- Учителю
- Разработка урока по казахскоому языку 'Экскурсия в музей'
Разработка урока по казахскоому языку 'Экскурсия в музей'
Ж.М. «Т.Әубәкіров атындағы гимназия»
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Мұражайға саяхат» қорытынды сабақ.
Пән: Қазақ тілі және әдебиеті
9-сынып
Сабақтың жоспарын жазып,өткізген :
жоғары санатты қазақ тілі және әдебиет
мұғалімі- Н.К.Аяпбергенова
Теміртау қаласы, 2014ж
Күні: 12.02.2014
Қазақ тілі сабағы. 9-сынып.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Аяпбергенова Н.К.
Сабақтың тақырыбы: «Мұражайға саяхат» қорытынды сабақ.
Сұхбаттасу теледидар арналары арқылы
Мақсаты: Мұражай тақырыбында алған білімдері арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізе отырып
сөздік қорды молайту.
Ойлау және сөйлеу біліктіліктерін жетілдіру.
Ұлттық теледидар арналарын дәріптеуге тәрбиелеу.
Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын ой қозғау арқылы дамыту,қазақ
еліне,мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
Міндеті: Оқушының сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;
күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін орынды қолдана білуге дағдыландыру;
Телеарналардағы бағдарламалармен танысу.
Бағдарлама сценарийін жасау, бағдараламаны жүргізу (презентация жасау)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру:
Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындықтарын тексеру (оқушылар кабинетке кірерде қолдарына телеарналардың атаулары бар қағаздар беріледі): «Хабар», «Қазақстан», «Еларна».
Жаңа сабақ
І. Қызығушылықты ояту (Сұрақтар арқылы)
-Қолдарыңызда қандай жазулар бар?
-....
-Бұлар нелердің атаулары деп ойлайсыздар?
-....
-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы...... , себебі бүгін біз бірігіп, бағдарлама құрастырамыз,
ол үшін үш топқа бөлінуіміз керек. «Хабар» тобы, «Қазақстан» тобы және «Еларна» тобы.
(Осы жерде сабақтың мақсаты, міндеттері, бағалау парағының ережесі түсіндіріледі)
Жеке жұмыс
-
Топ мүшелері өздерін таныстырады.
-
Топ мүшелері топ атына сәйкес телеарнада берілетін бағдарламалардың атын жазады.
Топпен жұмыс
-
Әр топқа үш парақ таратылады. Бірінші, жазғандарын топта оқиды, талдайды.
(Сұрақтар интертақтада беріледі)
№1 тапсырма Сұраққа жауап беріңдер.
«Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан және басты мағынасы қандай?
Ақпарат құралдарына не жатады?
Ақпарат қандай болу керек?
Джон Рейт кім және оның негізгі үш ұстанымын атаңдар.
-
№2 тапсырма Сөйлемді аяқта.
Мұражай дегеніміз...
Мұражай ісінің негізгі бағыттары...
Қазақстанда мұражай тарихы...
ІІ. Мағынаны ажырату
Топпен жұмыс. Міндетті түрде топ мүшелері түгел белсенді болуға тырысу керек.
1-топ. «Хабар» тобы. «Халықаралық жаңалықтар» топтамасын хабарлау.
Тапсырма: Интернет жүйесі арқылы соңғы жаңалықтарды теру.
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, іскерлік дағдыларын жетілдіру, Рөлдерге бөлу Презентация жасау.
2-топ.«Қазақстан» тобы «Ауа райы» болжамын хабарл Тапсырма: Интернет жүйесі арқылы бүгінгі ауа райын анықтау.
Берілген картаға әр облыстың ауа райын белгілеу.
3-топ. «Еларна» тобы Ток-шоу «Бізде қонақта...»
-
Сценарийін құру (Берілген сценарийді бағдарламаға сай келтіру).
-
Рөлдерге бөлу.
-
Қалай, не арқылы презентация жасайтынын жоспарлау.
ІІІ Ой толғау
3 топ өзіне берілген бағдарламаларға презентация жасайды.
Қорытынды:
Бағалау: Бағалау парағы арқылы топ басшысы топ мүшелерін бағалайды және мұғалім бағалайды.
Үйге тапсырма:
Жаңа бағдарламаның жобасын жазып келу
-
Презентация жасау.
Рефлексия: Осы сабақ туралы не айтар едің? Жұмыс барысында өзіңді қалай сезіндің?
Нені білемін?
Нені білдім?
Не таңқалдырды?
Нені білгім келеді? Бағалау
Р/с
Оқушының аты-жөні
Мұғалім
Жалпы
1
Андрюшко Андрей
До Константин
Жалғасова Карина
Калабо Артем
Шлыкова Анеля
Киреев Максим
2
Чекардина Арина
Пушкарева Дарья
Сопы Алтынбек
Малаев Темірлан
Логачев Андрей
Попова Екатерина
3
Имашева Мадина
Рудакова Анастасия
Москаленко Кристина
Сакенов Ануар
Жанова Айгерим
Мейрамқұлов Диас
«Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан және басты
мағынасы қандай?
Ақпарат құралдарына не жатады?
Ақпарат қандай болу керек?
Джон Рейт кім және оның негізгі үш ұстанымын атаңдар
Сен білесің бе?
Ток-шоу «Бізде қонақта...»
Мұражайға саяхат
Теміртау мұражайлары
Спорт жаңалықтары
Ауа-райы болжамы
Мәдениет жаңалықтары