7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Менің сүйікті жануарым'

Сабақ жоспары 'Менің сүйікті жануарым'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті жануарым

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жануарлармен таныстырып, жабайы жануарлар туралы түсінік беру. Жабайы аңдарды суреттер арқылы ажыратуға үйрету.

Жабайы жануарлар жайлы түсініктерін кеңейту, ұғымдарын толықтыру, байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, сөздік қорын байыту, тіл байлығын дамыту.

Оқушыларға қоршаған орта және жануарлар әлемі туралы тәрбиелік мәні зор әңгімелер айту, аңдарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтастыру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, сергіту жаттығулары

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіңдер ме балалар!

-Сәлеметсіз бе!

-Сәлем -сөз анасы демекші балалар, төрде отырған қонақтармен амандасамыз.

-Сәлеметсіздер ме!

-Ал енді балалар барлығымыз тақтаның алдына шығып, бір -бір суреттен алып топқа бөлініп отырамыз.

-I топ-қоян тобы

-II топ-аю тобы

-III топ-түлкі тобы

-IY топ-жолбарыс тобы

-Ал енді балалар осы суреттер бойынша топқа бөлініп отырамыз.

-II «Кім бүгін сабақта мұғалім болғысы келеді!»

-Ал кане кім шығады?(Бір оқушы тақтаға шығып бірнеше сұрақтар қояды )

-Бүгін аптаның қай күні?

-Қазір қандай жыл мезгілі?

-Саған қандай жыл мезгілі ұнайды?

-Сен қай мектепте оқисың?

-Сен нешінші сыныпта оқисың?

-III Үй жұмысын тексеру

-Ал балалар енді үй жұмысын тексерейік, үй жануарлары туралы жазып келген сөйлемдеріңді .

-Маған мысық ұнайды. Ол үй жануары. Мысығымның аты-Мурсик. Мысығымның түсі қоңыр. Мысығым сүт ішіп, ет жегенді жақсы көреді. Менің мысығым доппен ойнайды.

-IY Суретпен жұмыс

-Ал балалар енді барлығымыз тақтаға назар аударайық

-Бұл нелер?

-Жануарлар

-Жақсы

-Олай болса кәне кім тақтаға шығып үй жануарларын бір бөлек, жабайы жануарларды бір бөлек теріп береді. (екі оқушы тақтаға шығады)

-Бұл үй жануарлары

-Не себептен біз оларды үй жануарлары дейміз?

-Себебі олар адамның көмегімен үйде өсіріледі.

-Олар немен қоректенеді?

-Шөп, жем сумен қоректенеді.

-Олардың бізге пайдасы бар ма?

-Олар бізге сүт береді, ет, жүн береді.

-Бұл жануарларды қалай атаймыз?

-Жабайы аңдар дейміз, себебі олар орманда тіршілік етеді. Олар өздері қоректенеді.

-Ал балалар сендерге қандай жануарлар ұнайды?

-Маған қоян ұнайды, себебі қоян кішкентай.

-Олай болса бүгіңгі сабағымыздың тақырыбы «Менің сүйікті жануарым»

-Ал енді дәптерлерімізді ашып бүгіңгі күнді жазып қоямыз.

Бүгіңгі сабағымыздың мақсаты-өз ойларын еркін айта білу, топпен және жұппен жұмыс істей білу, сөздік қорымызды арттыру.

-Бүгіңгі сабақта біз сендермен сендерге ұнайтын жануарлар жайлы әңгімелесеміз.

Y Сөздік жұмысы

-Ал енді тақтаға назар аударайық, жаңа сөздермен танысамыз.

Сүйікті-любимый

Аңқау-глупый

Қу-хитрый

Қорқақ-трусливый

Күшті-сильный

-Мұғалім сөздерді оқиды, оқушылар қайталайды.

-Оқушылардың тізбектеп оқуы

-Сөздік дәптерге жазылуы

-Ал енді осы сөздермен сөз тіркестерін құрастырайық (бір оқушы тақтада, қалғандары дәптерге жазады)

-Енді осы сөз тіркестерімен сөйлем құрастырайық (бір оқушы тақтада, қалғандары дәптерге жазады)

YI Сергіту сәті

Пантомима көрсету

(таратпа қағазда берілген әріптерден жануардың атын жинап, сыныпқа қимылмен көрсету)

YII Грамматикалық тапсырма

-Ал енді граматиканы еске түсірейік

-I топ- «жануар» сөзін тәуелдейсіңдер

-II топ-«сүйікті» сөзіне фонетикалық талдау жасау

-III топ- аңдар, күшті, керік-сөздерін буынға бөліп, буынның түрлерін ажырату

-IY топ- жануар, түлкі, қасқыр-сөздеріне көптік жалғауларын жалғаңдар.

-Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып тақтада орындайды, қалғандары дәптерде орындайды.

YIII Шағын әңгіме құрастыру

-Ал енді балалар қазір әр топ өз жануарларың туралы шағын әңгіме құрастырасыңдар

(3-4 сөйлем)

I топ- «қоян»

-II топ-«аю»

-III топ-«түлкі»

-IY топ-«жолбарыс»

IX Қорытынды

Сонымен балалар сендердің сүйікті жануарларың қандай?

(оқушылардың жауаптары)

X Үй жұмысы

Сөздерді жаттау

111бет 5 тапсырма сұхбат құрастыру

XI Бағалау

Фишкалар арқылы бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал