- Учителю
- Презентация по казахскому языку Зат есім
Презентация по казахскому языку Зат есім
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты: білімділік- тіл білімі саласында сөз таптары деген ұғым туралы , оның ішіндегі зат есімдер жөнінде мағлұмат беру, зат есім жайындағы ойларын дамыта отырып жалқы, жалпы есім туралы ұғымдарын қалыптастыру;
дамытушылық- сөйлеу тілдері мен танымдық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік- оқушыны білімділікке, пәнге деген қызығушылығын арттыруға, ана тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру, сын тұрғысынана ойлау, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тақырыпқа арналған кестелер, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
-
Атауыш сөздер дегеніміз не?
-
Одағай сөздерге анықтама бер.
-
Күрделі сөздер жасалу жолына қарай неше түрлі?
-
Қос сөз дегеніміз не? Түрлері
-
Дара сөз дегеніміз не?
-
Түбірлес сөздер дегеніміз не? Мысал келтір
-
Біріккен сөздер қалай жасалады?
-
Қысқарған сөздердің емлесі
ІІ слайд Сөз жұмбақ
Абайдың нешінші қара сөзі?
4 түрлі себептерді ата
Ой кеселдері
-
ІІІ слайд Сөз табы Сұрағы Мағынасы Мағыналық топтары
Зат есім Кім ? Заттың ,құбылыстың Жалқы есім, жалпы
Не? атауы есім, деректі зат есім,
дерексіз зат есім
ІҮ слайд Жалпы есім- біркелкі заттардың жалпы атауы.
Мысалы: қала, кісі, әнші, ағаш, бөлме.
Ү слайд Жалқы есім - мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке - дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі, ат ретінде ғана жұмсалады. Мысалы: Сабыржан, Жетіқарақшы, Байшұбар, «Айгөлек».
Жалқы есім барлық уақытта да бас әріппен жазылады.
ҮІ слайд Семантикалық карта
ҮІІ слайд Ойланып, тез шешейік !
-
Ұшып жүрген гүл көрдім, 2 Алынбайды ері, 3 Аяғы біреу, қолы жоқ
Қонғанда ұстап үлгердім Төгілмейді тері. Шиыр-шиыр жолы көп
Бүгілмейді белі,
Жеткізбейді тепсең, 4 Қолыңа алсаң болады,
Мені, оны, сені Суретіңді салады.
Суретіңе бір қарап,
Байқарсың, түр, шамаңды.
Жауабынан шыққан сөзді математикалық , дыбыстық талдау жасау.
ҮІІІ слайд. «Жасырынған сөз»
(Сызықшанаң орнына тиісті әріптерді қою. Жасырынған сөз зат есім болуы керек)
К - к- к
- а - а -а-
- к -
-а - а -
ІХ слайд «Бас қатырғылар»
Оқусыз не жоқ? Не білім бұлағы?
-------------------------- -------------------------
Туған жердей не болмас Кім жылатып айтады?
---------------------------------- ------------------------------
Х слайд Ой толғау « Күз кереметі »
ХІ слайд Бекіту сұрағы
-
Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
-
Зат есім дегеніміз не?
-
Мағыналық топтарын ата
-
Жалпы есім дегеніміз не?
-
Жалқы есім қалай жазылады? Жалқы есім туралы айт
ХІІ слайд Үйге тапсырма
1 Сенің жолдастарың кімдер?
-
Қандай газет, журнал, кітап оқисың?
-
Қандай елді мекендерді білесіңдер?
-
Қандай өзен, көл, теңіз атын білесіңдер?
-
Қандай ірі қалалар бар?
-
Қазақстан қандай мемелекеттердің көршісі?
-