7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку в 9 классе Билер

Урок по казахскому языку в 9 классе Билер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы Қазақ билері

Сабақтың мақсаты: Білімділік:Мемлекет мәмігерлері Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің өмірі, қызметі, даналықтары туралы білімдерін толықтыру. Би деген атауға түсінік бере отырып, қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет атқарғанын дәріптеу. Дамытушылық: оқушыны өз сүйікті мамандығы туралы ойын толық жеткізе білуге баулу, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту, тақырып бойынша сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік - өз туған жерін, туған өлкесін сүюге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, бейне сұрақтар.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: коммуникативтік, интерактивтік.

Жұмыс түрлері: жеке, жұппен, топпен жұмыс.

Пәнаралықбайланыс: тарих, орыс тілі

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.Сәлеметсіздер ме,балалар!

Ә) Кезекшімен сұхбаттасып, оқушыларды түгендеу. - Кезекші кім? -Сыныпта кім жоқ?

-Үйге қандай тапсырма берілді?

Сабақты психологиялық дайындықтан бастау.

Балалар,сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай , осы жақсы көңіл-күйлерінде сабақты бастаймыз.

Мен сіздерге жақсы көңіл-күй тілеймін. Ал, сендер ше,балалар өз сыныптастарыңа қандай тілектер айтар едіңіздер. Қанеки, тілектерімізді, жылы лебіздерімізді ортаға салайық.

Оқушылар:

Біз сендерге сабақта бестік баға алуларынды, сәттілік, жақсылық тілеймін.

Біз бәрімізге жақсы көңіл күй тілейміз, денсаулық тілейміз.

Біз сендерге сабаққа белсенді қатысуларыңды тілейміз.

Енді кім қызыл түсті алды мына үстелге отырасыңдар; жасыл түсті екінші үстелге, ал сары түсті үшінші үстелге отырасыңдар.

Сыныпты топқа бөледі .ІІІ топқа бөлініп отыруы (4-баладан)

І топ- Төле би

ІІ топ - Қазыбек би

ІІІ топ - Әйтеке би



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Ыстық орындық .Өнер адамдары.ҚР ғалымдары. Лексикалық сұрақтар Алдын ала тест толтыру .Грамматикалық сұрақтар



ІІІ. Жаңа сабақ

-Бүгінгі тақырыпты білу үшін, назарымызды слайдқа аударайық.

Сабақтың мақсаты: Мемлекет мәмігерлері Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің өмірі, қызметі, даналықтары туралы мағлұмат алып, Би деген атауға түсінік бере отырып, қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет атқарған еңбегіне баға беру.

Оқушылар дәптерлеріне бүгінгі күнді, тақырыпты жазады.

Жаңа тақырыпты меңгеру

а) Кіріспе:

Мұғалім сөзі: Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандап өткені-тәуелсіз ел болу. Еліміздің осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосты. Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақтың танылуына, бостандық пен еркіндіктің бастауында- қазақ халқына әйгілі билеріміздің орыны ерекше болған.

Бүгінгі сабақта мемемлекеттің саяси өмірінде ел ішінде болып жатқан талас тартысқа әділ шешім беретін қазақтың билері, қазақ мемлекетінің саяси өмірінде билердің орыны өте жоғары болды. Бүгін сол ұлы биледің бір қатарына тоқталып өтеміз.

б) "Миға шабуыл" әдісі

Алдымен "Би" ұғымын қалай түсінесіңдер? Би болып сайлану үшін сайланатын адамның дәулеті, байлығы ескерілетін бе еді? Қалай ойлайсыңдар? Би деген кім, қандай болуы керек, биде қандай қасиеттер болуы керек, соны біліп алайық.

Слайдпен жұмыс.Билерді атау.

-1663-1756 жж. өмір сүрген,

1.-Ұлы жүздің төбе биі.

-Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келген.

-Дулат тайпасының жаныс руынан шыққан;

-Қазақ мемлекеті тарихындағы атақты саяси қайраткер;

-Тәуке хан тұсында ұйымдасқан Билер кеңесінің мүшесі;

-"Жеті Жарғы" заңын жасаушылардың көрнекті өкіл;

2(Қазыбек би)

-1667-1764 жж. өмір сүрді.

-Орта жүздің биі. Арғын тайтасының қаракесек руынан.

-Қазақ хандарының ақылшысы, елші-мәмілегер, дипломант.

-Жоңғар хандығына елшілік, мәмілегерлік жол мен үш рет барған.

-Асқан шешен, ел басқарған, елші-мәмілегер, дипломант.

3. Әйтеке Байбекұлы (1644-1700) - шешен билердің бірі. Қазақ халқының басын біріктіріп, бір орталықтан басқарған және туысқан қарақалпақ, қырғыз халықтарымен одақ құрып, жоңғар қалмақтарына қарсы бірыңғай халық майданын ашқан, Тәуке ханның кеңесшісі, көмекшілерінің бірі болған.



3. Жаңа тақырыпты меңгеру

3.Топпен жұмыс. Мәтінмен жұмыс. (Әр топқа мәтін таратамын) Мәтінге критерий бойынша жұмыс.

а)Мәтінді мәнерлеп оқу.

ә)Мәтіннің негізгі ойы қай сөйлемдерде берілгенін табу.



І -топқа.



Төле би Әлібекұлы

Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысындағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауыңда дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. Қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Төле бидің әкесі Әлібек те билік айтып, әділдігімен аты шыққан адам болыпты. Төле жас кезінен хат танып, сауатын ашқан. Ол арабша, парсыша тарихи кітаптарды, аңыз әңгімелерді көп оқыған.

Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.

Қазақтардың басын біріктіріп, оларды жоңғар бұғауынан құтқаруда Төле би маңызды рөл атқарды. Төле би, Орта жүздің төбе биі Қазыбек Келдібекұлы және Кіші жүздің бас биі Әйтеке Байбекұлы үшеуі Әз Тәукенің бас кеңесшісі болған. Сонымен бірге, Төле би Ұлы жүз бен Ресей арасында байланыс орнатып, дамытуға көп еңбек сіңірді.

Сөздік:

қайраткер - деятель атағы жер жарған - он прославлен

әулет - династия қарапайым шаруа - простой человек

сауатты- граммотный тәлім алу - учить пример

билік - власть біріктіру - объединять

бұғау - кандалы, цепи байланыс - связь



2-топқа

Қазыбек би Келдібекұлы

Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы - қазақ халқының XVII - XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Қазыбек би 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Ол 1764 жылы Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген.

Ол Тәуке ханның «Жеті жарғы» заң жобасын жасаушылардың бірі. Өз заманында білімді, озық ойлы, әділ, батыл да батыр адам болған. Қазыбектің аталары да би болған. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Төбе биі еткен. Ол - жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. Ол - парасатты елші, дипломат атанған.

XVIII ғасырдың 60-жылдары Цинь империясы Қазыбек биді өз жағына шығару мақсатымен көптеген бағалы сыйлықтар жіберген. Бірақ Қазыбек би Қытай жағына қарсы болған.

Қазыбек бидің беделі мен ықпалына қазақ хандары ғана емес, ұлы империялардың әкімшіліктері де сүйенген. 1761 жылы Қытай империясының елшілігі, 1762 жылы орыс мемлекеті әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп кеңес алып қайтқан.

Сөздік:

көрнекті - видный қайраткер - деятель

кесене - мавзолей озық ойлы - прогрессивно мыслящий

батыл - смелый, храбрый басқыншылық - захватничество

азаттық күрес - борьба за свободу бедел - авторитет

ықпал - влияние сүйену - опираться

елшілік - посольство өкілдері - представитель

алғырлық - восприимчивость; понятливость; умение мгновенно усваивать



2-тапсырма. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

Ол 1764 жылы Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген.



3 топқа Әйтеке би Байбекұлы

Әйтеке би Байбекұлы 1644 жылы Өзбекстанның Қазбибі тауында туған. 1700 жылы Өзбекстан еліндегі Нұрата ауданының Сейітқұл қорымынында жерленген. Шын аты - Айтық. Әйтеке Қазақ хандығының Тәуке хан тұсында ең беделді билерінің бірі бола отырып, "Жеті жарғы" заңдарын жетілдіруге үлес қосты. Әйтеке медресені бітірісімен туған ауылына оралып, әкесі Байбекпен, ұстазы Қосуақпен бірге ел басқару істеріне араласады. Қазақ халқының басын біріктіріп, жоңғар қалмақтарына қарсы бірыңғай халық майданын ашқан. Қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әйтеке би ресми түрде хан кеңесшісіболды. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі және халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді.

Әйтеке би 25 жасынан бастап үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрды.

Сөздік:

қайраткер - деятель атағы жер жарған - он прославлен

беделді - авторитетный қорымын совершенствование

жетілдіру - совершенстовать үлес қосу - вносить лепту

нығайту - укрепитьел ресми түрде -официально басқару

кеңес - совет қамқоршы - жалостливость; участливость</</p>

дана - гений дуалы - с заклинаниями







4. Деңгелік тапсырмалар.Топтық жұмыс.

1-топ"«Билер» тақырыбына сэнквейн жазу.

Мысалы :1. Зат есім. / Әйтеке би /

2. Сын есім / ақылды, әділ. /

3. Етістік / ойлайды, болжайды, шешеді./

4.Синоним Шешен

5.Сөйлем / Әйтеке би кіші жүздің көріпкел билерінің бірі. /



1. зат есім билер

2. сын есім (2сөз)

3. етістік(3 сөз)

4. сөйлем(4 сөз)

5. Зат есімге мәндес сөз

2- топ«Пицца »әдісі бойынша сұрақтар құрастыру.

3-топ Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер. Үлгі бойынша өздерің диалог

құраңдар. Домино » әдісі бойынша жуан, жіңішке сұрақтар құрастыру./басқа топ жауап береді.



- Қазақтың қандай атақты билерін білесің ?

-

- Билер халқына не істеген?

- т.б.



5. Жаңа сабақты бекіту.

билер бойындағы қасиеттерден оларды тағы кімдер ретінде таныдық?

* елші, мәмілегер *тәрбиеші * саясаткер, қоғам қайраткері

* заңгер * ақын * ойшыл, ғалым.

* психолог * шешен



Тапсырма.1-топ. Синтаксистік талдау.

Төле бидің әкесі Әлібек те билік айтып, әділдігімен аты шыққан адам болыпты.

2-топ. Синтаксистік талдау.

Ол 1764 жылы Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген.

3 топ .Сәйкестігін тап.

1. Ыңғайлас сондықтан, себебі, өйткені, неге десе

2. Қарсылықты не, немесе, я, яғни, әлде, бірде

3. Себеп-салдар біресе, кейде, бірде

4. Талғаулы бірақ, алайда, дегенмен

5. Кезектес ----------- сонша -----------

--------- : -------------------

6. Түсіндірмелі да, де, та, те, және, әрі

«Егер мен би болсам ..... » тақырыбына эссе жаза қойыңдар.





Бағалау. Тест шешу.



1. Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленген бабамыз?

а) Төле би ә) Әйтеке би б) Қазыбек би

2. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын табыңыз.

а) бірақ, алайда, дегенмен

ә) да, де, та, те, және

б) біресе, кейде, бірде

3. Салалас құрмалас сөйлемдер қалай байланысады?

а) жалғаулықсыз, жалғаулық шылаулар арқылы

ә) қосымшалар арқылы

б) бірігу, қосарлану арқылы

  • 4.Үш би кімнің бас кеңесшісі болғанын көрсетіңдер.

  • а) Абылайдың в) Тәукенің

  • с) Жәңгірдің д) Жоңғардың

5. Парасатты елші, дипломат атағын алған би?

а) Төле би ә) Әйтеке би б) Қазыбек би

6. «Төбе би» сөзінің аудармасы?

а) советник ә) оратор б) гланый би

ҮІ. Бағалау.

Сабақтың соңында оқушылар бағалау парағы бойынша бағаланады.Сабақтың

тақырыбы

Оқушының аты-жөні

Жұмыстың түрлері

Толықтыру

Ауызша жауап беру 5 балл

Мәтін мен жұмыс 5 балл

Сұрақтарға жауап беру

Оқушының

өз бағысы

Қазақ билері

Мұғалімнің өз бағасы

Қазақ билері

Топтың бағасы

Қазақ билері

VІІІ. Рефлексия кезеңі

Өз-өзіме хат: «Бүгінгі сабақтан өзіме не алдым?» (балалар стикерлеріне жазып оқиды, тақтадағы ағашқа іледі)



Үйге тапсырма: Қазақ билері диалог құру

Сабақты қорытындылау

-Бүгінгі сабақта нені меңгердік?

-Бүгінгі алған білімдеріңнің сендер үшін маңыздылығы бар ма?

Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілікті нығайту жолында көп жұмыстар атқаруда.

Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында енген мемлекет. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету, елін жаудан қорғайтын, болашақ қазақ жастарының қолында деп есептеймін.

Қорытынды:

Осы мен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!











Бағалау парағы



6



















Бағалау парағы



6





















Бағалау парағы



6





















Бағалау парағы



6





















Бағалау парағы



6























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал