7


  • Учителю
  • Урок по казакской литературе та тему 'Мағжанның «Түркістан» өлеңі'

Урок по казакской литературе та тему 'Мағжанның «Түркістан» өлеңі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мағжанның «Түркістан» өлеңі(8-сынып)Сабақтың мақсаты:білімділік-«Түркістан»өлеңіндегі әдебиет пен тарихтың өзара үндестігін зерттеу арқылы оқушылардың білімін тереңдете түсу;дамытушылық-оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту,ойлау және еркін сөйлей білу қабілет
предварительный просмотр материала

Мағжанның «Түркістан» өлеңі

(8-сынып)

Сабақтың мақсаты:білімділік-«Түркістан»өлеңіндегі әдебиет пен тарихтың өзара үндестігін зерттеу арқылы оқушылардың білімін тереңдете түсу;дамытушылық-оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту,ойлау және еркін сөйлей білу қабілеттерін арттыру,өздігінше жұмыс істеуге дағдыландыру; тәрбиелік-туған тілін,елін,жерін,халқын,тарихын сүюге,жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу.Түрі:зерттеу сабағы. Әдіс-тәсілі: зерттеу,ізденушілік. Пәнаралық байланыс: тарих,география,өзін-өзі тану. Сабақтың көрнекілігі: Мағжан Жұмабаевтың шығармалар жинағы,интерактивті тақта,слайдтар.

Сабақ барысы.Ұйымдастыру.

1.Сәлемдесу.2.Сабаққа дайындығын тексеру.

3.Сабақ мақсатымен таныстыру.

Жаңа сабақ

Сараптамалық талдау жұмыстары.Тақтадан слайдтар арқылы оқушылардың сараптамалық ізденістері нәтижесінде жүргізілген жұмыстарын көрсету,оларды жүйелі баяндау.

Мағжанның шығармашылығын жүйелеу,қорытындылау.

Мағжанның барлық өмірі-поэзиясында.Ақын өлеңдерінің көпшілігі негізінен халқының,ел-жұртының тағдырына бағышталған.Ақынның еліне,халқына,бүкіл түркі тілдес,қандас халықтарға деген сүйіспеншілігі.

Ақын өлеңдері сан алуан тақырыпқа жазылған:туған жер,атамекен,халық тағдыры,адамгершілік,шынайы махаббат.

«Түркістан» өлеңі-елім,жерім,халқым деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі.

Тұран-көне мәдениет бесігі,сәулет өнерінің кең сарай көрінісі,ұлы ақындар ордасы,имандылық мекені.

Өлең тақырыбына Тұранның толқымалы тарихы арқау болған.

Идеясы:Тұран-Түркістанның хандары мен батырларын,

Ғалымдары мен ақындарын мақтау,мадақтау.

Мазмұны:Тұран-Түркістанның отты желдей ескен тарихы;Тұранның сұлу табиғаты;ертедегі ертегі хан Афрасияп;Тұрандағы Шыңғыс хан билігі.

Тұрандағы хандық дәуір: Қасым хан; Назар хан; Есім хан; Абылай хан.

Ұлы ғұламалар: Ұлықбек; Әбуғали ибн-Сина; Әбу Насыр әл-Фараби; Қожа Ахмет Иассауи.

(Өлеңде аталып өткен атақты хандар мен ғұламалар туралы жинаған мәліметтерін оқушылар әңгімелеп,бір-бірімен пікір алысады)

Интерактивті тақтадан Түркістан жерінің суреттерін көрсету.

«Түркістан»өлеңін оқушыларға мәнерлеп оқытып,өлең шумағына талдау жасату.

Ер-те-де//Түр-кіс-тан-ды//Тұ-ран дес-кен,

Тұ-ран-да// ер тү-рі-гім//тұ-уып өс-кен.

Тұ-ран-ның//тағ-ды-ры бар//тол-қы-ма-лы,

Ба-сы-нан//көп та-ма-ша//күн-дер өт-кен.

Өлеңнің көркемдік тіліне талдау жасау.

Сабақты бекіту.Осы өтілген тақырып бойынша тест сұрақтарына жауап беру.Сұрақтарға дұрыс жауап берілсе,белгілі мағынаға ие сөз пайда болады.

1.Мағжан Жұмабаевтың өмір сүрген жылдарын көрсет:

Р)1885-1935ж С)1894-1938ж Т)1893-1938ж

2. «Түркістан»өлеңінің тақырыбы:

У) Әлеуметтік Ұ) Табиғат Ү) Туған жер.

3.Афрасияп деп ақын қай қағанды жырлаған?

Р) Алып Ер-Тұнға С) Мөде қаған Т) Аттила(Еділ)

4.Өлеңде Ислам дәуір әдебиетінің қай өкілдері аталған?

К)Әбу Насыр әл-Фараби,Қожа Ахмет Иассауи;

Қ) Тарағай,Ақсақ Темір Л) Шыңғыс хан,Шағатай

5.Пайғамбар кім?

Ы)Әбуғали ибн-Сина І) Нұх Э) Зұлқарнайын

6.Жейхун,Сейхун дариясының қазіргі кезеңдегі аттары:

П) Оқыс,Яксарт Р) Арал,Ыстықкөл с) Әмудария,Сырдария.

7.Түркістан қаласында қай әулиенің кесенесі орнатылған?

Т) Қожа Ахмет Иассауи; У)Арыстанбаб Ұ) Ақсақ Темір

8.ХVІІІ ғ жоңғар -қалмақтармен шайқасқан қазақ ханы:

А) Абылай хан Ә) Қасым хан Б) Есім хан

9. «Арқаның ардагері -қалың алаш». Өлеңдегі көркемдеуіш тәсіл?


Дұрыс жауаптары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Т

Ү

Р

К

І

С

Т

А

Н


Қорытынды. Мағжанның қай өлеңінде болмасын,халқына,туған жеріне деген сүйіспеншілігі,толғанысы бейнеленген.Өлең жырлары арқылы халқының болашағы,келешегі үшін күресіп,жанын құрбан еткен ел арыстарының есімін ардақтап,естен шығармау-біздің парызымыз.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал