баяндауышты, толықтауышты, пысықтауышты, кейде анықтауышты айқындайды.

Отарбай, жас мұғалім, сабақты жақсы өткізуге тырысты. Бұл сөйлемде жас мұғалім деген айқындауыш бастауышты айқындап тұр. Оңашаланған айқындауыш та, айқындалатын сөз де атау септігінде тұр.

Айқындауыш, әдетте, сөйлемде екі жағынан да үтірмен, кейде айқындауыштар тізбегінде үтір болса, онда екі жағынан сызықшамен ажыратылады.

Мысалы: Олардың бірі - сары сақал, арық, боз - өз ойының жүйріктігін көрсетуге тырысады. Осында айқындауыш - сары сақал, арық, боз. Айқындауыш өз ішінде үтірмен белгіленгендіктен, екі жағынан сызықшамен ажыратылған.

Қосарлы айқындауыш өзі айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады. Амангелді батыр, Ер Тарғын, Ақан сері, Біржан сал, әнші Күләш, т.б.

Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен, қос сөздер сияқты, дефис арқылы бөлінеді: жер-ана, әйел-ана, панфиловшы-ұландар, инженер-техник, пәтер-мұражай, т.б.

ІV .Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс

58-жаттығу (жазбаша)

Төмендегі сөйлемдерде оңашаланған айқындауыштың қандай сөйлем мүшесін айқындап тұрғанын анықтаңдар.

Екі жақтан да көп кісі тұтқынға алынды. Көкшетаудағы саудагер құдасының жәрдемімен тергеу және сот орындарын сатып алды да, үкімде жазаға Курчанов ілікті, каторгіге айдалатын болды. Бірақ ол жауаптарында да, сот процесінде де айыпты мойына алып, абақтыға өзімен бірге жабылған Нұрмағамбетті ақтады, босаттырып жіберді.

Ендігі күресетін - Қыпшақ пен Керей. Керей мен Уақ - ағайындас. Тойда, аста олар бірге отырады.

Қалың көпшілік - арбалылар да, салттылар да, жаяулар да - соның соңынан шұбап, қыртысы қалың, жасыл көделі жердің шаңдағын аспанға шығарды.

(С.Мұқанов.)

59-жаттығу (ауызша)

60-жаттығу (жазбаша)

1.Оңашаланған айқындауыштары бар сөйлемдерді бір бөлек, қосарлы айқындауышы бар сөйлемдерді бір бөлек көшіріп жазыңдар.

2.Оңашаланған айқындауыштар қандай сөйлем мүшесін айқындап тұрғанын анықтаңдар.

Тобықты ішіне ең алғаш келген арбаны осыЗеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады. (М.Ә.) Біз, мұғалімдер, ауыл мәдениетін көтеруді өз қолымызға алғымыз келеді. (М.И.) Анам - оқымаған, қарапайым қазақ әйелі - бүкіл ауылға ортақ ана сияқты болатын. (С.К.)

V . Үй тапсырмасын беру.

1. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері

2. 61-жаттығу

VІ. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VІІ. Сабақтың аяқталуы.



Тексерілді









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал