- Учителю
- Открытый урок по казахской литературе на тему 'Тұрмыс - салт жырлары'
Открытый урок по казахской литературе на тему 'Тұрмыс - салт жырлары'
Күні:
Сынып:5
Сабақтың тақырыбы: Тұрмыс - салт жырлары.
Мақсаты: Білімділік -оқушыларды тұрмыс - салт жырлары арқылы тіл байлықтарын кеңейту, әдебиет сабағына деген қызығушылығын ояту.
Дамытушылық- дүниетанымын, ой - өрісін кеңейту шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен әрекеттенуге дағлыландыру, сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік - ұжымдасып еңбектенуге,әдептілікке ұлттық тәлім- тәрбие алуға, ұқыптылыққа ел жандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: іздендіру сабағы.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
Ұйымдыстыру кезеңі:
а) сынып тазалығына назар аудару б) назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру: ауызша сұрау.
Жаңа сабақ.
Қазақ ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы тұрмыс -салт жырлары.
Тұрмыс- салт жырларында халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, салт -дәстүрі сөз болады, төрт түлік мал және жан-жануарлар туралы, наурыздағы көктемгі ел қуанышы туралы жырлар айтылады. Тұрмыс - салт жырларының бір түріне бесік жыры, тұсау кесер жыры, жар - жар, той бастар, беташар, бата-тілек, жоқтау сияқты салтқа байланысты туған жырлар жатады.
Тұрмыс -салт жырларының еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты түрі төрт түлік малға арналған. Төрт түлік малға қазақ халқы түйені,жылқыны, сиырды, қойды жатқызған.Төрт түлік қазақ халқының тіршілік негізі. Ол сауса- сүт, сойса -ет, кисе-киім, мінсе - көлік. Сондықтан халық малды аса қадірлеп,оны өсіруге ерекше көңіл бөлген,өлең - жырларға қосып отырған. Хайуанаттардың да иесі бар деп танып, әрқайсысына жеке-жеке ат қойған. Халық төрт түлік туралы өлең -жырлара әр түліктің қасиетін, адамға тигізер пайдасын дөп басып айтқан:
Түйе - байлық,
Қой - мырзалық,
Жылқы -сәндік,
Сиыр - ақтық.
І. Топқа бөлу. Топты таныстыру.
ІІ. 1 қадам « Білу» Әр оқушыға бір сұрақ қойып , жауапты дәптерге жазғызу. Бір-бірден балалар тақтаға шығып, жазады.
ІІІ.2 қадам « Түсіну» Әр топқа бір сұрақ қойылады.
1 топ. Неліктен төрт түлік мал қазақ халқының тіршілік көзі болып саналады?
2 топ. Не себепті адамдар табиғатқа табынған?
3 топ . Неліктен халқымыз малды қадірлеп, оларға өлең-жырлар арнаған?
ІV. 3 қадам « Талдау» Әр топқа мәтінді мазмұндаудың жоспарын құрындар.
V.4 қадам. Мәтінің басты идеясын топтастырыңдар.
VІ. 5 қадам. «Қолдану»
Үлгі бойынша парталастарыңмен төрт түлік туралы диалог құрыңдар.
Сабақты бекіту:
6 қадам «Баға беру» Қалай ойлайсыңдар, орыс әдебиетінде малға арналған жырлар бар ма? Тұрмыс - салт жырлары қазір қолданыла ма?
Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабағымызда балалар, тұрмыс - салт жырларымен таныстық оның түрлері өздерің білгендей жар - жар, беташар, тұсау кесер, тойбастар, бата - тілек, жоқтау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 13 бет Тапсырма. Төрт түліктің пайдасы туралы мәліметтер тауып, бір-біріңмен бөлісіңдер. Кімнің мәліметі қызықты, пайдалы болар екен?