- Учителю
- План на тему'Үй жануарлары'
План на тему'Үй жануарлары'
Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың үй жануарлары туралы алған білімдерін тексеріп,бекіту.
2. Тәрбиелік: Төрт түлік малдың пайдасын түсіне отырып, сыйлауға,құрметтеуге,бағалауға үйрету.
3. Дамытушылық: Грамматикалық тапсырмаларды орындай отырып оқушылардың ой-өрісін дамыту, ауызша сауаттылығын арттыру, суретпен жұмыс арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын байыту, өзара қарым - қатынасын жақсарту.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтастыру, әңгіме, сын тұрғысынан ойлау әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, суреттер, сабақ ережесі, сызба, слайдтар көрсету.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, сурет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Шаттық шеңбері Сиқырлы сандықтан сурет алып бір -біріне сыйлап, тілек айтады
1. Амандасу.
2. Түгендеу.
3. Сабаққа жұмылдыру.
4. «Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабаққа қымбатты қонақтар,ұстаздар келіп отыр. Қош келдіңіздер!»
- Бүгінгі сабағымыздығң тақырыбын жасырынған жұмбақты шешу арқылы өзіміз табамыз.Дұрыс айтасыңдар бүгінгі бекіту сабағымыздың тақырыбы «Үй жануарлары.
5. Оқушыларға мақсат қойғызу.
- Балалар бүгінгі сабақта алдарыңа қандай мақсат қойып отырсыңдар? Сабағымыздың мақсатын ашып алайық? Мен мақсаттарыңа жетулеріңе тілектеспін.Сабағымыз жақсы өтсін.
6. Сыныпты топқа бөлу: « Сиқырлы сандықтан» үй жануарларының суретін таңдап алу арқылы топтарға бөлінеді.
1-топ: Тұлпар
2-топ:Бота.
3-топ Құлагер
7. Сабақтың ережесімен таныстыру:
-
Бірін-бірі тыңдау
-
Ойын ашық айту
-
Сабаққа түгел қатысу
-
Ұйымшыл болу
-
Уақытқа бағыну
Жұмбақты шешу арқылы келесі слайдтағы суреттерге қарап мақал, жаңылтпаш айтып,ойларын жинақтау.
«Тұлпар» тобы «Балық сызбасына» үй жануарларын төлдерімен жазады.
«Бота» тобы «Үй жануарлары қалай дыбыстайды?» суреттерімен сөзін жапсырады.
«Құлагер» тобы «Үй жануарларының төлдеуін» суреттерімен сөзін жапсырады.
Әр топ өзінің жұмысын қорғайды.
«Тұлпар» тобы «Үй жануарлары қайда мекендейді?» постер толтырады.
«Бота» тобы «Үй жануарларының пайдасы»постер толтырады.
«Құлагер» тобы «Үй жануарлары»диалог құрады.
«Бес жолды» өлең «Үй жануарларын» қорыту.
Балалар, қандай сөздер көп қолданды? Дұрыс айтасыңдар.Ол қандай сөз табы? «Тұлпар» тобы Зат есімнің ережесін еске түсіреді. «Бота» тобы сұрақтарын еске түсіреді. «Құлагер» тобы мағынасына қарай нешеге бөлінеді? еске түсіреді . «Сиқырлы асықтар» ойыны асықтарды таңдау арқылы асықтардың артына жасырынған сұрақтарға жауап береді.
Грамматикалық тапсырмалар орындау.Үй жануарларын, зат есімді қолданып сөйлемдер құрап жазу,сөйлем мүшесіне талдау.
«Қозы» сөзіне фонетикалық талдау жасау.
«Түйе» сөзін септеу.
«Бақташы» сөзін жіктеу.
«Жылқы» сөзін тәуелде.
- Балалар, яғни,төрт түлік мал адам үшін ішсе сусын, жесе тамақ, кисе киім, мінсе көлік.
- Үй жануарларына байланысты қандай тыйым өздерді білеміз?
- Қазақ халқының өмірі ертеден малмен айланысты болған. Малды құрметтеген, мал күтуді қасиетті іс деп білген.
YІІ. Қорытынды:
YІІІ. Бағалау
Фейерверк қол шапалақтау.